Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы



жүктеу 4,64 Mb.
бет1/22
Дата17.01.2018
өлшемі4,64 Mb.
#7567
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2017 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген
Астана агломерациясын аумақтық дамытудың

өңіраралық схемасы

Осы Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы (бұдан әрі – Астана агломерациясының өңіраралық схемасы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелерін бекіту туралы» 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 (бұдан әрі – Бас схеманың негізгі ережелері) және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 (бұдан әрі – Өңірлерді дамыту бағдарламасы) қаулыларын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Астана агломерациясының өңіраралық схемасы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына, аумақты ұйымдастырудың санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес әзірленді.

Астана агломерациясының өңіраралық схемасы аумақты дамыту перспективаларын және оның инфрақұрылымға ұзақ мерзімді қажеттілігін айқындайтын қала құрылысы стратегиясы болып табылады. Астана агломерациясының өңіраралық схемасы ережелерін іске асыру кезектілігі, қаржыландыру көздері және көлемі бюджеттік мүмкіндіктер ескеріле отырып, салалық бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары деңгейінде айқындалады.

Астана агломерациясының өңіраралық схемасының негізгі міндеттері:


  1. Астана агломерациясының шекараларын айқындау;

  2. агломерацияны дамытудың оңтайлы бағыттарын қалыптастыру мақсатында аумақтың шекарасына кіретін әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін ескере отырып, жобаланатын аумақтың ұтымды жоспарлы ұйымдастырылуын айқындау;

  3. аумақты функционалдық аймақтарға бөлу, халықты қоныстандыру және өндірістік күштерді орналастыру жүйесін жетілдіру, инженерлік, көліктік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымды дамыту, аумақтарды қауіпті техногендік және табиғи процестерден қорғау, аумақтың экологиялық ахуалын жақсарту және қоршаған ортаны қорғау жөнінде негізделген ұсыныстар кешенін әзірлеу.

Астана агломерациясының өңіраралық схемасында Астана агломерациясы аумағының жобалаудың аралық (2020 жыл) және есептік (2030 жыл) мерзімдерге арналған келешектегі қала құрылыстық дамуының жобалық ұсыныстары бар.
1. Аумақты қала құрылыстық игеру және даму
Астана агломерациясы аумағына Астана қ. (агломерация орталығы), Ақмола облысының 3 ауданы (Аршалы, Целиноград, Шортанды) және Ақкөл ауданының 4 округі енеді.
Астана агломерациясының аумағы

1 кесте



Аумақ

Ауданы, мың га

1

Астана қ.

71

2

Аршалы ауданы

584

3

Целиноград ауданы

789

4

Шортанды ауданы

468

5

Ақкөл ауданы (4 округ)

265




Барлығы

2 177

Солтүстік шекарасы Ақкөл ауданының Урюпинск селолық округі мен Наумов селолық округі және Бұланды ауданының Журавлев селолық округі шекараларының қиылысқан жерінен басталады. Одан әрі Ақкөл ауданының Урюпинск селолық округі мен Наумов селолық округін бөліп тұратын шекара бойынша, одан әрі Бұланды ауданының Данилов селолық округі мен Ақкөл ауданының Урюпинск және Кеңес селолық округтерін бөліп тұратын шекара бойынша, одан әрі Ақкөл ауданының Кеңес селолық округі мен Жалғызқарағай селолық округін бөліп тұратын шекара бойынша оңтүстікке қарай бұрылады.

Шығыс шекарасы Ақкөл ауданының Кеңес, Жалғызқарағай және Азат а. үш округінің қиылысқан жерінен басталады, одан әрі Кеңес селолық округін Новорыбинск селолық округі мен Азат ауылы округінен бөліп тұратын шекара бойынша оңтүстікке жалғасады, одан әрі Новорыбинск селолық округі мен Еңбек селолық округінің арасымен оңтүстікке бағытталады. Кейін шекара шығысқа бұрылып, Ақкөл ауданының Новорыбинск селолық округін Бектау ауылдық округінен және Шортанды ауданының Новоселовск селолық округінен бөліп тұратын шекараның бойымен өтеді. Шекара сол бағытта Шортанды ауданы Новоселовск селолық округі және Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі арасындағы шекараның бойымен жалғасады. Шортанды ауданының Новоселовск селолық округі, Ақкөл ауданының Қарасай ауылдық округі және Ерейментау ауданының Новомарковка селолық округі шекараларының қиылысқан жерінде оңтүстікке бұрылып, Новомарковск және Новоселовск селолық округтерін бөліп тұратын шекараның бойымен өтеді. Шортанды ауданының Новоселовск селолық округі, Целиноград ауданының Приреченск селолық округі және Ерейментау ауданының Новомарковка селолық округі шекараларының қиылысқан жерінен бастап оңтүстік- шығысқа қарай бұрылады, Целиноград ауданы Приреченск селолық округін Ерейментау ауданы Новомарковка селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша өтеді және жоғары вольтты желі мен Астана-Павлодар автомобиль тас жолын кесіп өтіп, Целиноград ауданы Приреченск селолық округі мен Ерейментау ауданы Ақмырза селолық округін бөліп тұратын шекара бойынша Ақжар өзенінің арнасы бойымен өтеді. Кейін Аршалы ауданы Бұлақсай, Сарыоба және Михайловский селолық округтерінің Ерейментау ауданының Еркіншілік және Ақсуат ауылдық округтерінің шекарасы бойынша өтеді. Одан әрі Мойылды өзенінің арнасымен және Аршалы ауданының Константиновка селолық округін Ерейментау ауданының Ақсуат ауылдық округі мен Күншалаған селолық округінен бөліп тұратын шекарамен оңтүстік-шығысқа қарай өтеді. Кейін оңтүстікке бұрылып, Аршалы ауданының Константиновка селолық округін Қарағанды облысы Осакаровка ауданының Тельман, Қарағайлы, Есіл және Озерный селолық округтерінен бөліп тұратын шекараның бойымен оңтүстік-батысқа қарай жалғасады. Одан әрі Аршалы ауданының Анар селолық округі мен Осакаровка ауданының Озерный селолық округі арасындағы шекараның бойымен өтіп, Қарағанды облысы Осакаровка ауданының Сұңқар селолық округі мен Аршалы ауданының Берсуат және Анар селолық округтері арасындағы шекарамен жалғасады.

Оңтүстік шекарасы Аршалы ауданының Берсуат селолық округі, Қарағанды облысы Осакаровка ауданының Маржанкөл селолық округі мен Сұңқар селолық округі қиылысатын нүктеден басталып, батысқа қарай Аршалы ауданының Берсуат селолық округі және Қарағанды облысы Осакаровка ауданының Маржанкөл селолық округі арасындағы шекараның бойымен өтеді. Одан кейін шекара Аршалы ауданының Берсуат селолық округі, Қарағанды облысы Осакаровка ауданының Маржанкөл селолық округі мен Нұра ауданы Черниговка селолық округінің қиылысу нүктесінде солтүстікке қарай бұрылып, Аршалы ауданының Берсуат селолық округінің Қарағанды облысы Нұра ауданының Черниговка және Энтузиаст селолық округтерімен шекарасының бойымен өтеді. Одан әрі шекара Қарағанды облысы Нұра ауданының Энтузиаст селолық округінің Аршалы ауданы Ақбұлақ селолық округімен және Целиноград ауданының Қабанбай батыр ат. селолық округімен шекарасының бойымен солтүстік-батысқа қарай бұрылады. Шекара Нұра ауданы Киров селолық округінің Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев ауылдық округімен және Красноярск селолық округімен шекарасы бойынша оңтүстік-батысқа қарай бұрылады. Одан әрі Целиноград ауданы Красноярск селолық округі мен Қарағанды облысы Нұра ауданының Пржевальск селолық округі арасындағы шекараның бойымен өтеді.

Батыс шекарасы Қорғалжын ауданының Кеңбидайық селолық округі, Целиноград ауданының Красноярск селолық округі және Қарағанды облысы Нұра ауданының Пржевальск селолық округінің қиылысқан нүктесінен басталады. Одан кейін Қорғалжын ауданының Кеңбидайық селолық округінің Целиноград ауданының Красноярск, Мәншүк, Шалқар селолық округтерімен шекарасы бойынша солтүстік-батысқа өтеді. Кейін Целиноград ауданы Оразақ селолық округін және Родина ауылдық округін Қорғалжын ауданының Сабынды селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша солтүстік-батысқа қарай өтеді. Қорғалжын ауданының Сабынды селолық округі, Астрахан ауданының Каменск селолық округі мен Целиноград ауданының Родина ауылдық округінің қиылысу нүктесінде шекара солтүстік-солтүстік-батысқа қарай бұрылып, Астрахан ауданының Каменск селолық округі мен Целиноград ауданының Родина ауылдық округі арасындағы шекарамен өтеді. Одан әрі шекара солстүстік-солтүстік-батысқа қарай бұрылып, Астарахан ауданы Николаевск селолық округін Целиноград ауданының Тасты ауылдық округінен бөліп тұратын шекарамен өтеді. Одан әрі шекара солтүстік-батысқа қарай бұрылып, Астарахан ауданының Николаевка селолық округі мен Шортанды ауданының Петровка және Андреевка селолық округтері арасындағы шекарамен өтіп, әрі қарай осы бағытта Шортанды ауданының Андреевка селолық округі мен Астрахан ауданы Астрахан селолық округінің шекарасымен өтеді. Кейін Астрахан ауданы Жарсуат селолық округін Андреевка және Пригородный селолық округтерінен бөліп тұратын шекара бойынша солтүстік-батысқа қарай өтеді. Одан кейін солтүстік-шығысқа бұрылып, Астрахан ауданы Қызылжар селолық округін Шортанды ауданы Пригородный селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша өтеді. Кейін Ақкөл ауданы Урюпинск селолық округін Астрахан ауданы Қызылжар селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша және Урюпинск селолық округін Бұланды ауданының Журавлевский селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша солтүстікке қарай өтеді.

Агломерацияның әкімшілік-аумақтық бөлінісі селолық және ауылдық округтар түрінде болады, олардың аумағында селолық елді мекендер орналасады, мысалы, Целиноград ауданында 1 селолық округқа 2,94 елді мекен тиесілі болады, ал Шортанды ауданында – 2,42, Аршалыда – 2,75, Ақкөл (4 округ) – 4,0.

Зерттелетін аумақ барлығы 127 селолық елді мекенді қамтиды, олар 46 селолық округ Астана қаласының (агломерация орталығы) құрамына енеді. Агломерацияның жалпы аумағы 2 177 мың га (1,2 кесте) құрайды.

Агломерация орталығы Астана қ. 30 шақырым радиуста Целиноград ауданының 9 селолық округы, Аршалы ауданының 4 селолық округы және Шортанды ауданының 1 ауылдық округы орналасқан. 60 шақырым радиуста аудандардың селолық округтарының қатынастары өзгереді: Целиноград ауданында 7 округ және Қошқарбаев, Максимов және Ақмол ауылдық округтарының аумақтары жартылай енеді, Аршалы ауданының 7 округы және Шортанды ауданының 7 округы енеді. 60 шақырымнан артық радиус шегінде Аршалы ауданының 5 округы (Берсуат, Анар, Түрген, Константиновский, Ақбұлақ), Шортанды ауданының 4 округы (Андреевский, Пригородный, Новокубанский және Петровский), сонымен қатар, Ақкөл ауданының 4 округы (Еңбек, Кеңес, Урюпин, Ақкөл) орналасқан.

Агломерация орталығы аумағында АЕМ таралуын қарастыратын болсақ, 30 шақырым радиуста Целиноград ауданының елді мекендері (32 АЕМ) көптеп орналасқанын байқауға болады, Шортанды ауданының 3 АЕМ, Аршалы ауданының 7 АЕМ орналасқан. 60 шақырым радиуста Целиноград ауданының 20 АЕМ, Аршалы ауданының 15, Шортанды ауданының 15 АЕМ орналасқан.

Осылайша қарастырылып отырған аумақтағы 127 АЕМ 95 немесе 74,8% агломерация орталығынан 30-60 шақырымда, яғни бір сағаттық жерде орналасқан. Әкімшілік-аумақтық бөлініс сызбасынан 4 аудан орталығының бірі Ақмол с. 30 шақырым радиуста, 2 – Аршалы с. және Шортанды с. 60 шақырым радиуста, Ақкөл қаласы 60 шақырым радиустан тысқары орналасқан.


Агломерацияның ауылдық аудандарының әкімшілік-аумақтық бөлінісі

2 кесте




Аудан

Округ саны

Ауылды елді мекендердің саны

1.

Аршалы

13

30

2.

Целиноград

18

52

3.

Шортанды

11

29

4.

Ақкөл

4

16

Барлығы

46

127

Климат. Зерттеліп отырған өңір жауын-шашынның аз, жылу мен жарықтың мол болуымен ерекшеленеді. Жазы ыстық, сол себепті ғимараттар мен құрылыстарды артық күн энергиясынан қорғауды қажет етеді, ал суық қысы жылыту маусымының ұзақтығын анықтайды. Орта есеппен жылыту маусымы 210 күнге созылады. Құрғақ және құрғақ желді жазы ауыл шаруашылық өнімдерінің өнімділігіне теріс әсерін тигізеді.

Астана агломерациясы аумағы су жетіспейтін аумаққа жатады. Жер беті сулары көкөністерді суару мен мал суарудың қажетті көлемі үшін жеткіліксіз болып табылады. Агломерация шегіндегі жер беті сулары ресурстары ылғалдылығы орташа жылда 384,0 мың м3/тәу (140,0 млн. м3/жыл) мөлшерінде бағаланады, ал ылғал аз жылдары -104 мың м3/тәу,( 38,0 млн. м3/жыл) болады.

Жер бедері. Қарастырылып отырған аумақ Қазақтың ұсақ шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Бұл теңіз деңгейінен биіктігі 300-400 м болатын дөңесті жазықтық. Қала құрылысы тұрғысынан қарағанда жер бедері біршама қолайлы болып табылады. Жер бедерінің ерекшелігі – ағынсыз ойпаңдардың (дала тостағандары) көп мөлшері болып табылады, бұл елді мекендерді орналастыру орнында су ағыны мен құйынды кәріз жүйесін жасауда қиындық келтіреді.

Халықтың орналасу сипаттамасы және демография.

Елді мекендер саны Целиноград ауданында ең көп болып отыр. Сағаттық қол жетімділік шегінен тыс жерде бірнеше ірі селолық округтар орналасқанын айта кету керек, мысалы, Шортанды ауданында - Андреевский, Петровский, Пригородный және Новокубанский, Аршалы ауданында – Берсуат, Анар, Константиновский, Целиноград ауданында – Краснояр селолық округының бір бөлігі, Ақкөл ауданында – Кеңес және Урюпин округтары орналасқан. Зерттеліп отырған аумақтың селолық елді мекендерінің аумағында ауыл шаруашылық түзілімдері, өндірістік кәсіпорындар, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелері жұмыс жасайды.

Аумақтағы халықтың 22% ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасайды, оның ішінде Целиноград ауданындағы ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық үлесі 27%, Шортанды ауданында - 12%, Аршалы ауданында - 11%, Ақкөл ауданында – 13% құрайды.

Егер АЕМ тұрғындар санына тәуелді мөлшері бойынша қарастыратын болсақ, агломерация аумағындағы әркелкі таралуын байқауға болады. Тұрғындар саны 6000 адамнан асатын ірі селолық елді мекендер зерттеліп отырған өңірде агломерация орталығына тікелей жақын орналасады (Талапкер, Ақмол, Қараөткел, Қосшы) және Шортанды, Аршалы п. Астана қ. аумағындағы ірі елді мекендердің меншікті үлес салмағы 5 % аспайды. Тұрғындар саны 3000-5000 адамды құрайтын елді мекендердің әлеуеті жоғары болып отыр, қарастырылып отырған аумақ шегінде мұндай елді мекендердің саны 5 (Жібек жолы с., Қабанбай батыр а., Қаражар с., Софиевка с., Бозайғыр с.). Дегенмен, тұрғындарының саны 400 адамнан кем шағын селолық елді мекендер үлесі 35% сәл асады. Ауылдық елді мекендердің мұндай шоғырлануы моноцентрлік агломерацияға тән болып келеді.


2. Өңірлік және өңіраралық маңызы бар көлік, инженерлік және рекреациялық инфрақұрылымдарды, өндірістік күштерді қоныстандыру және орналастыру жүйесін кешенді дамыту шаралары

2.1 Халықты қоныстандыру жүйесін жетілдіру шаралары

Орналастыру жүйесін қалыптастыру болжамы келесідей тұжырымдарға негізделген:

көші-қон ағынын қысқарту есебінен астанаға халықтың шоғырлануын біртіндеп төмендету;

қала маңы аумағында субурбандалу үдерістерін дамыту.

Аталмыш сценарийді жүзеге асыру үшін келесілерді қамтамасыз ету керек:

қала маңындағы аумақты дамытудың заманауи форматы, бірінші кезекте тұрғын үй және көлік инфрақұрылымына қатысты болады;

индустрияны дамыту үшін қажетті дамыған инфрақұрылымды ұсыну және сәйкесінше, жұмыс орындарын ашу.

2030 жылға қарай агломерация аумағында қазіргі Ақкөлден басқа үш шағын қаланы дамыту жоспарланып отыр:

Бұл Шортанды, Степное, Дамса, Научный поселкелерін шағын қалаға біріктіру. Қазіргі кезде халқының саны 10 мың адамнан асады, ал ең қашық поселкелер арасындағы арақашықтық 5 ш кем. Агломерациялық аймақтың үш ауданы ішіндегі ең жоғары бизнес тығыздығы деңгейі (1000 адамға 86,5 бірл.). Кластерде ауыл шаруашылығына қатыссыз халықты жұмыспен қамту салалары басым: 23,3% өнеркәсіп, 48,7% кең спектр қызметтері. Шортанды поселкесінен Астана қаласына еңбек көші-қонының төмен деңгейі - 13%1, бұл халықаралық критерийлер бойынша агломерация орталығымен байланысты тану үшін жеткілікті болып табылады;

Екінші шағын қала – Аршалы, оны құрудың алғышарты шикізат жеткізуші және өткізу нарығы ретінде Теміртау-Астана даму өсіндегі индустриалды аймақты құру болып табылады. Үш жақын орналасқан елді мекеннен құралатын қоныстану кластері (Аршалы пос., Ижевское с. және Ақбұлақ ауылының халқының саны 10 000 адам2, еңбекке жарамды 5,5 мың адам), астанадан дербес экономикалық өнеркәсіптік әлеуеті бар. Аршалы поселкесі халқының 51% өнеркәсіпте жұмыспен қамтылған, тек 3,8% елді мекеннен тыс жерде жұмыс жасайды;

Үшінші шағын қала Жалтыркөл селосы аумағында орналасады, оны құрудың алғышарты Астана қаласынан 30 шақырым қашықтықта мультимодальдық индустриалды-логисткалық орталық құру болып табылады. Жаңа индустриалды-логистикалық орталықта әр түрлі санаттардағы қойма кешендерін салу, көкөніс қоймаларын, астық терминалы мен мұнай базасын салу ұсынылады. Аталған қойма кешендері тек Астана агломерациясының ғана қажеттіліктерін емес көршілес өңірлердің (Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары) қажеттіліктерін ашады. Бұл жағдайда көлік-логистикалық хаб дамуы өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуына серпін береді.

2050 жылға қарай бұл қалалар халқының саны 50 мың адамнан артық орташа қалалар санатына ауысуы керек.

Жүргізілген есептеулер бойынша агломерациялық аймақты саны 2020 жылға қарай 1 миллион 300 мыңнан асады, оның ішінде Астана қ. – 1 млн адамнан сәл асады, 2030 жылға қарай астанадағы халық саны 1220 мың адам, ал селолық елді мекендерде 353,3 мың адам болады (3 кесте).
Астана агломерациясының халық санын болжау, мың адам

3 кесте


Атауы

2014 ж.

(бастапқы жыл)



2020 ж.

(аралық есептік мерзімі)



2030 ж.

(есептік мерзім)



Халық саны, барлығы

1045,8

1342

1620,1

Соның ішінде:










Астана қ.

814

1070

1220

Ауылдық аудандар

231,8

272,8

400,1

Соңғы он жыл ішінде Астана қаласының халық санының өсімі 50% асты, осыған ұқсас үрдіс тек қана Целиноград ауданына тән, басқа жанаса жатқан аудандарда халық санының азаюы байқалады.

2008 жылдан бастап жыл сайы Астана мен қала маңы аумағына 44,7 мыңға жуық адам көшіп келеді. Көшіп келудің аймақтық құрылымын қарастыратын болсақ халықты жіберетін негізгі аймақтық донорларды анықтауға болады. Бірінші кезекте, бұл – Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары – шамамен 15%; сонымен қатар, жақын орналасқан облыстар:

Ақмола облысы – 12%;

Қарағанды облысы – 11%,

ШҚО және Қостанай облыстары – 9%.

Осы үрдіс сақталған жағдайда жыл сайын 5-6 мың астанаға көшіп келетін халық үшін агломерацияның ауылдық елді мекендерінде тұру үшін қажетті жағдай жасау керек.

Агломерация орталығының және өңірдегі төрт ауданның экономикалық әлеуеті экономикалық белсенді халықты тартудың маңызды факторы болып табылады. Қазіргі кезде агломерация орталығының экономикасын еңбек жетіспеушілігі ретінде анықтауға болады, құрылымдық тұрғыда біліктілігі жоғары мамандарға қажеттілік және құрылысқа арналған біліктілігі төмен жұмысшы ресурстарына қажеттілік айқындалған.

Жалпы алғанда агломерация орталығы бойынша 2030 жылға қарай экономикалық белсенді халықтың 52,9% бастап 54,0% артуы, жұмыспен қамтылған халықтың 94,5% бастап 95,6% дейін артуы байқалады.

Аталған көрсеткіштердің болжалды шамасы өңір агломерациясының селолық аудандары бойынша біршама жоғары.

Егер агломерацияның селолық аудандарындағы еңбекке жарамды жастағы халық 2014 жылы орташа жылдық санынан 67% құраған болса, 2030 жыға қарай төрт тармаққа өсім жоспарланған.

Сәйкесінше, агломерацияның селолық аумақтарында экономикалық белсенді халықтың 55,2% бастап 60% дейін артуы жоспарланған, жұмыспен қамтылған халық 55%.

Экономикалық өсім кезеңінде агломерация орталығының өткізу нарығына бағдарланған жұмыс орындары санының артуы агломерациялық әсерді күшейтеді. Осыған байланысты агломерацияның селолық аумақтарында жұмыспен қамтуды алмастыратын ішкі құрылым күрделенген, бұл жағдайда осы аумақ тұрғындарының көп бөлігі жұмысқа агломерация орталығына барады. Маятникті миграция үлесіне барлық жұмыспен қамтылған халықтың 47% тиісті.

Екінші орында өздігінен қамтылған халық орналасқан, ол барлық жұмыспен қамтылған халықтың 19% құрайды. Өздігінен қамтылған халық құрылымы жағынан біркелкі емес және оған кіріс деңгейі мен халықтың жұмыспен қамтылу сипаты бойынша әр түрлі топтар жатқызылады. Атап айтқанда ірі қалаларда өздігінен қамтылу кәсіпкерлік қабілетімен ерекшеленетін тұлғалардың ерікті таңдауы үдерісінде қалыптасады. Қаладан айырмашылығы селоларда өздігінен қамтылған халық арасында еңбек нарығында тұрақты жұмыс таппағандықтан құжатсыз жұмыс жасауға мәжбүрлі түрде баратындар да болады. Олардың көпшілігі өздігінен жұмыспен қамтылуды саналы таңдауға қарағанда кездейсоқ табыс табумен шұғылданады.

2030 жылға қарай құрылымдық тұрғыда қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтылған халық - 36%, өнеркәсіп - 15%, ауыл шаруашылығы - 18%, құрылыс - 10%.
2.2 Өндірістік күштерді кешенді дамыту шаралары және Астана агломерациясының экономикалық дамуының келешегі

Ауыл шаруашылығы

Астана агломерациясы аумағында селолық мекендерде экономиканың дамуы мультипликативті әсер береді, ол аймақтағы экономиканың барлық салаларын оңтайлы өзгертіп, астананың азық-түлік белдеуі қызметінің тиімділігін арттырады, Астана агломерациясының ауылдық аймақтарындағы әлеуметтік жағдайды жақсартады.

Әртараптандыру үдерісін күшейту а/ш дақылдарының нормативті шығымы жағдайында және а/ш жануарларының өнімділігі жағдайында сәйкес саладағы әр алуан өнімнің қосымша көлемін алуға мүмкіндік береді. Жүзеге асырылған экономикалық бағалау аграрлық өндірістің ірі шаруашылық субъектілерінің артықшылығын анықтаған. Сол себепті ауыл шаруашылығы салаларын әртараптандыру болжамына баса назар аударылған.



жүктеу 4,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау