Өнеркәсіп географиясы


Табиғат ресурстарын өңдеп конструкциялық материалдар жасау өндіріс кешені



жүктеу 2,97 Mb.
бет75/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Табиғат ресурстарын өңдеп конструкциялық материалдар жасау өндіріс кешені







Қара металлургия



Түсті металлургия

Орман (ағаш) өнеркәсібі

Химия өнеркәсібі

Сурет. Өңдеу арқылы табиғат ресурстарын конструкциялық материалдарға айналдыру өндіріс кешенінің құрамы




Цемент өнеркәсібі. Құрылыстағы үйілетін жүктердің арасында өндіру, тасымалдау мен тиеу-түсіру жұмыстарының көлемдері бойынша көш бастаушы цемент өндірісі болып табылады. Темір-бетон секілді, цемент прогрессивті және әмбебап құрылыс материалының қатарына жатады.
Цементті өнеркәсіптік өндіру ХІХ ғасырдан басталды. Цемент – сумен (кейде тұздардың сулы ерітінділерімен) араластырған кезде одан кейін тас тәрізді күйге ие болатын пластикалық масса, ұнтақ тәріздес тұтқыр заттардың жинама атауы.
ХХ ғасырдың басында көптеген елдерде цементтің тек бір түрі – портландцемент қана шығарылды. Бүгінгі таңда құрылыс қажеттіліктері үшін цементтің әртүрлі жаңа түрлерінің өндірісі игерілген. Цементтің негізгі түрлері: портландцемент, шлакты және өзге түрлері, саз балшықты, арнайы түрлері (мысалға, қышқылға төзімді).
Цемент өнеркәсібінің кәсіпорындары негізінен алғанда, шикізат көздеріне бағытталған. Өндірістің қазіргі масштабтарында оны дамыту үшін оңтайлы жағдайларға ізбестастар мен саз балшықтар (немесе мергельдер) минералды отынмен үйлескен немесе энергетикалық ресурстарды тасымалдау жолдарында орналасқан аудандар ие болып отыр.
Процесті жетілдіру мақсатында цемент өнеркәсібінде өнімділігі жоғары, айналып тұратын пештер қолдануға енгізілген. Оларды реконструкциялайды, модернизациялайды. Бұл кезде еңбек өнімділігі арта түседі. Цемент өндіруге арналған шикізат базасы да айтарлықтай кеңейген. Шлактар, сланец күлі және басқа да қалдықтар, оның ішінде нефелиндерді кешенді қайта өңдеу пайдаланылады. Оларды пайдалану цемент өнеркәсібінің кәсіпорындарының басқа салалармен (қара және түсті металлургиямен), сонымен қатар электр энергетикасымен аумақтық үйлесуіне алып келеді. Өз кезегінде, цемент өндірісі өзіне шифер мен асбест-цемент құбырларын шығаруды тартады. Цемент шығаратын өнеркәсіп кәсіпорындарын оңтайлы орналастырудың маңызы зор шарты болып бүгінде экологиялық құрамдас бөлікті ескеру қызмет етеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысы құрылыс индустриясының дамуының жоғары қарқындарымен сипатталды. Құрылыс материалдарын, оның ішінде цементті өндіру де орасан зор қарқындармен өсті. Соңғы 50 жыл ішінде ол әлемде 10 еседен аса (2006 жылы 2,5 млрд тоннадан аса отырып) өсті. Кейбір елдерде цемент өндіру ондаған және тіптен, жүздеген есе арта түсті.
Мысалға алар болсақ, Мексикада цемент өндіру 1,5-нан 40 млн тоннаға дейін, Бразилияда – 1,4-тен 40 млн тоннаға дейін, Үндістанда – 2,6-дан 155 млн тоннаға дейін, ал Қытайда – 0,7-ден 1100 млн тоннаға дейін өсті. Қытай, басқа елдерден сан мәрте оза отырып, цемент өндіру бойынша жұрт таныған әлемдік көшбасшы болып табылады.
Құрылыс материалдарын өндіретін елдер саны жылдам қарқынмен өсіп келеді. Бұл - іс жүзінде барлық құрылықтардағы әлемнің барлық мемлекеттері. Цемент өндіру көлемінің 50%-дан астамы бұрынғысынша үш елде – сала көшбасыларында шоғырланған, бұл ретте бүгінгі таңда Қытай болып табылатын негізгі продуцент елге (1950 жылы бұл Америка Құрама Штаттары болатын) әлемдік өндірістің 45%-ы келеді. Цементтің әлемдік өндірісіндегі Азияның үлесі – 2/3.
Құрылыс өнеркәсібі халық шаруашылығының бір саласы ретінде Кеңес өкіметі кезінде ғана қалыптасты.
Қазақстанда құрылыс индустриясы өте төмен деңгейде болды, ол енді ғана теміржол өндірісі, өндіріс орындары мен әскери нысандар құрылысының дамуына орай қолөнер өндірісі қойнауынан шықты. Құрылыс өнеркәсібінің техникасы төмен болды. Барлық жұмыстар негізінен қолмен орындалады. Құрылыс материалдары өндірісі болған жоқ.
Ревалюцияға дейінгі Қазақстанда тұрғын үй құрылысының көлемі де жоғары болмады. Мысалы, 1910-1936 жылдары аралығында қалаларда жыл сайын 61 мың шаршы метрді құрайтын 2700 шағын үйлер құрылысы жасалған. Сол кездегі Қазақстандағы құрылысшылардың жер сілкінісіне төзімді ғимараттарды салуға қажетті материалдық-техникалық базасы да нашар болды.
Азамат соғысы жылдарында Қарсақпай мыс балқыту зауытының құрылысы тоқтап қалғанда осы құрылыстың жұмысшылары мен қызметкерлері зауытты бандылардың шапқыншылығына аман сақтап қалды. Кейін мүмкіндік бола қалған кезде қысқа мерзім ішінде (1925-1928жж) Қазақстандағы тұңғыш ірі құрылыс - Қарсақпай мыс балқыту зауытының құрылысын аяқтауды жүзеге асырды.
Құрылыстағы жұмысшылар мен қызметкерлер саны өндіріске қарағанда 2,2 есе,ал көлік саласына қарағанда 3,2 есе жоғары келді. Зерттеулер көрсеткендей, 1918-1924 жылдардағы Қазақстанның халық шаруашылығына салынған қаржы мөлшері аз болып, барлығы – 1960 жыл бағасымен алғанда 35 млн.рубль болды. 1959 жылғы мұндай қаржы республика бюджеті бойынша 8 млн. рубльді, ал цемент өнеркәсібінің негізгі құны 1925-1926 жылдары 32,7 млн. рубльді құрады.
Атап айтсақ, халық шаруашылығын индустрияландыру қуаты, құрылыс өндірісін құру басқа орталық аймақтарға қарағанда, Қазақстанда жоғары болды.
Қазақстандағы қайта қалпына келтіру кезеңі Ресей Федерациясының орталық аймақтарына қарағанда кеш аяқталды.
Ескі кәсіпорындарды қалпына келтірумен қатар Қазақстанда 20-жылдың екінші жартысында жаңа өндіріс нысандарын салу мен реконструкциялау жұмыстары қолға алынды.
Бірінші бесжылдыққа дейін Іле кентінде жылдық өнімділігі 60 мың куб метр ағаш материалдарын шығаратын, 30 мың рубль тұратын ағаш өңдеу зауыты; Қосқұдық сексеуіл отын базасына дейінгі 65 шақырымдық, құны 2750 мың рубльді құрайтын ағаш тасымалдау жолы салынды. Бұл Қазакстанның оңтүстік аудандарын, Ташкент пен Фрунзе қалаларын отынмен қамтамасыз ететін маңызды халықшаруашылық нысанына айналды. Құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар салына бастады, құны 400 мың рубль құрайтын, өнімділігі жылына млн. кірпіш шығаратын Семей және Орал кірпіш зауыттары, құны 700 мың рубльді құрайтын, жылдық өнімділік қуаты 800 тонна құйма Петропавл механика зауыты пайдалануға берілді.
1928 жылы КСРО ХКК «Өнеркәсіптегі капиталдық құрылысты реттеу шаралары туралы» қаулысын қабылдайды, оның негізінде 1927-1928 жылдары «Ульбастрой» тресті, Түркістан-Сібір теміржол құрылысының басқармасы Қазақстанның темір жол желісі «Казжелдострой» және басқа да құрылыс ұйымдары ұйымдастырылады. Құрылыс материалдары өндірісін құрудың алғашқы қадамдары жасалады.
1942 жылы Қарағанды облысының Жезқазған ауданында Жезді марганец руднигінің құрылысы басталды.
Қазақ металлургия зауыты соғыс уақытындағы қиын жағдайларда салынды.
1945 жылы бағалы минералдық тыңайтқыштар шығаратын Жамбыл суперфосфат зауытының құрылысы басталды.
Әскери өнеркәсіп кешенінің қажеттілігі республиканың басқа да жетекші өнеркәсіп саласының қарқынды дамуына жол ашты. 1946-1950 жылдары бүкіл өнеркәсіптің жалпы өнімінің өсуі 169 пайызға, қара металлургия өнімі 181 пайызға, машина жасау мен металл өңдеу 180 пайызға, энергия қуаты 281,7 пайызға, құрылыс материалдарының өндірісі 480 пайызға өсті.
40-жылдары құрылысшылар сесмикалық аудандарда сапалы құрылыс жұмыстарын жүргізуге ден қойды. Алматы өте жоғары сейсмикалық қауіп аймағында орналасқан. Қала екі жойқын апатты 1911-1987 жылдардағы және 1886-1889 жылдардағы және 1949 жылғы күшті зілзаланы бастан кешірді. Алматы сейсмикалық станциясы жыл сайын 300-ге дейін жер сілкінісін тіркейді (сол жылдары бойынша). Олардың кейбіреуін адамдар сезбейді. Алайда, мұндай сілкіністер жиілігі құрылысшыларға үлкен апаттардың болу мүмкіндігін үнемі есте сақтатады. Мысалы, 1887 жылы алматылықтар (Вернилық) жер сілкінісін үлкен көлемде сезген, ұзындығы-1600 шақырым, ені- 950 шақырым.
Сондықтан құрылыс индустриясының (40-жылдары Одақта тіпті де болмаған) жоқтығынан Алматыда кірпіш, ағаш, тастан 1-3 қабатты үйлер салынды.
КСРО капиталды құрылыстың Бас жоспарының негізгі міндеттері Қазақстанның Орталық, Шығыс және басқа аймақтарында қуатты құрылыстық шикізаттық нысандарды қалыптастыруға негізделді. Осылайша Шығыс Қазақстан мен Өскемен қаласының көп қырлы өнеркәсібі басталды. Түсті металлургия орталығының құрылысы 1948-1970 жылдарға жоспарланған болатын.
Қаланың жалпы көлемі 14170 га болды, сонымен қатар Өскемен қаласының аумағы 1947 жылы 795,5 га, ал халқының саны 42667 адамға жетті. Қалада 22 өңдірістік кәсіпорындар жұмыс істеді. Қаланың тұрғын үйі: ағаш үйлер-2602, кірпіш-45, жер немесе саман-577, аралас -24 және тас үй -2 болды. Мәдени-тұрмыстық және жалпы қолданыстағы ғимараттар 18 мың шаршы метрді, тұрғын үй қорының пайдаланылуы 30 пайызды құрады.
Соғыстан кейінгі онжылдықтарда Қазақстан экономикасының жедел қарқынмен өсуі құрылыс индустриясының ауқымын кеңейтуге септігін тигізді. Қалалар өсіп, кәсіпорындар мен тұрғын үйлер көптеп салына бастады.



жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау