79
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
өтіпті» (әйел, 30 жаста, балабақшада жұмыс
істейді, May 13, 2017).
Астана қаласында қызмет көрсетушілер және
үкім өкілдері арасындағы екі сұхбаттасушы
қызметтерді кеңейтуге және тегін қызметтерге
сұранысты
қанағаттандыру
үшін
ғимарат
жетіспейтінін айтты:
«Қызметке келетін болсақ, ғимарат
жетіспейді. […] осы мәселені қала әкімшілігі
алдында көтердік, мүмкіндіктер қарасты-
рылып жатыр. Психикалық денсаулық орта-
лығының ғимаратын алып қалуымыз мүмкін,
олар бүкіл ғимаратты алып отырған жоқ.
Ол ғимарат жақсы, үлкен. Қала рұқсат берсе,
біз де аумағымызды кеңейтеміз. Орын-жай
жетіспейді, бірақ, бұл мәселені шешуге бо-
лады» (Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің қызметкері, 17.05.18)
«Ғимарат бәріне керек. Барлық оңалту-са-
уықтыру орталықтары, түзеу мекемелері ау-
мақтық деңгейде мектептерге бекітілген. Біз
одан да көбірек болғанын қалаймыз, физикалық
дайындық кешені, үлкен зал болса дейміз. Бірақ,
әзірге жоқ. Әкімнің бұйрығы бар, енді олар ғи-
марат тапты. Бізге аудан жағынан норма-
ларға сай келетін ғимарат керек» (Оңалту-са-
уықтыру орталығының қызметкері, 25.05.17).
3.4 Балаларды шипажайға жіберу
мүмкіндігіне қол жеткізудегі нақты
қиындықтар
Бес респондент шипажайлық емді ата-аналар
үшін орын болмайтындықтан, қол жеткізу
қиын қызмет түрі деген баға берді. Кейбір ата-
аналар балаларын үзақ уақытқа өз қарауынсыз
қалдыра алмайтынын айқын сезінеді екен, осыны
ескергенде шипажайлық ем, тағайындалса да,
қолданылмайтын болып шықты. Мысалы:
«Мемлекеттік көмек анасының баласының жа-
нында қалуына кететін шығындарды өтемейді.
3 жастан асқан балалар жалғыз қалуы тиіс. Бұл
дұрыс емес, өйткені, балалар өз бетінше жүріп-
тұра алмайды, олар толық күтімді және анасы-
ның жанында болуын қажет етеді. Сондықтан,
кейбір ата-аналар мұндай қызметтерден бас
тартады, өйткені, күтушілерге сенбейді. Мүл-
дем жүріп-тұра алмайтын, төсек тартып
жатқан балалары бар отбасылар да көп» (Жұ-
мыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің қызметкері, 10.05.2017).
Кейде балалардың өздері шипажайда уақытты
нашар өткізгенін, нәтижесінде ата-анасы емін
жалғастырмай, алып кеткенін айтты. Мысалы:
«Біз шипажайға бардық, балам 10 күн ғана шы-
дады, кейін [оны] алып кеттік. Ол жаңа орынға
үйренісе алмады, күнде процедуралар болады,
ол жылай бастады, өзіне әлдекімнің тиіскенін,
жанына батқанын айтып, шағымданды. Оның
жанында қалуға рұқсат берген жоқ, өйткені,
тыйым салынған» (әйел, 52, үй шаруасындағы
әйел, 13.05.2017)
«Бір рет баламды жібердім, содан кейін жа-
сырын нөмірден біреу қоңырау шалып, баламды
біреу ұрып тастағанын айтты, мен оны алып
кетуге бардым, баламның жағдайы қалыпты
болды, бірақ, ол жерде қалғысы келмеді, арыз
жазып, кетіп қалдық. Одан кейін шипажай не-
месе орталық туралы естісек, балам бірден
бас тартады» (әйел, 24, үй шаруасындағы әйел,
11.05.2017).
Шипажайлық емге қол жеткізудегі респондент-
тер айтқан екінші кедергі – ем қабылдайтын
психикалық бұзылыстарға шалдыққан балаларға
толығымен тыйым салу. Бірнеше ата-ана осы
ереженің шектен тыс қаталдығы орынсыз деп
сезінген, себебі, психикалық бұзылыстары болса,
бала міндетті түрде қандай да болмасын қауіп
төндіреді дегенді білдірмейді. Мысалы, солардың
біреуінің айтуынша:
«Заң бойынша бала айналадағы ортасына
зиян келтіреді деп, мемлекетпен ұсынылатын
барлық көмек берілетін адамдардың тізімінен
шығарылып тастайды. Осы туралы ойлаға-
нымда, жылағым келеді. Жалпы, Даун синдромы
бар адамдар өте мейірімді келеді, ешкімге зия-
ны жоқ, ешкімге соқтықпайды, тіпті ешкімге
қол көтірмейді, өзімен-өзі ойнап жүре береді,
ешкімге зиян келтірмейді» (43, әйел, жұмыссыз
30.05.17).
Сұхбаттасқан терапевт дәрігердің пікірінше,
бұл ереже қайта қаралуы керек, осылайша
психикалық кемістіктер екі санатқа бөлінуі тиіс:
80
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
психоздар және ақыл-ой кемістіктері. Екінші
санаттағылар қауіп төндірмейтіндіктен, ем
қабылдауға қатыстырылуы керек:
«Мүгедектер арбасындағы бала немесе Даун
синдромы бар бала әлдекімге ауыр зардап кел-
тіруі немесе қол көтеруі екіталай. Неге ондай
бала бара алмайды? Ол – мүгедек, ал мүгедек
адам шипажайлық ем алуға құқылы. Бірақ, пси-
хикалық бұзылыстары бар балалардың құқығы
жоқ. Ондай болса, оларды топтарға бөлей-
ік. Психозға, шизофренияға шалдыққан бала-
ны жіберу қауіпті екенін түсінемін, өйткені,
жағдайының ушығып кетуін болжау қиын. Осы
мәселе заңмен шешілмеген» (Психоневрологи-
ялық орталықтың қызметкері, 17.05.2017).
3.5 Ұсынымдар
Қызметтерге қолжетімділік түрлі ұсынысқа қатыс-
ты факторлардың, соның ішінде, жеткілікті даярлығы
бар қызметкерлердің жоқтығынан және сондай
мамандарды сақтап қалудағы қиындықтардан, атап
айтқанда, жалақының аздығынан, және сұранысты
қанағаттандыра алатын инфрақұрылым мен
құрал-жабдық жоқтығынан шектелген. Ең бастысы,
қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және даярлау
үшін, әрі құрал-жабдықты уақытылы ұсыну үшін
қаржылық ресурстарды қайта үлестіру қажет.
«Әмбебап» әлеуметтік қызметкерлердің
жетіспеушілігі және қарапайым құжат жи-
наушылар немесе тек бір салада ғана білімі
бар қызметкерлер - ерекше өткір мәселе. Егер
әлеуметтік қызметкерлерге өмірлік қиын
жағдайда қалған отбасыларды анықтау және
олардың қажеттіліктеріне қарай қолдау көр-
сету тұрғысынан қазіргіден де маңыздырақ
сектораралық рөл берілсе, онда әлеуметтік
қызметті кәсіби деңгейге көтеру қажет.
Мүгедек балалар үшін стационарлық ем
қабылдау мүмкіндіктері белгілі бір кедергілердің
кесірінен шектелген. Біріншіден, ата-аналар
шипажай орындарын балаларды жалғыз қалдыруға
болатындай орын деп санамайды, сондықтан, ата-
анасына баласымен бірге қалуға рұқсат берілмесе,
шипажайлық емнен бас тартады. Екіншіден,
психикалық бұзылыстарға шалдыққан балаларға
тыйым салатын ережені қайта қарау керек, себебі,
ұрымтал балаларды ем қабылдау құқығынан
айырады.