74
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
қызметкердің
рөліне
қатысты.
Әлеуметтік
қызметкерлерді өмірлік қиын жағдайда қалған
отбасыларға күрделі процедуралардың түрлі
талаптары туралы хабардар етуде тиімдірек
пайдалануға болады. Айта кету керек, мүгедектігі
бар
балалардың
ата-аналарының
күрделі
өтініш беру рәсімдері туралы анықтап білу
немесе өтініш толтыруға бала күтіміне қатысты
жұмысбастылығынан уақыты әдетте аз болады.
Екіншісі мүгедек балаларға үйде диагностика
жасау және анықтама беру үшін көбірек
мүмкіндіктер қарастырылуы қажет екеніне
қатысты. Осында айтылып кеткен педиатр балаға
диагностика жасауға үйге келген жағдайда мұндай
шараның ата-аналар үшін өтініш беру кезінде уақыт
шығынынан және стресс сезінуден ада қылып, көп
көмегін тигізген. Әсіресе, екі жыл сайын қайта
анықтама алу кезінде үйде диагностика жасаудың
қосымша мүмкіндіктерін анықтау орынды болар
еді. Тағы бір жолы – қандай мүгедектік түрлері
қайта расталуы тиіс, ал қандай түрлері созылмалы
сипатына қарай қайта растауды қажет етпейтініне
қатысты егжей-тегжейлі жіктелім жасау. Бұл
балаларын ауруханаға немесе комиссияға өздері
апаруы керек ата-аналар үшін ерекше өзекті,
себебі, бала есейген сайын оны әрлі-берлі тасу
қиынға соғады.
75
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
3. Қызметтерге қол
жеткізудегі ала-құлалық
Зерттеу анықтағандай, арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілердің
бірі болып қызметтерді жеткілікті түрде
жеткізбеу болып табылады, нәтижесінде
кейбір аймақтарда қызметтер жетіспейді
немесе ішінара қолжетімсіз. Осы тарауда
қызметтерге қол жеткізудегі ала-құлалыққа
және қызметтердің жеткілікті көлемде
көрсетілмеуіне қатысты қолжетімділікке
кедергілер тарқатып баяндалады. Атап
айтқанда, келесілер талқыланады:
• Мүмкіндіктердің аздығы және тиісті орын-
ға жіберу үшін түсіндіру жұмыстарының
жетіспеушілігі
•
Мамандардың жетіспеушілігі
• Белгілі бір қызметтерді және құрал-
жабдықтарды кешіктіріп алу
• Шипажайда жолдама алудағы кедер-
гілер
Қызметтер көрсетілетін жерге дейінгі
қашықтық өз алдына келесі тарауда
талқыланған.
3.1 Мүмкіндіктердің аздығы және
тиісті орынға жіберу үшін түсіндіру
жұмыстарының жетіспеушілігі
Қандай қызметтер және кімге көрсетілетіне
қатысты түсінбестік
пен
дұрыс
ақпарат
алмауға қоса, алынған мәліметтер бойынша
мамандандырылған
қызметтермен
қамту
тым ала-құла, ал кейбір жағдайларда мүлдем
жоқ екені анықталды. Қазақстанның ауылдық
жерлерінде халық саны аз, сондықтан, тар
бейінді мамандандырылған қызметтер бүкіл ел
аумағында қолайлы қашықтықта көрсетілмейді
деген түсінік қалыптасқан. Қызмет көрсететін
орынның алыс орналасуы – үлкен мәселе (келесі
тарауда талқыланады), бірақ, одан да күрделірек
мәселе болып мамандандырылған қызметтердің
және үйретілген қызметкерлердің жетіспеушілігі
табылады, соның салдарынан балалар тек көрсетіле
алатын кез-келген қызметті алуға жіберіледі, ал
ондай қызметтің баланың жағдайында лайықты ем
болатын-болмайтыны ешкімді қызықтырмайды.
Сұхбаттасушылар
көбінесе
балаларының
жағдайына сай келмейтін емге жіберуге қатысты
шағымданды және осындай олқылыққа тиісті
қызметтерді тағайындамаған ПМПК және МӘСК
мекемелерін кінәлады. Алайда, төмендегі пікір
айқындап тұрғандай, аталған комиссиялар
тағайындай алатын ем түрлері өте шектеулі екен:
«Біз жақтағы мүгедек балалары бар ана-
лар-мен сөйлескен сайын олардың балаларына
диалектолог, логопед, массажист қызметтері
тағайындалмайтынын айтып жататынын
естимін. Олардың балаларын көргенде, маман
ретінде түсінетінім, оларға тар бейінді ма-
мандардың коррекция қызметтері аса қажет.
ПМПК, МӘСК өкілдерімен сөйлескенде, олардан
балаларға неге диалектолог, массажист және
логопед қызметтерін тағайындамайтынын
сұрадым. Ал олар ауылда ондай мамандар
қайдан болсын, тағайындаған күнде де ондай
қызметтер бәрібір көрсетілмейді деп жауап
берді. Біз олардың ауылда нақты қандай қыз-
меттер ала алатынын білеміз, қажетті мүм-
кіндіктер тудыруды қарастырып жатырмыз»
(бейүкіметтік ұйым, Маңғыстау облысы).
76
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Комиссиялардың балаларға мамандандырылған
қызметтер тағайындауда және жолдауда ең
алдымен баланың тұратын жерінде көрсетілетін
қызметтерге қарай тағайындалатын қызмет
түрлерін шектеуден бастайды. Содан кейін олар
ерекше қажеттіліктері бар кез-келген балаға
алдында тұрған «мәзірден» сай келеді-ау деген
қызметтер арасынан таңдау арқылы ем түрін
ұсынады:
«Қызметтер кешені ереже немесе стан-
дарт бойынша, жеке қажеттіліктерді еш
ескерусіз тағайындалатын сияқты. МӘСК біз-
де дефектолог, логопед аз екенін білгені жөн,
орталықтың өзінде маман аз, сондықтан,
олар біздегі аз мүмкіндікті ескере отырып,
баланың қажеттіліктерін ескеру үшін шешім
қабылдадйы» (Жұмыспен қамту және әлеумет-
тік бағдарламалар бөлімі, 10.05.2017).
Іс жүзінде осылай істеу орынды болғанымен,
ата-аналар кейде «лайықты емес» қызметтер неге
тағайындалатынын дұрыс біле бермейтін сияқты,
оның орнына тек комиссияның біліксіздігін алға
тартады. Бірақ, сонымен қатар, комиссиялар әрбір
баланың жағдайын жіті тексеруге және барлық
қызметтер кешені қолжетімді бола тұра арнайы
білім мен қызметтер бағдарламасын жасауға
білімі жетіспейтіні мойындайды:
«Мен мектеп директорымен, бас дәрігермен,
ПМПК, МӘСК өкілдерімен тығыз жұмыс жасай-
мын, қызмет баланың жағдайына мейлінше сай
келуі үшін кейбір мәселелерді әкімдік арқылы
шешеміз. МӘСК баланың барлық қажеттілік-
терін дұрыс анықтай алмайды, дәрігерлердің
бұл мәселеде біліктілігі аз. Біз МӘСК өткізу
барысын қадағалауымыз керек, мен жеке өзім
барлық МӘСК есептерін тексеріп шығамын.
Неге екенін білмеймін, олар баланы да, отба-
сы психологиясын да, оларды жеке басындағы
қабілеттерін де көрмейді» (Әлеуметтік қыз-
меттер бөлімінің қызметкері, 12.05.2017).
Кейбір респонденттер балаларына түрлі
қызметтерді сұратып, бірақ, ешбір түсіндірусіз
немесе ондай қызметтер жоқтығынан оң жауап
ала алмағанына айтып берді.
«Біз шипажайда ем алғымыз келіп кеді, бірақ,
ешкім ондай мүмкіндік ұсынған жоқ. Сұрап
барғанымда, бетімді қайтарды» (әйел, 50, үй
шаруасындағы әйел, 12.05.2017)
«Біз шипажайлық ем қабылдамаймыз, бізге
оны ұсынбайды да. Мен сұрадым, бірақ, ондай
жоқ деп айтты» (әйел, 42, үй шаруасындағы
әйел,16.05.2017).
Диагноз қою және жолдама беру тәртібінің
нақты болмауы және баланың басындағы жеке
жағдайын дұрыстап тексермеуі тиісті мекемелер
қабылдайтын шешімдерге сенімді жоғалтуға
алып келеді. Ата-аналар көбінесе басқа практик
маманнан қосымша қорытынды сұрап, мүлдем
бөлек диагноз қойылғанын немесе тиісті емге
қатысты басқаша қорытынды бергенін айтып
берді. Мұндай жағдай мүлдем орынсыз, себебі,
ұрымтал балалардың аналары қай маманның
қорытындысына сенетінін шешуге мәжбүр болады.
«Жоқ, маған ұсынған жоқ. Негізі олар осындай
балаларды, үйде оқитын балаларды, қиын
мәселелері бар балаларды сондай орталықтарға
жіберуі керек. Мен осы туралы дәрігерден
сұрадым, ол [шипажайлық ем] менің балам үшін
қарастырылмаған деді. Ол бізге ем алу үшін
Ақсайға барғанымыз дұрыс деді» (әйел, 36 жаста,
үй шаруасындағы әйел, 12.05.2017).
3.2 Мамандардың жетіспеушілігі
Қазақстанның жер көлеміне және халқының аз
болуына қатысты мәселе – кейбір аймақтардағы
мамандардың тапшылығы. Бұл кейбір балалар
үшін өздері мұқтаж арнаулы әлеуметтік
қызметтерді алуына, тіпті өтініш беріп, куәландыру
комиссиясынан өткен күнде де тікелей кедергі
тудырады.
Білікті әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа
алу мәселесі қызмет көрсетушілермен сұхбаттасу
кезінде жиі айтылды және сондай қызметкерлерді
жұмысқа қабылдаудағы қиындықтар Бокс 12
көрсетілген
Білікті
әлеуметтік
қызметкерлерді
тап-
шылығымен қатар, сапалық зерттеу массажист
(11 респондент), мүгедектігі бар балалармен жұмыс