Олег Новачуктың алғашқы сөзі



жүктеу 2,6 Mb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата01.01.2020
өлшемі2,6 Mb.
#25623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

8

9

KAZ Minerals Инфо



      

№ 5 (25) қазан 2018

Шығыс өңір

Шығыстүстімет.     Болашағы қандай?

«Шығыстүстімет» ЖШС-де қайта 

құру жоспарланған ба?

Қазіргі уақытта «Шығыстүстімет» 

ЖШС-де қайта құру шаралары неме-

се қызметкерлер санын қысқарту көз-

деліп отырған жоқ. Барлық кәсіпорын-

дар бекітілген өндірістік бағдарламаның 

аясында жұмыс істеуде. 

Белоусов фабрикасы мен ЕӨК-

нің тағдыры алаңдатады. Біздің ке-

шен адамдардың саны ең аз кәсіпорын. 

Өндіріс көлемі де басқаларға қарағанда 

аз. Біздің кешенді қысқартып, АӨК-нің 

құрамына қосады деген сөздің шыққа-

нына біршама уақыт болды.  Бір кезде 

Ертіс шахтасының кені Николаев фаб-

рикасында өңделген. Фабрикамыздың 

болашағы не болмақ? Егер Ертістің 

кенін НБФ-на жолдаса, Белоусов фаб-

рикасы тоқтап қалады ғой. 

Әзірге қызметкерлердің санын қыс-

қарту жоспарланып отырған жоқ. Соны-

мен қатар, қайта құру да көзделмеген. 

Бізге Қазақмыс компаниясынан хабар-

ласып, Белоусов кенішінің кенін қайта 

өңдеу туралы өтініш жасады. Егер Қа-

зақмыс Белоусов кенішін әрі қарай да-

мытатын болса, онда бұл кенді Белоусов 

фабрикасында өңдейміз. Сол себепті біз 

тәжірибе жасап, Ертіс кенінің Николаев 

фабрикасында қалай 

өңделетінін байқадық.

Николаев кен бай-

ыту фабрикасының 

болашағы қандай? 

Жаңа қалдық сақтау 

орнына көшуге байла-

нысты өндірісте тоқ-

тау жоспарланған ба 

және қысқы кезеңде 

өндіріс тоқтай ма?

Артемьев 

өндірістік кешенінің 

жұмыс мерзімі, екінші 

кезекті ескерсек, кем 

дегенде 17 жыл. Соны-

мен қатар, қосымша барлау жұмыста-

рын жүргізіп, жаңа кен орындарды іздеп 

жатырмыз. Сол себепті жақын уақыт-

та Артемьев кешені өндірістен қинала-

ды деп қорқудың қажеті жоқ. Николаев 

фабрикасындағы уақытша тоқтаулар-

ға қатысты түсініктеме берейін. Фабри-

кадағы жаңғырту жұмыстары 2007 жы-

лы басталып, біршама уақытқа созыл-

ды. 2014 жылы жаңғырту жұмыстары 

аяқталды. РИФ ком-

паниясы жаңа флота-

циялық машиналар-

ды орнатты. Николаев 

кен байыту фабрика-

сының қазіргі қуаты 

– 1,8 млн тонна. Оны 

2,2 млн тоннаға дейін 

арттыруға болады. Бі-

рақ қазіргі өндіріс кө-

лемі – 1,1-1,2 млн тон-

на ғана. Бұл көлем 

фабриканың барлық 

мүмкіндіктерін көрсе-

те алмайды. Өндірістік 

процесстерді оңтай-

ландыру қажет. Сол 

себепті ШТМ-тің басшылығының ұсы-

нысы бойынша кен жетіспеген кез-

де электр қуатын ысырап қылмас үшін 

және жабдықтарды бекерге тоздырмас 

үшін осындай жұмыс түрі қолданылады. 

Николаев кен байыту фабрикасы әлі 20 

жылдай жұмыс істейді. Бұған алаңдама-

саңыздар болады. 

Николаев кен байыту фабрикасы-

ның басқа қалдық сақтау орнына асуы 

туралы сұрақ есімде. Қазіргі қалдық 

сақтау орны өзінің шегіне жақындап 

қалды. Сол себепті Николаев фабрика-

сының қалдықтарын консервация ке-

зеңіндегі Николаев ашық карьеріне 

ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр-

мыз. Үкіметтен бұл карьерді пайдалану 

рұқсатын алу үстіндеміз. Қалдық сақ-

тау орнын ауыстырған кезде белгілі бір 

технологиялық тоқтау болатыны анық. 

Дегенмен бұл жоспарлы іс-шара жә-

не өндірістің ұзақ мерзімді тоқтауына 

алып келмейді. 



Артемьев шахтасының болашағы 

қандай және екінші кезек нақты қашан 

іске қосылады?

Артемьев шахтасының болашағы 

зор. Өндірістің 2-ші кезегін салу жұмыс-

тары жүріп жатыр. Үңгу, вентиляциялық 

шахтаны салу жұмыстары жүріп жатыр, 

инженерлік жұмыстары басталды. Жаңа 

шахтаның құрылысы келесі жылы баста-

лады. Екінші кезектің жұмыстары 2022 

жылы аяқталады деп жоспарланған.

Әрине, алда үлкен жұмыстар күтіп 

тұр. Қазір жер бетіндегі инфрақұрылым-

дық жұмыстар жүріп жатыр, үңгу жалға-

суда. Шахтаның оқпанын салатын ком-

панияны анықтау үшін тендер жүргі-

земіз. Бұл жобаның ең үлкен және ең 

қымбат бөлігі. Біз 2022 жылы оны аяқ-

таймыз деп отырмыз. Мен көрген құ-

жаттарға сәйкес құрылыс 2019 жылы 

басталып, 2022 жылы аяқталады. 

Орлов ӨК әлі қанша жұмыс істейді? 

Орлов шахтасы жабылғаннан кейін 

кенттің және адамдардың тағдыры не 

болмақ?

Орлов кен орынының қорларын 2026 

жылға дейін игеру көзделген. Деген-

мен жыл сайын игерліп жатқан қорлар-

ды нақтылау үшін барлау бұрғылауы ат-

қарылады. Сонымен қатар, Орлов кен 

орынының оңтүстік-батыс қапталында 

іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал-

Артемьев өндірістік ке-

шенінің жұмыс мерзімі, 

екінші кезекті ескерсек, 

кем дегенде 17 жыл. Со-

нымен қатар, қосым-

ша барлау жұмыстарын 

жүргізіп, жаңа кен орын-

дарды іздеп жатырмыз.




8

9

№ 5 (25) қазан 2018



      

KAZ Minerals Инфо

Шығыс өңір

Шығыстүстімет.     Болашағы қандай?

ғашқы кезеңнің көлемі – әрқайсысының 

тереңдігі 800 метр болатын төрт ұңғы-

ма. Оң нәтиже болса, жұмыстар жалға-

са береді. Алғашқы кезеңдегі жұмыстар-

дың аяқталу мерзімі – 2018 жылдың қа-

раша айы. 

Кенттің өмірі мен іс-қызметін қам-

тамасыз ету – бұл жергілікті атқару-

шы органдардың міндеті. Дегенмен біз 

өзіміздің құзыретіміздің аясында атса-

лысып, кентке қолдау көрсетеміз. Соны-

мен қатар, біздің өркендеу жобалары-

мызға да назар аударуға кеңес беремін. 

Егер қызметкердің біліктілігі сәйкес 

келсе, сол жерлердегі бос жұмыс орын-

дарына орналаса алады. 

Өндіріс көлеміне қатысты сұрақ. 

Жыл сайын кен көбеймейтіні бәріне 

түсінікті. Ал жаңа кен орындар неме-

се кен шоғырлары жоқ. Өндіріс көлемі 

азайған сайын адамдар саны да азай-

тыны белгілі. Әри-

не, аз жұмыс көлемі-

не көп қызметкерді 

ешкім ұстап отыр-

майды. Дегенмен 

біздің шахталарда 

мердігер ұйымдар өте 

көп – күрделі тау-кен 

жұмыстары және та-

ғы басқасы. Мүмкін 

сол жұмыстарды 

өзіміздің қызметкер-

леге тапсыру керек 

шығар? Бәрібір мерді-

герлерге қыруар ақша 

төлеп келеміз ғой. 

Бұл компаниялар үңгу жұмыстары-

на маманданған және олардың жұмысы 

уақытша ғана. Міндеттері аяқталған соң 

олар кетеді. Бізде Шахтострой ішкі үң-

гу компаниясы сияқты тәжірибе болған.  

Ол үмітті ақтамады. Себебі, адамдар са-

паны басшылыққа алмады. Жұмысты 

қалай атқарса да, еңбекақысын алып ке-

те беретін. Ал мердігерлер өз жұмыста-

рын сапалы атқармаса, оларды ауысты-

ра салуға болатынын біледі. Бәсекелік 

орта қалыптастыру үшін біз мердігер-

лерді жалдаймыз. Сол себепті мұндай 

компаниялардың орнын өз қызметкер-

лерімізбен толтыру әрдайым тиімді бо-

ла бермейді. Біз мердігерлерден қиын 

тау-кен, геологиялық және техникалық 

жағдайда үңгудің барынша қарқынын та-

лап етеміз. Бұл жаңа қорларды анықтап, 

кеніштердің тұрақты жұмысын қамтама-

сыз етуге мүмкіндік береді. 



Белоусов фабрикасы 70 жылдан ас-

там, ОӨК фабрикасы 40 жылдай, НБФ 

30 жылдай жұмыс істеп келеді. Бұл уа-

қыт аралығында қалдық сақтау орын-

дарында көп құнды материалдар жи-

налды. Мүмкін фабрикалардың бірінде 

осы қорларды қайта өңдеу желісін салу 

керек шығар? Айталық, тек ББФ қал-

дықтарының арқасында ғана Шығыс 

өңірдің өмірін ұзартуға болады. 

Біз бұл мәселені қарастырып келе 

жатқанымызға бірнеше жыл болды. Ор-

лов, Николаев, Ертіс, Белоусов, Березов 

фабрикаларының қалдықтарын қара-

дық, батыстық, қазақстандық, ресейлік 

компанияларды жалдап, талдау жаса-

дық. Өкінішіке қарай, 

бұл қалдықтарды қай-

та өңдеудің экономи-

калық тиімділігі жоқ 

болып шықты. Қазіргі 

уақытта шағын жә-

не орта бизнес өкіл-

дерінің арасында бұл 

бағытта жұмыс істеуге 

дайын фирмаларды із-

деп жүрміз. Бірақ бізге 

белгілі технологиялар-

дың арасында тиімдісі 

әзірге жоқ.

Шығыс өңірдегі 

өндіріс көлемінің аза-

юына алаңдап отырған қызметкерлер

шынымен кәсіпқой мамандар болса, 

жұмыспен қамту туралы уайымдама-

са болады. Мен сіздерге Ақтоғайдың жа-

ңа фабрикасын қарастыруды ұсынамын. 

Бұл нағыз әлемдік деңгейдегі өндіріс бол-

мақ. Бұл жер өте қызықты екендігіне көз-

деріңіз жетеді.

KAZ Minerals Өскеменде бір нәрсені 

қаржыландырды, Семейде бір нәрсе сал-

ды дегенді үнемі естіп жатамыз. Ал ау-

дандардың жайы не болмақ? Біз аудан-

да тұрамыз және осы жерде жұмыс іс-

тейміз. Міне, Ақтоғайда қаржыландыру 

басталды деп естідік. Бірақ біз олардан 

көп уақыт жұмыс істеп келеміз ғой. 

Қазір корпоративтік әлеуметтік 

жауапкершілік саласындағы тәсілдер өз-

геріп келеді. Біз бұрын облыстық әкімдік-

пен меморандумдар жасап, олар қаражат-

ты қайда жұмсайтынын өздері шешетін 

еді. Қазір жемқорлыққа қарсы саясаттар-

ға сәйкес, біз атқарушы органдармен ті-

келей жұмыс істей алмаймыз. Енді біздің 

кәсіпорындар орналасқан және біздің 

қызметкерлер тұрып жатқан аудандар-

дағы қоғамдық қорлармен немесе үкі-

меттік емес ұйымдармен жұмыс істейміз.  

Компанияда әлеуметтік инвестициялар 

жөніндегі комитет жұмыс істейді және 

ол қорлар мен ҮЕҰ-дың өңірлерді қолдау 

жөніндегі ұсыныстарын қарастыруға да-

йын. 


Оның өзінде біз қажетті балансты сақ-

таймыз. Әлеуметтік жауапкершілік ая-

сында мемлекеттің міндеттерін орында-

маймыз. Айталық, біз мектеп, аурухана 

сала алмаймыз, бірақ оларды жабдықтау-

ға көмектесе аламыз. Менің ойымша енді 

жұмыс белсенді жүре бастайды және кө-

мек атаулы болады. Шығыстүстіметтің 

басшылығы қазір тиісті қорлармен жұмыс 

істеу амалдарын қарастырып жатыр.



Компания Ақтоғай, Бозшакөл, Бо-

зымшақ орналасқан аудандарда әлеу-

меттік қолдау көрсететінін білеміз. 

Бірақ Жезкент кентіндегі жолдардың 

және Бородулиха-Жезкент жолының 

жағдайын қараңызшы. Біздің ауданға да 

көмек көрсетуге болмас па екен?

Жолдарға қатысты – олардың ұзақты-

ғын, кімнің иелігінде екендігін қарасты-

ру қажет. Мен бұған дейін айтқанымдай, 

мемлекеттің меншігіндегі мүлікке ақша 

жұмсай алмаймыз. Бізге бұл салаға заңды 

түрде қалай қаражат бөліп, мемлекеттің 

оны қалай өз балансына алуына бола-

тынын анықтау қажет. Мұның бір жолы 

– өзіміздің балансымызға алу. Бірақ бұл 

жағдайда мемлекет ештеңеге жауапты 

болмаса да, жолды пайдаланған үшін са-

лық салады. Мен Жезкенттен суға, жолға, 

тұрмыстық жағдайларға қатысты басқа да 

сұрақтар алдым. 

Менің ойымша, біз жұмыс істеп жүр-

ген барлық елді мекендердің арасында 

Жезкенттің тұрмыстық жағдайы ең на-

шар. Мен біздің қайырымдылық қорла-

рына жолдайтын қаражатымызды бақы-

лауға алып, айталық, Жезкенттегі біздің 

қызметкерлерімізге қажетті дүниелерге 

жұмсау жағын ойластырамын. 

Мәселен, жазғы уақытта ыстық су бол-

майды екен. Бұл қолданыстағы қазандық-

тағы ғана мәселе емес. Құбырларды ауыс-

тыру қажет, басқа қазандық салу керек. 

Мұның бәрі қыруар қаржыны талап етеді. 

Мен бұл мәселені зерттеп, жыл соңына 

дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі-

мен талқылаймын. Өзіме жазып алдым. 

Шығыс өңірдегі өндіріс 

көлемінің азаюына алаң-

дап отырған қызметкер-

лер, шынымен кәсіпқой 

мамандар болса, жұмыс-

пен қамту туралы уайым-

дамаса болады.




жүктеу 2,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау