Білім беру саласы: Әлеумет



жүктеу 76,56 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі76,56 Kb.
#4708
түріСабақ

Пиримханова Акнур Перденовна, Түркістан қаласы, Шорнақ ауылындағы «Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі.
Білім беру саласы: Әлеумет

Білім бөлімі: Қоршаған орта

Ашық сабақ тақырыбы: Ұстаз деген ұлы ұғым

Мақсаты: Балалардың «білім», « еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Ұстаздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,плакаттар, түрлі-түсті шарлар.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ұйымдастырушылық оятушылық кезеңі

Ұйымдастырушылылық- ізденушілік кезеңі

Рефлекстік түзету кезеңі



Сәлемдесу.

Саламатсыңдар ма менің сүйікті кішкентай бүлдіршіндерім.Барлығымыз бірге шаттық шеңберіне жиналайық.



Шаттық шеңбер.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Бәрімізде баламыз.

Бір ауылда тұрамыз,

Бір бақшаға барамыз.

Ақ, қара деп болмейміз,

Бір жыл өскен төлдейміз.

Туысқанбыз, татумыз,

Биіктерге өрлейміз!

-Балалар, бүгінгі біздің өтетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Ұстаз деген ұлы ұғым» деп аталады.

-Армысыздар.қош келдіңіздер құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке.Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз- ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қалай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анықпас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға- деп Абай атамыз айтқандай.Шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы мерекелеріңіз құтты болсын!

-Балалар, ұстаз деп кімді айтамыз?

-Сендер кімді ұстаз санайсыңдар?

-Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар тәлім-тәрбие, білім беретін адамды ұстаз дейміз.

-Ата-ана ұстаз, үлкендер- ұстаз, кітап-ұстаз.Олар біздің жақсы болып өсуімізге көмектеседі.

-Тақтаға назар аударайықшы.

-Ы.Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш рет мектеп ашқан ағартушы педогог.

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылы.

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар-деп қазақ балаларын оқуға, білімге шақырған.

«Мұғалім –мектептің жүрегі » -деп айтқандай көп мән бар. Өйткені, оқушы мектепте мұғалімнің еңбегі арқылы оқу,білім, тәрбие алады.

Мұғалім балаларды жақсылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді .

-Балалар, мұғалімдер туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?
Ән:: «Мұғалім »
Ортаға жеті бала шығады.

М- мейірімді

Ұ-ұлағатты

Ғ-ғазиз

А-ақылды

Л-лайықты

І-іскер

М-маман

-Балалар, мен сендерге бір аңыз әңгіме айтып берейін.

Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр-түрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып оған тиын- тебен тастап кетіп жатқанын көреді. Әбунасір Әл-Фараби одан:


  • Сен күніне қанша табасы?-деп сұрады.

  • Екі дирхенге жетер-жетпес деп айтады.

  • Онда сен бұл өнерді таста.Маған ер, мен саған оқу үйретемін. Күніне саған төрт дирхен беріп отырамын деп оны ертіп алады.

  • -Мына оқытушының дені сау ма?

Өзі оқытып, Оған қоса ақша төлегені несі?- деп күліпті жанындағылар.

-Кейін ол бала үлкен ғалым болыпты деседі.



Сұрақтар:

-Әл Фараби жігітке не үйреткісі келді?

-Білім адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар ұстаздың еңбегі зор.Ол баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оны болашақта өз орнын табуға көмектесті.


Би: «Тфай-тфай»
-Балалар, ұстаздар туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  • Балалар, сендерге қандай мұғалімдер сабақ береді?

  • -Орыс тілі, Ағылшын тілі,Музика, Дене шынықтыру мұғалімдері сабақ береді.

  • Орыс тілінен тақпақтар білесіңдер ма?

Орыс тілі мұғалімі орыс тілінде тақпақтар айтқызады.
Ән: «Мұғалімім ол біздің»
Шығармашылық жұмыс:

Балаларды төрт орталыққа бөлу.



I. топ.Гүлдің суретін салады

II топ. Ермексазбен гүл мүсіндейді.

III топ. Түрлі-түсті қағаздан гүл қырқып қағаз бетіне жапсырады.

IV топ. Гуашпен гүлдің суретін салады.

Кәусәр: Ұстаз болу жүректің батырлығы.

Дияна: Ұстаз болу сезімнің ақындығы.

Мерей: Ұстаз болу-мінездің күн шуаға.

Азбайтұғын адамның алтындығы.

-Сонымен, ұстаз –тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші.

Ұлағатты ұстазхдарымызды бүгінгі мерекеңізбен тағы да құттықтаймыз. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу-іс әрекетімізге жақсы қатысқан балаларға алғыс айтамын.


«Әрқашан күн сөнбесін»

Балалардың барлығы бірге айтады.

Дияна:

Білімнің кәусәр бұлағы,

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сен- мұғалім,

Ұстазсың да, дана да.
Кәусәр:

Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі.
А.Дияс:

Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,

Өзіне обал, арзан дәріс айнасы.

Ұстаз болу, бақыт әрі абырой,

Ұстаз деген шәкірттердің айнасы.
Нұрдос:

Ақырын жүріп анықпас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.
Нұрай:

Алғаш рет оятқан санамды,

Алғаш рет ұстатқан қаламды.

Солүшін мәңгі сыйлап өтемін,

Түсіндірген жақсысы мен жаманды.

Нұрдана:

Ұстаз бізге білім беріп өсірген,

Қатемізді әрқашан да кешірген.

Азамат:

Өмір жолы қиын жол деп әрдайым,

Тәрбиелеп, ақылды қылып өсірген.

Баетова Мерей:

Мұғалім ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Ұланың бүгін тойыңа,

Арнады саған бұл әнін.


Рамазан:

«Ұстазы жақсының,

Ұстамы жақсы»
Марғұлан:

«Өнер- білім бұлағы,

Білім өмір шырағы»
Б. Мерей.

«Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ»
-ия

Балалар топтық жұмыс жасайды.


I. топ.Гүлдің суретін салады

II топ. Ермексазбен гүл мүсіндейді.

III топ. Түрлі-түсті қағаздан гүл қырқып қағаз бетіне жапсырады.

IV топ. Гуашпен гүлдің суретін салады.

.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:Мұғалімнің еңбегіне, қадір- қасиетіне жете біледі.

Жасайды: Шығармашылық жұмысты өздерінің қиялы бойынша жасайды.




Дияна:

Білімнің кәусәр бұлағы,

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сен- мұғалім,

Ұстазсың да, дана да.
Кәусәр:

Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,

Қадірінің тиетұғын қайыры.

Ұстаз деген шуағы мол шапағат,

Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі.
А.Дияс:

Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,

Өзіне обал, арзан дәріс айнасы.

Ұстаз болу, бақыт әрі абырой,

Ұстаз деген шәкірттердің айнасы.
Нұрдос:

Ақырын жүріп анықпас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.
Нұрай:

Алғаш рет оятқан санамды,

Алғаш рет ұстатқан қаламды.

Солүшін мәңгі сыйлап өтемін,

Түсіндірген жақсысы мен жаманды.

Нұрдана:

Ұстаз бізге білім беріп өсірген,

Қатемізді әрқашан да кешірген.

Азамат:

Өмір жолы қиын жол деп әрдайым,

Тәрбиелеп, ақылды қылып өсірген.


Баетова Мерей:

Мұғалім ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Ұланың бүгін тойыңа,

Арнады саған бұл әнін.

Рамазан:

«Ұстазы жақсының,

Ұстамы жақсы»

Марғұлан:

«Өнер- білім бұлағы,

Білім өмір шырағы»
Б. Мерей.

«Оқусыз білім жоқ,



Білімсіз күнің жоқ»



жүктеу 76,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау