85
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
үшін ғана ақша төлегіңіз келеді. Ал күндізгі уақытқа кім төлейді? Көлік тұралап қалады ғой.
Қазір мен осы жобаны жүзеге асыру үшін бизнес-жоспар дайындап жатырмын, кем дегенде
жобаның табыстылығы жағын ойлауым керек. Берілетін ақша да сәйкес көлемде болуы керек.
Арбада отыратын мүгедек адамды тасымалдау үшін арнайы құрал-жабдық керек. Мәселе 3-4
қана автобус туралы емес, шамамен 32 көлік керек, негізінен шағын автобустар, жанында немесе
артында көтеретін құралы бары керек» (Психоневрологиялық
орталық қызметкері, 17.05.17).
Маңғыстау облысындағы зерттеуге қатыстырылған аудандардың әрқайсысында да инватакси
жеткіліксіз екені айтылды. Жеткіліксіз болуымен қоса, Әлеуметтік көмек бөліміндегі
қызметкерлер қолданыстағы көліктерге жанармай жетіспейтінін айтты, мұндай жағдай бірнеше
жылдан бері қайталанып келеді екен. Оның себебі қаражаттың жоқтығында емес, керекті
жанармай
көлемін дұрыс есептемеуде, оның үстіне бағаның өсетіні де ескерілмеген.
«Көлікке тапсырыс беретіндер көп. Көп жүре алмаймыз, себебі, жылына тек 70 000 тең-
ге ғана бөлінеді. Көбініе жылдың басында жанармай болмайды, ал қаражат бөлінуі үшін
басқармаға барып, мәселені шешу керек. Жанармай көлемі түскен өтініштерге қарай есеп-
теліп, жіберіледі. Есепшілер бөлімі кінәлі, дұрыс есептемейді. Өз қалтасынан төлейтін си-
яқты көрінеді. Жыл сайын жанармай жетіспейді деп айтамын, бірақ, есепшілер бөлімі бұл
мәселені шешкісі келмейді» (Әлеуметтік қызметтер бөлімінің қызметкері, 12.05.2017).
Қызылорда облысында инватаксиге қатысты жағдай біршама жақсы, мұнда бейүкіметтік
ұйымдар мемлекеттік сатып алу арқылы көрсетеді. Сондай бейүкіметтік ұйымдардың бірінің
қызметкерінің түсіндіруінше:
«Менде екі инватакси бар. Біз оларды балаларды тасу үшін пайдаланамыз және олардың
басқа да қажетіне жаратамыз. Өйткені, көлік мүгедек адамдарға пайдалы болуы керек. Біз
инватакси қызметтері бойынша мемлекеттік тендерге қатысамыз, қаражат аламыз да,
бір жыл бойы мүгедек адамдарға көлік тасымалы қызметтерін ұсынамыз» (Бейүкіметтік
ұйым қызметкері).
Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкері инватакси қызметтеріне жасалатын келісім-
шарт қалай орындалатынын және өзі жұмыс істейтін департаменттің сол қызметтерді
қадағалаудағы рөлін толығырақ түісіндіріп берді:
«Иә, олар тіпті Амангелдіге де барады. Арнайы диспетчер бар, сол диспетчерге алдын-а-
ла тапсырыс беріледі, Қызылордаға немесе медициналық комиссиядан өтуге баратын
күні уақыты келісіледі. Белгіленген күнгі уақытта такси келіп, алып кетеді. Кейін бізге
есеп береді. Біз есепке және қанша рет барғанына қарай ақшаны Қызылорда облыстық
Зағиптар қауымдастығының шотына аударамыз. Екі такси Зағиптар қауымдастығымен
келісім-шартқа отырған, ақшаны содан алады. Екі бейүкіметтік ұйымнан екі такси беріл-
ген. Тапсырыс беріледі, біз сол тапсырыспен жұмыс істейміз. Кейде, ауылдан тапсырыс
түседі, артынша екінші ауылдан қоңырау шалады. Біз айтылған уақытта келе алмаймыз
деп айтамыз. Басқа уақытта келейік дейміз. Қызмет алушыларға көрсетілетін көлік та-
сымалы қызметтерін және олардың баратын жеріне апаруды осылай реттейміз» (Әлеу-
меттік қамсыздандыру бөлімінің қызметкері, 15.05.2017)
4.4 Ұсынымдар
Бірінші мәселе келесідей, қызметтермен қамту
Қазақстанның жер көлемі және халқының орналасу
тығыздығы сияқты көрсеткіштер бойынша
жеткіліксіз. Бірақ, ұзақмерзімді келешекте білікті
қызметкерлерді жұмысқа алып, сақтап қалу
үшін, әрі ауылдық жерлерді инфрақұрылыммен
қамтамасыз ету үшін айтарлықтай инвестиция мен
күш керек.
Екінші мәселе – көлік шығындары. Қысқармезімді
келешекте бұл мәселені шұғыл шешуге болады,