81
Қазақ
станда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Ең жақын мемлекеттік қызметтер қайда
орналасқан?
Қызылорда
облысы (%)
Маңғысау
облысы (%)
Астана қала-
сы (%)
Барлығы
(%)
Осы ауылда/қалада
58
53
61
64
Көрші ауылда/қалада
23
22
27
17
Ауданның басқа жерінде
20
24
12
19
Барлығы
n=82
n=239
n=98
n=419
Безбенделген сомасы
N=1,753
N=2,092
N=392
N=911
Неге өтініш берген жоқсыз?
(бірнеше жауап нұсқасы, тек көлікке
қатысты көрсеткіштер)
A. Әлеумет-
тік күтім
(%)
B. Әлеумет-
тік-медици-
налық (%)
C. Әлеумет-
тік-психоло-
гиялық (%)
D. Әлеумет-
тік-педа-
гогикалық
(%)
Бұл қызмет осы жерде бар деп ойла-
маймын
18
29
22
24
Ол қызметті алған күнде де, ол тым
алыста орналасқан
16
12
9
12
Мен/біз
кеңесеге өтініш беруге бара
алмаймын/мыз
3
0
0
2
Қашықтыққа қатысты кез-келген себеп (барлық санаттар) = 30%
Ескертпе: 1 Астанада «ауыл/қала» ұғымдары «аудан» ұғымымен алмастырылды және 3-нұсқада аудан
«қала» ұғымымен алмастырылды
Кесте 28. Қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге өтініш бермеудің
шалғайлыққа және көлік жетіспеушілігіне қатысты себептері
Ескертпе: Өтініш бермеу себептерінің толық тізімін Кесте 31 қараңыз
Кесте 27. Қажетті арнаулы әлеуметтік
қызметтерге жақындық, облыстар бойынша.
4. Шалғайлық және көлік
жетіспеушілігі
Жер көлемі Қазақстандыкі сияқты елде
адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетушіге алыс-жақын орналасуы әртүрлі
болып келеді. Дегенмен, өздерін арнаулы
әлеуметтік
қызметтерге
мұқтаж
деп
санайтын сауалнама респонденттерінің
басым көпшілігі өздеріне керек қызметтер
өздері тұратын ауылда немесе қалада
болғанын айтты (Кесте 27).
Респонденттердің басым көпшілігі қызметтер
ауылда/қалада қолжетімді дегеніне қарамастан,
қызмет көрсетілетін жерге дейінгі қашықтық
және оған жетудегі қиындықтар ата-аналардың/
қамқоршылардың балаларының мұқтаж деп
санайтынына және құқылы болғанына қарамастан,
өтініш бермеуінің баршасына ортақ себептері
арасында аталды (Кесте 28).
82
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Айта кету маңызды, қажетті қызмет оны алғысы
келетіндер тұратын қалада болса да, бала көптеген
себептермен оларға қол жеткізе алмауы мүмкін.
Сапалық материал ауылдық және қалалық жерде
тұратын балалар үшін қашықтыққа және көлікке
қатысты кедергілер туралы мәлімет береді. Олар
төменде талқыланған және келесілерді қамтиды:
• Ауылдардың коррекция және оңалту-сауықтыру
қызметтерінен
оқшау қалуы
•
Әлеуметтік
қызметкерлер
қамтуы
тиіс географиялық аумақтың үлкендігі
• Арнаулы әлеуметтік қызметтерге апаратын
көлікке қатысты мәселелер
4.1 Ауылдық жердегі балалардың
коррекция және оңалту
қызметтерінен оқшау қалуы
Осының басты себебі болып заң бойынша
мүгедек балалардың саны жүз адамнан аз болса,
коррекциялық мекемелер ашу қарастырылмайтыны
табылады. Яғни, логопедтің, дефектологтың
және
басқа
мамандардың
коррекциялық
қызметтеріне аудандардағы немесе облыстық
орталықтарындағы ауылдардағы адамдар ғана
қол жеткізе алады. Осы жағдай туралы Жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
қызметкері айтып берді:
«Бізде психологиялық және педагогикалық
коррекция мекемесі жоқ. Құрықтағы мектеп-
те өз мамандары бар коррекция бөлімі бар,
одан басқа ауданда мұндай мекеме жоқ. Барлық
аудан орталықтарында коррекция бөлімі бар,
бірақ, өкінішке орай, бізде жоқ. Олар балалар-
дың санына қарайды. Олардың айтуынша, егер
бізде жүз бала болса, коррекция бөлімін ашар
еді. Ауылдарда тіпті әлеуметтік қызметкер-
лерге арналған ғимарат жоқ, олардың барлығы
әкімдікте отырады» (Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 10.05.2017).
Оңалту-сауықтыру қызметтері тек аудан және
облыс орталықтарында ғана бар, тіпті аудандағы
мекемелердің өзінде Астанамен және Алматымен
салыстырғанда мүмкіндіктер аз. Осы жағдай
адамдардың қызметтерге қол жеткізу кезінде тап
болатын қиындықтарын ауырлатып жібереді:
«Біз балаларды оңалту-сауықтыру орта-
лықтарына жібереміз, ондағы қызметтер те-
гін көрсетіледі, бірақ, олар орталыққа өздері
жетуі керек. Көлік шығындары өтелмейді, бар-
лық адамдар бірдей балаларын қоларбасымен
алыс ауылдан таксимен жеткізе алмайды, егер
бала 10 жастан асып кетсе, бұл тіпті мүмкін
емес, оның салмағы ауырлайды, анасы оны кө-
тере алмайды» (Жұмыспен қамту және әлеу-
меттік бағдарламалар бөлімінің қызметкері,
10.05.2017).
Сұхбаттасушылар
оңалту-сауықтыру
қыз-
меттеріне дейінгі қашықтық, сонымен қатар,
лайықты көлік құралдарының болмауы себепті
орын берілген күнде де оны пайдаланбауды жөн
көреді екен. Мысалы:
«Маған баламның диагнозы облыстық орта-
лыққа жіберуге жарамайды деп айтты. Әрине,
біз Алматыға жылына екі рет шақырту ала-
мыз, бірақ, мен портал арқылы тек бір рет
баруға ғана жағдайым келеді, жолақысы қым-
бат» (әйел, 39 жаста, поштада жұмыс істейді,
05/17/2017).
«Бізге Ақтаудағы, Астанадағы оңалту-са-
уықтыру орталығына баруды ұсынды, бірақ,
бас тарттық. Алыс, жету қиын. Бұрын, ба-
лам кішкентай кезде оны көтере алатын
едім, бірақ, қызым өсіп кетті, көтеру қиын,
оның үстіне қоларбасын да бірге алып жүру
керек» (әйел, 52 жаста, үй шаруасындағы
әйел, 13.05 .2017).
4.2 Әлеуметтік қызметкерлердің
үлкен аумақта орналасқан елді
мекендердегі балаларға бекітілуі
және көлікпен қамтамасыз етілмеуі
Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысында өзіне
бекітілген аумақтағы балалардың барлығын қамту
қиын. Мұндай мәселе Маңғыстау және Қызылорда
облыстарының ауылдық жерлерінде байқалады.
Бір ауылда атқаратын жұмыс жеткіліксіз
болғандықтан, әлеуметтік қызметкер бүкіл
ауылдық округтағы бірнеше ауылдағы балаларға
қызмет көрсетуге мәжбүр, олардың барлығына
бірдей барып тұру, әсіресе, күн суықта, қиын. Осы
жағдай туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің қызметкері өз пікіріні
білдірді:
«Біз әлеуметтік қызметкерді әртүрлі ауыл-
дарда тұратын 9-10 балаға бекітеміз, бірақ,
ауылдардың арасы жақын болатындай етіп
ұйымдастыруға тырысамыз. Әлеуметтік қыз-
меткер өзіне бекітілген аумақтағы балаларға