Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет71/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Ағаш тілу өндірісі
Ағаш тілу - ағашты механикалық өндірудің аса кең тараған түрі және ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларының ішінде бірінші орында. Оның өнімдері: тақтай, брустер, шпалдар, басқа да бойлық бойынша тілінген материалдар. Бөренелерді арнаулы ағаш тілу рамаларында (станоктарда ) тіледі. Сондай-ақ ленталы және дөңгелек аралы станоктар қолданылады.
Рамалар – мөлшері едәуір үлкен станок, оның негізгі бөлігі вертикальды аралар бекітілген рама. Станок жұмыс істегенде рама жоғары-төмен қозғалыс жасап тұрады. Ағаш тілу зауыттары – ірі кәсіпорындар. Орташа зауытта 3-5 рама болса, ірі зауыттарда 15-20 және одан да көп рамалар орнатылған.
Ағаш тілу рамасының жылдық өнімділігі ағашты жаппай бірден тілгенде 125 мың куб .м-ге жетеді. Бөренені негізінен екі тәсілмен: жаппай бірден және броус жасап тіледі. Жаппай бірден бөрене рамадан бір рет өткізілгенде ені әртүрлі шеті кесілмеген тақтай тіліп шығарады.
Брус жасап тілгенде бөрене рамадан екі рет өткізіледі (бірінен соң бірі келетін екі рамадан). Рамадан алғашқы өткізгенде бөренеден тек екі горбыль және екі бүйірлі, шеті кесілмеген тақтай тілінеді, соның нәтижесінде екі қырлы брус алынады. Брусты екінші рамадан өткізгенде оны брус қалыңдығына тең ені бірдей шеті кесілген тақтайларға тіледі.
Брус тәсілмен тілу рамадан әрбір бөрененің екі рет өтуін қажет ететіндіктен ағаш тілу зауытының өнімділігін төмендетеді. Соған қарамастан негізінен осы тәсіл қолданылады.
Брус түрінде тілудің жаппай бірден тілуден айырмашылығы бар: дәл, ені бірдей тақтай алу, пайдалы ағаш тілу материалдардың артуы (2-3 пайыз ), тақтайларды сұрыптаудың оңайлығы, кесу станоктарына қажеттіктің азаюы, оның орнына қосымша ағаш тілу материалдары орташа 65-70 пайызға жетеді. Қалғандары қалдық – горбыль, рейка тақтайдың шеттері, ағаш ұнтағы. Ол қалдықтар химия өнеркәсібінің шикізаты ретінде пайдаланылады. Сондықтан ағаш тілу өндірісінің басқа өндірістермен құрамдастыру керек (гидролиз,целлюлоза т.б)
Ағаш тілу өнеркәсібінің орналасуында елеулі өзгерістер бар. Олар ормандары бай, шикізат көзінде жақын аудандарда, көбіне кеме жүретін өзендердің сағасында, портты қалаларда, су жолдар мен теміржолдардың түйіліскен жерлерінде орналасады.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау