8
Егер тапсырма дұрыс орындалса, торды жасыл түспен, ал
түзетілген болса сары түспен, тапсырманы орындауда қате
жіберген болса, қызыл түспен бояйды. Қатемен жұмыс жүргі
зіледі.
Мұғалім балаларға 1–2сыныптан таныс өзінөзі бағалау
жұмысын пайдалануды ұсынады. Мұнда жалпы жұмыс
емес, әрбір тапсырма бағаланады. Осылайша оқушылар және
олардың атааналары белгілі бір математикалық қызмет
түріндегі олқылықты байқай алады.
Демонстрациялық материалдар. Бұл оқу құралы жаңа ма
териалды меңгеру, ауызша есеп немесе сабақтағы ойын кезең
дері бойынша жалпы сынып жұмысын жүргізуге көмектеседі.
Мұғалім көптеген кестелерді сандар жазылған карточка
лар мен магниттер пайдалана отырып, статикалық түрден
динамикалық түрге айналдыра алады. Қиып алынған серіппелі
жинақ плакат магнитті тақтаға ілінеді. Мұғалім сандар, сағат
және минут тілі бар карточкаларды алып, жоғарғы жағына
қыстырады. Бұл оқу құралынан алынған плакатты пайдалану
жиілігін арттырады.
Оқуәдістемелік кешен құралдары – бақылау және тексе ру
жұмыстары дәптерлері, демонстрациялық кестелер, «Қы зық ты
математика» біздің оқуәдістемелік кешенге арнап жазылға
нымен, оларды Қазақстан Республикасының оқу бағдар лама
ларына сәйкес келетін өзге оқуәдістемелік кешенімен жұмыс
кезінде де пайдалануға болады.
Бағдарлама мазмұны оқулықта және оқуәдістемелік ке
шен нің өзге құралдарында нақты берілген, алайда материал
ды үйрену тәсілдері мен кезеңінде өзгешелік бар. «Жаңа
буын» математика курсының жоспарлануын біздікімен са
лыстыру бірінші және екінші тоқсан соңында оқушылардың
дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес келетінін
көрсетеді. Бағдарлама материалын оқыту кезеңінде негізгі
ерекшеліктерге тоқталайық. Сағаттарды тақырыптар бойын
ша бөлуді ұсынамыз.
9
3-сыныпқа арналған математика курсының
құрылысы мен мазмұнының ерекшеліктері
3сыныпқа арналған математика курсының мазмұны мен
құрылысы Ә.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева, В.В. Буровованың 1ші
және 2сыныптағы математика курсының жалғасы болып та
былады. Математика курсы мемлекеттік стандарттар мен ма
тематика пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.
Алайда «жаңа буын» оқулықтарынан айырмашылықтары бар.
Математика сабағы аптасына бес рет өткізіледі. Оқу жылы
на 170 cағат бөлінген.
Әдетте бастауыш мектептегі әрбір сыныптың математика
курсы алдыңғы сыныпта өткен материалды қайталау және
қорытындылаудан басталады. Осы мақсатқа арнап бағдарла
мада барлығы 4 cағат берілген. Біз 2cынып тақырыптарын
қайталау кезінде бірінші тоқсан басында екі сағат артық
бөлуді ұсынып отырмыз. Бұл бағдарламада қаралған төртінші
қайталау сабағынан кейін мұғалімнің материалды меңгеру
деңгейін анықтау және қатемен жұмыс жүргізу үшін бақылау
жұмысын жүргізуі тиіс екендігімен байланысты.
Есептеу дағдыларын қалыптастыру бастауыш мектептің
математика курсында маңызды орын алады.
0ден 1000ға дейінгі сандардың нумерациясы 2сынып
тың аяғына қарай оқытылды, сондықтан 3cыныпта матема
тиканың алғашқы сабақтарындағы тапсырмалардың бірі –
1000ға дейінгі сандар нумерациясы туралы білімді бекіту
және қорытындылау болады. Үш таңбалы сандарды жазу
да цифрлардың орнының мәні, сандарды разрядтық қосыл
ғыш тардың қосындысы түрінде көрсете алу сияқты білімдер
балаларға бұрын өткен арифметикалық амалдар мен олардың
қасиеттерін, есептеу жолдарын қиналмай еске түсіруге
көмектеседі. Атап айтар болсақ:
• 1000 көлемінде ауызша қосу және азайту;
• есептеудің ауызша тәсілдері;
• cандардың ондық құрамы негізінде қосу және азайту;
• 100 көлеміндегі амалдардың терімділік жағдайындағы қосу
және азайту.
20
мының және нәтижелердің өзара байланысы негізінде, жай
және құрылысы күрделірек теңдеулерді шешу;
– төрт арифметикалық амалдан және жақшадан тұратын
өрнектердегі амалдар тәртібін анықтау, өрнектердің мәнін
табу.
Тақырыптық-күнтізбелік үлгі жоспар
Аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат
№
Сабақтың тақырыбы
Бақылау
1-тоқсан (45 сағат)
2-сыныпта өткенді қайталау
1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту
1
2
3
1. Оқу, жазу, топтау, сандарды салыстыру. 1000 көлеміндегі
сандар нумерациясын қайталау. Кестелік қосу және азайту.
Ауызша қосу және азайту
2. Қосу және азайтудың ауызша тәсілдері
3. Қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері
4. Теңдеулер шешу. Теңдік пен теңсіздікті құрастыру
5. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру
№1 ө.ж.
6. Қатемен жұмыс. Білімдерін пысықтау
Көбейту және бөлу
7. Көбейту түсінігін енгізу. Көбейтудің компоненттері мен
нәтижесінің атауы, өрнекті оқу және жазу
8. Көбейту амалының мәнмағынасын ашатын есептер.
Көбейтіндіні табуға арналған жай есептерді шешу
9. Пысықтау
10. Бөлу амалының мәнмағынасы (тең бөлікке бөлу,
мазмұнына қарай бөлу). Бөлудің компонеттері мен
нәтижелерінің атауы. Өрнекті оқу және жазу
11. Бөлу амалының мәнмағынасын ашатын тапсырмалар
12. Өткен материалды пысықтау
13. Өткен материалды пысықтау
14. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
15. Көбейту мен бөлу амалдарының байланысы. Көбейту мен
бөлуді тексеру
21
1
2
3
16. Көбейтінді мен бөліндіні табуға арналған жай есептерді
шығару (кері есептер). Белгісіз қосылғышты табуға арналған
есептер. Белгісіз бөлгішті, бөлінгішті табуға арналған есептер
17. Көбейтінді мен бөліндіні табуға арналған жай есептерді
шығару (кері есептер)
18. 1ге көбейту және бөлу
19. Пысықтау
20. 0ге көбейту және бөлу, 0ге бөлудің мүмкін еместігі
21. Білімді пысықтау
22. Өткенді пысықтау
23. №1 бақылау жұмысы
№1 б.ж.
Кестелік көбейту және бөлу
24. 2ге көбейту және бөлу кестелерін құрастыру
25. 2ге көбейту және бөлу кестесін пысықтау
26. Белгісіз көбейткіш, бөлгіш, бөлінгіші бар теңдеулер
27. Төрт арифметикалық амал мен жақшалардан тұратын
өрнек тердегі амалдар тәртібі
28. Көбейту және бөлуге байланысты құрама есептерді шешу
29. Өткенді пысықтау
30. 3ке көбейту және бөлу кестелерін құрастыру
31. 3ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
32. Өткен сабақты пысықтау
33. Фигураларды өлшеміне қарай салыстыру
34. Бірнеше есе артық немесе кем санды табуға арналған
есептерді шығару. Еселік салыстыруға арналған есептерді
шығару
35. Көбейту мен бөлуге берілген кері есептер (еселік салыстыру
және бірнеше есе арттыру, кеміту) №2 өздік жұмыс (2ге, 3ке
көбейту кестесі)
№2 ө.ж.
36. Кері есептер шығару
37. 4ке бөлу және көбейту кестесін құрастыру
38. 4ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау
39. Қайталау
40. 5ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру
32
– мына сандардың тек бірліктерін ғана қосыңдар:
11
46
42
12
98
63
97
– Мына сандардың тек ондықтарын ғана қосыңдар:
49
25
14
63
61
35
17
29
– Ең кіші санды ата; ең үлкен санды ата; ол сан ең кіші саннан
неше артық? Әр санды ондықтар мен бірліктерге жікте.
Көркем жазу минутына мына сандарды өсу ретімен жазу
ұсынылады:
920
901
415
798
642
538
126
514
Ауызша есептеу дағдыларын арттыру үшін №1 тапсырма
берілген.
«Компьютер» дидактикалық ойыны түрінде ауызша есепте
туге болады.
Ойынның мақсаты: оқушылардың есептеу дағдыларын
жетілдіру.
Мұғалім ойынның екі нұсқасын ұсынады: а) тақтаға мысал
дар тізбегі жазылған, балалар соңғы нәтижесін тауып, алынған
жауапты карточкалар арқылы көрсетеді; ә) мұғалім мысалдар
тізбегін оқиды, оқушылар ауызша есептеп, жауабын көрсетеді
немесе бірнеше адам дауыстап айтады, содан соң тексеріледі.
32 + 8 – 5 + 7 – 12 + 6 – 18 + 50
75 – 14 + 9 – 20 + 5 + 26 – 9 + 20
80 – 20 + 5 – 25 + 3 – 17 + 41 – 5
3. Өткен материалды қайталау.
№2 және №3тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар
дың есептеу тәсілдерін түсіндіргені жөн. Бұл тапсырмалар
ды түсіндіре отырып тақтада орындауға болады немесе өздік
жұмыс ретінде беріп, соңынан тексеру керек.
№2 тапсырманы орындамас бұрын амалдарды тексеру ере
же сін, яғни қосуды азайтумен, азайтуды қосумен тексеруге бо
латынын еске түсіру. Ол үшін мынадай жалпылама сұрақтар
қойылады: «Қосу амалын қандай амалмен тексереміз? Азайту
амалын ше? Азайту амалын азайту амалымен тексеруге бола
ма?» Содан кейін 3жаттығу орындалады.
№4 (а) жаттығудың шешуі орындалады. Есепте не белгілі
және нені білу керек екені анықталған соң, мұғалім сұраққа
бірден жауап беруге бола ма, егер жоқ болса неге, алдымен нені
33
білу керек екенін сұрайды. Қандай амалмен орындалатындығы
анықталады.
Оқушылар
есептің
қысқаша
жазылуын
құрастырып, тақтада шығарады. Содан соң оқушылар №4 (б)
жаттығуды орындайды: алдымен тапсырманы толықтырып,
оны өз беттерінше шешеді.
№5 жаттығудың бір бөлігі (1 баған) түсіндіріле отырып
тақтада орындалады. Өздік жұмыс ретінде қалған өрнектерді
беруге болады.
№7 жаттығу көбейтудің нақты мағынасын үйретуге
дайындық болып табылады. Сондықтан балаларға тағы осын
дай бірнеше тапсырма беруге болады.
№8 логикалық тапсырманы өз беттерінше орындатуға бола
ды, содан кейін тексеру жүргізіп, моншақтың суретін салуды
ұсыну керек. Жауап: 5 қызыл, 15 ақ моншақ.
4. Өздік жұмыс.
Өздік жұмыс ретінде №6 жаттығуды беріп, соңынан тексе
руге болады.
5. Сабақты қорытындылау
Cабақтың қорытындысын шығару үшін бірнеше оқушы
«бақылаушы» рөлін атқарады. Оларға сыныптың және жеке
оқушылардың жұмысына талдау жасау тапсырылады.
Үй жұмысы ретінде №4 (ә) тапсырма беріледі.
Өздік жұмыс ұйымдастыру үшін қосымша материал.
1. Кестені толтыр:
Сан
Жүздіктер Ондықтар
Бірліктер
Разрядтық қосылғыштар
қосындысы
326
3
2
6
300 + 20 + 6
785
82
548
303
698
358
40
Міне, сондықтан да осыдан сегіз мың жылдан астам
уақыт бұрын ежелгі бақташылар әрбір қой басына арнап саз
балшықтан бірбір кружкадан жасаған. Қораға кіргізген кезде
қойды түгендеу үшін бір қой кірген сайын бір кружканы жа
нына қойып отырған. Осылай қойды түгендеген соң көңілі ор
нына түсіп, ұйықтауға жататын. Оның отарында қоймен қатар
сиырлар да, ешкілер де болған. Сондықтан оған саз балшықтан
басқа да фигуралар жасауға тура келген. Ал диқандар бал шық
тан соғылған фигуралардың көмегімен жиналған астықтың,
алынған зәйтүн майының, т.б. есебін жүргізіп отырған. Бақ
ташы егер қой төлдесе, кружкаларына жаңадан кружкалар
жасап қосқан, ал қойдың біразы етке сойылса, сонша кружка
ны алып тастап отырған. Санауды білмесе де ежелгі адамдар
арифметикамен айналысқан.
5-сабақ. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру
Сабақтың мақсаты: 1000 көлемінде есеп жүргізу, ауызша
және жазбаша есептеу, өрнектерді салыстыру, құрама есептерді
шешу, теңдеу шешу дағдыларын тексеру.
Бұл сабақ баланың 2сыныпта өткен материал бойын
ша білім, білік, дағдыларын тексеруге арналған. Тексеру
үшін балаларға 2сыныпты қорытындылауда жүргізілгендей
бақылау жұмысын ұсыну қажет. Оның қорытындысын
2сыныптағы бақылау қорытындысымен салыстыру мұғалімге
өткенді қайталаудың тиімділігі қандай болды, қай матери
ал жеткіліксіз игерілді, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу
керектігін тұжырымдауға көмектеседі.
Бақылау жұмысы
1. Есепте
821 – 793 321 + 564 280 + 20 – 40
1000 – 547 786 + 127 790 –130 + 70)
1. Есепте.
842 – 329 213 + 524 570 + 30 – 20
1000 – 325 356 + 478 620 – (180 + 20)
2. Есепті шығар:
Дүкенде 390 велосипед бар. Оның
140ы ерлерге, 100і әйелдерге, ал
қалғандары балаларға арналған.
Қоймада балаларға арналған неше
велосипед бар?
2. Есепті шығар:
Театр кассасында үш күн ішінде 490
билет сатылды. Бірінші күні 150 би
лет, екінші күні 140 билет сатылды.
Үшінші күні неше билет сатылды?
41
3. Теңдеуді шеш:
800 – х = 240 + 160
х – 300 = 260 + 50
3. Теңдеуді шеш:
х – 200 = 480 + 50
800 – х = 1000 – 300
4. Қабырғалары 2 см және 7 см бола
тын тіктөртбұрыш сал, периметрін
тап.
4. Қабырғалары 4 см және 8 см бола
тын тіктөртбұрыш сал, периметрін
тап.
5. Баған түрінде шығар:
275 + 468
1000 – 137
394 + 555
1000 – 456
5. Баған түрінде шығар:
215 + 648
1000 – 713
345 + 655
1000 – 645
6.* Дүкенге алма, алмұрт, жүзім
әкелінді. Алма 250 кг, жүзім 430 кг.
Алма мен алмұртты қосқанда қанша
болса, сонша жүзім әкелінді. Сонда
дүкенге қанша килограмм алмұрт
әкелінді?
6.* Вафли мен прәндікті қосқанда
қанша болса, сонша печенье дайын
далды. Вафли 120 кг, печенье 310 кг.
Сонда қанша килограмм прәндік да
й ын далды?
6-сабақ. Қатемен жұмыс. Білімдерін пысықтау
Сабақтың мақсаты: бақылау жұмысында жіберілген
қателерді талдау; «1000 көлеміндегі қосу және азайту»
тақырыбы бойынша алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Сабақ мұғалімнің қалауы бойынша бақылау жұмысында
жіберілген қателерді есепке ала отырып құрылады. № 1,7,8 тап
сырмалар ауызша жұмыс және өздік жұмыс ретінде беріледі.
№2,3,4 тапсырмаларды мұғалімнің жетекшілігімен немесе өз
беттерінше орындайды.
№5, 6 тапсырмаларды орындағанда бақылау жұмысында тап
сырманың шешуін дұрыс таппаған балаларды тақтаға шыға
руға болады.
Үйге әр оқушының жіберген қателеріне қарай жеке тапсыр
малар беріледі. Сонымен қатар «Құрастыру» ойыны дайында
лады. Келесі сабақты қараңыз.
КөБЕйТу жәнЕ Бөлу
7-сабақ. Көбейту
Сабақтың мақсаты: балаларды көбейту амалымен және
көбейту кезінде компоненттердің аталуымен таныстыру;
Достарыңызбен бөлісу: |