23
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
жеткіліксіз (Babajanian et al., 2015). Оңтүстік
Қазақстанда ауылдық жерлердегі адамдарға
қолжетімді күтім көрсетететін мемлекеттік
балабақшалар жоқ. Демек, ондағы адамдар
мұндай қызметтерді мүлдем пайдаланбайды
немесе ақы төлеуге, мысалы, арнайы балабақшаға
орналастыруға
және
арнайы
мамандарға
(психологтарға, логопед/дефектолог мамандарға)
ақша төлеуге мәжбүр.
Мүгедектігі бар адамдар оңалту орталықтарына
жету үшін арнайы көлікті қажет етеді, бірақ,
көлік берілетіні әрдайым кепілдендірілмейді.
Мүгедектігі бар балаларын аталмыш орталықтарға
қоғамдық көлікпен апаруды көптеген ата-аналар
қолайсыз деп санайтындықтан, осындай балалар
орталықтардан жиі шығып қалуы ықтимал
(Ковалевский A. 2012).
Мемлекеттік
көмек
әдетте
бейүкіметтік
ұйымдардың
көмегімен
толықтырылады,
бірақ, көп жағдайда сондай бейүкіметтік
ұйымдардың орналасқан жеріне байланысты
болады (Ковалевский A. 2012). Демек, осындай
бейүкіметтік
ұйымдар
және
әлеуметтік-
медициналық мекемелер жоқ жерлерде балалар
қызметтерге қол жеткізе алмайды деген сөз. Бұл
зерттеу бойынша кеңестер жүргізілген уақытта,
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру
конкурсына қатысатын бейүкіметтік ұйымдардың
жеткіліксіз саны арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қолжетімділікке тосқауыл ретінде көрсетілген
(әсіресе заңмен қарым-қатынастағы балалар мен
тұлғалар үшін).
Мүгедектікпен байланысты
кедергілер
Қазақстандағы мүгедектігі бар балалар туралы
әдебиетке шолу жасау (Томини және т.б.2013)
нәтижесінде мүгедек баласы бар отбасылар түрлі
секторларда тап болатын бірқатар кедергілер
анықталды. Ондай қиындықтар (Бокс 3)
қызметтер бар-жоғына және сапасына, жеткілікті
хабардар болмауға, қоғамдық стигма мен
жақтырмаушылыққа байланысты болып келеді.
Осылайша, көптеген ата-аналар мүгедек баласы
бар екенін мойындауға қысылады, сондықтан,
тиісті мамандарға жүгінбеуі мүмкін. Осындай
кедергілердің салдарынан мүгедектік «жасырын»,
яғни, отбасылармен хабарланбаған немесе
тіркелмеген күйде қала береді
1.4. Есептің мақсаты және
құрылымы
Осы есеп балалары бар табысы төмен және
ұрымтал отбасылар тұрмысы төмен отбасыларға
және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол
жеткізуде кезігетін кедергілерді аралас әдіспен
зерттеу нәтижелерін ұсынады. Оның құрылымы
келесідей: 2-тарау зерттеу әдістемесі жайлы
егжей-тегжейлі
ақпарат
береді;
3-тарауда
әлеуметтік көмек алудағы кедергілерге қатысты
зерттеу нәтижелері талқыланады; 4-тарауда
арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізудегі
кедергілер зерттеледі; 5-тарауда отбасылардың
мемлекеттік қолдаудан не күтетіні қаралады, ал
6-тарауда қорытынды мен кейбір ұсынымдар
келтірілген.
24
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кірістірме 3:
Мүгедектігі бар балалалар тап болған қиындықтар
Білім
• Жалпы білім беретін мектептердегі орын-жайларда және сыныптарда/мектеп ғимара-
тында ерекше қажеттіліктерді өтейтін жағдай жасалмауы
• Жалпы білім беретін мектептердегі оқу бағдарламасы мен оқыту әдісі мүгедектігі бар
балалардың қажеттіліктеріне бейімделмеген
• Даярланған мамандардың тапшылығы
• Балаларды арнайы мектептерге тіркеуден бас тарту
Денсаулық сақтау
• Ел аумағында мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелерінің біркелкі қолжетімді
болмауы
• Мүгедектікті анықтайтын арнайы даярланған медицина қызметкерлерінің тапшылығы
• Ата-аналардың мүгедектігі бар баласына қалай қарау керек және қандай қолдау көрсету
керек екенін дұрыс білмеуі
Қоғамның қатысуы
• Мүгедектігі бар балалардың/отбасылардың жоғары дәрежеде қоғамдық стигмаға тап
болуы
• Қызмет көрсетушілердің жақтырмаушылығы
Special social services and social assistance
• Әлеуметтік қызметтер/жәрдемақылар туралы және оларды қалай алу керек екені туралы
аз білу
• Медициналық/мүгедектікті анықтау және куәландыру рәсімінің талапшылдығы мен
уақытты шығындауы
• Қажетті құралдарды (мысалы, протездік және ортопедиялық құрылғыларды) жеткізуді
ұзақ күту
• Кейбір жерлерде мүгедектікті анықтайтын медициналық скрининг жүргізетін бөлімдердің
және даярланған қызметкерлердің болмауы
Дереккөз: Томини и др. 2013
25
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
2. Әдістеме
2.1. Шолу
Адамдардың
заңмен
құқық
берілген
жәрдемақыларды алмау себептері әр-алуан, әрі
күрделі. Ал өздерінің құқылы екенін білетіндер
әлеуметтік көмек алуға өтініш беруде әлі де
болса сәтсіздікке ұшырауы мүмкін, себебі,
олар дұрыс ақпарат алмаған, тартыншақтанады
немесе қызықпайды (немесе аталғандардың
барлығы бірге) (O’Brien and Pellerano, 2015).
Бірақ, басқалары көмек бар екенінен немесе сол
көмекке құқылы екенінен хабары болмауы мүмкін
– басқаша айтқанда, бейхабар (сол дереккөзде).
Мұндай
күрделілік
зерттеушіге
осындай
себептердің әртүрлілігін және олардың туындау
ауқымын қалай тиісінше қамту екені жағынан
қиындық тудырады. Сондықтан, кең ауқымды
іріктелім аарсында сауалнама және тереңдетілген
сапалық сұхбаттар қатар қолданылатын аралас
әдіс таңдалды.
Этикалық сараптама
Этикалық сараптама жетекші серіктесіміз «ODI»
орталығымен бастапқы сатыда жүргізіліп, ешбір
алаңдатар мәселе анықталған жоқ. ЮНИСЕФ
өзінің этикалық сараптамасын жүргізіп, ешбір
алаңдатар мәселе тапқан жоқ.
Зерттеу аймақтарын іріктеу
ЮНИСЕФ үш өңірді жобадан бұрын әдейі таңдаған
болатын, олар: Қызылорда облысы, Маңғыстау
облысы және Астана қаласы. Осылардың ішінде
төменірек деңгейлі бастапқы іріктелім бірліктері
таңдалды, себебі, осы тарауда толығырақ
айтылатындай, облыс деңгейінде репрезентативтік
іріктелім құрамдауға тырысу орынсыз болар еді.
Сандық және сапалық компоненттерді бірдей
аудандарда жүргізу (кейінірек айтылатындай
Астанадағы жағдай біршама басқа болса да)
туралы шешім қабылданды.
2.2. Сандық әдіс
Іріктелім
Әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілердің ауқымын түсіну
үшін бірінші сатыда осы зерттеудің іріктелімін
қалыптастыру үшін таңдалған үш өңірде
(Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы және
Астана қаласы) репрезентативтік сауалнама жүргізу
қажет болды. Көп сатылы іріктелім қолданылды,
бұл ретте, түпкі іріктелім Қызылорда және
Маңғыстау облыстарындағы үш аудан деңгейінде
қалыптастырылды. Астанадағы іріктелім басқаша
жасалды, нәтижесінде ең кедей 11 кластерден
тұратын іріктелім құралды. Іріктелім стратегиясын
таңдау себептері осы тарауда келтірілген.
Іріктелім қалыптастырудағы бірінші қиындықты
қарастырылатын халық тобы – әлеуметтік
көмекке құқылы адамдар – өте аз болғандығы
тудырды, ресми мәліметке сүйенсек, олар
Қазақстан халқының тек 0.1% ғана құрайды екен.
Негізінде, осы халық тобынан іріктелім жасау
үшін үй шаруашылығы деңгейінде табыс көлемі
туралы мәліметтер бар іріктелім жиынтығы
қажет. Бастапқыда көмек алуға құқылы үй
шаруашылықтарын тікелей анықтау үшін бізге
Үй шаруашылықтары бюджетін зерттеу (ҮШБЗ)
мәліметтерін пайдалану ұсынылды, бірақ, бұл
мүмкін болмай шықты, себебі, 1) өңірлерді қайта
іріктеу алдында қатарынан үш жыл бойы аталған
өңірлерде жүргізілген ҮШБЗ іріктелімі, яғни,
жаңартылған ҮШБЗ мәліметтерінде табысы төмен
үй шаруашылықтарының саны іріктелім жасау
үшін тым аз болды, және 2) ҮШБЗ зерттеуінің
респонденттердің аты-жөні көрсетілген нұсқасы
осы жобаға берілген жоқ. Үй шаруашылығының
табыс көлеміне қатысты мәліметтері бар іріктелім
болмағандықтан,
репрезентативтік
іріктелім
жасаудың жалғыз балама жолы бүкіл халықты
Достарыңызбен бөлісу: |