Кіріспе
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
Нарықтық қатынасқа көшудегі «зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» механизмдегі қайта құрулар осы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру принципі осы Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның қызметін автоматтандыру болып табылады. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бүкіл Республика көлеміндегі облыстарда және екі қалада (Астана, Алматы) сонымен бірге облыстардағы бүкіл аудандардағы бөлімшелерде халыққа қызмет ету жүйесін автоматтандыру арқылы халыққа қолайлы аталған кәсіпорынның жұмысына тиімді және жеңіл болуын қарастырады.
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық, техникалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және аталған кәсіпорынның концептуалды схемасы көрсетілген.
Негізгі бөлімінде кәсіпорынның бүкіл қызметі, кіріс және шығыс ақпараттар, берілген тапсырманың негізі көрсетілген. Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар.
1. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алуды негіздеу
1.1 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықгық және әлеуметтік непздерін, мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын Қазақстан Республикасының Заңы белгілеп, реттеп отырады.
1.1.1. Орталықтан зейнетақы төлемдерін алу құқығы
Қазақстан Реслубликасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік қуқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Азаматтарға Заңда белгіленген жағдайлар туған ретте Орталықтан зейнетақы төлемдерін алу құқығына кепілдік берілген.Зейнет жасына жеткен зейнеткерлерге оларға еңбек сіңірген жылдары үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақыларын қайта тағайындату құқығы беріледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеген адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем Орталықган он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. Ал Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды түлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептік көрсеткіш мелшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Орталыктан зейнетақы төлемдерін тағайындау: Орталықтан зейнетақы төлемдері: 2001 жылғы 1 шілдеден бастап—еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайыңдалады.
Төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл турған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес: еркектер — жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер — жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.
5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға қуқылы, аталған зейнетақы жасы 1998жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ түтас алғанда 3 жылдан аслауға тиіс.
Орталықган зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады және төленіп отырады.
1.1.2.Орталықтан зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажы
Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
1) еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін жұмыс;
2) әскери қызмет;
3) қүқық қорғау органдарындағы қызмет;
4) мемлекеттік қызмет;
5) кәсіпкерлік қызмет;
6) бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және өзгенің жәрдем көрсетуіне муқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;
7) атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ-мен ауыратындарға, 16 жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған уақыт;
8) жұмыс істемейтін ананың жас балаларды бағып-күткен, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;
9) қылмыстық жауапқа негізсіз тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, бірақ кейін ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақыты;
10) еңбекке жарамды азаматгардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында жане ¥лы Отан соғысы кезеңінде өздері басңа мемлекеттердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың (жасына қарамастан) сонда болған, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
11) жумыс істемейтін соғыс мугедектері мен оларға теңестірілген мүгедектердің мүгедек болған уақыты;
12) бұрынғы кеңес мекемелерінің, Қазақстан Республикасы мекемелері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері әйелдерінің (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңі, бірақ жалпы алғанда 10 жылдан аспауға тиіс;
13) офицерлік құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мичмандар және мерзімінен тыс қызмет атқаратын әскери қызметшілер әйелдердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңі, бірақ 10 жылдан аспауға тиіс;
14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндізгі жоғары және орта діни оқу орындарында оқу;
15) әскерилендірілген күзетте, арнаулы байланыс органдарында және кен-құтқару бөлімдерінде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;
16) әлеуметтік сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын жеңілдікпен есептеу кезінде мыналар да есепке алынады:
1) ұрыс қимылдары кезеңінде майдандағы армия құрамындағы, оның ішінде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңінде партизан отрядтары мен құрамаларында болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерінде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайыңдаған кезде осы қызметтің мерзімін есеп үшін белгіленген тәртіппен,
2) әскери бөлімдеріндегі жұмыс, оның ішінде еркін жалдамалы құрам ретіндегі жұмыс және осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген әскери қызметтен басқа, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет екі есе мөлшерде;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласындағы жұмыс — үш есе мөлшерде;
4)12 жастан бастап және одан үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласында болған уақыты — екі есе мөлшерде;
5) Ұлы Отан соғысы кезінде басқа мемлекеттердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сонда болған уақыты, сондай-ақ фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда) болған уақыты, егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса — екі есе мөлшерде;
6) заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, кейіннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектеу отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы қоныстандыру орындарында ұсталған және психиатрлық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты—үш есе мөлшерде;
7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде жұмыс істеп, әскери қызмет атқару — үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шілдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейінгісі—бір жарым есе мөлшерде;
8) алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі жұқпалы аурулар мекемелеріндегі жұмыс—екі есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелеріндегі және емдеу мекемелерінің патология-анатомиялық бөлімдеріндегі жұмыс—Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмыс тізбесі бойынша бір жарым есе мөлшерде;
9) толық навигациялық кезең ішінде су көлігіндегі жұмыс бір жыл істеген жұмыс үшін есептеледі;
10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсіптің маусымдық салалар кәсіпорындарындағы толық маусым ішіндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізім бойынша бір жылғы жұмыс стажына есептеледі.
Еңбек стажы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен расталады. Ал еңбек кітапшасы жоқ немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың негізінде не сот шешімінің негізінде анықталады
1.1.3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен белгіленеді. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 процентінен аспауға тиіс.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, Қазақсган Республикасының ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мелшерін қоспағанда, 1998жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мелшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.
Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы телемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы телемдерін тағайындаушы органға беріледі. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтардың тиісті құжаттарды ресімделуіне көмек көрсетуге міндетті.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әдеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады. Зейнетақы төлемдерін тағайьшдаушы органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей бұл туралы арыз берушіге хабарлайды. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті.
Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.
1.1.4. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорга төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді.
Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірінші жөне екінші топтардагы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедек-тігі мерзімсіз болып белгіленсе, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
2005 жылгы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және
(немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердің (Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты түрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тартіппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кірістерінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тартіппен аударылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиісті міңдетті зейнетақы жарналары қызметкердің зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысының он проценті мөлшеріңце белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайы-нғы кіріс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мелшерінен аспауға тиіс. Адвокаттар, жеке нотариустер мен жеке кәсіпкерлер үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жатқызылған міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген кірістің он проценті мөлшерінде белгіленеді, бірақ ең төменгі айлық жалақының он процентінен кем болмауға және ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мелшерінен жоғары болмауға тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есептеп қосудың) және аударудыңтәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Салымшы-жеке тулғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен енпзеді. Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары оларды салық салынғаннан кейінгі табыс есебінен жүзеге асырған жағдайда жеке және заңды тулғалар болуы мүмкін. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы телемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.
Міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны үшін жауапкершілік: Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндіріп алады немесе оларды агенттер әрбір кешіктірілген күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Үлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуга тиіс. Міндетті зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаган жағдайда салық органдары міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегіндегі ақшаны агенттердің банктегі шоттарынан өндіріп алуға құқылы.Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен агентке жіберілетін хабарлама негізінде жүргізіледі.
Агенттердің банк шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салықо рганының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.Клиентке қойылатын талаптардың барін қанағаттандыру үшін банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жагдайда банк клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.
Салық органдарының шешімі бойынша, егер агент міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндіріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімін табыс етпесе және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агент-тердің банк шотындағы (шоттарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және міндетті зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен орындаута міндетті.
Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім шығарған салық органы жояды.
Агенттің 6анк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Рес-публикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен агенттің қолма-қол ақшасынан өндіріп алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың: жасы елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетакы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғанда; егер мугедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің; Қазақстан Рвспубликасынан тыс жерлерге тұрақгы тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:
елу бес жасқа толған адамдардың;
мүгедектердің;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін
немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Реслубликасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың қуқығы пайда болады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріне: елу жасқа толған; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңцарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.
Алушыға Орталыктан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің және кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек. Егер Орталықтан төленетін зейнетақы телемдерінің мөлшері ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болса, кесте бойынаша төленетін зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшері мен Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражаты таусылғанға дейін есептеледі. Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.
Міндетті зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақгалған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақгардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Заңды және жеке тұлғалардың зейнетақы активтеріне құқығы осы Заңмен көзделген заттық құқықтар разрядына жатады.
Салымшының, алушының жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер таратылғанда және (немесе) банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарға ғана жұмсалуы мүмкін:
тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына орналастыруға;
зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыруға;
зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не зейнетақы анну-итеті бойынша Қазақстан Республикасының заңцарында кезделген тәртіппен сақтан-дыру ұйымына аударуға;
қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате есептелген ақшаны қайтаруға.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін телеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығы-старды өтеуге.
Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы қорлары жерлегені үшін он бес еселенген айлық есептік керсеткіш шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде біржолы төлем жасайды.
Салымшының жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасатын зейнетақы шарты:
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.
Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартты уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының және өзге де адамдардың жауапкершілігі: Жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің салымшы мен алушының алдындағы міндеттемелері бойынша өз мүлкімен ғана жауапты болады; Салымшылар мен алушылар жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді, дәл сол сияқты жинақтаушы зейнетақы қорлары да салымшылар мен алушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді; Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершілігінің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен және шарттармен белгіленеді; Егер жинақталған зейнетақы қаражатын аудару немесе төлеу кезінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталган зейнетақы қаражатының сомасы, инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерінен аз болып қалса, ал жинақталған зейнетақы қаражатының кемуі жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) кастодиан банктің кінәсінен болса, жинақтаушы зейнетақы қоры инфляция деңгейін ескере отырып, өз капиталы есебінен, жинақталған зейнетақы қаражатының шығынын нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшеріне дейін қалпына келтіруге міндетті; Жинақталған эейнетақы қаражатын аударуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды кешіктіруге кінәлі заңды тұлғалар құқықтары бұзылған адамның пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде есімпұл төлеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |