Өнеркәсіп географиясы


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



жүктеу 2,97 Mb.
бет74/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Орман өнеркәсібі мен орман шаруашылығы арасында қандай қатынас сақталған?

  2. Орман өнеркәсібінің қалыптасып дамуы географиялық сипаттарға ие бола ма?

  3. Орман өнеркәсібінің басты салалары қайсылар?

  4. Орман ресурстарының халық шаруашылығындағы маңызы қандай?

  5. Қазақстан орман шаруашылығының басты даму мәселелері қайсы және оларды қалай бір жақтылы етуге болады?

  6. Қазақстан орман алқаптарының және орман ағаш түрлерінің таралуында қандай географиялық ерекшеліктер сақталған?

  7. Әлемдегі орман қорларының таралу аумағы және оның ағаш өнеркәсібінің аумақтық қалыптасуындағы рөлі қандай?

  8. Дүниежүзі бойынша орман ресурстарына бай елдер қайсылар және оның ұлттық экономикадағы маңызы қандай ?

  9. Целлюлоза қағаз өнеркәсібінің әлемдік даму мәселелері қандай?



10 . Құрылыс индустриясы
Қазіргі уақытта құрылыс материалдарын өндіру жеке сала болып келеді және әлемнің әртүрлі елдеріндегі құрылыс және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының орасан зор қанат жаюының нәтижесінде дербес маңызға ие. Құрылыс материалдарына құрылыс-монтаж жұмыстарымен байланысты шығындардың 50%-ынан астамы келеді. Сондықтан өнеркәсіптің осы бір саласының кез келген елдің экономикасындағы рөлі зор.
Оның құрамына енетін шағын салалар мен өндірістердің үлкен алуан түрлілігі құрылыс материалдарының өнеркәсібі шығарылатын өнімнің мақсатының бірлігімен сипатталады. Осылайша, іс жүзінде экономиканың әртүрлі салалары бола отырып, құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарының өнеркәсібі өндірістердің индустриалдық-құрылыстық үйлесімін қалыптастырады, өте тығыз өзара әрекеттесіп отырады.
Өндірісті орналастыру факторлары. Құрылыс материалдары өнеркәсібін орналастыруға шикізат базаларының (табиғи шикізаттың игерілген көздерінің: құм, балшық, гравий және т.б.; металлургия өндірісінің қалдықтары) орналасуы әсер етеді. Бұл минералдық-құрылыс шикізатының үлкен көлемімен және салмағымен әрі көбінесе, төмен тасымалданғыштығымен түсіндіріледі. Бірақ жасап шығарудың салыстырмалы түрдегі қиын емес жағдайларының және пайдалы құрамдас бөліктердің жоғары мөлшерінің (сонымен қатар олардың тегістей таралуының) арқасында шикізат арзандығымен көзге түседі. Алайда, дайын өнімнің бірлігінде шикізаттың үлестік шығындары айтарлықтай зор.
Екінші жағынан, аталған сала кәсіпорындарының орналастырылуы көбіне көп тұтынушылық факторға байланысты болып келеді. Бұл ретте жаппай және барлық жерде пайдаланған кезде көптеген құрылыс материалдары (темір-бетон өнмдері мен конструкциялары, тұтқыр материалдар, кірпіш және т.б.) бастапқы шикізатқа қарағанда қиынырақ, тасымалдауы қолайсыз болады.
Осылайша, өнеркәсіптің қарастырылып отырған саласының негізгі экономикалық-географиялық ерекшелігі - өндірістің бір мезгілде шикізатқа (өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарының көздерін қоса отырып) және тұтынушыға тартылуы болып табылады.
Бастапқы шикізат ретінде құрылыс материалдары өнеркәсібінде кен емес пайдалы қазбалар пайдаланылады. Құрылыстың нақтылы қажеттіліктеріне және технологиялық процестің сатыларына байланысты қарастырылып отырған саланың өндірістерінің келесі топтарын бөліп көрсетуге болады: а) шикізатты (құм, қиыршық тас, балшық, саз топырақ, малта тас және т.с.с.) шығару және бастапқы өңдеу; ә) тұтқыр материалдар (цемент, ізбес, гипс) өндіру; б) ғимараттар мен құрылыстар көтеру үшін әртүрлі қабырғалық материалдар, өнімдер және конструкциялар (әсіресе, бетон және темір бетон) өндіру.
Соңғы жағдайдың арқасында құрылыс зауыт жағдайларында жасап шығарылған блоктарды, бөліктер мен өнімдерді қолдана отырып, күн өткен сайын ғимараттар мен құрылыстарды құрастыру мен монтаждаудың механикаландырылған процесіне айналған. Аталған тенденцияға байланысты алдыңғы қатарға құрылыс-монтаж жұмыстарының индустрияландырылуын қамтамасыз ететін цемент, құрастырмалы темір-бетон және бетонға арналған толтырғыштар өндірісі шыға бастауда.




жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау