Олег Новачуктың алғашқы сөзі



жүктеу 2,6 Mb.
Pdf просмотр
бет10/11
Дата01.01.2020
өлшемі2,6 Mb.
#25623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

16

17

KAZ Minerals Инфо



      

№ 5 (25) қазан 2018

Жылдағы әңгіме

Мұндай да сұрақ     болған

Тікелей желі өтіп келе жатқан төрт жылдың ішінде қызметкерлер жыл сайын көтеретін бірқатар мәселелер бар. Олардың 

жауаптары да тұрақты. Бұл мәселерді тағы бір пысықтайық. 

Компания өзінің қызметкеріне жыл-

жымайтын мүлік сатып бере ала ма? 

Тіпті болмаса ипотека бойынша жеңілдік 

жасай ала ма?

Компания өзінің қызметкерлеріне бас-

пана сатып бермейді. 

Ипотекалық несие бере алмайтындығы-

мызға екі себеп бар. Біріншіден, бұл банктік 

іс-қызметтің түрі. Егер компания қызмет-

керлерінің атынан кепілдеме берсе, ал бұл 

қызметкерлер ертеңгі күні несиелерін тө-

лей алмай жатса, компания бұл үшін қалай 

жауап береді? Сөйтіп, біз өзімізге тән емес 

іс-қызметке араласып кетуіміз мүмкін. 

Екіншіден, бұл қосымша шығын-

дар. Ақтоғай мен Бозшакөл Қытай даму 

банкінің қаржыландырылуына негізделген 

жобалар. Бұл банк біздің бюджетті және жо-

ба басталар кезде жоспарланбаған шығын-

дарымызды жіті бақылайды. Әрине, мұн-

дай шығындар Қытайдың даму банкінің 

келісімін талап етеді. Олар, әрине, «несиені 

тезірек өтемей, бұл шығындарға неге бара-

сыңдар?» деп сұрауы мүмкін. Сондықтан 

осы сияқты мәселелерде таңдар амалдар аз. 

Біздің қолдан келер іс – білікті маман-

дарды жұмылдырып, оларға лайықты ең-

бекақы төлеу. Сонда қызметкерлер арнайы 

банк институттарының қызметтерін пай-

далана алады. Менің ойымша Қазақстанда-

ғы банктер сіздердің нарықтағы аз дегенде 

50 жыл жұмыс істейтін компанияда қыз-

мет ететіндеріңізді көрсе, қаржыландыруға 

келіседі. 

Ал компания банк-

пен келісіп, қызмет-

керлерге арналған 

жеңілдіктер алып 

бере ала ма? Мыса-

лы, несиелер бойын-

ша пайыздық жарна-

ны төмендету дегендей. KAZ Minerals 

өзінің қаражатын банктерде сақтай-

ды ғой. Мүмкін банктер ірі клиент-

ке деп жеңілдік жасар. Сонда компания 

банктік іспен айналыспайды және қыз-

меткерлеріне жеңілдіктер алып береді. 

Біз барлық банктермен кездестік. 

Өкінішке қарай, біздің қаражатты сақтау-

ға жарамды банктер аз. Біздің негізгі қа-

ражатты Citibank-те сақтаймыз. Бұл қа-

зынашылық саясаттарға сәйкес ұлғай-

тылған лимит сақтауға болатын банк. 

Бұл ең ірі американдық банк және біз 

қаражатты Қазақстан-

да Citibank-те сақта-

ғанда бұл депозиттер-

ге Лондондағы негізгі 

банк кепілдік бе-

реді. Әрине, біз отан-

дық банктердің, айта-

лық, Халық банктің, 

қызметін, тіпті, ВТБ, 

Сбербанк сияқты ресейлік банктердің 

де қызметін пайдаланамыз. Бірақ тәуе-

келдерге байланысты олардың лимиті 

шектеулі. Сол себепті бізде бұл банктер-

ге әсер ету тетіктері жоқ. Біз сіздердің 

еңбекақы жобаларыңызды пайдалана-

мыз, ал сіздер біздің қызметкерлерге 

жарналық жеңілдік жасаңыздар дей ал-

маймыз. Біріншіден, еңбекақы жобасын 

бергенде сол банктің ең төменгі комис-

сияларын алуға тырысамыз. Ең төменгі 

комиссияларды алып тұрып, біздің қыз-

меткерлерге жеңілдігі бар жарналар 

беріңдер десек, банк кепілдеме сұрай-

тыны анық. Өйткені несиелеудің жоға-

ры жарналары несиелік тәуекелдің жо-

ғары болуына байланысты. Сонда біз 

банктің тәуекелін азайтсақ қана ол жар-

наларды азайтуға келіседі деген сөз. Ал 

бұл өз кезегінде компанияның белгілі 

бір қаржылық іс-қызметін көздейтін 

кепілдеме. 

Әлбетте біз банктермен үнемі келіс-

сөздер жүргізіп, біздің қызметкерлерге 

икемді шарттар ұсынуын сұраймыз. Бі-

рақ компания қызметкерлердің несие-

лері бойынша тәуекелдерге кепілдік бе-

ре алмайды. 

Компания өз қызметкерлерінің жо-

ғарғы оқу орындарындағы оқуының 

ақысын төлей ала ма? Ал қызметкер-

лердің балаларының ше? 

Бізді қызметкерлеріміздің жоғар-

ғы білім алуға деген ынтасы қуантады. 

Бір кездері Қазақмыс кейбір қызметкер-

леріміздің ЖОО-да және МВА бағдарла-

малары бойынша білім алуының ақысын 

төлеген. Сол кезде мынандай жағдайлар 

орын алатын. Оқыту тәмәмдаған қыз-

меткер жұмыстан өз еркімен кету тура-

лы арыз жазатын. Маған жақсырақ шарт 

Компания өзінің қызмет-

керлеріне баспана сатып 

бермейді.



16

17

№ 5 (25) қазан 2018



      

KAZ Minerals Инфо

Жылдағы әңгіме

Мұндай да сұрақ     болған

ұсынды деп құтылады. Сонда біз оларды 

кім үшін және не үшін оқыттық деген 

сауал туындайды. Мен біздің заңгерлік 

департаментке жоғарғы оқу орнының 

ақысын төлесек немесе біліктілікті арт-

тыру жөніндегі көмек көрсетсек, келісім-

шартта адамды компанияда ұстап қалу-

дың заңды әдістерін қарастыруды ұсын-

дым. Яғни, ол белгілі уақыт жұмыс істесін 

немесе оқытуға жұмсалған қаражатты 

өтесін. 


Компания тарапынан жоғарғы оқу-

дың ақысын төлеуге келсек, қызметкерді 

күндізгі оқу бөліміне ұзақ мерзімге жі-

беру тиімсіз екені түсінікті. Сол себепті 

біз бұрын сырттай оқу түрін қолдадық. 

Менің білуімше қазір ҚР Білім беру ми-

нистрлігі сырттай оқу түрінен бас тартты. 

Қазіргі кезде қашық-

тықтан оқытудың басқа 

түрлері іздестіріліп жа-

тыр. Әзірге бұлар анық-

талған жоқ. Сол кез-

де біз келісілген шарт-

тарды ескере отырып, 

қызметкерлеріміздің 

біліктілігін арттырудың 

амалдарын қарастыру-

ды ойластырамыз. 

Балаларды оқытуға келсек, компания-

ның барлық қызметкерлерінде бірдей ба-

ла жоқ. Сонда балалары бар қызметкер-

лерге жеңілдіктер жасалады, ал балала-

ры жоқ әріптестер бұл жеңілдікке қол 

жеткізе алмайды. Біреуде бірнеше бала, 

ал біреуде бір бала ғана. Сонда компа-

ния қанша баланы оқытуы керек? Сон-

дықтан бұл сұрақтың жауабы біреу ға-

на: жоқ. 



KAZ Minerals-та өзінің спарта-

киадасы қашан пайда болады? Шығыс-

түстімет те, өркендеу жобалары да, 

Бозымшақ та қатыса алар еді.  

Жалпыға ортақ спартакиада өткізу-

дегі басты қиындық – Бозшакөлде, Ақ-

тоғайда және Бозымшақта вахталық 

әдістің қолданылуы. Ал бізде барлық 

позицияларда резервтік мамандар жоқ. 

Ал спартакиадаға өзінің вахтааралық де-

малысы кезіндегі жеке уақытын барлығы 

бірдей бөле бергісі келмейді. Болмаса бі-

реулер әріптестерінен өзінің орнына уа-

қытша жұмысқа шығуын өтінуі керек. Бұл 

мәселе шешілді десек те, Бозшакөл мен 

Ақтоғайда салынатын спорт орталықта-

рын пайдаланғанның өзінде спартакиада-

ға қатысушыларды орналастыру қиынға 

соғады. Барлық спорт түрлерінен қаты-

сатын адамдардың саны 200-300 адам-

ға жетуі мүмкін. Әзірге мұндай спорт-

тық іс-шараны ұйымдастыру қиын. Бұл 

өте көп күшті талап етеді. Оған қоса 

мына жәйтті де ескеру қажет. Мысалы, 

Шығыстүстіметтегі командалар жақсы 

ұйымдасқан. Ал вахталық әдіс кезінде 

жұмыстан кейін спортпен айналысуға 

уақыт табу қиынға соғады. Егер диви-

зиондардың бірі басқа өңірлерді өз-

деріне қонаққа шақырып, спорттың бір 

түрін, мәселен, мини-футболды таңдап, 

жарыс  өткізсе, біз бұл бастаманы қол-

дауға дайынбыз. 



Шығыстүсті-

меттің шахтерла-

рына жеңілдігі бар 

әдіспен өркендеу жо-

баларына жұмыс-

қа орналасуға бола 

ма? Егер сынақты бір 

реттен тапсыра ал-

масақ, бір жылдан 

кейін емес, бір-екі айдан кейін тапсы-

руға бола ма?

Қызметкерлерді басқару қызметінің 

түсініктемесіне сәйкес, тестілеудің ере-

желерін өзгерту тиімсіз. Мұны тесті-

леуді жүргізетін провайдер компания 

да қолдап отыр. Қызметкерлерді ірік-

теу бірнеше сатыдан тұрады. Сынақтан 

кейін үміткерлермен сұхбат ұйымдасты-

рылады. Әдетте бір бос орынға бірнеше 

үміткерден келеді. Нә-

тижесі төмен үміткер-

лердің жұмысқа орна-

ласуға мүмкіндігі азы-

рақ. Өйткені, басшы 

жоғары нәтиже көрсет-

кен маманды таңдай-

тыны анық. 

Жоғарғы білім бар 

жас мамандарға ман-

сап жолымен қалай 

көтерілуге болады? Жалпы бұл мүмкін 

бе?

Әлбетте. Егер жоғарғы біліміңіздің 

өсіп-өркендегіңіз келетін салаға байла-

нысы болса, өсуге болады. Оқу орнында 

игерілген білімдер мен дағдылар жұмыс 

орнында қолданылса, бұл жерде бар-

лығы қызметкердің өзіне байланысты. 

Компанияда кадрлық резерв бағдарла-

масы бар. Бұл бағдарлама компанияда-

ғы өсімді құрылымдап, бақылап отыра-

ды. Сонымен қатар, қызметкерлерді да-

мытудың құралын ұсынады. Ал жақында 

компания резервистер қатарына қыз-

меткер өзін-өзі ұсына алатынын жария-

лады. Бұл туралы толық ақпаратты www.

kazminerals.info сайтынан біле аласыздар. 



Семейде туған және Семей ядролық 

полигонынан зардап шеккен, СЯП куәлігі 

бар қызметкерлерге экологиялық дема-

лыс түріндегі жеңілдік беріле ме? Семей 

қаласының тұрғыны ретінде ҚР «Се-

мей ядролық полигонынан зардап шек-

кен азаматтарды әлеуметтік қорғау 

туралы» заңына сәйкес ай сайын 1,5 АЕК 

көлеміндегі қосымша ақыға және жыл 

сайынғы 10 күндік қосымша демалысқа 

құқығымыз бар. Барлық растайтын құ-

жаттарымыз бар. 

Бұл сұрақ бұрынғы тікелей желілер-

де де кездескен. Біз осы мәселені зерттеп, 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 

министрлігінен түсініктеме хаттар алдық. 

Оларға сәйкес тұрақты жұмыс орыны эко-

логиялық апаттан зардап шеккен өңір 

болса, мәселен, Семей, онда мұндай 

жеңілдіктер жасалады. Ал егер Бозша-

көлде, Ақтоғайда немесе Шығыс өңірде 

жұмыс істесеңіз, бұл өңірлер экология-

лық апат аймақтарына жатпайды және 

заңға сәйкес сіз мұндай апатты аймақта 

жұмыс істемейсіз деген сөз. Ал тұрғы-

лықты жеріңізге қатысты мәселені ше-

шу өз құзырыңыз. 



Бозшакөл КБК-де металлургиялық 

зауыт салына ма?

Бозшакөлде оксидті кен жоқ, сол се-

бепті Ақтоғайдағы сияқты металлур-

гиялық кешеннің қажеттілігі жоқ. Суль-

фидті кеннен өндіріл-

ген мыс концентратын 

балқытуға келер бол-

сақ, Бозшакөлдің өнді-

ретін көлемдері зама-

нуи мыс балқыту зауы-

тын салуға жеткіліксіз 

және тиімсіз. Бұл өте 

қымбат кәсіпорын жә-

не өзін-өзі ақтауы екі-

талай. Бастапқы кезең-

де зауытты салу күкірт 

қышқылын өткізу мәселесімен қиын-

дай түсетінін айттық. Бозшакөл мен Ақ-

тоғайдағы кендердің күкірті көп және 

катодтарды өндіру кезінде күкірт га-

зы пайда болады. Оны бейтараптау қа-

жет. Бұл әрекет барысында күкірт қыш-

қылы қалыптасады. Оны пайдаланатын 

екі кәсіпорын ғана бар. Олар – Қазфос-

фат пен Казатомпром.  Жаңа мыс балқы-

ту зауыты қазіргі үш өндірушіден де көп 

шығарар еді. Ал күкірт қышқылын жою 

немесе кәдеге жарату қымбат және жо-

баның экономикасын бұзады. Сондық-

тан зауыттың құрылысы қарастырылып 

отырған жоқ. 

Балаларды оқытуға кел-

сек, компанияның бар-

лық қызметкерлерінде 

бірдей бала жоқ.

Бозшакөлде оксидті кен 

жоқ, сол себепті Ақто-

ғайдағы сияқты метал-

лургиялық кешеннің қа-

жеттілігі жоқ.




жүктеу 2,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау