Мамандану (лат. дара, ерекше)– ауданның мамандануы ауданда белгілі өнім өндірісі немесе белгілі қызмет көрсету түрлерінің шоғырлануы.
Шоғырландыру - өндірісті ірілендіру мақсатында өндіріс-құрал-жабдықтарының, еңбек қорларының және өндірілетін өнімнің барынша іргелі кәсіпорындарға тоғыстырылып жиналуы. Осындай кәсіпорын аясында - еңбек құралдарын, т.б. жарақтарды жетілдіріп жаңғыртып отыру - еңбек және шикізат ресурстарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру. Олардың ұсақ немесе орта кәсіпорындарға қарағанда, техникалық-экономикалық, т.б. артықшылықтарымен қатар пайдасы да мол, бәсекеге қабілеті де зор.
Агроөнеркәсіптік интеграция - бұл қоғамдық өндірістің салалары болып табылатын ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп сфераларының үйлесімді түрде жақындатуға бағытталған процесс.
Күнделікті тәжірибе осындай интеграцияланудың екі түрлі формасын – ынтымақтасу және құрамдастыруды бөліп шығарып отыр. Осындай агроөнеркәсіптік интеграциялау нәтижесінде технологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан өзара байланысты, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндіру, сақтау, өңдеу және тұтынушыға жеткізумен айналысатын ауылшаруашылық және агроөндірістік құрылымдар дүниеге келеді.
Ынтымақтасу – нақтылы дайын өнім алуға бағытталған бірнеше жекелеген кәсіпорындардың немесе өнеркәсіп салаларының арасындағы тығыз өндірістік байланыс.
Құрамдастыру -бір кәсіпорын аясында әртүрлі өнімдер шығаратын бірнеше өндірісті технологиялық жағынан аумақтық және ұйымдық тұрғыда біріктіретін өндірісті ұйымдастырудың прогресшіл түрі. Ол келесі үш түрде: шикізат өнімдерін сатылап өңдеу; шикізат пен отынды кешенді пайдалану; қалдықтарды қолдану бағытында жүзеге асырылады. Бұл форма – металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ, ағаш,мұнай өңдеу, т.б. салаларында кеңінен қолданылады. Мысалы, толық циклді металлургия комбинатында бірнеше (шойын, болат, прокат, кокс, химиялық өнім, цемент, құрылыс материалдарын өндіру) өндіріс түрлері біріктірілген.
Агроөндірістік құрылымдар көп формалы болып келеді. Оларды 4 бағытта: интеграцияланған құрылымдар жұмысының сипаты, салалық құрамы, меншік пен басқаруды ұйымдастыру формасы бойынша жіктеп-топтауға болады. Агроөндірістік құрылымдар жұмысының сипаты бойынша өзара байланысты кезеңдермен өндіріс-өнеркәсіптік өңдеу, агроөндірістік-сауда, өндірістік-өнеркәсіптік өңдеу-өткізу, ғылыми-өндірістік агроөндірістік байланысы бойынша жіктеледі.
Агроөндірістік құрылымдар салалық құрамы бойынша салалық және салааралық деп бөлінеді.
Салалық агроөндірістік құрылымдар қандай да бір ауылшаруашылық дақылдарын өндіру және өңдеумен айналысады. Бір салаға қатысты агроөндірістік құрылымдар: шығаратын өнімінің сипаты мен пайдалану мақсатының бірлігі, өңделетін шикізатының бірыңғайлылығы, технологиялық процестері мен өндірістік-техникалық базасының ортақтығы, еңбек жағдайы мен кадрлар құрамы сияқты ортақ белгіге ие.
Салалалық агроөндірістік құрылымы:
Шырындар, сусындар, коктейль, шарап құрамдастары, жүзім шарабы, шампань, коньяк және т.б. өндірістерін біріктіретін жүзім өңдеуші кәсіпорындар.
жеміс және көккөністі консервілеу, кептірілген, тұздалған, мұздатылған көккөністер мен жемістер, шәрбаттар, экстарктар, шырындар дайындаумен және оларды өсірумен айналысатын көккөніс консервісі құрылымдары;
қант қызылшасынан құмшекер және рафинатталған қант алумен айналысатын кәсіпорындарды біріктіретін қызылша-қанттық құрылымдар;
шай жапырағы, сүт өнімдері, ет өндіру және оларды өңдеумен айналысатын агроөндірістік құрылымдар;
тауық өсірумен айналысатын құрылымдар.
Салааралық агроөндірістік құрылымдар бір аймақ аумағындағы әртүрлі маманданған өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру және кешенді дамыту үшін құрылады. Бұлар әдетте, басқару бірліктері (аудандық, облыстық агроөнеркәсіп) болып табылады.
Алайда, бүгінгі таңда агроөндірістік интеграцияның салааралық форма тек басқару саласында ғана емес, сонымен бірге ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өнімдердің бірнеше түрін өндіруге маманданған агроөндірістік бірлестіктерге біріктірілген. Олардың меншіктік формасы: бұрыңғы ұжымдар мен кеңшарлар, өндірістік кооперативтер,акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Агроөнеркәсіптік кешенге сонымен бірге азаматтардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке шаруашылығы да кіреді.
Агроөндірістік құрылымның даму ерекшеліктері
Жеке кәсіпорындарды агроөндірістік бірлестіктерге біріктіру экономикалық тұрғыдан тиімді саналады. Соның кейбір маңызды түрлерін қарастыруға болады.
Бірнеше кәсіпорындарды өндіріске жақындатылған бір басқару органына бағындыру, осы бағыңқы құрылымдар арасындағы белсенді жылдам, жеңіл басқаруды қамтамасыз ететінін дәлелдеді. Бірлестіктердің бірыңғай аппаратының болуы кәсіпорындардағы кейбір мамандарды әкімшілік міндеттерден арылтып, олардың барлық күштерін өндірістік міндеттер атқаруға бағыттайды. Мұның өзі бірлестік жұмысының экономикалық тиімділігін арттыруға жағдай жасайды, әкімшілік аппарат шығындарын азайтады және өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.
Интеграция жағдайында шоғырландыру мен мамандандыру автономиялы ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өндірістер жағдайына қарағанда барынша үлкен көлемде жүзеге асады. Бірігу жағдайында шаруашылық бірлестігіне берілген жерлердің шекарасы өзгеруі мүмкін. Мұның өзі ауылшаруашылық дақылдарын өсіретін аумақтың іріленуіне, өндіретін орындарының барынша тиімді орналасуына, озық техниканы пайдалану мүмкіндігіне, жердің мелиоративтік жағдайының жақсаруына, өнеркәсіптік өндірістің талабын ескере отырып, сұрыптау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасайды. Мұның бәрі өз кезегімен негізгі ауылшаруашылық дақылдарының түсімділігін салыстыруға, барынша арттыруға, соның негізінде өнім өндірісінің көбеюуіне, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімнің сапасының жақсаруына, еңбек өнімділігінің артуы өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, пайданың және өндіріс тиімділігінің өсуіне әкеледі.
Өндіріс шығынының азаюы ауылшаруашылық өндірісті тиімді орналастырумен және шикізат аумақтарын өнеркәсіп өндірістеріне бекітіп берумен байланысты болады.
Бірлестіктің өз ішінде негізгі қорларды (тракторлар, автомобильдер, т.б. техника түрлері) бір өндірістен екіншісіне (өнеркәсіптен ауылшаруашылыққа немесе керісінше) ауыстырумен бірге, бірлестіктің өз ішіндегі жеке кәсіпорындарға ауыстыруға болады. Мұның бәрі өндірістік қорларды және бірлестіктің еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
Бірлестіктің ішіндегі өндірістік шаруашылықтық функцияларды орталықтандыру ол жұмыстарды сапалы етеді, жұмысшылардың санын азайтып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді
Агроөндірістік құрылымдардың артықшылығы көрсеткіштер жүйесін негіздеуге мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіптік бірлестіктің тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне:
негізгі өнім өндірісі көлемінің өсуі;
пайданың көбеюі;
өнім сапасының артуы;
өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;
еңбек өнімділігінің артуы, оның өзіндік құнының төмендеуі;
еңбек өнімділігінің артуы;
еңбек ресурстарын пайдаланудың жақсаруы;
өндірістік қорды пайдаланудың және капитал салымдарының жақсаруы жатады.
Негізгі көрсеткіштерден бөлек негізгі көрсеткіштердің өзгеру себебін көрсететін және интеграция тиімділігі мәселесін шешуге қажет болатын қосымша көрсеткіштерде қолданылады. Агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін анықтау сараптау аралығындағы тиімділік көрсеткіштерінің орташа жылдық өсу қарқындылығын салыстыру арқылы жүргізеді. Салыстырылатын кәсіпорындар ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бағыттарының мамандануы, өндірістік қуаты, топырақ-климаттық және т.б. жағдайлары бойынша бір деңгейлі болуы қажет.
Деңгейлестікті анықтау үшін, салыстырмалы көрсеткіштер алынады. Кеңшар зауыттардың өсу қарқындылығының орташа жылдық көрсеткішінің автономды кәсіпорындардан жоғары болуы, осы кеңшар зауыттардың салыстырмалы жоғары тиімділігін көрсетеді. Мұнда айқындаушы орынды негізгі өнім өндірісінің көбеюі, табыстың молаюы және капитал салымдарының өтеуі алады.
Өндірістік бірлестіктердің экономикалық тиімділігін анықтау базалық және есептік жылдардағы тиімділік көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асады. Базалық жыл ретінде есептеудің1 жылы, есептік жылға бірлестік құрылғаннан кейінгі келесі жыл алынады.
Өндірістік агроөнеркәсіптік бірлестіктердің экономикалық тиімділігін анықтауда өндіріс көлемі өсуінің көрсеткіштері және табыстың көбеюімен бірге капитал салымдарын жақсарту көрсеткіштері ескеріледі. Бірлестіктерді құру нәтижесінде алынған экономикалық тиімділік, өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған әрбір шаралар қорытындысының жиынтығы ретінде анықталынады.
Бұл шаралар ең алдымен, басқаруды жетілдіру мен негізгі өндірістер мамандануы мен шоғырлану деңгейінің кеңеюімен, ең алдымен, басқаруды жақсартумен тікелей байланыстырылады.
Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері
Адамзаттық техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай айбынды болғанымен, оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға береді.
Алдымен керегі бұл - адамдардың тамағы. Ол болса, табиғаттың негізгі ресурсы- жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында, жерсіз адам өмір сүре де алмайды. Экономика ерекшілігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі жерде орналасқан.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізін жер ресурстары құрайды. Сондықтан елдер мен аймақтар үшін ең маңызды болып ауылшаруашылығы алқаптарының көлемі, оның ішінде жыртылған жерлердің үлесі өте жоғары болып саналады.
Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі жер шарында 1/3 құрылық жерін немесе 4,5 млрд гектар жерді алып жатыр. Тек құрылықтың 1/10 (1,5 млрд гектар) жыртылған жерлер мен бөлігін жайылым мен көпжылдық екпе, 1/5 бөлігін шабындық пен жайылым алып жатыр (18-кесте.).
Достарыңызбен бөлісу: |