Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын
бекіту туралы
|
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
|
М. Әбілқасымова
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_________________ Е. Сағадиев
2018 жылғы «_____» ___________
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
___________ Е. Біртанов
2018 жылғы «_____» ___________
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
201 жылғы « »
№ бұйрығына
қосымша
Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер.
2-тарау. Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар
3. Біліктілік талаптары әлеуметтік қорғау саласындағы келесі әлеуметтік қызметкерлерге белгіленеді:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау
жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
4) қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды және он сегіз жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
4. Әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
5. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың біліктілігіне қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
6. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның біліктілігіне қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
екінші санат - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
7. Қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық туралы сертификат.
8. Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды және он сегіз жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі орташа деңгейдегі маман:
жоғары санаттағы - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
бірінші санаттағы - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
екінші санаттағы - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
санаты жоқ - техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық жөніндегі сертификат.
Достарыңызбен бөлісу: |