15- кесте Құрылыс материалдарының басты түрлері бойынша өндіріс көрсеткіштері, 1940-1990 ж.
Материал
|
Өлшем шамасы
|
-
|
1940 ж.
|
1960 ж.
|
1970 ж.
|
1990 ж.
|
Цемент
|
Мың.т
|
-
|
-
|
1930,4
|
2597,3
|
4200
|
Ізбестас
|
Мың.т.
|
-
|
109,4
|
328,1
|
441,0
|
783
|
Гипс
|
Мың.т
|
-
|
23,5
|
63,7
|
85,1
|
102,5
|
Кірпіш
|
Млн.шт.
|
2,2
|
220,2
|
1332
|
1822,2
|
2332
|
Ірі қабырғалық блоктар
|
Млн.шт
|
|
|
200
|
400
|
600
|
Жұмсақ қаңылтыр
|
Мың.мЗ
|
-
|
-
|
8891
|
9322
|
11600
|
Ағаш өңімдері
|
Мың.мЗ
|
4,6
|
320,0
|
1800
|
1160
|
2800
|
Құрастырмалы темірбетон
|
Мың.мЗ
|
-
|
-
|
1200
|
2300
|
3200
|
Қамыс плиталары
|
Млн.м2
|
-
|
-
|
3450
|
4380
|
5320
|
Дүниежүзінде құрылыс материалдарына деген сұраныс жыл өткен сайын өсе түсуде. Күрделі құрылыстан өзге жөндеу-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның үстіне өндіріс құрылыс индустриясы үшін шикізат базасын кеңейтудің қажеттілігі артып отыр.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Құрылыс индустриясының басты салалары қайсылар және олардың даму мәселелеріне экономикалық-географиялық сипаттама беріңіз
Құрылыс индустриясының географиялық орналасу ерекшеліктерін талдаңыз.
Цемент өндірісінің әлемдік даму жағдайын сипаттаңыз.
Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясының әртүрлі тарихи кезеңдердегі дамуын қарастырыңыз
Қазақстанның құрылыс индустриясының Кеңес Одағының өзге республикаларынмен салыстырғанда қандай артықшылықтары мен кемшіліктері болды, оның себебі неде еді?
11. Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК)
11.1.АӨК: алғышарттары, мазмұны және құрылымы
11.1.1.Агроөнеркәсіптік кешеннің нарықтық экономикадағы орны
Биотехникалық революция қоғамдық өндірістегі құрылымдық өзгерістермен және қоғамдағы жаңа әлеуметтік құбылыстармен байланысты жүріп отырады. Осылардың арасында себепті-салдарлы байланыс болады: бір үрдіс келесінің дамуын ынталандырады және керісінше. Осы байланыстағы ең маңыздысы – азық-түлік өндірісінде жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы. Ұзақ мерзім бойы азық-түлікпен қамтамасыз ету аграрлық еңбектің қызметі болып келеді. Ал бүгінгі заманда осы қызметті өнеркәсіптік кешен атқарады.
Ауылшаруашылығы шикізаттарынан азық және басқа тауарлар өндірісінің жаңа жүйесі бойынша бастапқы өнім өндіру тек аграрлық өндіріс қызметіне тән болып отыр. Ал осы өнімнің 1/4 бөлігі тұтынушыға таза өнім түрінде, ¾ бөлігі техникалық өңдеуден өткеннен кейін жеткізіледі. Ауыл шаруашылық өндірісі онашаланған, өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйеден жаңа ұдайы өндірістік жүйенің буынына айналған.
Сонымен, жаңа қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және осы жүйенің даму заңдарына сәйкес дамитын болады.
Осымен қатар, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, өндіріс құралдарын (шикізат өңдейтін өнеркәсіп үшін) өндіретін салаға айналады.
Азық және ауылшаруашылық шикізатынан тауарлардың бірнеше түрін өндіретін салалардың жиынтығы жататын ұлттық өндіріс аумағында экономиканың ерекше сферасы қалыптасады. Ол агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) деп аталады.
Жалпы әлемдік экономиканың ауылшаруашылық секторында дүниежүзі халқының 40%-ы жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы өз құрамына, ауылшаруашылығының негізгі құрал-жабдықтарын шығаратын өңдеуші өнеркәсіп салаларын және ауылшаруашылық шикізаттарын соңғы дайын өнімдерге айналдыратын өндірістерді біріктіретін агроөнеркәсіптік кешен құрамына кіреді. Дамыған елдердегі АӨК шаруашылығының қарқындылығы аудан бірлігіне жұмсалатын капитал салымдарымен есептеледі. Мысалы, Жапония, Нидерланды 1 га жерге 10000 АҚШ долларын салады және ғылым жетістіктері кеңінен пайдаланылады. Көптеген дамушы елдерде бұл сала «натуралды» ішкі рынокқа бағытталған.
Тұтас алғанда ауыл шаруашылығын дамытуға жұмсалатын капитал салымының көлемі әдетте 10%-дан аспайды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің табиғи өнімі болып жер саналады.
БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының деректері бойынша, жер бетінің 78% жері өңдеуге келмейді, 13%-ының өнімділігі өте төмен, 6%-ы орташа жарамды, тек 3%-ы ғана жоғары өнімді саналады (1-сурет).
1
4-сурет. Ауылшаруашылығына жарамды жерлер
XX ғасырдың 1920-1930 жылдары дүниежүзі ауылшаруашылығы дамуы жұмыс түрлерін механикаландыру мен 1960-1970 жылдар – «жасыл революция» жетістіктерімен, ал 80-ші жылдар – биотехнологияның белсенді дамуы және ауылшаруашылығын компьютрлендірумен байланысты өтті. 1990 жылдары дамыған елдердегі ауыл шаруашылық өндірісінің өсу қарқындылығы жылына 2-2,5%- жеткен. Бұл көрсеткіш халықтың туу көрсеткішінен жоғары болып, ішкі сұраныстан тыс 20-30% өнімдер алуға әсерін тигізді. Мысалы АҚШ өз халқынан тыс 100 млн адамды тамақтандыра алатын еді. Ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш тең мәнді көрсетіп, Африка жағдайында ол тіпті азық-түлік проблемасын тудырды.
Дүниежүзінде халық саны қанша өссе де, азық-түлікпен қамтамасыз етуде екі ел (Ресей мен Бразилия ғана) ерекше көзге түсіп отыр. Осы орайда, әлемдегі мемлекеттерді азық-түлікпен қамтамасыз етілу жағынан бірнеше типке жіктеуге болады. Мысалы, 1-типке азық-түлік тауарларының басты экспорттаушылары – АҚШ, Канада, Оңтүстік Африка Республикасы, Тайланд, Еуропалық Одақтың кейбір елдері жатады. Шағын ел бола тұра, тамақ өнімдерін ұдайы экспорттайтын Венгрия, Финляндия сияқты елдер 2-типті құрайды. Ал 3-типке азық-түлік тапшылығына душар, бірақ оны еңсере алатын елдер, мысалы, Жапония жатады. Өз күшімен өз қажеттіліктерін аз мөлшерде қамтамасыз етіп отырған Үндістан, Қытай, Оңтүстік Американың кейбір елдері 4-типке жатқызылады. Су және жер ресурстары болғанына қарамастан, азық-түлік тапшылығын өткізіп жатқан Мысыр, Индонезия, Пәкістан, Филиппин сияқты елдер – 5-тип, жан басына шаққанда үнемі азық-түлік тапшылығына душар Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдері – 6-типке, ал ұдайы азық-түлік дағдарысынан құтылмайтын Гаити, Непал, Сальвадор секілді мемлекеттер 7-типке жіктеледі. (16- кесте.).
Достарыңызбен бөлісу: |