Кеңсе техникаларын жөндеу қызметтерін сатып алу туралы



жүктеу 332 Kb.
бет1/2
Дата14.02.2020
өлшемі332 Kb.
#29080
  1   2

Кеңсе техникаларын жөндеу қызметтерін сатып алу туралы


2019 ж. «___» __________

(ҚБЕО–да тіркелген күні)



4601-19/______/_________ ШАРТ

(ҚБЕО-ның нөмірі/Жеткізушінің нөмірі)




Алматы қ.

2019 ж. «____» ________________

(Жеткізуші қол қойған/тіркеген күні)


Бұдан әрі - «Тапсырыс беруші» деп аталып, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» ШЖҚ РМК атынан міндеттерді бөлу туралы ___________негізінде іс-әрекет жасайтын _________ _________ арқылы бір жағынан және бұдан әрі -«Жеткізуші» деп аталып, Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті болып табылатын ____________ атынан _________ негізінде іс-әрекет жасайтын __________________ арқылы екінші жағынан, бұдан әрі- бірлесіп «Тараптар» деп аталады, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылдың 27 тамыздағы №192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 134 тармағына және 2019 жылғы __________ №__________ Кеңсе техникаларын жөндеу қызметтерін баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың негізінде, төмендегілер жөнінде осы Кеңсе техникаларын жөндеу қызметтерін сатып алу туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады.




  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

    1. Тапсырыс беруші өзінің интернет-ресурсында баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен Кеңсе техникаларын жөндеу қызметтерін (бұдан әрі – Қызмет) сатып алуды жүргізу туралы хабарландыруды орналастырды және Жеткізушінің ҚҚС сомасын есептемегенде __________ теңге______тиын сомасына бағалау ұсынысын қабылдады.

    2. Тапсырыс беруші тапсырады және ақы төлейді, ал Жеткізуші Шартта көзделген мерзімде және талаптарда, техникалық ерекшелікке (Шарттың 1 қосымшасы) сәйкес Қызмет көрсету міндеттемесін өзіне қабылдайды.




  1. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ (БАҒАСЫ) ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

2.1. Шарттың жалпы сомасы ҚҚС сомасын есептемегенде ____ (____) теңге __ тиын (бұдан әрі – Шарттың жалпы сомасы) құрайды. Шарттың жалпы сомасы көрсетілген Қызметтердің нақты көлеміне қарай төмендеуі мүмкін, бұл ретте алынған үнемдеу Тапсырыс берушіде қалады. Шарттың жалпы сомасына Жеткізушінің сақтандыруды, салық, баж салықтарын төлеуді және өзге де төлемдерді қоса алғанда, Қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығыстары кіреді.

2.2. Шарт бойынша ақы төлеу ай сайын Тараптардың уәкілетті тұлғалары көрсетілген Қызметтердің Актісіне (бұдан әрі – Акт) қол қойған және Жеткізушінің Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес рәсімделген шот-фактураны ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде Қызметтердің төлемін есептік айда нақты көрсетілген Қызметтер бойынша тиісті ай үшін Шарттың 15 бөлімінде көрсетілген Жеткізушінің банктік шотына ақша аудару арқылы жүргізеді.

2.3. Барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті басқа төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтарға, баж салықтарына және бюджетке төленетін басқа да осы тәрізді төлемдерге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда, Тараптар қосымша келісімге қол қою арқылы Шартқа тиісті өзгерістер енгізуге міндеттенеді.


  1. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Тапсырыс беруші:

1) Шарт талаптарына сәйкес төлемді уақтылы және толық көлемде жүзеге асыруға;

2) Актінің негізінде көрсетілген Қызметтерді қабылдауға;

3) Қызметтерді көрсету үшін Жабдықтарды жөндеуге қабылдау-өткізу актісіне сәйкес Жеткізушіге кеңсе техникаларын беруге (Шартқа 2 Қосымша).



3.2. Тапсырыс беруші құқылы:

1) Шарт бойынша Қызметтердің уақтылы және тиісті көрсетілуін талап етуге;

2) көрсетілген Қызметтердің көлемі мен сапасының толықтығына тексеруді жүзеге асыруға;

3) Қызметтерді көрсету, көрсетілген Қызметтерді қабылдау-өткізу барысында және/немесе кепілдік мерзімі кезеңінде көрсетілген Қызметтерде кемшіліктерді, сәйкессіздіктерді, толық істемеушілік, қателерді (бұдан әрі – Ақаулар) анықтаған жағдайда, анықталған Ақаулар туралы тиісті жазбаша хабарламаны жолдау арқылы Шартта белгіленген мерзімде жоюды талап етуге немесе Жеткізушіге дәлелді жазбаша бас тартуды жолдай отырып, көрсетілген Қызметтерді қабылдаудан және олардың төлемінен толығымен немесе ішінара бас тартуға;

4) Шартты кез келген кезеңде Шартта көзделген жағдайда және тәртіпте бұзуға;

3.3. Жеткізуші міндеттенеді:

1) Қызметтердің Шартта көзделген мерзімде және жағдайда Шартқа 1 Қосымшаға сәйкес толық, тиісті және уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етуге;

2) Ақауларды, соның ішінде кепілдік мерзімі ішінде анықтаған жағдайда, Тапсырыс берушіден жазбаша хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қосымша төлемсіз өз есебінен жоюға;

3) Тапсырыс берушіден алынған құпиялы және басқа да ақпараттарды жарияламауға және құпия ретінде сақтауға;

4) Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша Жеткізушінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты біржақты тәртіпте бұзған жағдайда Шарттың 7 бөлімінде белгіленген мөлшерде Шарт бойынша алынған соманы қайтаруға және тұрақсыздық айыбын төлеуге;

5) Шарт бойынша өз міндеттемелерін үшінші тұлғаға Тапсырыс берушінің жазбаша келісімінсіз толығымен, не ішінара бермеуге;

6) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Шарттың 7 бөліміне сәйкес жауапкершілікті көтеруге;

7) Тапсырыс берушінің қызметкерлеріне Қызмет көрсету барысында туындаған мәселелер бойынша кеңес беруге;

8) Тапсырыс берушінің мамандарымен өзара әрекет ету үшін өз ұйымынан жауапты тұлғаларды анықтауға және Шартқа қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге бөлімшелердің атауы, АЖТ, лауазымдары, электрондық пошта мекен-жайлары, жауапты тұлғалардың телефондары көрсетілген ақпаратты беруге. Егер Жеткізушінің мамандарының жауапты тұлғалар құрамы өзгерген жағдайда Тапсырыс берушіге жауапты тұлғалардың толық жаңартылған тізімін көрсетіп хат жіберуге;

9) Қызмет көрсету барысында техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға және Тапсырыс берушінің мүлкіне ұқыпты қарауға;

10) Тапсырыс берушіге жабдықты жөндеуден қабылдау-өткізу Актісіне сәйкес кеңсе техникаларын беруге (Шартқа 3 Қосымша).

3.4. Жеткізуші құқылы Шарт талаптарына сәйкес төлемді алуға құқылы.


  1. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТАЛАПТАРЫ

4.1. Қызметтерді көрсету мерзімі: Шартқа қол қойған күннен бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

4.2. Қызметтерді көрсету орны: Алматы қ., Жеткізушінің орналасқан жері бойынша.

4.3. Тиісті ай үшін Қызметтер Тараптардың уәкілетті өкілдері Актіге қол қойған күннен бастап көрсетілді деп есептеледі.
5. КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ-ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

5.1. Жеткізуші Қызметтерді көрсетуді аяқтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушіге тиісті ай үшін қол қоюға Актіні жолдайды.

5.2. Тапсырыс беруші Жеткізушімен бірлесіп, көрсетілген Қызметтердің сапасына, көлемінің толықтығына және уақытылығына тексеруді жүзеге асырады. Ақаулар болмаған жағдайда Тараптардың уәкілетті тұлғалары Актіге қол қояды.

5.3. Ақаулар анықталған жағдайда, Тапсырыс беруші Жеткізушіге оларды жою қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

5.4. Жеткізуші анықталған Ақауларды өз есебінен Шартта белгіленген мерзімде Тапсырыс беруші тарапынан қосымша төлемсіз жояды. Ақауларды жойғаннан кейін Тараптар Актіге қол қояды.
6. КЕПІЛДІКТЕР

6.1. Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың барлық әрекет ету мерзімінде Қызметтердің үздіксіз, сапалы және уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға кепілдік береді.

6.2. Егер кепілдік мерзімі ішінде Ақаулар анықталса, Тапсырыс беруші Жеткізушіге жазбаша хабарлама жолдайды, Тапсырыс берушіден жазбаша хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші тарапынан қосымша төлемсіз өз есебінен жояды.

6.3. Жеткізушінің Шартта белгіленген мерзімде Ақауларды жою мүмкіндігі болмаған/бас тартқан жағдайда, Тапсырыс беруші Шартты бұзуға құқылы. Мұндайда Жеткізуші Шарттың 7 бөліміне сәйкес жауапкершілікті көтереді.


7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

7.1. Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілікті көтереді.

7.2. Дүлей күшті қоспағанда, Жеткізушімен Шартта көзделген міндеттемелер бұзылған жағдайда, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей Шарттың аясында Жеткізушіден:

1) Қызмет көрсету мерзімі бұзылған жағдайда - Актіге қол қою күнін қоса алғанда, кешіктірілген әр күнтізбелік күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде, бірақ Шарттың жалпы сомасынан 5% (бес пайыз) аспайтын мөлшерде өсімпұл;

2) көрсетілген Қызметтерде Ақауларды жою мерзімі бұзылған жағдайда – Ақауларды жою күнін қоса алғанда, кешіктірілген әр күнтізбелік күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайыз) мөлшерінде, бірақ Шарттың жалпы сомасынан 5% (бес пайыз) аспайтын мөлшерде өсімпұл өндіріп алуға құқылы.

7.3. Жеткізушінің Ақауларды жою мүмкіндігі болмаған/ бас тартқан жағдайда Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың жалпы сомасынан 10% (он пайыз) мөлшерінде айыппұл төлейді.

7.4. Шарт бойынша төлем мерзімі бұзылған жағдайда, Тапсырыс беруші Жеткізушіге төлем күнін қоса алғанда, төленуге тиісті сомадан, кешіктірілген әр жұмыс күні үшін 0,5 % (нөл бүтін оннан бес пайыз) мөлшерінде өсімпұл төлейді, бірақ төленуге тиісті сомадан 5% (бес пайыз) аспайды.

7.5. Тараптардың бірі Шарттың 8 бөлімін бұзған жағдайда, құпия ақпаратты жариялаған Тарап Шарттың жалпы сомасынан 10% (он пайыз) мөлшерінде айыппұл төлейді және құпия ақпаратты жариялау салдарынан пайда болған зиянды толық көлемде өтейді.

7.6. Жеткізуші өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған салдарынан біржақты тәртіпте Шартты бұзған жағдайда, Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың жалпы сомасынан 10% (он пайыз) мөлшерінде айыппұл төлейді және Шарт бойынша алынған соманы қайтарады.

7.7. Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған жағдайда Тапсырыс беруші төлемді жүзеге асырған кезде Жеткізушінің келісімінсіз тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) дербес ұстап қалуға құқылы.

7.8. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттерін орындаудан босатпайды;

7.9. Жеткізуші Тапсырыс берушіге Шарттың 7.6 тармағында көзделген, сондай-ақ Жеткізуші кепілдік мерзім ішінде Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу мерзімі, Тапсырыс берушіден тиісті хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнді құрайды.


8. КОНФИДЕНЦИАЛДЫЛЫҚ

8.1. Тараптар жалпы Шарт талаптарын және ұсынушы Тарап құпия деп белгiлеген барлық ақпаратты, екінші Тараптың осындай жариялауды заңнамада жазылған немесе соған уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың ресми сұратуы негiзiнде жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда көрсетілген ақпаратты ұсынатын рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғалуға және Тараптың жазбаша рұқсатынсыз ешқандай үшiншi тарапқа жариялауға болмайтынын мойындайды.

8.2. Жеткізуші жоғарыда аталған құжаттарды немесе қандай да бір ақпаратты Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз, Шартты іске асыру мақсаттарынан басқа кездерде қолданбайды.

8.3. Тараптар конфиденциалды ақпаратты жария еткен жағдайда, Шарттың 7 бөліміне сәйкес жауапкершілікті көтереді.


9. ДҮЛЕЙ КҮШТІҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР)

9.1. Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер олар Тараптар алдын ала болжай алмаған және Шартты орындауға тікелей кедергі жасаған дүлей күштің тууы: су тасқыны, жер сілкінісі және өзге де зілзала, экологиялық апаттар, әскери іс-қимылдар, террорлық актілер, азамат соғысы, халық толқулары, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға тікелей әсер ететін және Тараптар алдын ала болжай алмайтын Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін қабылдау салдарынан болса, онда жауапкершіліктен босатылады. Дүлей күштің әсеріне ұшыраған Тараптың міндеттемелерін орындау мерзімі осындай жағдайлар орын алған кезеңге ұзартылады.

9.2. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап басқа Тарапты Шарттың 9.1 тармағында көрсетілген жағдайлардың басталуы және тоқтатылу туралы олардың себебін көрсете отырып, тез арада хабарлайды, сондай-ақ, тиісті уәкілетті органның растайтын құжаттарын ұсынады. Жалпыға мәлім фактілер дәлелді талап етпейді. Сонымен қатар, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін ары қарай орындаудан бас тартуға құқылы, содан кейін Тараптардың ешбірі қарсы Тараптан қандай да болмасын шығындарды өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

9.3. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және көрсетілген жағдайларға байланысты емес, Шартты орындаудың баламалы әдістерін іздейді.


10. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

10.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында келіспеушіліктер орын алған жағдайда Тараптар оларды соттан тыс тәртіпте реттеу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.

10.2. Егер Тараптар өзара келісімге келмеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде қаралады.

10.3. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі және даулар туындаған жағдайда олар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралатын болады.


11. ШАРТҚА ӨЗГЕРІСТЕР, ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫ БҰЗУ ТАЛАПТАРЫ

11.1. Тараптың орналасқан жері және/немесе деректемелері өзгерген жағдайда, тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде басқа Тарапты жазбаша түрде хабардар етеді.

11.2. Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер қосымша келісіммен ресімделеді және Шарттың 11.1 тармағында көзделген өзгертулерді қоспағанда, Тараптардың қолдары қойылады.

11.3. Тапсырыс беруші Шартты біржақты тәртіпте кез-келген кезеңінде бұзуға құқылы:

1) Тапсырыс беруші Қағидалардың 14-тармағына сәйкес сатып алудан бас тартқан;

2) Жеткізуші ұсынған мәліметтерден дәйексіз ақпарат анықталған жағдайда;

3) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілген кезде Қағидаларының және (немесе) сатып алу талаптарының сатып алу қорытындысына ықпал ететін бұзушылықтар анықталған;

4) Тапсырыс беруші (сатып алуды ұйымдастырушы) Жеткізушіге Қағидаларда көзделмеген жәрдем көрсеткен;

5) егер Жеткізуші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса. Бұл жағдайда Шартты бұзу дереу жүзеге асырылады және Тапсырыс беруші Жеткізушіге қатысты ешқандай қаржылық жауапкершілікті атқармайды;

6) Жеткізуші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда. Бұл ретте Жеткізуші Шарттың 7-бөліміне сәйкес жауапкершілік атқарады;

7) Шартты одан әрі орындау мақсатқа сай болмаса;

8) жүргізілген сатып алудан, оны Қағидаларға сәйкес келмейді деп тануға байланысты бас тартқан жағдайда, Шартты біржақты тәртіппен кез келген кезеңінде бұзуға құқылы.

11.4. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға бастама білдірген Тарап, екінші Тарапқа Шартты бұзу жобаланған күнге дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны жолдайды, ол мерзім аяқталғаннан кейін Шарт бұзылды деп есептеледі. Хабарламада Шарттың бұзылу себебі көрсетілуі, күші жойылған шарт міндеттемелерінің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылу күні ескерілуі тиіс.
12. ШАРТТЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІ

12.1. Шарт Тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Шарт, оның ішінде кепілдік бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.


13. ШАРТТЫҢ ТІЛІ

13.1. Шарт әрқайсысының заң күші бірдей төрт данада: екеуі мемлекеттік және екеуі орыс тілдерінде жасалды.


14. БАСҚА ТАЛАПТАР

14.1. Шартқа Қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.

14.2. Тараптардың бірі қайта құрылған жағдайда, Шарт бойынша құқықтары мен міндеттері тоқтамайды және Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.
15. ТАРАПТАРДЫҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ


ТАПСЫРЫС БЕРУШІ

ЖЕТКІЗУШІ



____________________






_______________




«___» _____________ 2019 ж.

(ҚБЕО–да тіркелген күні)

«___» _____________ 2019 ж.

(Жеткізуші қол қойған/тіркеген күні)

4601-19/ _____/____ шартқа

(ҚБЕО-ның нөмірі) (Жеткізушінің нөмірі)



1-қосымша
Кеңсе техникасын жөндеу бойынша қызметтердің техникалық ерекшелігі

(Бұдан әрі - Қызметтер)

1. Қызметтер "Тапсырыс беруші жабдықтарының тізбесінде" көрсетілген компьютерлік (моноблоктар, дербес компьютерлер, мониторлар, Ноутбуктер), серверлік (сервер және консольдер) жабдықтар және ұйымдастыру – техникалық (принтерлер, көпфункционалды құрылғылар-бұдан әрі КҚҚ, көшіру – көбейту аппараттары – бұдан әрі ККА, сканерлер) жабдықтар бойынша (бұдан әрі-жабдық) көрсетіледі.


2. Тапсырыс беруші жабдықтарының тізбесі:

р\с




Атауы

Сипаттамасы (блоктар/түйіндер/жинақтаушылар)

Саны, дн.

1.

Дербес компьютер

Процессорлар (CPU):

Intel Core i5 2500 (3,3 GHz) – 11 дн;

Intel Core i5 3470 (3,2 GHz) – 35 дн;

Intel Core i7 920 (2,66 GHz) – 12 дн;



Аналық платалар (mainboard):

MSI X58M – 8 дн;

MSI X58 Platinum SLI – 4 дн;

ECS P67H2-A3 – 11 дн;

MSI Z77A-G41 – 2 дн;

Asus P8B75-V – 35 дн;

Asus P8Z77-V – 1 дн;

Қуат беру блоктары (PSU ATX):

500W, 600W, 650W, 700W, 900W;



Оперативтік жады (SDRAM):

DDR3-1333;

DDR3-1600;

Процессорлық желдеткіштер (CPU FAN):

Socket LGA1366;

Socket LGA1155;

Қатты магнитті дисктегі жинақтаушылар (HDD):

SATA-II 3 Гбит/с (500, 1000, 2000 Gb);

SATA-III 6 Гбит/с (500, 1000 Gb);

Бейне карталар (GPU):

NVIDIA GeForce GTS 250,

NVIDIA GeForce GTX 570;

Оптикалық жетегілер (DVD RW):

DVD RW;


Компьютерлік клавиатуралар (keyboard);

"тышқан" (mouse) түріндегі манипуляторлар.

61

2.

Моноблок Sony Vaio VPC-L21M1R

Аналық плата, процессор Intel Core i5-2410M 2,3 Ghz, оперативтік жады 4 Gb SODIMM DDR3 PC3-10600 (1333 Mhz), желдеткіштер, НЖМД 1Tb SATA-II, оптикалық жетегілер BD-ROM/DVD-RW, бейне карта NVIDIA GeForce GT 540M (1024 Мб), дисплей матрицасы VAIO Display Plus 24”, желілік адаптерлер, сыртқы қуат беру блогы VGP-AC19V55, сымсыз клавиатура, сымсыз тышқан.

3

3.

Моноблок Lenovo B540p

Аналық плата, процессор Intel Core i7-3770 3,4 Ghz, оперативтік жады 8 Gb SODIMM DDR3 PC3-12800 (1600 Mhz), желдеткіштер, НЖМД 2Tb SATA-III, оптикалық жетегілер DVD+RW/DVD-RW, бейнекарта NVIDIA GeForce GT 650M (2048 Mb), дисплей матрицасы Lenovo LED Multi-Touch 23”, желілік адаптерлер, сымсыз клавиатура, сымсыз тышқан.

21

4.

Моноблок Lenovo B50-30

Аналық плата, процессор Intel Core i7-4790S 3,2 Ghz, оперативтік жады 8 Gb SODIMM DDR3 PC3-12800 (1600 Mhz), желдеткіштер, НЖМД SSHD SATA-III 2000+8(SSD) Gb, оптикалық жетегілер DVD+RW/DVD-RW, бейнекарта GM108 (2048 Mb), дисплей мартицасы IPS 23,8”, желілік адаптерлер, сымсыз клавиатура, сымсыз тышқан.

23

5.

Моноблок ASUS ET2311INKH

Аналық плата, процессор Intel Core i7-4770S 3,1 Ghz, оперативтік жады 8 Gb SODIMM DDR3 PC3-12800 (1600 Mhz), желдеткіштер, НЖМД 1Tb SATA-III, оптикалық жетегі DVD+RW/DVD-RW, бейнекарта NVIDIA GeForce GT 740M (1 ГБ), дисплей мартицасы Asus LED IPS FullHD 23”, желілік адаптерлер, сыртқы қуат көзі FA180PM111, сымсыз клавиатура, сымсыз тышқан

12

6.

Монитор BenQ T2200HD

ЖК монитор;

12

7.

Монитор Dell E2213H

ЖК монитор;

35

8.

Монитор Samsung S23B350B

ЖК монитор, қуат көзі AD-3014B;

5

9.

Монитор Samsung S27D850T

ЖК монитор;

1

10.

Монитор Dell P2815Q

ЖК монитор;

2

11.

Монитор

HP LP3065



ЖК монитор;

2

12.

Ноутбук DELL XPS L702X

блоктар/түйіндер (аналық плата, процессор, оперативтік жады, желдеткіштер, НЖМД, оптикалық жетегі, бейне карта, алмалы клавиатура, сенсорлы панель тачпад, дисплей матрицасы);

ноутбуктың қуат беру блоктары;

ноутбуктың аккумулятор батареялары;


1

13.

Ноутбук HP Probook 6560b

блоктар/түйіндер (аналық плата, процессор, оперативті жады, желдеткіштер, НЖМД, оптикалық жетегі, бейне карта, алмалы клавиатура, сенсорлы панель тачпад, дисплей матрицасы);

ноутбуктың қуат беру блоктары;

ноутбуктың аккумулятор батареялары;


2

14.

Ноутбук HP Probook 6570b

блоктар/түйіндер (аналық плата, процессор, оперативті жады, желдеткіштер, НЖМД, оптикалық жетегі, бейне карта, алмалы клавиатура, сенсорлы панель тачпад, дисплей матрицасы);

ноутбуктың қуат беру блоктары;

ноутбуктың аккумулятор батареялары;


1

15.

Ноутбук Lenovo IdeaPad Z510

блоктар/түйіндер (аналық плата, процессор, оперативті жады, желдеткіштер, НЖМД, оптикалық жетегі, бейне карта, алмалы клавиатура, сенсорлы панель тачпад, дисплей матрицасы);

ноутбуктың қуат беру блоктары;

ноутбуктың аккумулятор батареялары;


1

16.


Ноутбук DELL XPS 13 Ultrabook

блоктар/түйіндер (аналық плата, процессор, оперативті жады, желдеткіштер, НЖМД, оптикалық жетегі, бейне карта, алмалы клавиатура, сенсорлы панель тачпад, дисплей матрицасы), қуат беру блоктары, аккумулятор батареялары;

2

17.


Ноутбук Apple MacBook MGXC2 Retina

блоктар/түйіндер (аналық плата, процессор, оперативті жады, желдеткіштер, НЖМД, оптикалық жетегі, бейне карта, алмалы клавиатура, сенсорлы панель тачпад, дисплей матрицасы), қуат беру блоктары, аккумулятор батареялары;

1

18.

Принтер HP LaserJet P2055dn

Принтерге арналған блоктар (түйін) мен жинақтаушылар;

8

19.

Принтер HP LaserJet 5200tn

Принтерге арналған блоктар (түйін) мен жинақтаушылар;

2

20.

Принтер HP LaserJet Ent 700 m712xh

Принтерге арналған блоктар (түйін) мен жинақтаушылар;

1

21.

Принтер HP

EPSON FX-890



Принтерге арналған блоктар (түйін) мен жинақтаушылар;

2

22.

КҚҚ Xerox WorkCentre 3210/3220

КҚҚ-ға арналған блоктар (түйін) мен жинақтаушылар;

5

23.

КҚҚ Xerox WorkCentre 3325

КҚҚ-ға арналған блоктар (түйін) мен жинақтаушылар;

8

24.

КМА Xerox CopyCentre C118

ККА-ға арналған блоктар (түйін) мен жинақтаушылар;

1

25.

КМА SHARP AR-5420

ККА-ға арналған блоктар (түйін) мен жинақтаушылар;

1

26.

Сканер Xerox DocuMate 5460

Сканерге арналған блоктар (түйін) мен жинақтаушылар;

сканерге сыртқы қуат беру блогы;



3

27.

Сервер Dell PowerEdge R620

Процессорлар 2 х Intel Xeon E5-2640; аналық плата; оперативтік жады PC3-12800R DDR3 64 Гб; серверлік қут беру блоктары 2 х 750W Platinum; салқындататын желдеткіштер; қатты магнитті дисктегі жинақтаушылар 8 x 300 GB (SAS 15K 6G SFF); DVD+/-RW жетек, дискті контроллер H710 энергиядан тәуелсіз кэш-жады 512MB, 4-портты желілік контроллер (Quad Port PCI-e Network Adapter), SN B5M4H32, SN B5M7H32

1

28.

Нақты уақыт сервері

Метроном-200 нақты уақыт сервері

1

29.

LCD-консоль ATEN CL1000M

блоктар/түйіндер (аналық плата, дисплей матрицасы, тачпад, қуат беру блоктары);

2

30.

LCD-KVM консоль ATEN KL1516AIN

блоктар/түйіндер (аналық плата, дисплей матрицасы, тачпад, қуат беру блоктары);

2

31.

RS-232 консоль ALTUSEN SN0116

блоктар/түйіндер (аналық плата, қуат беру блоктары).

1

жүктеу 332 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау