Омоним.Синоним. Антоним.
1 нұсқа.
1. Омоним сөзді табыңыз.
А) Ел үмітін ел ақтар. В) Алма, өзіңе керегі жоқ затты алма.С) Баусыз оймақ қолда тұрмас.
Д) Қарақұс- жыртқыш құс.
Е) Көңілі бұлақтай таза.
2. Сөздің бірнеше мағынаға ие болуы.
А) СинонимВ) Көп мағыналы сөз С) АнтонимД) ОмонимЕ) Варваризм
3. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.
А) Егде-мосқалВ) Жіңішке- талдырмашС) Жуас-асауД) Межелеу-мөлшерлеуЕ) Көңіл – назар
4.Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Менен, жетеуВ) Сөк, түс,сөзС) Әдемі,сұлу,көріктіД) Сырмақ, шекпен,алаша
Е) Қыс-жаз,күз-көктем
5. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) ашық терезе В) ашық мінезС) ашық далаД) қолы ашықЕ) ашық әңгіме
6. Сөздің көп мағыналығын лексиканың қай саласы зерттейді?
А) лексикологияВ) семасиологияС) фразеологияД) ономологияЕ) терминология7. Синоним деген не?
А) Мағынасы бір-біріне қарама –қарсы сөздер
В) Жазылуы, айтылуы бірдей, мағыналары басқа-басқа сөздер
С) Жазылуы, айтылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер
Д) Мағынасы мен жазылуы бөлек, айтылуы бірдей сөздер.
Е) Белгілі бір мамандық, кәсіп аумағында қолданылатын сөздер
8. Зат есімді синоним қатарын көрсетіңіз.
А) Ардақты,қадірлі, құрметтіВ) Әжептәуір, бірталай, біраз
С) Құдірет, жасаған,жаратқанД) Аз,саяқЕ) Қысқа,шолақ,келте
9. «Жалығу» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Зерігу, құмар болуВ) Еріну,кешіруС) Зерігу, іш пысу
Д) Жалтару, қорғануЕ) Ығыр болу,көңіл қалу
10. Көп мағынаға ие бола алмайтын сөзді табыңыз.
А) бас В) көзС) аяқД) қолЕ) шаш
11. Қосарлы антоним қайсы?
А) Некен-саяқВ) Қараңғы – жарықС) ЖасылД) Тез-тезЕ) Қас пен көз
12. «Зиялы» сөзінің антонимін тап.
А) КөрегенВ) Көзі ашықС) МаңғазД) НаданЕ) Елгезек
13. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.
А) Қынай бел – сұлуВ) Ұзын құлақ - өсекС) Көзі тірі – көзі жоқ
Д) Ашығу- тоңуЕ) Ашулы- ашқарақ
14. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.
А) Жазда Ыстықкөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды.
В) Жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім.
С) Диктантты сауатты жаз. Дәрі жараны тез жазады.
Д) Қаладағы тіршілік қызық екен.
Е) Аш жүру-денсаулыққа зиян. Қарның ашты ма?
15. Омоним болатын сөз қайсы?
А) Жиырма бесВ) ӘлденеС) АлайдаД) ЖансызЕ) Өзіміз
16.Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Ел үмітін ел ақтар.В) Көк алманы алма.
С) Қарақұс – жыртқыш құс.Д) Көңілі бұлақтай таза Е) Сулы жер – нулы жер.
17. Антоним дегеніміз не?
А) Айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары жақын сөздер
В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер
С) Сөздің бастапқы мағынасы
Д) Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер
Е) Бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түрлі мағынадағы сөздер
18.Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.
А) Айтылған сөз- атылған оқ.В) Кітап – білім бұлағы.
С) Көз қорқақ, қол батыр.Д) Өлімнен ұят күшті.Е) Оқу-білім азығы.
19. Антонимді табыңыз.
А) уақ-түйек, майда-шүйдеВ) құт – береке, мәз-мейрамС) бүге-шүге, егжей-тегжей
Д) азын-аулақ, қым –қиғашЕ) бұрын – соңды, ертелі –кеш
20. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Көз,қас,бақВ) Ол,соған,бізС) Алыс,қашық,шалғайД) Оннан бір, екі,біріншіЕ) Кеше,ертең
21. Омоним бола алатын сөзді табыңыз.
А) ҚағазВ) КітапС) бетД) мұқабаЕ) оқулық
22.Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Жазда жазғы демалысқа шығамыз.
В) Түстегі оқиғаны еш түсіне алмадым.
С) Нағыз толған айды айдың ортасында көруге болады.
Д) Қыс бойы малшылар шөп болмай қысылып шықты.
Е) Ол таңертең ерте тұрды.
23. Асты сызылған сөздердің мағыналық түрін көрсетіңіз.
Айналайын қарағым,
Бетіне келмес қарағым.
А) синоним В) антоним С) омоним Д) тура мағына Е) көп мағына
24. «Ауру» сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.
А) дауа,шипа,ем В) айна,әйнек,терезе С) мерез,сырқат,кесел
Д) соқырішек, аққан,қышыма
Е) медбике,дәрігер, дәріхана
25. Төмендегі тіркестер қай топқа жатады?
Қырық пышақ, қырғи қабақ.
А) Синоним В) омоним С) антоним Д) тура мағына Е) ешбіріне жатпайды
Омоним .Синоним. Антоним.
2 нұсқа
1. Мына сөздердің ішінен синонимдерді табыңыз.
А) Ойшыл, аруана, асқақ
В) Алуан, асқар, айшықты
С) Ақылды,ғұлама, кемеңгер
Д) Ғалым,ұстаз,алпауыт
Е) Арман,Әсем,зерлі
2. Омоним дегеніміз не?
А) Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер
В) Мағыналары бір-біріне қарама –қарсы сөздер
С) Айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары жақын сөздер
Д) Сөздің бастапқы мағынасы
Е) Бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түолі мағынадағы сөздер
3. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Қашық, алыс,шалғай
В) Үру,ұруС) Сатушы,оқушыД) Сауатты,сауатсызЕ) Мырза, қызметші
4. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А) көрші-көлем В) жұт-жұрт С) соғыс-бейбітшілік Д) арман-мұрат Е) салт-дәстүр
5. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.
А) бұрыш В) бас С) ез Д) оқтау Е) шопан
6. Қарама-қарсы мағынада тұрған сөзді табыңыз.
А) үлкен- үлкендеуВ) көктем-жазғытұрыС) қысқа-ұзынД) жедел-тезЕ) ыстық-жасыл
7. Синоним дегеніміз не?
А) Айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары жақын сөздер
В) Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сөздер
С) Мағыналары бір-біріне қарама –қарсы сөздер
Д) Бір сөздің басқа сөздермен тіркескен кездегі әр түолі мағынадағы сөздер
Е) Сөздің бастапқы мағынасы
8. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.
А) Аз сөйлесең де, саз сөйле.В) Ердің екі сөйлегені өлгені.С) Әркімнің өзі шығар биігі бар.
Д) Асыл тастан, өнер жастан.Е) Адал еңбек ерге жеткізер, Арам қулық жерге қаратар.
9. Синоним емес сөздерді көрсетіңіз.
А)Барлық,барша В)Жұмбақ,жұпар С)Бейнет,михнат
Д)Бейіш,жұмақ Е)Әмір,бұйрық
10. «Ертең» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
А) Бір кездерден,бұрыннан В) Бұрын,сан жылдар С) Бұрыннан,ежелден Д) Ертеден,тақаудан Е)Жуықта,таяуда
11.Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.
А)Қалыңдық В)қарт С)шабу Д)тарту Е)қасы
12.Антонимдік жұпты көрсетіңіз.
А)саси-көпшілік В)бүгін-биыл С)кемсіну-кемтар
Д)дамылсыз-тоқтаусыз Е)бақытсыз-бақытты
13.Синоним сөзді көрсетіңіз.
А)Сөндіру,өшу,жағу В)жирен,бозғұлт С)мылжын,үндемес Д)Сотқар,бұзақы,тәртіпті Е)Ақсандау,сылту,шойнандау
14. «Бірге» сөзінің антонимін табыңыз.
А)Бөлек В)әрқалай С)қоса Д)әрқашан Е)жылдам
15.Синоним емес сөзді көрсетіңіз.
А)Ашулану,шамдану В)нұсқа,нұсқау С)әдеп,иба,ізет
Д) әдет, дағды Е) әдіс,тәсіл
16. Антоним қатысқан сөйлем қайсы?
А) Сөз сағасы – құлақ, Су ағасы – бұлақ.
В) Нар-түйеден, Тұлпар – биеден.
С) Жаманшылық пен жақсылық егіз.
Д) Жаман өле жейді.Е) Ұрлық түбі – белгілі.17. Омонимді табыңыз.
А) Жүйрік атымен шауып келеді.В) Бұлар менде атымен жоқ.С) Олар таң атқалы аттан түспеді.
Д) Ол қас жауына атқалы тұрған оғын атпады.Е) Оның тұлпары атын атаса жетіп келеді.
18. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А) жуан – семіз В) гүлдеу – шешек ату С) бірдей –бірлікД) аппақ-қап-қара Е) білімді-білікті
19. «Ертеден» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
А) Бір кездерден, бұрыннан В) Бұрын, сан жылдар С) Бұрыннан, ежелден
Д) Ертеден, тақауда Е) Жуықта,таяуда
20.Жазылуы бөлек, өзара мағыналас сөздерді табыңыз.
А) Ешкім, дәнеңе В) Бөтен,жатС) Күрең,ала Д) Берік, қол доп Е) Барша,кейбір
21.Қай топтағы синоним толық қатармен келген?
А) Өлмес,өшпес,мәңгі В) Пысық,жылпос,ширақ С) Саңырау, тосаң, сараң
Д) Туыс, жақын, жанкүйерЕ) Тәкаппар, паң, менмен
22. «Биік» сөзінің синонимін көрсетіңіз.
А) Зәулім,асқар В) Ұзын, биіктеуС) Беталыс,мекенД) Бойшаң, өсімталЕ) Өткір,қырлы
23. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Қап,ойбайВ) АқшылғбозС) Арық,семізД) Дарбаза,сымЕ) Жылы,ыстық
24. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Есті кісі,ақылды кісі В) Үлкен-кіші бас қостыС) Сүйкімді,болат қанжар тұрсын жайнап
Д) Биік әрі әдемі үй Е) Ұзын сөйлемнің қысқа мағынасы
25.Қарама-қарсы мағынада тұрған жұпты табыңыз.
А) Әдемі-әдемілеу В) Ұзын-биікС) Айдын-айқынД) Жоғары-төменЕ) Тамаша-әдемі
Достарыңызбен бөлісу: |