Интеллектуалды ұлтты қалыптастыру елдің Әлеуметтік-экономикалық ЖӘНЕ



жүктеу 275,98 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.11.2018
өлшемі275,98 Kb.
#23686


www.enu.kz

 

 

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕЛДІҢ  



ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ  

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ 

 

Ж.А. Абылкасимова  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.,  

Қазақстан Республикасы 

E-mail: 


zhibekmm@mail.ru

 

 



 

Кез  келген  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  гүлденуі  мен 

қауіпсіздігі  халықтың  білімі  мен  интеллектілік  ресурстарымен  тікелей 

байланысты. 

Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды 

басымдықтарының  бірі  болып  танылды.  Қазақстандағы  білім  беру 

реформаларының  жалпы  мақсаты  білім  беру  жүйесін  жаңа  әлеуметтік- 

экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады.  

Қазақстан  Президенті  республиканы  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50 

елдің  қатарына  енгізу  туралы  міндет  қойған  болатын.  Білім  беру  жүйесін 

жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рӛл атқарады [1]. 

Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами 

капиталға,  атап  айтқанда,  білім  беруге  бӛлінетін  инвестицияның  экономика 

мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр. 

Адами  капиталға  бӛлінетін  инвестициялар  жылдам  ӛзгеретін  әлемде 

бейімделе  алатын  техникалық  прогрессивті,  ӛнімді  жұмыс  күшін  құру  үшін 

аса  қажет.  Болашақтың  табысты  экономикасы  білім  беруіне,  халықтың 

дағдылары  мен  қабілетіне  инвестициялайтындар  болмақ.  Білім  беруді 

әлеуметтік  қажеттіліктерге  жұмсалатын  шығындар  ретінде  ғана  емес,  

инвестициялар ретінде түсіну қажет. 

Еңбек  нарығы  мен  білім  беру  қызметтерін  кӛрсету  нарығының 

әрқайсысы  әлеуметтік  кеңістіктің  ерекше  сегменттері  болып  табылады. 

Еңбек  нарығы  жұмыс  күшін  бӛлу  және  қайта  бӛлу  механизмі  болса,  білім 

беру  қызметтерін  кӛрсету  нарығы  сұраныс  пен  ұсыныс,  жұмыс  күшінің 

резерві, бәсеке, инфрақұрылым сияқты элементтерді қамтитын жұмыс күшін 

бӛлу және қайта бӛлу механизмі болып табылады.   




www.enu.kz

 

 

Қазақстанның  қызмет  кӛрсету  сферасы  кӛптеген  мәселелерге 



қарамастан  экономиканың  қарқынды  дамып  келе  жатқан  секторының  бірі 

болып  табылады.  Соңғы  жылдары  қызмет  кӛрсету  және  оның  жеке 

сфералары қызмет кӛрсету сапасы мен оның тұтыну ерекшеліктерін алға қоя 

отырып  бірқатар  ӛзгерістерге  ұшырауда.  90  жылдардың  басында  қызмет 

кӛрсету  саласына  жұмысшылардың  басым  бӛлігін  тарту  мүмкіндігіне  және 

жаңа  және  қосымша  жұмыс  орындарын  құру  мәселесіне  аса  назар 

аударылды.    Қазақстан  2030  даму  Стратегиясында  атап  кӛрсеткендей 

республиканың  даму  алғышарттарының  бірі  әлеуметтік-экономикалық 

реформаларды  жүзеге  асыру,  әлеуметтік  мәселелерді  шешу,  кедейшілікпен, 

жұмыссыздықпен күресу және тағы басқалары болып табылады.  Қоғамдағы 

экономикалық  жүйенің  радикалды  қайта  құрылуы,  яғни  еңбек  нарығының 

қалыптасуы  мен  дамуының  жаңаша  сипаты,  жұмыс  күшінің  сапасы  мен 

дайындау  деңгейіне  талаптардың  ӛзгеруі  адами  ресурстардың  ұдайы 

ӛндірістік жүйесінің негізгі буыны ретінде білім беру жүйесін реформалауды 

қажет етеді. 

Қазіргі  уақытқа  дейін  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесі  мен  еңбек 

нарығының ӛзара әрекетінің бірнеше үлгісі ауысты [3].  

 

 



Кесте  1.  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесі  мен  еңбек  нарығының  ӛзара 

әрекетінің даму үлгісі 

 

Кеңес үкіметі үлгісі 



Мұнда 

халықшаруашылығы 

үшін 

дайындалатын  кадрлар  кӛлемін  мемлекеттік 



жоспарлау  мемлекеттік  деңгейде  салалық 

қағидаты  бойынша  іске  асырылды  және  білім 

алу  тек  бюджет  қаражаттары  есебінен  ғана 

қаржыландырылды.  

Ӛтпелі кезең үлгісі 

Еңбек 


нарығындағы 

жағдай 


негізінен 

тұрғындарды  жұмысқа  орналастыру  қызметі 

арқылы  реттелді.  Ал  кадрларды  дайындау 

жүйесі  қаржының  жетіспеушілігі  жағдайында 

тұрғындардың тӛлем қабілеттігіне бағытталды, 

оқытудың ақылы нысандары дамыды 

Кадрларға қажеттілікті 

Мұнда  кадрларға  қажеттілікті  мамандар 




www.enu.kz

 

 

Қазақстан субьектілері 



деңгейінде болжау арқылы 

реттеу үлгісі 

шеңберінде  болжау  орын  алады.  Қажетті 

мамандықтар  бюджет  арқылы  қамтамасыз 

етіледі.  

 

Ақпараттық  және  инновациялық  экономикада  адамның  ролі  ӛзгереді, 



оның  зияткерлік  қабілеттерін  пайдалануы  есебінен  еңбек  ӛнімділігін 

дамытуға  қосқан  үлесі  артады.  Бүгінгі  күні  адам  экономикалық  ӛсудің  ең 

маңызды ресурстарына айналуда.  

Қазақстан  Республикасында  ел  басшылығының  адами  капиталды 

дамытудың  қажеттілігі  мен    маңыздылығын  түсініп,  білім  беру  жүйесін 

реформалауды  бастауға  және  жүргізуге  жан-жақты  қолдау  кӛрсетуінің 

нәтижесінде  білім  беруді  қарқынды  дамыту  мен  жаңғырту  мүмкін  болып 

отыр. 


Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты ӛскелең 

ұрпақты  тәрбиелеу  жүйесін  дамыту  болып  табылады.  Жоғары  білім 

республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге 

қабілетті  мамандарды  кәсіби  даярлауды  қамтамасыз  етуде,  ғылым  мен 

ӛндірісті біріктіруде маңызды рӛл атқарады. 

Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық 

даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.  

Осы  тұрғыда  мемлекет  тарапынан  білім  алуға  құштар  жастар  үшін  

бірқатар шаралар жүзеге асырылуда:  

- техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдалуда; 

- мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D 

докторы; 

- білім саласын ақпараттандыруды дамыту жұмыстары жүргізілуде;   - 

интернет  желісіне  білім  беру  ошақтарының  98%-ы  қосылған.  (2005  жылы  – 

тиісінше 75% ); 

-  дарынды  балаларға  арналған  үш  тілде  оқытатын  мамандандырылған 

мектептердің  желісі  құрылды.  Қазіргі  уақытта  республикада  үш  тілде 

оқытатын 33 мектеп жұмыс істейді; 

- 9 «Назарбаев Зияткерлік мектебі» құрылды; 



www.enu.kz

 

 

-  дарынды  жас  қазақстандықтарға  әлемнің  үздік  университеттерінде 



білім  алуға  мүмкіндік  беретін  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

«Болашақ»  халықаралық  стипендиясын  іске  асыру  еліміздегі  адами 

капиталдың дамуына қосылған елеулі үлес болды; 

-  сапалы  жоғары  білім  алуға  ынталы  студенттердің  саны  ӛсіп  келеді. 

Шет  елдерде  20  мыңнан  астам  қазақстандық  білім  алуда.  3  мыңға  жуық 

«Болашақ»  халықаралық  стипендиясының  стипендиаты  әлемнің  27  елінде 

оқиды. 

Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  ӛз  Жолдауында:  «Болашақта  ӛркениетті 



дамыған  елдердің  қатарына  ену  үшін  заман  талабына  сай  білім  қажет. 

Қазақстанды  дамыған  50  елдің  қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең  ететін  – 

білім», – деп нақтылап берді [2]. 

Қазақстан Республикасы адам ресурстарына бет бұрып, кадр саясатын 

еңбек нарығының талабына сәйкестендіруге ұмтылуда. 

Дегенмен,  қазақстандық  білім  беру  саласының  оңтайлы  тұстарымен 

қатар, оның экономикадағы еңбек нарығымен сәйкессіздігі де жоқ емес.  

Қазақстан  инновациялық  экономика  жағдайында  тиімді  еңбек  ете 

алатын жоғары білікті жұмыс кадрларына әлі де болса мұқтаж. Соның ішінде 

техникалық  және  қызмет  кӛрсету  еңбегіне  қатысты  білікті  мамандар  санын 

ұлғайтуды қажет етеді.  

Осыған  қарамастан  соңғы  жылдары  жұмыссыздық  деңгейі  де 

айтарлықтай  тӛмендеген  жоқ.  Бұл  да  білімдік  қызмет  кӛрсету  нарығы  мен 

еңбек нарығының сәкессіздігінің айғағы. 

 

Кесте  2.  2010-2012  жылдардың  соңындағы  еңбек  нарығының  негізгі 



кӛрсеткіштері 

 

 



2010 ж. 

2011 ж. 


2012 ж. 

Экономикалық тұрғындар белсенді 

халық, мың адам 

8615,3 


8945,1 

8976,8 


Жұмыспен қамтылған халық, мың 

8137,6 


8465,9 

8502,1 



www.enu.kz

 

 

адам 



Жұмыссыздар, мың адам 

477,7 


479,2 

474,1 


Жұмыссыздық деңгейі, % 

5,5 


5,4 

5,3 


 

Ескерту: ҚР-ның Статистика бойынша Агентігінің деректері бойынша автор құрастырған  [4]. 

 

 

Мәліметтер  кӛрсеткендей  әлі  де  болса  жұмыс  күшіне  сұраныс 



мамандарды дайындау деңгейімен сәйкес келмейді. 

Бүгінгі таңда еңбек нарығы мен білімдік қызмет кӛрсету нарығындағы 

сәйкессіздіктерді туындататын бірқатар мәселелер бар: 

-  жоғарғы  оқу  орындарының  қазіргі  экономиканың  ӛзгерістерін  толық 

есепке алмайтындығы;  

-  білім  беру  мекемелері  оқу  бітірушілерді  жұмысқа  орналастыру 

бойынша  кешенді  шаралар  жүргізгендігіне  қарамастан,  бұл  үдеріс  жүйелік 

сипатта емес және кӛбіне формалды түрде жүзеге асырылады; 

- кӛптеген жұмыс берушілер жоғары оқу орындары оқытып шығаратын 

мамандар сапасына қанағаттанбайды; 

- білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің күткен нәтижелеріне 

жауап бермейді және экономика талаптарына сәйкес келмейді; 

- еңбек нарығында мамандарға деген нақты болжамның жоқтығы және 

т.б. 


Осыған  орай  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың 

мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  келесі  шараларды  жүзеге  асыру 

кӛзделуде:  - білімді, ғылымды және ӛндірісті біріктіру, жоғары оқу орнынан 

кейінгі білімді ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде 

дамыту;   

-  экономиканың  индустриялық-инновациялық  даму  сұраныстарын 

ескере отырып, ТжКБ мазмұнының құрылымын жаңарту; 

-  экономика  салалары  үшін  кадрлар  даярлаудың  инфрақұрылымын 

дамыту; 



www.enu.kz

 

 

- ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру; 



-  еліміздің  индустриялық-инновациялық  даму  жобаларына  сай  келетін 

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз 

ету; 

-  мамандар  даярлау  еңбек  нарығының  болжанған  қажеттіліктеріне 



сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; 

-  жұмысқа  орналастыруға  ықпал  ету  үшін  еңбек  нарығындағы  бос 

орындар  базасымен  ӛзара  байланысты  сертификатталған  түлектердің 

дерекқоры құру;  

- кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, т.б. 

Жоғарғы  кәсіптік  білім  еліміздің  ӛркендеуіне,  қоғамдық,  әлеуметтік-

экономикалық,  технологиялық  даму  деңгейіне  масштабты  түрде  әсер  ете 

отырып, экономиканы дамытудың мықты әлеуетіне ие. 

Ендеше,  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  және  инновациялық 

дамуын  қамтамасыз  ету  мақсатында  еңбек  нарығы  басқа  салалармен  қатар 

білім беру мекемелеріне де тікелей әсет ететіндіктен еңбек нарығы мен білім 

беру жүйесінің қызметтерін үйлестіру қажет. 

Олай  болса,  бүгінгі  жоғары  оқу  орындары  әлемдік  бәсекеге  қабілетті 

білімді,  білікті,  дарынды,  ұлтжанды,  отаншыл  және  жан-жақты  жетілген 

ұрпақ  тәрбиелеп,  интеллектуалды  ұлт  қалыптастыру  үшін  күш-жігер 

жұмсауға тиіс. 

 

Әдебиет: 

1. 


Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 

2. 

Қазақстан 



Республикасының 

Президенті–Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2012 жыл 

3. 


Р.Ә.Байжолова  Жаһандану  және  ұлттық  еңбек  нарығы:  ӛзара 

байланысы  мен  жұмыспен  қамтылу  мәселесі,  Монография-Астана: 

Л.Н.Гумелев атындағы ЕҰУ баспасы, 2012 – 400 б. 

4. 


Қазақстан  Республикасының  Статистика  бойынша  Агенттігі 

деректері-Астана, 2012. 



 

 

жүктеу 275,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау