4
5
KAZ Minerals Инфо
№ 5 (25) қазан 2018
Орындалды!
Артық сөзсіз
Басшы мен қызметкерлер арасындағы тікелей сұхбат кейбір мәселелердің
жедел шешілуіне түрткі болатыны жасырын емес. Бұл жолы да солай болды. Бір-
қатар мәселелер тікелей эфир аяқтала сала шешімін тапты.
Орловка кентінде тұратын қызмет-
керлерден келген сұрақ: түңгі ауысым-
ға апаратын автобус Орловкадан са-
ғат 17.30-да шығады. Сағат 17.45-те
біз киім ауыстыру бөлмесіне келеміз.
Сөйтіп, ауысымға кеткенше бір сағат-
тан артық уақыт отырамыз.
3 қазаннан бастап қосымша рейс
енгізілді. Оның кестесі мынандай: ОӨК-
нен шығу уақыты – 18.15, Орловка кенті-
нен шығу уақыты – 18.30.
Қозғалысты есептеуді бақылау жүй-
есінің екінші турникетін орнатуға бо-
ла ма? Екінші жыл бойы бақылау-өткі-
зу орнында бір турникет қана жұмыс
істеп тұр. Бір ауысымда шамамен 250
адам жұмысқа келсе, соншама адам үй-
ге қайтады. Бұл жалғыз турникеттің
кесірінен кептеліс болып қалады (Орлов
ӨК, Шығыстүстімет).
ОӨК №1 бақылау орнының өткізу
мүмкіндігін арттыру үшін 2018 жылдың
соңына дейін жөндеу жұмыстары ұйым-
дастырылады.
Біз адамдарды түрлі елді ме-
кендерден, оның ішінде Иваново
ауылынан әкелеміз. Қазір бұл ба-
ғытта ПАЗ-172 жүреді. Ол ша-
мамен бес жылдай жұмыс істеп
келеді. Алғашқы жылдарда орын
жеткілікті еді. Алайда қазіргі уа-
қытта таңертен бір рейсте 50-
60 адамды тасымалдайды. Автобусқа
шамадан тыс жүктеме түседі. Бұл ба-
ғытқа үлкен автобус немесе тағы бір
автобус жіберу қажет (Орлов шахтасы,
Шығыстүстімет).
2018 жылғы 1 қазаннан бастап аталған
бағытқа қосымша ПАЗ автобусы жүре бас-
тады. Оны басқаратын жүргізуші штаты
да енгізілді.
Шемонаиха ауданында фитнес орта-
лықтары және тренажер залдары жоқ.
Спортпен айналысуға лайықты жер
Усть-Таловка кентіндегі мемлекеттік
спорт кешені ғана. Бұл кешендегі трена-
жер залының жабдықтары 20 жыл бойы
жаңармаған, спорт құралдарының 70%
қолдан және біздің өндірісте жасалған.
Компания қызметкерлерге арналған же-
ке тренажер залын ұйымдастырып неме-
се мемлекеттік спорт кешеніне спорт құ-
ралдары мен тренажерларды сатып алу-
ға демеушілік көмек көрсете ала ма?
Бұл мәселені шешу жөніндегі жұмыс
басталып кетті. 26 қыркүйекте Шығыс-
түстіметтің өкілдері Усть-Таловка кентінің
әкімшілігімен, Шемонаиха ауданы-
ның денешынықтыру және спорт
бөлімінің басшылығымен, Усть-Та-
ловка кентіндегі «Жұлдыз» спорт
клубының әдіскерімен кездесті.
Қажетті тренажерлардың қосым-
ша тізімі жасалды. Жабдықтарға
қызмет көрсетуді, тренажер залы-
ның санитарлық жағдайын бақылауды, со-
нымен қатар, тренажерларды пайдалану-
ға жаттықтырушылық бақылауды спорт
клубының және Шемонаиха ауданы спорт
бөлімінің басшылығы атқарады.
Қажетті тренажерлардың тізімі баға-
ларын және жалпы шығындардың көлемін
анықтау үшін «Шығыстүстімет» ЖШС-нің
Жабдықтау қызметіне жолданды. Бұдан
әрі тренажерларды сатып алу және оларды
«Жұлдыз» спорт клубына беру мәселесі қа-
растырылатын болады.
Бұрын компания көмірді сатып алып,
үйлерінде көмір пештері бар қызметкер-
лерге сататын. Бұл ыңғайлы еді. Арзан
бағамен және еңбекақы есебінен алуға бо-
латын. Бірақ бұл игі шараның тоқтаға-
нына үш жылдай уақыт болды. Оны қай-
та іске қосса бола ма? Бізде «Востокэ-
нерго» бар ғой.
«Востокэнерго» басшылығы бұл мәсе-
лені қарастырды. Көмірді сату қайта іс-
ке қосылды. Шығыстүстімет пен Востокэ-
нергоның қызметкерлеріне «Востокэнер-
го» ЖШС-нің қоймаларындағы көмірді
сату мүмкіндігі бар. Компания көмірге
жетуді қамтамасыз етеді. Көмірді өткізуді
есептеу үшін қоймашылардың көмегі де
ұйымдастырылады.
Бүгінгі күні көмірді сату процедурасы,
процесстердің сипаттамасы, құрылымдық
бөлімшелердің жауапты тұлғалары анық-
талуда.
ОӨК №1 бақылау орны-
ның өткізу мүмкіндігін
арттыру үшін 2018 жыл-
дың соңына дейін жөн-
деу жұмыстары ұйымдас-
тырылады.
4
5
№ 5 (25) қазан 2018
KAZ Minerals Инфо
Бозымшақтың қызметкерлері Топ-
тың басқа кәсіпорындарында жұмыс іс-
тей ала ма? Айталық, тәжірибе алмасу
үшін үш ай мерзімге. Менің ойымша, мұн-
дай амалдар қызметкерлердің кәсіби дең-
гейіне оң әсер етіп, оларға қосымша ын-
таландыру болар еді.
Шындығына келгенде, бізде кәсіп-
орындар арасында қызметкерлерді ал-
мастыру тәжірибесі бар. Бірақ бұл негізі-
нен Ақтоғайдың екінші кезегін салуға
байланысты қолға алынып отыр. Оның
өзінде, бірінші кезекте Бозшакөл мен Ақ-
тоғайдың қызметкерлері назарға алына-
ды. Себебі, бұл жобалардың жабдықтары
бірдей, сондықтан қызметкерлерді оқы-
ту және тәжірибе алмастыру оңай. Әрине,
басқа кәсіпорындарда да жұмыс істеп кө-
руге болады. Бірақ «оны қалай іске асы-
рамыз?» деген сұрақ туындайды. Адам-
дарды қалай ауыстырамыз? Қосымша жұ-
мыс орындарын құрамыз ба? Дегенмен
ұсыныс жақсы. Мен Бозымшақта ашық
карьер болғандықтан кәсіпорын басшы-
ларына Ақтоғай мен Бозшакөлдің басшы-
лығымен, ал фабриканың көлемі Шығыс-
түстіметтің кәсіпорындарына сәйкес ке-
летіндіктен, сол тараптармен хабарласып,
келісуді ұсынамын. Оны «қызметкерлер-
мен/тәжірибе алмасу» деп атайық. Кейін
бос орындар пайда болып жатса, адамдар
HR-ға барып, жұмысқа орналаса алатын
болады.
Алматы облысындағы Көксай жоба-
сының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Бұл жоба қай кезеңде? Ол жаққа жұмысқа
орналасуға бола ма? Әйтпесе, ешқандай
ақпарат жоқ.
Көксайда құрылыс әлі басталған жоқ.
Әзірге бұрғылау жұмыстары жүргізіліп
жатыр. Мақсатымыз – кеннің аумағын
белгілеу. Оған қоса, біз әлеуетті серік-
тестеріміз – NFC компаниясымен жұмыс
істеп жатырмыз. Олар 18% акциялар-
ды алды. Әзірге инженерлік компания-
ны анықтау үшін тендер жүргізілуде. Бұл
компания инженерлік құжаттаманы әзір-
лейтін болады.
KAZ Minerals-қа Чукоткадағы жоба не
үшін қажет?
Ресейге инвестиция салу бірден қа-
былданған шешім болған жоқ. Оған ұзақ
ойландық. Баимская кен орыны Чукот-
када, Поляр шеңберінен әрі орналасқан.
Білуімше, бұл қадамға көпшілік адамдар
сенімсіздікпен қарайды. Олардың ойын-
ша жоба ақ аюлар өмір сүретін жерде
тұр. Алайда біз кен орынды мұқият зерт-
тедік. Бұл жоба туралы мен алғашқы рет
2010 жылы естідім. Ол кезде оның қорла-
ры әлі расталмаған еді. Былтырғы жыл-
дың басында кен орынға иелік етіп отыр-
ған адамдар бізге тағы да хабарласып,
қажетті құжаттарды және зерттеу нәти-
желерін көрсетті. Біз командамызбен бір-
ге әлемдегі 92 мыс кен орынын зерттеп,
компаниямыздың даму амалдарын қа-
растырдық. Қолданыстағы депозиттердің
арасында бұл кен орын анағұрлым перс-
пективалы және әлемдегі ең ірілердің қа-
тарында.
Дамудың алғашқы кезеңі ретінде
«Песчанка» кен орынын игереміз. Ол жер-
дегі мыс қоры – кендегі 9 млн тонна мыс
және ілеспе өнім ретіндегі 600 тонна ал-
тын. Негізі, 50-60 млн тонна алтын бар
кен орын әлемдік ірі алтын кен орын бо-
лып есептеледі. Ал бұл жерде алтын ілес-
пе өнім ретінде өндірілетін болады. Ол
алтын кен орыны ретінде де ірі болар
еді. Ал мыс кен орыны ретінде де шағын
емес. Сол себепті алтын–мыс кен орыны
ретінде ауқымы бойынша әлемде екінші
немесе үшінші орынды иеленеді. Сол се-
бепті осы инвестицияларға бардық. Құ-
рылыс аяқталған соң КБК концентрат-
тағы 350 мың тонна мыс өндіретін бо-
лады. Бұл біздің қазіргі өндірісімізді екі
есе арттырады. Биыл барлық жобалар,
яғни, Ақтоғай, Бозшакөл, Бозымшақ жә-
не Шығыстүстіметте өндірілген өнім кө-
лемін концентраттағы 300 мың тонна
мысқа жеткізбекпіз. Сөйтіп, біз бір жоба-
ның өзінен қазіргі барлық кәсіпорында-
рымызда өндірілетін өнім көлемін ала-
тын боламыз. Әрине, бұл біз үшін транс-
формациялық мәміле болып табылады.
Компаниямыздың көптеген жылдарға ар-
налған даму жоспары болғаны дұрыс.
Баимская кен орнын сатып алу тура-
лы ақпарат тараған соң компанияның
акциялары неге арзандап кетті?
Біз Бозшакөл кен орынын іске қос-
қаннан кейін акциялардың құны өсуі ке-
рек еді. Бірақ біз бұл туралы хабарлағанда
акциялар аз ғана өсті. Нарықта көптеген
сұрақтар пайда болды. Жұрттар Бозша-
көл өзінің барынша қуатына жете алмай
ма деп қорықты. Ақтоғай іске қосылған-
да солай болды. Ресейге инвестиция са-
лу туралы шешімімізге нарықтың жауа-
бы күтпеген жағдай болды. Әрине, біз ак-
циялар құнының төмендеуі болатынын
білдік, бірақ осыншама арзандайды деп
ойламадық. Нарықтағы толқулар ең ал-
дымен Ресейдің Батыспен нашар қарым-
қатынасына байланысты болып отыр. Ба-
тыстағы инвесторлар үшін Ресей қорқы-
нышты жер, Америкамен текетірес болып
көрінеді.
Біздің акцияларды сатып алатын ин-
весторлар әдетте қысқа мерзімді қамти-
ды – үш жылға дейін. Олар қаңтарда ақ-
ша салып, желтоқсан айында акцияларды
сатқан соң табыс алып, акционерлердің
алдында есеп берсе болғаны. Ал анағұр-
лым ұзақ мерзімде жұмыс істейтіндер –
бұл жүзедеген миллиард қаржылары бар
ірі қорлар. Қазір біздің инвесторлардың
портфелінде 560 млрд долларды басқара-
тын BlackRock компаниясы, 300 млрд дол-
ларлы Pictet компаниясы, 800 млрд дол-
ларды басқарып отырған Capital сияқты
әлемдік деңгейдегі өте ірі қорлар. Бірақ
бұлардың ең ұзақ инвестиция мерзімі
– 3 жыл. Сондықтан біздің Чукоткада-
ғы КБК-не ақша салу туралы шешімізді
көріп, ұзақ күткісі келмейді. Себебі, он-
дағы құрылыс 7-8 жылға жалғасады.
Олар өздерінің акцияларын сата бастай-
ды. Әрине, акциялардың құны да төмен-
дейді. Мұны көрген ұсақ инвесторлар
мен алып-сатарлар да акцияларын сата-
ды. Сөйтіп, акциялардың бағасы күрт ар-
зандайды.
Баимская жобасына жұмысқа орнала-
суға бола ма?
Құрылыс жұмыстары шамамен бір
жылдан кейін басталады. Алдағы 9-12 ай-
да біз техникалық-экономикалық негіз-
деме, инженерлік жобалау жөніндегі жұ-
мыстарды атқарамыз. Содан кейін құ-
рылыс басталады. Әлбетте, құрылыс
басталар кезде біз түрлі амалдарды қа-
растырамыз. Дегенмен мұндай ауқым-
ды жобаға бас мердігерді табу қиынға со-
ғуы мүмкін. Өзіміздің жобалау кеңсеміз
жұмыс істеп, мердігерді бақылайтын бо-
лады және құрылысты қадағалап, құры-
лыс компанияларын жалдайды. Әзірге
бұл қандай компаниялар болатынын біл-
меймін. Олардың жұмыс құнын және са-
пасын, бұрын салған жобаларын қарасты-
рамыз.
Баимская КБК салу жөніндегі коман-
даның бас кеңсесі Мәскеу қаласында ор-
наласады. Бұл жерде HR-департамент
құрылып, жұмысқа орналастыру мәсе-
лелерімен айналысады. Кеңсе пайда бол-
ғанда қызметкерлеріміз бос жұмыс орын-
дары туралы және басқа да ақпаратты бі-
ле алады.
Өңірлер
Кен орындағы қысқы температура Ақ-
тоғай мен Бозшакөлдегідей -40 градусқа
жетеді. Алайда бұл жерде өндірісті тоқта-
туға дейін алып келетін қатты жел жоқ. Бі-
рақ Чукоткада жазда +40 градус болмай-
ды. Мұндағы орташа жазғы температура
15 градус жылылықты құрайды.
Көксеректен Чукоткаға дейін