93
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Қажетті құжаттарды, мысалы, жұмыссыздық
анықтамасын, мекен-жай анықтамасын және
табыс көлемі туралы құжаттарды ала алмау
кейбір респондеттерге әлеуметтік көмекке өтініш
беруге кедергі келтірген.
Қызылорда облысында ата-ананың екеуі де бар
үй шаруашылықтарына қарағанда жалғызбасты
аналар өтініш бермеу себептері ретінде ақпарат
жоқтығын, үлгілерге және құжаттарға қатысты
қиындықтар бар екенін және өтініш беруге уақыт
ташпы екенін көбірек айтқан.
Дәл осы сияқты мүгедек баласы бар екенін
айтқандардың көпшілігі әлеуметтік қызметтерге
өтініш бермеудің басты себебі ретінде ақпарат
жоқтығын алға тартқан. Олардың басым көпшілігі
ақпарат мүлдем жоқ екенін жеткізді, ал кейбірі
өтініш беру және көмек не қызмет алу құқығын
анықтау тәртібін түсініксіз деп есептейді екен.
Сонымен қоса, өтініш беру тәртібінің күрделілігі
және көп уақыт алатыны әлеуметтік қызметтерді
пайдалану құлшынысына теріс әсерін тигізетін
болып шықты.
Қоғамдағы стигма әлеуметттік қызметтерді
пайдаланудан тежейді. Соның салдарынан
адамдар өзгелерден оқшауланады, көмекті
не қызметті пайдалануға теріс әсерін тигізеді.
Қоғамдағы мүгедек адамдарға қатысты стигма
кейбір адамдардың жүрегін жаралайтыны
соншалық, ата-аналар баласының мүгедек
екенін мойындағысы келмейді немесе тіпті
мойындаудан бас тартады. Отбасылар баласының
мүгедектігін
тіркеуге
немесе
жәрдемақы
алуға өтініш беруге ұялады. Мұндай мінез-
құлық қоғамның мүгедектікке өшпенділікпен
қарайтынын, соның нәтижесінде ұнатпаушылық
пен жақтырмаушылық, түсінбеу және аяу
тындайтынынан көрініс береді.
2. Көмек алу құқығының шектеуші
талаптары тек кедей және ұрымтал
топтардың ішіндегі аздаған қосымша
топтарға ғана көмек пен қызмет үлестіреді.
Мұқтажды тексеру арқылы әлеуметтік көмекпен
қамту бағдарламаларының талаптары табыс
деңгейін және өтініш берушілердің табыс
көлемі қалай анықталатынын және есептелетінін
айқындайды. Мұндай талаптар тым шектегіш
келеді және көптеген тұрмысы нашар үй
шаруашылықтарын әлеуметтік көмектен бірқатар
факторларға байланысты оқшаулайды: (i) шекті
табыс деңгейінің төмендігі, (ii) табыс көлемін
есептеуде басқа да атаулы көмек түрлерін
ескеру, (iii) жарты күндік, кездейсоқ табысты қоса
есептеу ережелерінің түсініксіздігі, және (iv) мал
мен көлікті қоса есептеу әдістерінің әділетсіз
деп саналуы. Нақты талаптар өтініш берушілерге
алдын-ала хабарланбайды, сондықтан, өтініш
берушілер көбінесе табыс көлеміне байланысты
өтініші қабылданбай қалғанға дейін нақты
түсінбей жүреді.
Тағы бір ереже бар, оған сәйкес әлеуметтік
көмек алу үшін жұмыссыз ретінде тіркелу және
ұсынылған жұмысқа тұру талап етіледі. Бұл
кедерге көмек алушылар жұмыс істейтіні туралы
анықтама тапсыра алмағандықтан, әлеуметтік
көмек берілмегенін мәлімдеген кезде анықталған.
Мұндағы мәселе тек құжат рәсімдей алмауға ғана
емес, жұмысқа алу шарттарының лайықты және
орынды болу-болмауына келіп тіреледі. Жұмысқа
тұру талабы ауылдық жерде жеткілікті жұмыс
орнымен қамтамасыз етпеуге қайшы келеді
және ұсынылған жұмысқа тұру үшін қаржылық
ынталандыру қарастырылмаған. Осы шартты
орныдамаған көмек алушылар сондай мұқтаж
болып отырған әлеуметтік көмектен қағылуы
ықтимал. Алайда, қолданыстағы жүйе оларды
бекітілген шарттарды орындауға көмектесетін
жеткілікті шараларды қарастырмайды.
Сонымен бірге, жұмысқа тұру шарттары баласы
үш жастан асқан аналардың қажеттіліктерін
есепке алмайды, яғни, балабақшалар жеткіліксіз
және жұмыс кестесі икемді жұмыс орындары
да аз. Демек, аталмыш шарттар жыныстық
ерекшеліктерді ескерусіз жасалған және оны
орындай алмауы мүмкін әйелдердің ұрымтал
тұстарын көрмейді және реттеуге тырыспайды.
3. Қызметтердің жеткілікті түрде болмауы
және көрсетілмеуі.
Көбінесе белгілі бір санатқа жататын
балаларға қажет қызметтер олар тұратын
жерде немесе соның маңайында көрсетілмейді.
Респонденттер, сонымен қатар, жеткілікті түрде
көрсетілмейтін кейбір қызметтерге ұзақ уақыт
күтіп барып қол жеткізетінін айтады. Мұндай
мәселелерді ұсыныс факторлары, соның ішінде
жеткілікті даярлығы бар қызметкерлердің
жоқтығы және сондай қызметкерлерді сақтап
қалудағы қиындықтар, атап айтқанда, төмен
жалақы, және сұранысты қанағаттандыра
алатын инфрақұрылым мен құрал-жабдықтың
жоқтығы тудырады. Қызметтермен қамту аясы
жер көлемі мен халқының тығыздығы Қазақстан
94
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
сияқты ел үшін жеткіліксіз. Арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету орнына жету үшін көлік
шығындары өтелмейді. Мүгедектігі бар балалар
көбінесе шипажайлық ем қабылдай алмайды,
себебі, ата-анасының шипажайда жанында
қалуына рұқсат жоқ.
Пайдалану тәжірибесі
Әлеуметтік көмекке және қызметтерге қол
жеткізудегі кедергілерге қоса, біздің зерттеу
пайдалану сапасын да тексеруге мүмкіндік берді.
Қызмет көрсету адамдардың қажеттіліктеріне
тек қызметі түрі, үйлесімі және саны жағынан
ғана емес, қолайлы, шығынсыз және алушыларға
құрметпен қарау жағынан да ерекше көңіл
бөлуі керек (Babajanian 2017). Атап айтқанда,
қызметтерге қол жеткізу кезінде адамдардың
көмекке қол жеткізе алатынына ғана емес,
сондай-ақ, ешбір кедергісіз өтініш бере
алатынына және қосымша ешбір қаржылай
немесе басқа ауыртпалық артпайтынына ерекше
мән беру керек.
Қазақстандағы куәландырудан өту талабы
қызмет
алушыларға
айтарлықтай
шығын
келтіреді. Бұл алыс жол жүруді (мысалы,
жұмыссыздық анықтамасын алу үшін жұмыспен
қамту орталығына бару), жол шығындарын және
күш-қуат жұмсауды қажет ететінімен байланысты.
Қажетті құжаттарды алу әйелдер үшін ерекше
қиын. Атап айтқанда, алимент туралы және
ажырасу туралы құжаттарды жинау әйелдерге
жүктелген, аталғандарды алу уақыт пен күш
шығынын талап етеді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге өтініш
беру тәртібінің жалпы күрделілігі өтініш
берушілер үшін қолайсыздықтар, уақыт пен ақша
шығынын тудырады, оның үстіне әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізуді созбақтап жібереді.
Ең көп қиындық тудыратын талаптардың бірі
– мүгедектікті тіркеу үшін МӘСК және ПМПК
алдынан өту. Өтініш берушілер мүгедектікті екі
жыл сайын қайта растап отыруы қажет, кейде
баласының мүгедектігін тіркеу үшін бірнеше рет
баруға мәжбүр. Кейбір респонденттер бір өтініш
бергенде куәландыру комиссиясынан 6 ретке
дейін өтуге мәжбүрленген.
6.2 Саясатқа қатысты ұсынымдар
Әлеуметтік көмек беру тәртібі
Қазақстанда әлеуметтік көмек алу үшін
белгіленген шекті табыс деңгейі тым төмен
болып келеді. Бұл мәселе елеусіз қалдырылмаған,
үкімет жүйені бұрынғыдан инклюзивті ету үшін
реформа жүргізуді жоспарлап отыр. Бірақ, тіпті
жаңа ережелер бойынша да шекті табыс деңгейі
төмен болып қала беретін сияқты, салдарынан
көптеген тұрмысы нашар үй шаруашылықтары
көмек алу құқығынан айырылады. Сондықтан,
Қазақстандағы кедейшіліктің нақты ауқымын
нақтырақ анықтай алатын шекті табыс
деңгейін жоғарырақ етіп белгілеуді мақсат ету
күттірмейтін мәселе болып тұр.
Қолданыстағы
мұқтаждықты
тексеру
ережелерін, яғни, тиісті табыс түрлерін анықтау
және есептеу тәртібін қайта қарау маңызды.
Атап айтқанда, мүгедектік жәрдемақысы
және шәкіртақы сияқты атаулы көмек түрлері
ескерілмеуі керек, яғни, өтініш берушінің табысы
ретінде саналмауы тиіс. Мұндай жәрдемақылар
өмірінде ұрымтал тұстары (мүгедектік) бар
болғандықтан немесе белгілі бір жағдайлар
(оқу) болатындықтан, қосымша қажеттіліктері
туындайтын, сөйтіп, қосымша шығынға бататын
топтарға өмірлік маңызы бар демеу көрсетеді.
Мұқтажды тексеру кезінде жарты күндік,
кездейсоқ кіріс түрлерін қоса есептеудің түсінікті
және әділ ережелері болуы қажет. Мұндай
ережелер кездейсоқ кірісті жалпы табыс көлемін
анықтауда қашан және қалай қоса есептеу керек
екенін анықтауы қажет. Мал бағудан және ауыл
шаруашылығынан түсетін кірісті есептеу баға
туралы соңғы мәліметтерге, жергілікті жағдайға
және сенімді әдістерге сүйенуі тиіс. Аталмыш
ережелер өтініш берушілерге түсінікті етіп
хабарлануы тиіс.
Жұмысқа алу шарттарымен байланыс
Әлеуметтік көмек және еңбекпен белсенді араласу
саясаттарын өзара үйлестіру маңызды, олардың
мақсаттары бірін-бірі толықтырып тұруы тиіс. Атап
айтқанда, жұмысқа алу шарттары адамдардың,
әсіресе, ауылдық жердегі адамдардың ұсынылған
Достарыңызбен бөлісу: |