83
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
суық болсын, аптап ыстық болсын, жауын бол-
сын, әйтеуір өзі жетуі тиіс, оған арнайы көлік
бөлінбейді. Кейде ауа-райынан бармай қала-
тын күндері де болады, кейін мүмкіндік туа
сала барады, кейбір отбасылар әлеуметтік
қызметкер жүйелі түрде келмейді деп ашула-
нады. Біз ондай жағдайларды тексереміз, әле-
уметтік қызметкер түсініктеме жазады, біз
жағдайды түсінеміз, бірақ, заң бойынша әлеу-
меттік қызметкерлер барып тұруы тиіс, ау-
а-райына бола бара алмай қалуына болмайды»
(Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарла-
малар бөлімінің қызметкері 10.05.2017).
Жоғарыда айтылғандай, әлеуметтік қыз-меткерлер
үлкен аумақтарды қамтуы тиіс болса да, оларға
көлік берілмейді. Оның орнына балалар әртүрлі
ауылдарды немесе қаланың әртүрлі аудандарында
тұратын болса, әлеуметтік қызметкер оларды өзі
жаяу аралап шығуға мәжбүр. Оған қоса, такси
ақысын да өз қалтасынан төлейді. Бұл мәселе
Астанада соншалық өткір емес, себебі, әлеуметтік
қызметкерлерге
қоғамдық
көлікте
жүруге
арналған тегін билеттер беріледі.
«Әлеуметтік қызметкерге көлік берілмей-
ді, көлік шығындарын өтеуге қосымша ақша
да берілмейді, олар ауылдардағы балаларға
жаяу барады, біз арасы алыс болмауы үшін көр-
шілес ауылдарды таңдауға тырысамыз» (Әле-
уметтік қызметтер бөлімінің қызметкері,
12.05.2017).
«Біз әр елді мекендегі әлеуметтік қыз-
метті көлікпен қаматамсыз ете алмаймыз,
қаржылық, мемлекеттік мәселелер бар» (Жұ-
мыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама-
лар бөлімінің қызметкері, 10.05.2017).
4.3 Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қол жеткізуде көлікпен қамтамасыз
етпеу:
Әлеуметтік қызметкерлердің өз жұмысын
орындауы үшін көлікпен қамтамасыз етіл-
мейтініне қоса, Қызылорда және Маңғыстау
облыстарындағы ауылдық елді мекендердегі
сұхбаттасушылар (15 респондент) облыс және
аудан орталықтарында орналасқан арнаулы
әлеуметтік қызметтерге және куәландыру
комиссияларына жету қиын екенін айтты.
Маңғыстау облысындағы ауылдарда тұратын
респонденттер үшін МӘСК те, ПМПК да аудан
орталығында өткізіледі. Науқастарға және
олардың күтушілеріне көлік берілмейтіндіктен,
отбасылар қызметтерге қол жеткізуде бірқатар
қиындықтарға кез болады.
1. Ауылдық жерден жету үшін көлікке ақы төлеу үй
шаруашылықтарының бюджетінің бүйірін теседі.
Төмендегі пікірлер көрсетіп тұрғандай, кейбір
ата-аналар комиссиядан өту үшін және қызметтер
алу үшін, сонымен қатар, Алматыда және Астанада
шипажайлық ем қабылдау үшін ұдайы қомақты
қаржы жұмсайды екен:
«ПМПК [аудан орталығында] жылына бір
рет өтеді. Біз такси жалдап барамыз, оған
ақша бөлінбейді. Такси 4000 теңге тұрады. Бұл
қымбат, бірақ, баланың өмірінен қымбат емес.
Тек бір рет шығындаламыз, басқа амалымыз
жоқ» (әйел, 50 жаста, үй шаруасындағы әйел,
11.05.2017)
«Қызылордаға дейін такси жалдау 15 мың
теңге тұрады. Оған қоса, түнейтін орын керек,
тамақтану да керек. Оған 20-30 мың ақшамыз
кетеді. Сондықтан, жолай көлік тоқтатып,
адам басына 1000 теңгеден төлейміз. Қажет
болса, 4000-5000 теңгеге көлік жалдаймын.
Көлік иесі кейде кешке дейін қала алмайтынын
айтады. Сондықтан, мен бір күн ішінде бітіре
алатынымды бітіріп, келесі күні қалғанын
бітіремін» (әйел, 33 жаста, үй шаруасындағы
әйел, 05/13/2017)
«Біз жақында Астанаға квотамен оңал-
ту-сауықтыруға бардық. Тегін болғанымен 100
000 теңгеге жуық ақша жұмсадық. Жолға, та-
маққа, киімге, орналасуға ақша кетті» (әйел,
30 жаста, үй шаруасындағы әйел,, 16.05.2017)
2. Мүгедектігі бар балаларды Астанада қоғамдық
көлікпен алып жүрудің қиындықтары. Астанада
қоғамдық көлікте адам көп болған кездерде ата-
аналар қосымша қиындықтарға душар болады.
Респонденттердің біреуінің айтуынша:
«Кейде адамдар тіпті орын бермейді. Сон-
дай кездерде баламды сүйеніштің жанына
отырғызамын. Автобусқа қоларбаны алып
кіру де қиын. Автобус толы болса, көз ал-
дымда есігін тарс жауып, кетіп қалады, біт-
ті. Бір күні, қыста маған: «Көшеде күте тұра
алмайсыз ба?» деді. Мен оларға: «Кешіріңіз,
84
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кірістірме 13: Инватакси қызметтерін көрсетуші іздеу, келісім-шарт жасау және
ағымдағы шығындарын өтеу
Астанада Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен берілген 19 инватакси
бар. Бірақ, мамандардың айтуынша, осы инватаксилер саны қаладағы бүкіл баланы қамту
үшін жеткіліксіз. Такси санының жеткіліксіздігі тендермен байланысты. Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері түсіндіргендей, жақында өткен тендер
нәтижесінде ешбір мекемемен келісім-шарт жасалмаған:
«Бірінші айналымнан нәтиже шықпады, екінші айналым туралы қосымша хабарланады.
Ақша бөлінеді, бірақ, осындай қызмет көрсеткісі келетін компаниялар жоқ. Жалғыз мәселе
– балаларды тасымалдау. Стандартқа сәйкес біз оларды апарып және қайтып алып келу
керек. Өкінішке орай, қазір біз бұл қызметті толық көлемде көрсете алмаймыз» (Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері, 17.05.18).
Астанадағы Психоневрологиялық орталық қызметкері компаниялардың инватакси қызметтерін
көрсетуге өтініш беруден неліктен тартыншақтанатынын баяндап берді. Ол келісім-шарт
үкіметпен ұсынылатындықтан және тендерді де үкімет өткізетіндіктен, одан түсетін пайда аз
болатынын айтты:
Стандартқа сай біз оларды стационарлық емге апарып, қайтып алып келуіміз керек. Бірақ, арбаға
таңылған 97 бала бар. […] Биыл тендер екі рет өткізілді, бірақ, нәтиже шықпады. Себебі, қаржы
жағы бірте-бірте ұлғайтылды. Осында таңертең алып келіп, кешке алып кету қиын емес. Мысалы,
менің көлігім бар, бірақ, сіз маған таңертең әкеліп тастағаным үшін және кешке алып кеткенім
балам мүгедек, қоларбада отыр, ешкім сы-
ртқа шықпай ма?» дедім. Олар мені ішкі
итеріп кіргізіп жіберді. Баламен жүру қиын,
сондықтан, мен оны арбасыз алып жүруге
тырысамын, көтеріп жүремін немесе так-
си жалдаймын» (33, әйел, жұмыс істемейді,
26.05.17).
3. Инватакси қызметтерінің жетіспеушілігі. Зерттеу
жүргізілген аймақтардың әрқайсысы балаларды
комиссиядан өтуге де, арнаулы әлеуметтік
қызметтер алуға да апаратын инватакси
қызметімен қамтамасыз етілген. Алайда, зерттеу
осы қызметті көрсетуде бірқатар кемшіліктер
бар екенін анықтады. Бұрынғы зерттеулер
(Ковалевский A. 2012) анықтағандай, сапалық
сұхбаттарға қатысқандар мұндай қызмет мүлдем
көрсетілмейтінін, тиісті дәрежеде көрсетілмейтінін
және таксиге ұзақ уақыт бұрын тапсырыс беріп
қою қолайсыз екенін жеткізді:
«Бұрын такси бар деп еститінмін. Мен
әкімдікте жұмыс істегенмін. Бірақ, ондай
таксиді бірде-бір рет пайдаланып көрмедік.
Бұрын ауылға келген көрінеді. Бірақ, қазір кел-
мейді» (әйел, 29 жаста, үй шаруасындағы әйел,
16.05.2017).
«Олар маған хабарласып, такси келесі күні
келеді, соны пайдалануға болады, онда басқа да
балалар болады деп айтты. Менің күткім кел-
меді, рахметімді айтып, бас тарттым. Келесі
күні таңертең қызымды алып, таксимен кет-
тім» (әйел, 39 жаста, поштада жұмыс істейді,
17.05.2017).
«Біз Бейнеуге МӘСК-тен өтуге бардық,
кәдімгі такси жалдадық, 4000 теңге болды.
Инватакси деген не екенін білмедік, бұрын
естігенбіз, бірақ, ешқашан шақыртып көрген
жоқпыз. Олар ұзақ күтуге тура келеді деді,
оған қоса, алдын-ала тапсырыс беру керек
екен» (әйел, 30 жаста, үй шаруасындағы әйел,
16.05.2017).
Кірістірме 13 көрсетіп тұрғандай, мұндай
мәселелер инватакси қызметтеріне келісім-шарт
жасау үшін тендер өткізуге (Астана қаласында)
және Маңғыстау облысында жанармайға қаражат
бөлінбейтініне байланысты болып келеді.