Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет72/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Фанера өңдеу
Фанераның түрлері мен қасиеттері және оның қолданылуы
Ағаштың өте жұқа табақшаларын фанера деп атайды. Фанераның екі түрі бар: клейленген фанера, жонылған фанера. Клейленген фанераның бірнеше оңды қасиеттері бар, ол жұқалығына, салмағының аздығына қарамастан өзінің аса беріктігімен көзге түседі. Клейленгени фанерада олардың жеке қабаттарының талшықтары бір-біріне перпендикуляр жатқандықтан барлық бағытта созғанда да бірдей берік болады.Фанера ауа температурасы мен ылғалдықтың өзгеруін сезбейді, шытынамайды және ісінбейді.Осы қасиеттерінің арқасында авиация, мебель, өнеркәсібінде және басқа салаларда қолданылады.
Фанера алу
Клейленген фанера алу үшін көбінесе жұмсақ жапырақты ағаштар: қайың, қандыағаш пайдаланылады. Қылқанды ағаштар аз қолданылады. Фанера алу төмендегідей технологиялық процестерден тұрады. Ағаштарды 1-2 метрлік етіп (бөренелерге) кеседі. Оларды бассейндерде қыздырады немесе камераларда булайды. Одан кейін оны аршығыш станокқа жібереді. Аршығыш станокта екі айналмалы шпинделі, көлденең суппорт, ол ұзындығы жағынан бөренеден бірнеше рет ұзынырақ, оған пышақ орнатылған және қысқыш қондырғысы бар. Екі шпинделдің арасына қойылған бөрене айналғанда пышақ лента кесіп алады. Лентаның қалыңдығы супорттың беріліс жылдамдығына байланысты бірнеше милллиметрден 0,2 мм өзгеріп отыруы мүмкін. Лентаның ұзындығы бөрененің қалыңдығы немесе диаметріне байланысты болады.
Сөйтіп бөрене қағаз рулоны сияқты болып таралады. Одан кейін лентаны не шпонды механикалық қайшымен жеке табақшаларға кеседі. Кейігі процесс шпон табақшаларын әртүрлі – ыстық құрғақ ылғалды не суық құрғақ тәсілдерімен желімдеу. Көбінесе, фанераны ыстық құрғақ тәсілмен алады. Ол үшін шпон табақшалары конвейерлі құрғатушыда кептіріледі; одан кейін олар механикалық клей біліктері арқылы өткізіледі (карбамид не фенолформальдегид смолалары). Мысалы, үш қабатты фанер алатын болсақ, алдымен бір желім жағылмаған табақша аламыз да, оған екі жағынан желім смола жағылған табақшаны талшығын көлденең етіп салады, оның екінші жағынан смола жағылмаған табақша салынады.
Фанера табақшалары тобымен гидравликалық желім пресс плиталарының арасына қойылады. Онда плита температурасы 100 С асады, плита аралығында фанера табақшасындағы қысым 25 атм болады. Соның нәтижесінде смола қатаяды және шпон табақшаларын өте берік етіп желімдейді. желімдеу процесі аяқталғаннан кейін фанера табақшаларының шеті кесіледі, сұрыпталады және топ-топ етіп байлайды. Желімделген фанерада қабаттың саны сөзсіз: үш, бес, жеті,тоғыз, сияқты тақ болуы қажет.
Ағаш тілуге қарағанда фанера алуда ағаш қалдығы оданда көп (55 пайызға дейін жетеді). 1 м³ желімделген фанера алуға 2,3 м³ дейін ағаш жұмсалады.
Жонылған фанераны емен, бук, жаңғақ, басқа жапырақты ағаштарда фанера жону станоктарында алады. Бөрене алдын ала ленталы аралы станоктарда брус не «ширек» етіп кесіледі. Бөрененің кесілген «ширек» бөлігінен алынады. Жонылған фанера табақшасының ұзындығы 3,5-5,5 м, ені 600 мм, қалыңдығы 0,2 мм-ден бірнеше мм-ге дейін. Жонылған фанераны өндіру мен тұтыну желімделген фанераға қарағанда көп есе аз.
Фанера өндіру өндірісінің географиясы оған жұмсалатын ағаш түрлерімен байланысты. Фанер зауыттарының көпшілігі ТМД елдерінің Европалық бөлігінде негізінен аралас ормандар аймағы мен аздап қылқанды орманның оңтүстігінде орналасқан.
Закарпатье,Кавказ, және Қиыр Шығыс аудандарында жергілікті шикізаттың жонылған негізінде фанералар шығарылады.
Целлюлоза-қағаз өндірісі
Қағаз бен картонның түрлері және олардың қолданылуы
Ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларының ішінде жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан саласы. Қағаздың ғылым мен мәдениеттің дамуы үшін маңызы зор. Қағаз сонымен бірге әртүрлі мақсатта пайдаланылады. Қағаз өнеркәсібі қағаз бен картонның 600 ден астам әртүрлі сорттарын шығарады, бұл оның пайдалануының жан-жақты екендігін көрсетеді. Қағаздың және картонның әртүрлі сорттарынан көптеген заттар, оның ішінде: ыдыс-аяқ, орау заттары, қапшық, т.б. жасалынады. Бірақ қағаздың көпшілігі полиграфия өнеркәсібінде тұтынылады.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау