О положении детей в Республике Казахстан


Заңда азаматтардың шағым, сұрау, арыз жазылған өтініштерін қарау тәртібі де, осы өтініштерге жауап беру тәртібі де анық әрі нақты жазылған



жүктеу 2,1 Mb.
бет3/7
Дата23.11.2018
өлшемі2,1 Mb.
#23932
1   2   3   4   5   6   7

Заңда азаматтардың шағым, сұрау, арыз жазылған өтініштерін қарау тәртібі де, осы өтініштерге жауап беру тәртібі де анық әрі нақты жазылған.

Мемлекеттік органдар мен соттан басқа, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл (омбудсмен), Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты құқық қорғау ұйымдары жұмыс істейді.


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия
      1994 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен консультативтік-кеңесші орган ретінде Мемлекет басшысы жанынан Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылды. Адам құқықтары жөніндегі комиссия қызметінің негізгі бағыты Мемлекет басшысына өзiнiң адам құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруға жәрдемдесу болып табылады. Комиссия адам құқықтары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Комиссияға түсетін өтініштер, ең алдымен, адам құқықтарының ахуалын зерделеу, заңнамалық базадағы және мемлекеттік органдардың құқық қорғау практикасындағы кемшіліктерді анықтау үшін қажет.

Комиссия мемлекеттік органдармен, соттармен, прокуратурамен, полициямен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды, олардың бірлескен қызметі қазақстандықтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл

Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен құрылды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын, өз құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға өкілетті берілген лауазымды адам болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және өзгеше қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің қызметін қамтамасыз етеді.

Комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдарына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл өз қызметін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шет ел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың өздерінің Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заң актілерімен және халықаралық шарттарымен кепілдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзатын лауазымды адамдар мен ұйымдардың iс-әрекетi мен шешiмдерiне арыздарын қарайды.

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілерін белгілеу мақсатында Уәкілетті өкіл өз құзыреті шегінде жолсыздық фактілері туралы мәліметтерді келіп түскен арыздар негізінде де, егер бұл жолсыздықтар туралы оған ресми көздерден немесе бұқаралық ақпарат құралдарынан белгілі болса, өз бастамасымен де тексереді.

Бұдан басқа, Уәкілетті өкіл қызметтік куәлігін көрсету арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, оның ішінде, әскери бөлімшелер мен құралымдардың аумақтары мен ғимараттарына кіріп-шығуға және онда болуға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарына баруға, онда ұсталатын адамдармен кездесіп, сөйлесуге құқылы.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру үшін орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасындағы үйлестіру қызметiн, сондай-ақ азаматтық қоғамның үкiметтiк емес және басқа да секторларымен ынтымақтастық жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 36 қаулысымен арнайы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Балалардың құқықтарын қорғау комитетi құрылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

«Қазақстан Халықтарының ассамблеясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен елдегі этносаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан консультативтік-кеңесші орган құрылды. Ассамблеяның конституциялық мәртебесі бар және ол Парламент палаталарының бірі – Мәжіліске 9 депутат сайлауға құқылы. 2008 жылғы қазанда оның қызметін нормативтік-құқықтық реттеуді қамтамасыз еткен «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.

Жоғарыда аталған институттардың барлығы құқық бұзуды қорғауда қосымша мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олар республикадағы балалардың құқықтарын қорғау мониторингін жүзеге асырады.

Арыздарда көрсетілген фактілерді тексеру барысында, олардың лауазымды адамдар мен ұйымдардан арызды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс не қылмыстық іс қозғау туралы қолдаухатпен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінуге; жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабарлама жариялауға құқығы бар.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді. Комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығымен құрылған. Оның мәртебесі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органы. Комиссия міндеттерінің бірі ерлер мен әйелдер мүмкіндігінің теңдігіне жетуге ықпал жасау, отбасы институтын нығайту, жыныстар теңқұқылығының сақталмауына, отбасы мәселелеріне қатысты өтініштерін қарау.



Адам құқықтары жөнінде хабардар болуды жоғарылату
Қазақстан Республикасында Адам құқықтары саласындағы іс-қимылдың 2009 – 2012 жылдарға арналған ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) әзірленді.

Ұлттық жоспардың негізгі мақсаттары: адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру, адам құқықтары саласындағы білімнің негізгі принциптері мен әдістерін жалпы түсінуді жетілдіру, ұлттық және халықаралық деңгейлерде адам құқықтары саласындағы білімге баса назар аудару, адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру және дамыту ісінде барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын кеңейту, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы білімнің қолданыстағы оқу бағдарламаларын жетілдіру болып табылады.

Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 154 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді.

Тұжырымдаманың мақсаты адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар мен пактілер шеңберіндегі халықаралық-құқықтық құралдарға сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту және олардың мемлекетпен және бизнес-сектормен тең құқылы әріптестігі үшін заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық-әдістемелік базасны жетілдіру болып табылады.

Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен «Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама» бекітілді.

Бұл бағдарлама шеңберінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқық түсіндіру жұмысы мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс, халықтың жеке санаттарының құқықтық сауаттылығының міндетті минимумын әзірлеу мен енгізу және адам құқықтарын құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған басқа да шаралар көзделген.

Адам құқықтары білім берудің барлық жүйесі шеңберінде және білім берудің барлық деңгейілерінде енгізілуде және іске асырылуды.

Әрбір балаға қажетті көлемде саяси-құқықтық білім беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін бейінді орта мектептердің 10-11 сыныптарында 68 сағат және жаратылыстану-математика бағытындағы мектептердің 10 сыныптарында 34 сағат көлемінде «Құқық негіздері» пәні оқытылады. 9 сыныптарда 68 сағат көлемінде «Адам. Қоғам. Құқық» пәні оқытылады. Қазақстандық қоғамның құқықтық жүйесі, құқық салаларының негізі, соттың, прокуратураның және басқа да құқық қорғау органдарының қызметі осы курстарды оқытудың мәні болып табылады.

2006 – 2007 оқу жылынан бастап республика мектептерінде құқық пәндері республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының тізбесіне енгізілді, бұл оқушылардың құқық пәндерін оқуға ынтасын арттыруға ықпалын тигізеді.

Бұған қоса факультативтер, сынып сағаттары, мектептен тыс іс-шаралар жүргізіледі. Оқушылар арасында құқық түсіндіру жұмысын ұйымдастыратын мектеп үгітбригадалары жұмыс істейді.

Адам құқықтарын қорғау және демократиялық бостандықтар, барлық азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысу мүмкіндігі, баршаның және әркімнің теңдігі, ұлтына, діни нанымына қарамастан, жеке тұлғаны және бостандықтарды құрметтеу принциптеріне негізделген «Азаматтық білім беру» вариативті курсы жүргізіледі. Вариативті курстың сағат саны – аптасына 1 сағат.

Адам құқықтары саласындағы білім беру проблемалары жөніндегі материалдар: «Қазақстан балалары» (ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті), «Бала және құқық», «Қазақстан тарихы», «Учитель Казахстана», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан мектебі» және тағы басқа мерзімді журналдар мен газеттерде жарияланады.

Балалардың құқығын қорғау департаменттерінде 6 WEB-сайт құрылған, оларға құқықтық ақпарат орналастырылып, құқық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Балалардың құқығын қорғау комитетінің www.bala-kkk.kz сайтында «Өзін-өзі тану», «Қоғамға қызмет ету», «Сұрақ-жауап», «Гаага Конвенциясы» және тағы басқа айдарлар құрылған.

Халықтың заңдық ақпаратқа қол жетімділігі кеңейтілді. Қоғамдық орындарда қолданыстағы құқықтың электрондық базасына тегін кіру нүктелері орналастырылған. Сонымен қатар, Әділет министрлігінің сайтында аталған базаның қысқартылған тегін Интернет-нұсқасы жұмыс істейді. Таяудағы перспективада барлық құқықтық массивке халықтың Интернет арқылы қол жетімділігін кеңейту жоспарланып отыр.

Білім және ғылым министрлігі 2010 жылы адамның негізгі құқықтары, жалпы білім беретін мектептердегі адам құқықтарын оқыту туралы мектеп оқушыларының хабардар болуы жөнінде әлеуметтанушылық сауалнама жүргізді.

Сауалнама нәтижелері оқушылардың мектептегі өз құқықтарын неғұрлым терең оқып білуге жоғары қызығушылық (96 %) танытатынын көрсетті. Өз құқықтары бұзылған жағдайда қайда өтініш беру керектігін білетін балалар пайызы төменгі сыныптардан жоғары сыныптарға қарай өсуде (45 %-дан 76 %-ға дейін).

Адам құқықтары мәселелері бойынша білімнің қалыптасуы мен балаларға практикалық көмек көрсетуде ата-аналар мен отбасының рөлі ерекше, себебі адам құқықтары туралы ақпаратты оқушылардың жартысынан астамы өз ата-анасынан алады және құқығы бұзылған жағдайда олар тағы да ата-анасына жүгінеді.

Қазіргі уақытта Азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін жоғарылату жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді.

Балаларға өздерінің проблемаларын шешуде уақтылы көмек көрсету, балаларды құқықтық қорғау мәселелеріндегі істің жай-күйі, олардың өз құқықтары туралы хабардар болу дәрежесін туралы ақпаратты жинау және талдау, бала құқықтары туралы материалдарды тарату мақсатында республикада сенім телефондары мен балалардың қоғамдық қабылдаулары жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны

іске асыруы туралы

І. Жүзеге асыру жөніндегі жалпы шаралар

(Конвенцияның 4, 42-баптары және 44-бабының 6-тармағы)


Конвенцияның жоғарыда көрсетілген баптарын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат бастапқы баяндаманың 21-24, 29, 30, 55-57, 70-72, 84-тармақтарында және оған қосымша мен Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші жиынтық мерзімді баяндаманың 18-59-тармақтарында баяндалған.

Конвенцияның жалпы принциптері мен нормалары (2, 3, 6 және 12-баптар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық атқару кодекстеріне имплементацияланған. Негізгі қолдану саласы балалардың құқықтары мен мүдделері болған тұтастай заңдар кешені қабылданды (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Балалары бар отбасына мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» және басқа заңдары).

2006 жылдан бері балалардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi заңнаманы одан әрi дамыту оны Конвенция принциптері мен ережелерiне неғұрлым толық сәйкес келтіру және баланың әлеуметтiк сәтсіздігінің алдын алу үшiн құқықтық жағдайлар жасау мақсатында жүзеге асырылды. Бұған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының, «Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы 253-IV Заңының қабылдануы ықпал етті.

Балалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн сақтауға қатысты ұлттық саясатты iске асыруға бiлiм беру, денсаулық сақтау бағытталған:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 қаулысымен бекітілген «2008 – 2016 жылдарға арналған Салауатты өмір салты» бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1251 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы қан қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы» 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарлама.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы ана мен бала өлім-жітімін азайту жөніндегі 2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарлама.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен бекітілген Құқық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ-тің елдік бағдарламасының 2010 – 2015 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Елдік бағдарлама балалардың, әсіресе осал топтардың өмір сүру сапасын жақсартуда, сондай-ақ қатар өңірлік және гендерлік теңсіздікті азайтуда Қазақстан Үкіметіне ықпал етуге бағытталған.

Елдегі экономикалық өсуге байланысты балалар мүддесiндегi: оқыту, тәрбиелеу, денсаулық сақтау, адамгершілік және рухани даму, әлеуметтiк қамтамасыз ету және отбасы мен балаларды қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру үшін басым қаржыландыру белгіленген.

2010 жылы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 9000 АҚШ долларын құрады, бұл 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 25%-ға артық (6 772 АҚШ доллары).

Елдегі әлеуметтік салаға арналған шығыстар жыл сайын ұлғаюда.

Егер 2006 жылы мемлекеттік бюджеттің жалпы көлеміндегі шығыстар үлесі 41,34%-ды құраса, 2010 жыл қорытындысы бойынша 50%-дан артық.



(млн. теңге)

Шығындар

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Мемлекеттік бюджет

Білім беру

480 696


641 060

746 477

797 414


%-бен

17,0

16,9

17,6

16,9

Денсаулық сақтау

299 381


363 210


450 893

551 326


%-бен

11,2

10,7

12,0

12,4

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

502 381


622 017


758 308


905 273


%-бен

18,8

18,3

20,3

20,3

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

122 210

163 969

173 618


227 564


%-бен

7,5

6,9

8,1

5,1

Республикалық бюджет

Білім беру

127 700

168 210

215 560

236 393


Денсаулық сақтау

100 830


115 581


176 800


367 185


Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

462 667


566 194


695 931


835 497


Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

62 964


87 461


104 389


135 389


Жергілікті бюджет

Білім беру

352 996

472 850

530 917

579 648


Денсаулық сақтау

262 852


320 762

386 553

330 352


Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

44 789


61 874


86 123

97 381


Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

73 778


108 493


108 183


129 795




Конвенцияның принциптері мен ережелері туралы хабардар ету
Республикада балалармен жұмыс iстейтiн мамандардың, жұртшылықтың, балалар мен олардың ата-аналарының Конвенцияның негiзгi ережелерi туралы хабардар болу мәселелерiне, оларды насихаттауға және түсiндiруге зор көңiл бөлiнедi.

Құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық жүйе қызметкерлерін оқыту және олардың кәсіптік деңгейін жоғарылату жөнінде тұрақты негізде шаралар қабылданып тұрады. Oның ішінде адам құқықтары саласындағы халықаралық құқықтық нормалар мен стандарттарды зерделеу және қолдану бөлгінде.

Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) оқу мекемелерінің, сондай-ақ біліктілікті жоғарылату курстарының бағдарламаларына Бала құқықтары туралы конвенцияны, сондай-ақ балалардың құқықтары мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді оқытуға арналған арнайы курстар енгізілген.

ІІМ жоғарғы оқу орындарында «Әлеуметтану» пәні бойынша, «Отбасы мен жастарды әлеуметтендіру», «Бала құқықтары туралы конвенция» тақырыптары 6 сағат көлемінде, ал колледждерде – «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету» тақырыбы 4 сағат көлемінде және ІІМ училищелерінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторларды даярлау барысында «Арнайы даярлық» пәні бойынша Бала құқықтары туралы конвенциясы жөнінде тақырыптар оқытылады.

2010 жылғы 19 – 21 мамыр аралығында Астана қаласында Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюромен бірге ІІМ училищелерінің 15 өкілінің қатысуымен адам құқықтары жөніндегі арнайы курс өткізу әдістемесі бойынша балалардың мүддесі мен құқықтарын оқыту жөніндегі тақырыптарды көздейтін тренинг өткізілді.

Учаскелік және мектептегі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция инспекторлары тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдары мен мектептерде Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі принциптері мен ережелерін ақпараттық жария етуді жүргізеді, сондай-ақ балалар үшін құқықтары бұзылған жағдайда өз құқығын қорғау жөнінде оқыту тренингтері өткізіледі.

Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелері мен баптары туралы хабардар болуын жоғарылату үшін республикалық іс-шаралар: форумдар, саммиттер, конференциялар, дебаттар және басқалары өткізіледі.

2007 – 2010 жылдары барлығы 40 мыңнан астам әртүрлі іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде 210 семинар, 50-ге жуық дөңгелек үстел, жеті мың дебат, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша диспуттар, 20 мыңнан астам қайырымдылық акциялары, суреттердің, плакаттардың конкурстары, мерекелік концерттер және басқалары. Әртүрлі халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, меценаттар, демеушілер және тағы басқалар іс-шараларды өткізуге белсене қатысады. Ата-аналар үшін, әсіресе ауылдық жерлерде, балалардың қатысуымен ата-аналар лекторийлерін, семинар-тренингтер, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу көзделген. Білім беру ұйымдарында Бала құқықтары туралы конвенцияға арналған стенділер, бұрыштар, кітапханаларда құқықтық білім беру жөніндегі стенділер ресімделген.

Айталық, мысалы, 2009 жылғы қарашада Астана қаласында Бала құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына арналған «XXI ғасыр балалары: біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз» атты республикалық саммит өткізілді. Саммиттің негізгі міндеттері – Бала құқықтары туралы конвенцияның баптары туралы хабардар болуды жоғарылату, қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы балалар мен жасөспірімдер жағдайының ең өзекті проблемаларын айқындау, дипломатия тілі мен төзімділікке үйрету.

2010 жылы Павлодар қаласында III-ші Республикалық патриоттар форумы өтті. Форумға қатысу балаларға қоғамдық маңызы бар қызметке, мастер-класстар, дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шаралар өткізуге қатысуда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

2010 жылғы 19 – 29 қараша аралығында Бүкіләлемдік Бала күніне арналған «Бүкіл әлем мен үшін» тақырыбына онкүндік өткізілді. Бүкілқазақстандық онкүндік барысында бүкіл республика бойынша әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар, оның ішінде қайырымдылық акциялары, конкурстар, дебаттық турнирлер, пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, кездесулер мен әлеуметтану сауалнамалары өтті.

Республикада үгіттоптар, үгітбригадалар, мектеп омбудсмендері жұмыс істейді.

Павлодар облысында мектеп омбудсмендері әрекет етеді. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстағы жалпы білім беретін 146 мектеппен бірге мектеп омбудсмені қызметінің ережесіне қол қойып, 2009 – 2011 оқу жылына арналған жоспарын бекітті. Білім беру ұйымдарында мектеп омбудсмендерінің атына жазылған өтініштер мен хаттар үшін жәшіктер орнатылған, оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Павлодар қаласындағы мектеп омбудсмендері компьютерлік клубтарды тексеру акциясына қатысып, қала мектептері оқушыларының арасында өз құқықтары туралы хабардар болу мәселелері жөнінде сауалнама жүргізді.

«Құқықтық шолғыншы» үгіттоптары Конвенция баптары туралы әңгімелер, сюжеттік қойылымдарды көрсетуді жүзеге асырады, құқық тақырыбына викториналар, сайыстар, дөңгелек үстелдер өткізеді.

Жыл сайын республикада әлеуметтану зерттеулері, Конвенция ережелері туралы балалардың хабардар болу деңгейінің, бала құқықтары бойынша ағартушылық және білім беру қызметінің мониторингі жүргізіліп отырады.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Конвенцияны ратификациялауының 15 жылдығы шеңберінде және 2010 жылы республиканың бiлiм беру органдары балалардың Конвенция ережелерi туралы хабардар болу деңгейінің, бала құқықтары жөнiндегi ағартушылық және бiлiм беру қызметінің мониторингін жүргiздi. Алынған материалдарды талдау республиканың бiлiм беру ұйымдарында, әсіресе елді мекендерде, оқушылар арасында да, сондай-ақ ата-аналар қауымы мен педагогтар арасында да Конвенция ережелерiн түсiндiру жөнiндегi жұмыстың жандана түскенi туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi.

2010 жылы республиканың қалалық және ауылдық өңірлерінен 193 025 бала балалардың өз құқықтары жөнінде хабардар болуының, Бала құқықтары туралы конвенция, балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына; бала сатуға, балалардың жезөкшелігіне және балалар порнографиясына қатысты Факультивтік хаттамалар сияқты негіз қалаушы халықаралық құжаттарды білуінің деңгейі жөнінде зерттеулермен қамтылды.

Тұтастай алғанда, оқушылардың бала құқықтары туралы мағлұматы бар. Сауалнамаға қатысқандардың жартысы халықаралық құқық қорғау құжаттары туралы жақсы білетінін көрсетті.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы Бала құқықтары туралы конвенция туралы біледі: ең жоғары көрсеткіш Батыс Қазақстан (89%), Павлодар (89%), Шығыс Қазақстан (86%), Жамбыл (62,1%) облыстарында. Қалған облыстарда Конвенция туралы хабардар болу көрсеткіштері 56%-дан 60%-ға дейінгі аралықта.

Білім берумен, сондай-ақ денсаулықпен және эмоционалдық саулықпен (физфикалық және психологиялық зорлықтың, кемсітудің, қатал немесе немқұрайлы көзқарастың барлық түрлерінен қорғаумен) байланысты құқықтар ең маңызды құқықтар деп белгіленді.

Зерттеу нәтижелері бойынша мектеп балалар үшін ең негізгі және маңызды құқықтық ақпарат көзі болып қала береді. Атырау облысы (86%), Алматы қаласы (60%), Ақтөбе (54%) және Қарағанды (50,5%) облыстары балаларының жартысынан астамы осылай деп санайды. Қалған облыстардағы балалар мектептен басқа, ата-аналар мен БАҚ-ты ақпарат көзі болып табылады деп санайды.

Сауалнамаға қатысқандардың барлығының дерлік бала еңбегінің ең нашар түрлері туралы хабары бар. Бұл терминді Алматы қаласының сауалнамаға жауап берушілерінің жартысынан астамы (63%) анықтай алды. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары (98,9%), Ақмола облысының сауалнамаға қатысқан оқушылары (89%) және қалған облыстар оқушыларының 57%-дан астамы республикада балалардың мәжбүрлі жұмыс істеуіне тыйым салынғанын біледі.

Шығыс Қазақстан (98%), Ақмола (98%), Павлодар (96,5%), Батыс Қазақстан (95%), Қызылорда (63,1%) облыстары, Алматы қаласы (54%) оқушыларының жартысынан астамы сауалнамаларда мемлекеттіңі бала сатуға, балалардың жезөкшелігі мен балалар порнографиясына тыйым салғаны туралы білетінін көрсетті. Қалған облыстардың оқушылары сауалнамаларда мемлекет бала сату мен балалардың жезөкшелігі үшін жазалайды деп көрсетті. Ауылдық жерлерде балалардың Конвенция ережелері туралы білімі қалалық жерлерде тұратын балалардың білімінен кем түспейтінін атап өткен жөн.


Баяндаманы қалың бұқара арасында тарату
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Комитет жыл сайын Мемлекет басшысына республикадағы балалардың жағдайы туралы баяндама дайындайды, ол Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына орналастырылып, жұртшылықты хабарда ету үшін бөлек кітапша ретінде шығарылады.

45-ші сессияда Қазақстанға берілген ұсынымдарды іске асыру мақсатында Бала құқықтары жөніндегі комитеттің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, 2007 жылғы 7 қарашада Халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 5-ші отырысында бекітілді. Бұл Жоспар және Бала құқықтары жөніндегі комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдары Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында орналастырылған.

Бала құқықтары жөніндегі комитеттің 45-ші сессиясының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Астана қаласында 2009 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы БҒМ «Балалық шақты қорғаудың қазақстандық жүйесі: түйінді проблемалар, тәжірибе, перспективалар» тақырыбына республикалық дөңгелек үстел отырысын өткізді. «Дөңгелек үстел» жұмысына республиканың мемлекеттік органдарының, БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Балалар қорының (ЮНИСЕФ), ғылыми қоғамдастықтар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Азаматтық қоғам ұйымдарымен ынтымақтастық
Балалық шақ мәселелерімен 221 үкіметтік емес қоғамдық ұйым (бұдан әрі – ҮЕҰ) айналысады. 40-тан астам ҮЕҰ-мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға, келісімдерге және шарттарға қол қойылды.

Біріккен жобалар іске асырылып, халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен балалық шақ проблемаларын шешу жөнінде әлеуметтану зерттеулері, форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқу семинарлары, тренингтер, кеңестер жүргізіледі.

2011 жылғы маусымда омбудсмен, БҰҰ Қазақстандағы Балалар қоры мен Орталық Азиядағы «Халықаралық түрме реформасы» өкілдігі арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды, оның мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін балалар мекемелерінде бала құқықтарын сақтау бөлігінде мониторинг өткізуге үйрету болып табылады.

2007 – 2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) бірлесіп, 24 әлеуметтану зерттеуін жүргізді, 80 мыңнан астам жинақтар мен оқу құралдарын әзірлеп, басып шығарды. Балалар мен ересектерге мағлұмат беру үшін бала құқықтары туралы 4 фильм, 14 бейнеролик, «Что мне надо знать?», «Не білуім керек?» атты 2 мультипликациялық фильм шығарылды.

Республиканың 10 өңірінде жетім балаларды өз отбасына алғысы келетін азаматтарды даярлау үшін 14 Өкіл ата-аналар мектебі ашылды. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қызақстан облыстарында және Астана қаласында 7 отбасын қолдау орталықтары мен қызметі жұмыс істейді.

2009 жылғы қазанда Астана қаласында IV-ші Азаматтық форум өтті. Форум нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен бизнес өкілдерінің біріккен күш-жігерімен Азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының II-ші кезеңін іске асыру бойынша тиімді жұмысты одан әрі жалғастыру үшін ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

2011 жылғы наурызда Астана қаласында Қазақстан әйелдерінің V-ші Форумы өткізілді. Форумда Қазақстан этностарының рухани мәдениетін дамытуға баса көңіл бөлу, отбасы құндылығын насихаттау, жанжалдардың алдын алу үшін күш-жігерді біріктіруде әйелдер ұйымдарына қолдау көрсету, бітімгершілік жобаларына қатысу аясын ұлғайту, гендерлік теңдік саясатын жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.


II. «Бала» ұғымының анықтамасы

(1-бап)
Қазақстандық заңнамадағы «бала» ұғымының анықтамасы Бала құқықтары туралы конвенцияның 1-бабына сәйкес келеді.



III. Жалпы принциптер

а) Кемсітпеушілік

(2-бап)
Конвенцияның жоғарыда көрсетілген бабын жүзеге асыру жөніндегі шаралар бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші жиынтық мерзімді баяндаманың 64 – 89-тармақтарында баяндалған.

Қазақстан Республикасының Конституциясында заң мен сот алдында баршаның теңдігі көзделген. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген басқа да жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Мемлекет өз заңнамасында да, сондай-ақ практикада да мемлекеттік органдар тарапынан болсын немесе жеке тұлға тарапынан болсын, кез келген кемсітуді болдырмауды өз міндетіне алады.

Елде Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекiтiлген, жыныстық тиесілілігіне қарамастан, қоғамның барлық мүшелерiнiң тең құқықтары мен мүмкiндiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасындағы гендерлiк теңдiктің 2006 – 2016 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан жалпы орта бiлiм беруде гендерлiк паритетке қол жеткiзді.

Барлық оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу материалдары мазмұны жағынан барлық оқушылар үшін бірдей.

2009 – 2010 оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 246 790 қыз бала оқыды, бұл оқушылардың жалпы санының 50 %-ынан астамын құрайды.

Республикада қыздардың мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатысуы жандана бастады, бүгінгі күні олардың көбі балалар мен жастар ұйымдарының көшбасшысы, спорттық жарыстардың, пәндік олимпиадалардың, мәдени іс-шаралардың жеңімпаздары.

Оқып жатқандардың ішінен:


Сыныптар


2005 – 2 006

оқу жылы


2009 – 2 010

оқу жылы


қыздар

ұлдар

қыздар

ұлдар

1 – 4

48,9%

51,1%

49%

51%

5 – 9

49,05 %

50,95%

49,1%

50,9

10 – 11 (12)

52%

48 %

53%

47%

Республиканың кәсіптік білім беру саласында барлық санаттағы білім алушылар үшін тең жағдайлар жасалған және оқу орындарының білім алушылары мен қызметкерлері арасында әйелдер санының басым екенін атап өткен жөн.

Жоғары оқу орындарындағы студенттер контингенті шамамен 600 мың адамды құрайды, оның ішінде қыздар – 361 446 (58,3%) адам. Мемлекеттік білім гранты есебінен 140 533 адам білім алады, оның ішінде қыздар – 73 092 (61,6%).

Кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындарында білім алушылардың жалпы санынан (603 831) қыздар 275 474 (45,6%) адамды құрайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында (Жол картасы бойынша) қыздар мен әйелдерді қоса алғанда 2009 жылы 95,6 мың адам, 2010 жылы – 71,1 мың адам республикалық бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде, оқу орталықтарында қайта оқытылды.

Облыстық, Алматы, Астана қалаларының білім басқармаларының деректері бойынша 2009 жылы 23 102 әйел қайта оқытудан өткізілсе, оның ішінде 9 206 әйел жұмысқа орналастырылған, 2010 жылы 12 076 әйел оқытылып, оның ішінде 6 302 әйел жұмысқа орналастырылған.



Репатрианттар (оралмандар) мен мәжбүрлі түрде қоныс аударғандардың құқықтары
Оралман балалар саны 19 мыңнан астам баланы құрайды, оның ішінде мектепке дейінгі жастағы 4 824 бала және мектеп жасындағы 14 201 бала бар.

Облыстық білім басқармаларының деректері бойынша мектеп жасындағы репатрианттардың балаларының бала кезінен мүгедек 18 баладан өзгелерінің барлығы оқумен қамтылып, тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген.

2009 – 2010 оқу жылында кәсіптік және техникалық білім ұйымдарында 2299, оның ішінде кәсіптік лицейлерде 1062, колледждерде 1237 оралман оқыды.

Республиканың жалпы орта бiлiм беретін ұйымдарында таяу және алыс шетелдерден: Өзбекстаннан, Түркiменстаннан, Тәжiкстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден, Украинадан, Грузиядан, Иран Республикасынан, Қытайдан, Монғолиядан, Түркиядан, Пәкстаннан, Сауд Арабиясынан, Ауғаныстаннан келген оралман оқушылар үшiн олардың бiлiмiндегi кемшіліктерді жою және бiлiм бағдарламаларына бейiмдеу мақсатында қосымша сабақтар, консультациялар өткiзiледi, арнайы көшу бағдарламалары көзделген.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу мекемелеріне оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес «Кәсіптік және техникалық, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берулің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін кезде қабылдау квотасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне 2 % квота көзделген.

Білім алушы оралмандарға міндетті түрде білім беру ұйымдарының жатақханасынан орын бөлінеді, олар стипендиямен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Оқытушылар, бөлім меңгерушілері, өндірістік оқыту шеберлері оқитын оралмандарға оқу жағдайы мен өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуға көмектеседі.

Тілді үздік меңгеру үшін мектептерде «Тіл дамыту», «Тіл мәдениеті», «Сөз өнері» арнайы қосымша курстары енгізілген. Қызығушылықтарына қарай үйірмелер, қазақ және орыс тілдері бойынша факультативтік сабақтар ұйымдастырылады.



Арнайы қажеттіліктері бар балаларға және некесіз туылған балаларға қатысты кемсітпеу
Арнайы қажеттіліктері бар балаларға қатысты «даму мүмкіндіктері шектелген балалар» термині пайдаланылады.

Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық органдарына 2007 жылдан бері 11 мыңнан астам жазбаша өтініш түсті. 2006 – 2010 жылдары Бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті өкілге жүгінген азаматтар мен мекемелер саны 427-ні құрады. Алайда, некесіз туылған балаларға қатысты кемсіту туралы арыз-шағымдар тіркелмеген.

Сондай-ақ балалар мен ересектерге қатысты ксенофобия фактілері туралы да өтініштер түскен жоқ. Қазақстан – көп ұлтты ел, онда 140 ұлт пен ұлыс өкілдері татулық пен келісімде өмір сүріп жатыр.

Оның ішінде көп ұлтты халықтың атап өтерлік басты айырмашылық белгісі сыйластық, төзімділік, ашықтық пен тілектестік болып табылады.



Денеге жарақат келтіру
Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабына сәйкес ешкiмдi адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай зәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды. Қазақстан Республикасының заңнамасында жәбір көрсету, денеге жарақат келтіру мәселелері «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы ҚР Заңында айтылған.

«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының


64-бабына, «Білім туралы» Заңға сәйкес ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.

Осындай талаптар ата-аналарды алмастыратын адамдарға да, яғни қорғаншыларға және патронат тәрбиешілерге қойылады.

Облыстық Астана және Алматы қалалары білім беру басқармаларының ақпараты бойынша 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өздерінің ата-ана міндеттерін орындамаған, балаларға дене жарақатын түсірген 825 ата-ана ата-ана құқығынан айырылды. Жоғарыда аталған ата-ананың 1072 баласы жітім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар мекемелеріне бөлінді немесе отбасыларға (қамқоршы, патронат, асырап алуға) берілді.

Бас прокуратураның 2005 жылғы 31 наурыздағы № 10 бұйрығына сәйкес прокуратура органдары денеге жарақат келтірудің алдын алу мақсатында кемінде жарты жылды бір рет балалар үйлерінің қызметіне тексеру жүргізіп отырады.

2010 жылы Қазақстан Республикасының прокуратура органдары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 3240 тексеру жүргізді, олардың нәтижесінде 41 046 заңдылықты бұзу анықталды және тұтастай алғанда 135 675 баланың құқығы қорғалды.

Тексеру қорытындылары бойынша заңдылықтың бұзылуын жою туралы 2806 ұсыным қаралды, ден қою шаралары бойынша 542 заңсыз акт жойылды және өзгертілді. Барлығы 7196 адам – тәртіптік, 2 141 адам – әкімшілік, 227 адам материалдық жауапқа тартылды. 18 қылмыстық іс қозғалып, олар бойынша 9 адам сотталды.

Тәрбиеленушілердің құқықтарын бұзудың барлық дерлік жағдайлары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Бұдан басқа, балалар үйлерінде тәрбиеленуші балалар өздерінің құқықтары туралы, егер олардың құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуі керектігі туралы өте жақсы хабарландырылған.

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне қатал қараған әрбір факті бойынша әкімшілік және тәртіптік жазалау шаралары қолданылады.

Білім беру ұйымдарында денеге жарақат түсіруге тыйым салынады.

Білім беру мекемелерінде міндеттері мен этика нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

2011 жылы ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясының бас басқармасы «Жас ұлан» республикалық мектебі мен Ш. Уалиханов атындағы Кадет корпусына тексеру жүргізді. Ұландар мен кадеттерге дене жарақатын салу фактілері анықталған жоқ.

Балалардың құқықтарын қорғау үшін республиканың барлық өңірінде балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің жанынан сенім телефондары, балаларға арналған қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді, «Дағдарыс орталықтары одағы» үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар «Бота» қоғамдық қорымен бірлесіп, бүкіл республика бойынша «150» ұлттық тегін телефон желісінің жұмысын ұйымдастырды, оған зардап шеккен бала хабарласа алады.




b) Баланың мүдделерін ең үздік қамтамасыз ету

(3-бап)
Баланың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттары 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 98 – 121-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 90 – 95-тармақтарында көрсетілген.



Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету қағидаты, оны балаларға қатысты іс-шараларда бірінші кезекте есепке алу қажеттігі «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау туралы» Қазақстан Республикасының кодталған және басқа Заңдарында, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде бекітіліп берілді, оларда мемлекеттік саясат балалар мүддесінде мемлекеттік билік органдары қызметінің басым саласы болып танылады.

Баланың денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін ең үздік қамтамасыз ету мақсатында балаларға тегін медициналық қызмет көрсету, педиатриялық қызмет жүйесі сақталып, жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 445 бұйрығымен Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балалар мен емдік тағамның мамандандырылған өнімдері рецептімен тегін берілетін аурулардың түрлерінің және тұрғындардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді.

Баланың мүдделерін ең үздік қамтамасыз ету қағидаты ата-аналары ажырасқан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала орналасқан кезде, бюджеттік қаржы бөлінген кезде, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде, бала өзіне күтім жасау бойынша әр түрлі мекемелерге орналастырылған кезде бірінші кезектегі тәртіппен ескеріледі.

Балалардың құқықтарын ең үздік қамтамасыз ету үшін 2010 жылы республиканың 5 777 (77 %) мектебінде 1 741 822 немесе барлық оқушылардың 70 %-ына ыстық тамақ ұйымдастырылды. Олардың ішінде 590 795 (34 %) оқушы, оның ішінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 204 875 (80 %) оқушы және бастауыш сыныптардың 421 353 (45 %) оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Ыстық тамақпен тегін тамақтандыру Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының барлық бастауыш сыныптарының оқушыларына ұйымдастырылған.

2005 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың оқушылары үшін тамақтануды ұйымдастыруға бөлінетін шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес бес есеге ұлғайтылды. 2010 жылы оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға жаппай оқу қорынан 2,9 млрд. теңге (2005 жылы – 518,5 млн. теңге) бөлінді.

Білім беруге арналған құқықты қамтамасыз ету үшін мектеп жоқ елді мекендерде тұратын 28 314 (2009 жылы – 26 458, яғни 71,6%) оқушыны немесе оқушылардың 76 % мектепте тасу ұйымдастырылды.

Мектепте тамақ беруді жаңғырту және балаларды мектепке дейін жеткізіп салуды ұйымдастыру мәселелері

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына және аумақтарды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасына енгізілді.

Балаларды ең үздік қамтамасыз ету үшін республикада аз қамтылған отбасылардың балаларына тұрақты көмек көрсетілуде.

2010 жылыаз қамтылған отбасылар білім беру ұйымдарының деректері бойынша бір жүз елу мыңға жуық, оларда үш мыңнан астам бала бар.

2010 жылы «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларының барысында әлеуметтік қорғалмаған санатқа жататын 374 655 балаға 1,7 млрд. теңге


сомаға көмек көрсетілді (2009 жылы – 439 мың балаға жуық 1 ,6 млрд. теңге сомаға).

Жаппай оқу қорына әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге аударымдардың сомасы 5,5 млрд. теңгені құрады немесе мектепті күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7 % (2009 жылы – 4,6 млрд. теңге немесе 1,6 %).

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының
4-тармағына сәйкес мемлекет Қазақстан Республикасының әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарын білім алу кезеңінде ұстауға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтейді.

2008 – 2009 оқу жылында 510 жетім балаға білім беру гранттары бөлінді, 2009 – 2010 оқу жылы – 463, 2010 – 2011 оқу жылы – 444.

Бұдан басқа, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтамасыз ету үшін:

1) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 18 жасқа дейін жәрдемақы тағайындалады (1 асыраушыдан айырылған кезде – 9 869 теңге, тұлдыр жетім – 13 457 теңге), 18 жастан асқан оқитын азаматтар орта білім беру жүйесіндегі оқу орнын аяқтағанға дейін, жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанында оқитындар 23 жасқа дейін осы көмек түрін алады;

2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарын толығымен мемлекеттік қамтамасыз ету (балалар үйіндегі бір баланы ұстау жылына 1 млн. теңгеден астамды құрайды және оқу кезеңінде тегін оқулықпен қамтамасыз ету көзделген;

3) техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінің 1 пайызы мөлшерінде қабылдауға квота бөлінеді;

4) мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша оқитын, отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарындағы студенттерге мемлекеттік стипендия бастапқы мөлшерге (15 235 теңге) қарағанда 50 %-ға ұлғайды.

c) Өмір сүруге, тіршілік етуге және дамуға арналған құқық

(6-бап)
Баланың өмір сүруге, тіршілік етуге және дамуға арналған құқығы Конвенцияны 2003 жылы орындау туралы бастапқы баяндаманың 122 – 128-тармақтарында және Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының 2007 жылы іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 97 – 102-тармақтарында көрсетілген.

Қазақстан Республикасында өлім жазасына кесілген кәмелетке толмаған бала жоқ. Өлім жазасына мораторий өлім жазасын болдырмау туралы мәселені шешкенге дейін жұмыс істеуін жалғастыруда.

Қазақстан Республикасында балалардың өмірге құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуге және баланың өмір сүруін және дамуын барынша ықтимал дәрежеде қамтамасыз етуге бағытталған жүйе қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1113 Жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарламада бастапқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру мен оның қолжетімділігі, ана мен сәбидік, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау мәселелеріне басым көңіл бөлінді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне жұмсалатын қаражат ұлғайтылды.

Балаларға тегін медициналық қызмет көрсету «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына сәйкес және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 637 «Амбулаториялық емдеген кезде дәрілік заттар мен балаларға арналған және емдік тамақтанудың мамандандырылған өнімдері рецепттер бойынша тегін берілетін аурулардың түрлері мен жекелеген тұрғындар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» және 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Балалардың ауруларын уақтылы анықтау және оларды сауықтыру үшін республикада жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. 2010 жылдың қорытындылары бойынша қаралуға тиесілі балалардың 98,6 % профилактикалық медициналық тексерумен қамтылды. Балалардың 26 %-ынан ауытқу анықталды, олардың ішінде 68 % науқас сауықты, балалардың 15 % диспансерлік есепке алынды.

Балаларды профилактикалық тексеру нәтижелерін талдау 2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда көзінің көруі нашарлаған балалардың деңгейінің сақталып отырғандығына қарамастан, құлақ естуі төмендеген балалардың үлестік салмағының (18 %-ға азаю), сөйлеуінде ақауы барлардың (24 %-ға), сколиозы барлардың (24 %-ға), мүсінінің бұзылуының (2 есеге) азаю үрдісі байқалғандығын көрсетті.

Балалардың ауруы қарқын алуда, әсіресе, жаңадан пайда болулар (1,8 есеге), дамуында туа біткен ақауы барлар (18 %-ға), жұқпалы аурулармен ауру салдарынан (20 %-ға), жүйке жүйесінің аурулары (14 %-ға), сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары (16 %-ға) өсті.


0 14 жастағы балаларды профилактикалық тексеру және
олардың нәтижелері





2007

2008

2009

2010

Қаралған балалардың барлығы, мың

3 713,9

3 583,1

3 804,9

3 814,5

Балаларды қарау кезінде анықталды:













құлақ естуінің нашарлауы













барлығы, мың

9,8

8,7

9,3

8,0

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,3

0,2

0,2

0,2

көз көруінің нашарлауы













барлығы, мың

82,7

77,9

86,1

83,5

қаралғандардың ішінде пайызбен

2,2

2,2

2,3

2,2

сөз сөйлеуінде ақауы барлар













барлығы, мың

23,7

19,3

20,0

18,1

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,6

0,5

0,5

0,5

сколиозы барлар













барлығы, мың

17,1

16,2

14,6

13,0

қаралғандардың ішінде пайызбен

0,5

0,5

0,4

0,3

мүсінінің бұзылуы













барлығы, мың

36,6

32,0

24,9

18,4

қаралғандардың ішінде пайызбен

1,0

0,9

0,7

0,5



Қазақстан Республикасында балалардың аурулардың
жекелеген сыныптары мен аурулардың топтары
бойынша
2007 – 2010 жылдардағы жалпы ауруы


(0-14 жастағы 100 000 баланың ауруы)




2007

2008

2009

2010

100 000 балаға аурудың саны – барлығы олардың ішінде:

99 728,9

99 172,2

103 642,3

101 482,3

жұқпалы және паразитарлық аурулар

3 745,6

3 348,8

3 233,0

3 007,2

жаңадан пайда болулар

87,6

127,2

104,7

158,2

қан, қан айналысы органдарының аурулары және иммундық механизмді тартатын жекелеген бұзылулар

5917,7

3966,6

5581,5

5 259,7

эндокринді аурулар, тамақтанудың және хат алмасудың бұзылуы

1638,5

1584,2

1539,7

1 537,7

жүйке жүйесінің аурулары

2853,4

3102,9

3425,9

3 250,8

көз және оның бағыныңқы аппаратының аурулары

3329,1

3511,9

3458,3

3 479,8

құлақ пен еміздік тәрізді өсінді аурулары

2747,1

2750,4

2928,3

2 935,6

қан айналымы жүйесінің аурулары

477,0

489,3

549,0

486,7

тыныс алу органдарының аурулары

56510,9

55973,3

60262,7

58 959,6

ас қорыту органдарының аурулары

6370,8

6774,4

6394,1

6 606,0

зәр шығару жүйесінің аурулары

1735,5

1842,1

1853,9

1 709,7

тері және тері асты өзектерінің аурулары

5145,5

5248,7

5122,6

5 270,1

сүйек-бұлшық ет жүйесінің және біріктіруші тіндердің аурулары

1290,4

1192,2

1196,0

1 083,8

перинаталды кезеңде пайда болатын жекелеген жай-күйлер

2739,7

2963,7

2959,1

2 690,7

туа біткен ақаулар (даму кемістігі), деформациялар мен хромосомды бұзылулар

595,9

604,1

718,2

702,7

жарақаттар мен уланулар

3523,7

3178,3

3393,7

3 471,0

Кейбір аурулардың көрсеткіштерінің ұлғаюын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізіп жатқан диагностика сапасының артуымен және әлеуметтік-экономикалық себептер кешенімен түсіндіруге болады: қоршаған ортаның ластауы салдарынан «техногендік» жүктемелер; балалардың күнделікті өмірінде стрессті жағдайлардың ұлғаюы; урбанизация және балалардың өміріне ақпараттың кеңінен енуі; оқушылардың тамақтану сапасының нашарлауы және басқалары.

Баланың дене бітімін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін республикада 10 мың баланы қамтитын 20-дан астам жас туристер станциясы, 18,5 мың баланы қамтитын 733 туристік-өлкетану үйірмесі жұмыс істейді. Жыл сайын балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептердің саны өсуде: 2007 жылы олар 407 болды, 2010 жылы – 423. Балаларды қамту 2007 жылы – 219 739, 2010 жыл – 240 380 бала мен жасөспірімді қамтыды, бұл оқушылардың жалпы санының 10 % (2,5 млн.).

Бүгінгі таңда 23 мыңнан астам спорттық секциялар ашылды, оларда


664 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер шұғылданады, бұл орта білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 21 %-ын құрайды.

Тұтастай алғанда, спортпен шұғылданатын балалардың жалпы санының ұлғаюы серпіні 2010 жылдың қорытындылары бойынша 379783 адамды құрайды немесе 1,7 %.

Ауру балалардың дене бітімін дамыту, спорт саласындағы дарынды мүгедек балаларды анықтау мақсатында «Спешиал Олимпикс Қазақстан» қоғамдық бірлестігі мен Білім және ғылым министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес спорттық-бұқаралық іс-шаралардың жыл сайынғы күнтізбелік жоспарына сай ақыл есі кем балалар, мүгедек балалар арасында спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Спешиал Олимпикс Қазақстан құрама командасы Жапониядағы


VII Дүниежүзілік Қысқы Арнайы Олимпиядалық ойындарда жүлделі бірінші және екінші орындарды жеңіп алды.

Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Байланыс және ақпарат, Мәдениет, Туризм және спорт министрліктері кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу және оны болдырмау жөнінде 2011 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспардың негізгі міндеті – осы мәселенің жай-күйіне дұрыс бірлескен мониторинг ұйымдастыру, мектептердегі психологиялық қолдау қызметтерінің жұмысын талдау және жетілдіру, білім беру, денсаулық сақтау және ішкі істер мамандарының балалар мен жасөспірімдердегі алаңдаушылық дәрежесін анықтау мәселелесі бойынша біліктілігін арттыру, балалар мен оқитын жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жөнінде ақпараттық, насихаттаушылық және консультациялық жұмыс жүргізу.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология орталығының жанынан жасөспірімдерде өзін-өзі өлтіру себептерін анықтаумен және қорғау механизмдерін қалыптастырумен айналысатын өзіне-өзі қол жұмсау бөлімшесі құрылды. Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің стреске төзімділігін анықтау жөніндегі әдістеме әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Алтын Қыран» мейірімділік қоры оқушылар арасында беймаза үрдістердің алдын алу және анықтау бойынша автоматтандырылған бағдарлама әзірледі.

Балалар мен жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің алдын алу мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралды.

Республикалық, сол сияқты жергілікті деңгейлерде педагог және ата-ана жұртшылығы үшін ішкі істер, денсаулық сақтау, білім беру органдарының қатысуымен кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыс істеу, оқушылармен өзара қарым-қатынас этикасы және құқықтық жаппай оқу мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар мен кеңестер ұдайы түрде өткізіліп тұрады.

Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 7570 психолог,
3139 әлеуметтік педагог және 1536 мектептегі полиция инспекторы жұмыс істейді.

Білім беру органдарында балалар мен жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының әрбір жағдайын зерделеу жөніндегі 359 жұмысшы топ жұмыс істейді.

Халықтың арасында өзін-өзі өлтіруді болдырмау жөніндегі ұлттық стратегияның жобасы әзірленуде.

V. Азаматтық құқық пен бостандықтар

а) Аты, ұлты және азаматтығы.

b) Жеке даралықты сақтау

(7, 8-баптар)


Конвенцияның жоғарыда аталған бабын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы ақпарат Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 64- 89-тармақтарында баяндалған.

«Неке және отбасы туралы» Заңға сәйкес баланың тууы оның туған дері бойынша да, сол сияқты екі ата-ананың тұрғылықты жері бойынша да, сол сияқты екі ата-ананың немесе біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеледі. Әкесі қайтыс болғаннан немесе ата-анасының некесі бұзылғаннан кейін дүниеге келген, тастанды және тауып алған, сондай-ақ ата-анасы медициналық мекемелерде туған кезде бас тартқан кез келген бала тіркелуге тиіс. Сол сияқты өлі туылған және өмірге келген алғашқы аптада қайтыс болған балалар да азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібін міндетті түрде сақтап тіркеледі. Ата-аналары не осыған уәкілетті адамдар баланың тууын тіркеу туралы өтінішті азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу органдарына 2 айдан кешіктірмей, ал өлі бала туылған жағдайда бес тәулік ішінде беруге тиіс.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 55-бабы және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңның 9-бабы баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін, оның жеке даралығына құқығын белгілейді. Балаға ат ата-анасының келісімімен, әкесінің аты әкесінің атымен беріледі, ал тегі ата-анасының тектерімен айқындалады, ата-анасының тегі әртүрлі болған кезде балаға келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Баланың азаматтығы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы
20 желтоқсандағы Заңның 11-бабына сәйкес азаматтығы бірдей болған кезде туған жеріне қарамастан, ата-анасының азаматтығымен не 12-бапқа сәйкес бала туған сәтте Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-ананың бірінің азаматтығы бойынша айқындалады.

Баланың құқығы және оның отбасы, қоғам және мемлекет тарапынан қорғау шаралары «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және басқаларда көрсетілген.


d) Балалардың көзқарасын құрметтеу

с) Пікір білдіру бостандығы

(12, 13-баптар)


Баланың пікір білдіру құқығы Конвенцияны 2003 жылы орындау туралы бастапқы баяндаманың 129 – 132, 142-тармақтарында және Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 129 – 131-тармақтарында көрсетілген.

Осы құқықты қамтамасыз ету үшін республикада 743 балалар және жастар қоғамдық ұйымдары жұмыс істейді.

Балалар мен жастардың пікірлері балалар мен жастар қозғалысы көшбасшыларының конференциялары мен дөңгелек үстелдерінде талқылануда.

Өз пікірін білдіру үшін балалар мен жастар викториналарға, құқықтық дәрістерге, іскер ойындарға, клубтарға белсенді қатысады.

2007 – 2010 жылдары 70-тен астам республикалық конкурстар, спорттық жарыстар, 3400-нан астам дөңгелек үстелдер мен акциялар өткізілді, оларға
3,5 миллионнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысты.

2009 жылғы қарашада «XXI ғасырдың балалары: біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз» атты республикалық саммитке республиканың балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының 150 көшбасшысы және белгілі қоғам қайраткерлері, депутаттар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

2009 жылғы желтоқсанда БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «Біз – Тәуелсіздіктің құрдасымыз! Біздің Отанымыз – Қазақстан» атты Қазақстан жасөспірімдері мен жастары форумы өтті, оған 1300 адам қатысты.

Республикада балалардың пікірін білдіру нысандарының бірі – үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен бірге әлеуметтік әріптестік шеңберінде ұйымдастырылған Дебаттық қозғалыс болып табылады. Республикада Дебаттық қозғалыстың екі бағыты бар: студенттік және мектептегі. Жыл сайын әрбір облыста дебатты турнирлерге 1000-нан астам оқушы қатысады.


2010 жылғы қыркүйек – қазанда «Республикалық дебатқа қатысушылар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұлттық дебаттық ойындардың екінші біріншілігін өткізді.

Әр түрлі деңгейдегі дебаттарды өткізу балаларға белгілі бір проблема бойынша ақпарат іздеуде және материалдарды зерделеуде, сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда, өзін-өзі қалыптастыруға қажеттілікте көмек береді. Дебаттарды өткізуге бұқаралық ақпарат құралдары белсенді түрде қатысады.

2010 жылы Павлодар қаласында қазір дәстүрлі болып кеткен Қазақстанның VI облыстық жастар Дельфийлік ойындары өтті, оған 366 адам қатысты. Ойынның негізгі идеясы – дарынды жастардың өзін-өзі іске асыруы үшін оңтайлы жағдай жасау.

Елімізде «Қоғамға қызмет ету» еріктілер қозғалысы дамуда, ол заңды және құқық тәртібін, өзін-өзі жек анықтау және өзін-өзі іске асыру, оқушыларда азаматтық жауапкершілік, құқықтық өзіндік сана-сезім, тағаттылық, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген гуманистік және демократиялық құндылықтар қабілетін құрметтеуге негізделген рухани-адамгершілікті, саяси және құқықтық мәдениетті, әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.

2010 жылғы күзде Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында мәслихат депутаттарының, облыстардың жергілікті атқарушы органдары мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен пилоттық мектеп оқушыларының заңнамалық бастамаларын Қоғамдық тыңдау өтті. Қатысушылардың жалпы саны 3 мың адамды құрады.

Оқушылар балалардың бос уақытының сапасын қамтамасыз ету, салауатты өмір салты, тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерін, өздері тұратын жергілікті жердің экологиялық ахуалын жақсарту мәселелерін зерделеп, қоғамдық тыңдауға шығарды, қалалық аумақтарды көгалдандыру, балалар мен жастардың демалатын инфрақұрылымын дамыту жөнінде қызық әрі стандартты емес шешімдер ұсынылды, кәмелетке толмағандардың тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар айтылды.

Балалар елдің қоғамдық-саяси өмірінің белсенді қатысушылары болып табылады және балалардың пікірі қоғам үшін маңызды.

d) Пікір білдіру, ар-ұят және діни бостандық

(14-бап)
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының ар-ұят бостандығына құқығы Конвенцияны 2003 жылы орындау туралы бастапқы баяндаманың


143 – 146-тармақтарында және Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 133 – 141-тармақтарында көрсетілген.

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет етіп жариялай отырып, адамның діни сенім бостандығына құқықтарын сақтау мәселелеріне ұдайы назар аударады.

Қазақстанда еліміз әр түрлі халықаралық форумдар өткізу арқылы әлемдік қоғамдастыққа беретін діниаралық келісімнің бірегей тәжірибесін қалыптастыру жөніндегі белсенді мемлекеттік саясатпен ерекшеленетін зайырлы мемлекеттің үлгісі қалыптасты.

Қазақстанның діндер арасындағы тұрақтылықты сақтауға ұмтылысы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының мойындауы мен қолдауын алды. Осы қызметтің нәтижесі Астанада 2003, 2006 және 2009 жылдары мемлекеттің конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту саласындағы саясатының маңызды элементі болған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу болды.

Қазіргі заманғы Қазақстан үлгісі әр түрлі діндер мен ұлттар өкілдерінің бейбіт өмір сүруінің мүмкіндігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының осы тәжірибесі 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге елдің өтінішін шығаруға дәлелдердің бірі болды.

2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы болып сайланды. 2010 жылғы 1 – 2 желтоқсанда Қазақстанда ЕҚЫҰ саммиті болды.

2011 жылы Қазақстанда Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысын өткізу туралы шешім қабылдау да мемлекеттің тағаттылық саясатының салдары болды.

Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың қазіргі заманғы жағдайы әр түрлі діни бірлестіктердің қызметі үшін елде құқықтық, идеологиялық және қоғамдық жағдай жасалғандығы туралы куәландырады. Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығы елдің заңнамасымен мүлтіксіз қамтамасыз етіледі.

2011 жылы Қазақстанда 45-тен астам конфессиялар мен деноминациялар жұмыс істейді. Католиктік діни бірлестіктердің саны екі есеге (42-ден 86-ға дейін), протестанттар үш есеге (457-ден 1272-ге дейін), Қазақстан үшін жаңа конфессиялар үш есеге (14-тен 49-ға дейін) ұлғайды. Тұтастай алғанда, діни бірлестіктердің саны 671-ден 4173-ке дейін, яғни 6 еседен астам ұлғайды.

Дінге сенушілердің саны жағынан мұсылмандар мен православиелік христиандар көш басында келеді.

Жалпы білім беретін мектептердің 9 сыныбында «Дінитану» деген факультативтік курс оқытылады (аптасына 1 сағат).


жүктеу 2,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау