Орал қаласы әкімінің аппараты, 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 үй, анықтама үшін телефон (факс): 8(7112) 51-26-33, факс 8(7112) 51-08-25, электрондық адресі



Дата21.11.2018
өлшемі54 Kb.
#23417
түріКонкурс

Орал қаласы әкімінің аппараты, 090000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1 үй, анықтама үшін телефон (факс): 8(7112) 51-26-33, факс 8(7112) 51-08-25, электрондық адресі: info@uralsk.gov.kz, Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымна орналасуға Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және

тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы «Е-R-1» санаты

 

«E-R-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 142412 (min) теңгеден 192381 (max) теңгеге дейiн.

 

Функционалдық мiндеттерi:

Бөлімге жалпы басшылық етудi жүзеге асыру, бөлім алдында тұрған мiндеттердi орындауды қамтамасыз ету. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй қорын басқаруды бақылау саласында қызметті жүзеге асырда. Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Елді мекеннің аумағын абаттандыру мәселелері. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды жүзеге асыру мәселелері. Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін түрғын үйлерді Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңында көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру мәселелері. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне түгендеу жүргізу мәселелері. Коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді. Орал қаласының су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желілерін, қайта жаңғырту мен күрделі жөнделуін және басқа да инженерлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастыру мәселелері. Қала шаруашылығын күзгі-қысқы маусымға дайындау мәселелері.Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің өтінімдері бойынша жөнделуі тиіс үйлердің тізбесін қалыптастыру, жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын бақылауды және үй жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен орындалған жұмыстар үшін қаражаттың қайтарылуына мониторингті қамтамасыз ету мәселелері. Кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау мәселері. Тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуын бақылау мәселері. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды бақылау мәселелрі. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері, шағымдары мен өзге де жүгінулерін қарайды. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге және ақпараттандыру (соның ішінде, интернет-ресурс) саласына жауаптылық. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерді, ақпараттарды, анықтамаларды дайындау. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының Заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.



Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

«Техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «Қызмет көрсетулер» (тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлік пайдалану, жерге орналастыру және кадастр, немесе бағалау), немесе «Әлеуметтік ғылымдар мен бизнес» (экономика және менеджмент, немесе есеп және аудит, немесе қаржы, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару, немесе маркетинг), немесе «Құқық», немесе «Жаратылыстану ғылымдары», немесе «Ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша жоғары білім.



Құзыреттер бойынша талаптар:

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.**



**Ескерту: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.



Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

            1)  Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2)  тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.



Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Орал қаласы әкімі аппаратында өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 


 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

   

   __________________________


(мемлекеттік орган)


Өтініш
       Мені______________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

      қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________ ________________________________________________________________________________

________                                      ____________________________________



(қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау