е) Қауымдастық бостандығы
(15-бап)
«Қауымдастық бостандығы» конвенциясы 15-бабының нормасы
2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың
147 – 150-тармақтарында және Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 143 – 150-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабының 1-тармағына сәйкес бірлесу бостандығына құқылы.
Қазақстан Республикасының азаматтарына бірігу, қоғамдық бірлестіктер құру, қызметі, оларды қайта ұйымдастыру немесе тарату құқығын іске асыру мүмкіндігіне кепілдік берілген. Әрбір адам басқалармен қауымдасу бостандығына құқылы.
Қазақстан Республикасында әрбір бала қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген коммерциялық ұйымдар мен бейбіт жиналыстардың басқа түрлеріне ерікті түрде қатысу құқығына ие.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өзінің мақсаты балалардың жеке басын, олардың шығармашылық келешегін, әлеуметтік белсенділігін дамыту болатын қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдеседі.
Айрықша әлеуметтік институт ретінде әрекет ететін қазіргі заманғы балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктерін қолдау мақсатында 2004 жылғы
7 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.
2010 жылғы 1 қаңтарда республикада 743 балалар мен жастар ұйымы,
739 әскери-патриоттық клуб, 23 396 мектептегі спорттық секция, 423 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 563 балалар мен жасөспірімдер клубы,
330 балалар мен жасөспірімдер музыка, көркемсурет мектебі жұмыс істеді.
Жастарды қолдау мақсатында республиканың бүкіл өңірінде балалар мен жастардың ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдары құрылды. Егер
2008 жылы 12 ресурстық орталық жұмыс істесе, онда 2009 жылы –
17 ресурстық орталық, 2010 жылы – 21 ресурстық орталық.
Жастар саясатын республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемі 2008 жылы – 624,8 млн. теңгені, 2009 жылы – 698,5 млн. теңгені,
2010 жылы – 675,5 млн. теңгені құрады.
Жастар саясатын жергілікті бюджеттерден қаржыландырудың жалпы көлемі 2009 жылы – 1 млрд. теңгені, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың көлемі – 263,7 млн. теңгені, 2010 жылы 1,1 млрд. теңгеден астамды құрады.
Тәрбиелеу үрдісін кадрмен қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілуде. Мектептерде, кәсіптік лицейлерде, колледждерде директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының, жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлардың, сынып жетекшілерінің, педагог-ұйымдастырушылардың, аға жетекшілердің, әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың, қосымша білім беретін педагогтардың, әдіскерлердің, топ тәлімгерлерінің штаттық бірліктері енгізілді. 2009 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиелеу тұжырымдамасы бекітілді.
f) Жеке бастың тірлігіне құқықты қорғау
(16-бап)
«Жеке бастың тірлігіне құқықты қорғау» Конвенциясының 16-бабының нормалары 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 151 – 152-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 152 – 160-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес әрбір адам жеке өмірге қолсұғылмаушылыққа, тұрғын үйіне қол сұғылмаушылыққа құқылы.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарауда.
Баланың, оның ішінде жетім баланың тұрғын үйді сақтауға арналған құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелген.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету үшін 2009 жылғы шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оның шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдардың санатына жетім балаларды ғана емес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды енгізу туралы норма және олардың тұрғын үй алуға кезекте тұру жасын 23 жасқа дейін ұлғайту көзделген.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі «Тұрғын үй қатынастарының мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Заңына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар белгіленген тәртіпке мемлекеттік тұрғын үй қрынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылған және 29 жасқа дейін есепке алынғандар тұрғын үй алғанға дейін есептен шығарылуға тиісті емес.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі 2010 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен, оның ішінде тұрғын үйді бекітіп беру және сақтау мәселелері бойынша қамтамасыз ету бөлігінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын орындау жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын бұзу фактілері талқылау мәні болып қалуда.
Мәселен, соңғы үш жылда қамқоршылық және қорғаншылық органдарының талап-арыздары бойынша 51 пәтер қайтарып алынды (Ақмола облысында – 8 пәтер, Қарағанды облысында – 14, Қостанай облысында – 5, Қызылорда облысында – 10, Маңғыстау облысында – 2 және т.б.).
Қамқоршылық және қорғаншылық органдары сотқа ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға тұрғын үйді қайтару бойынша 149 талап-арыз берді (олардың ішінде тек қана Қостанай облысы бойынша – 60 талап-арыз, Қарағанды облысы бойынша – 17, Қызылорда облысы бойынша – 9, Ақмола облысы бойынша – 9, Ақтөбе облысы бойынша – 3 және басқалары).
Республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасындағы білім беру ұйымдарының түлектері үшін 29 жасөспірімдер үйі ашылды, оларда 17-ден 23 жасқа дейінгі жастағы 1360-қа жуық түлек тұрады. 2006 жылдан бастап 2010 жыл кезеңінде осы санаттағы балаларға 327 пәтер бөлінді, 599 бала бекітіліп берілген тұрғын үйге қайтып оралды.
Қарағанды облысының әкімшілігі 16-дан 23 жасқа дейінгі жастағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтамасыз ету жөніндегі 2011 – 2013 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын әзірледі. Жобаға сәйкес 320 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетін, 4 Жасөспірімдер үйі және Жастар үйі ашылатын болады.
Ақтөбе облысында Жастар үйінің «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да жеке меншік тұрғын үй сатып алуға бастапқы жарнасы бар тәрбиеленушілері үшін 15 млн. 568 мың теңге мөлшерінде сома бөлінді.
Қостанай облысында 2006 – 2010 жылдар кезеңінде «Жалдамалы (коммуналдық) тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 75 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бір бөлмелі тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың ішінде 39-ы – 2009 жылы.
Батыс Қазақстан облысында соңғы үш жылда мемлекеттік тұрғын үй қорынан осы санаттағы 108 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Астана қаласында 2010 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға уақытша, бірақ кезекке сәйкес тұрғын үй алғанға дейін жалдауға берілетін пәтерлер берілді. Некеде тұрмағандарға екі адамға бір бөлмеден деп ескеріліп тұрғын үй берілді.
g) Тиісті ақпаратқа қолжетімділік
(17-бап)
Баланың тиісті ақпаратқа қолжетімділігіне құқық 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 153 – 158-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 161 – 177-тармақтарында көрсетілген.
Білім беруді ақпараттандыруды дамыту жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2010 жылы 18 оқушыға бір компьютерден келеді. 2005 жылы бұл көрсеткіш
41-ді құрады, оның ішінде 36 – ауылдық жерлерде. 2011 жылы бір компьютерге 16 оқушыдан келеді.
2010 жылы Интернет желісіне мектептердің 98 %-ы қосылды, ауылдық – 97 % (2005 жылы – тиісінше 75 % және 70 %). Мектептердің 34 %-ы кең жолақты Интернетке қол жеткізді. Осындай мүмкіндіктің арқасында балалар ақпарат әлеміне және интерактивті оқу ресурстарына қолжетімділік алуда.
Білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында «e-learning» электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады.
«e-learning» электрондық оқытуды 2015 жылы – 50 %, 2020 жылы – 90 % пайдалану жоспарланып отыр.
Алға қойған мақсатқа жету оқу сапасын, білім беруді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуді арттырады.
Ашық қолжетімділіктегі орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрлық білім беру контентімен толық қамтамасыз ету (қандай да болмасын ақпараттық ресурсты – мәтін, графика, музыка, бейне, дыбыс және т.б. толтыру немесе ұстау) жоспарланып отыр.
Оқу үрдісіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықпен жарақтандырылатын болады: жаңа үлгідегі компьютерлер, Интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және басқалары.
2007 – 2008 оқу жылынан бастап республика мектептерінде он-лайн оқыту жүйесі енгізілуде. Бес жылда 3571 мектеп интерактивті кабинеттермен жабдықталды.
2007 – 2008 оқу жылынан бастап интерактивті сабақтар, семинарлар, форумдар өткізілуде.
Интерактивті сабақтарды өткізу үшін портал (www.sabak.kz) жұмыс істейді, мұнда интерактивті сабақтардың 100-ден астам бейнежазбалары сақталған. Порталға орналастырылған барлық электрондық ресурстар ақпаратты өз бетімен алуына мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта мектепте берілетін пәндердің 95 %-ы цифрлық форматқа ауыстырылған. Электрондық оқу басылымдарын «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ әзірлейді. Республикада мектеп оқушыларының 100 %-ы оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Интернат ұйымдарының тәрбиленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі.
БАҚ арқылы ақпарат алуға қолжетімділік шектелмеген. Балалардың әлеуметтік маңызы бар ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында шамамен 90 БАҚ тартылды, олардың ішінде: «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» РТРК, «Рахат-ТВ», «Астана қаласының телевидениесі», «Қазақпарат» ақпараттық агенттігі, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Айқын», «Ақ желкен», «Альянс kz», «Балдырған», «Жас ұлан», «Дружные ребята» газеттері және басқалары.
«Қазақ радиосы» эфирінде балаларды қорғауға бағытталған 4 бағдарлама шығады. Бұл – кәмелетке толмағандар арасындағы қараусыздық пен қадағалаусыздықтың алдын алу туралы «Жеткіншек», «Бап пен бақ», «Заман біздікі», «Балауса» бағдарламалары.
Баланың құқықтары туралы конвенцияның қағидаттары мен ережелерін түсіндіру жөніндегі, сондай-ақ денеге жарақат салудың барлық нысандарынан балалардық құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау «Бетпе-бет», «Жеті күн», «Талап пен тәртіп», «Третьего не дано», «Сырға», «Көңілашар», «Бір күн», «Көзқарас», «Апта kz», «Азамат» сияқты және басқа да ақпараттық-талдау бағдарламалары шеңберінде өтеді.
«Ел арна» телеарнасында эфирге бір жыл бойы балаларды мәдени, білім беруді дамытуға бағытталған 6 бағдарлама шығады («Хочу быть» бағдарламасы, «Наши дети», «Мейірім» жобалары, «Топ малыш», «Волшебные буквы» бағдарламалары және басқалары).
Баспа БАҚ-тарда жасөспірімдер мен балалардың жетістіктеріне, Баланың құқықтары туралы конвенцияның 20 жылдығына арналған материалдар ұдайы жариялануда. Атап айтқанда, «Миссия Батыра» («Экспресс К»), «Батыр стал послом» («Время»), «Добрая воля Батырхана» («Комсомольская правда в Казахстане»), «Защитим детство» («Казахстанская правда»), «Бала тағдырына бей-жай қарауға болмайды» («Айқын») және басқа мақалалар.
Республикада 256 балалар кітапханасы жұмыс істейді. Балалар кітапханасында оқитындардың саны – 1,5 миллион бала.
Балалардың баспа БАҚ-тарға, оның ішінде балалар көркем әдебиетіне қолжетімділігін қамтамасыз ету, белгілі қазақстандық балалар жазушылары мен ақындарының шығармашылығын дәріптеу мақсатында жыл сайын «Қазақстан жазушылары – балаларға» атты мерекелік іс-шара өткізіледі. Балаларды мектептегі, қалалық кітапханаларға тарту үшін бұл іс-шара балалар жазушыларын, ақындарды, журналистерді шақыра отырып, орталық кітапханаларда өткізіледі.
Бұдан басқа, балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық театрлар мемлекеттік және орыс тілдерінде 200-ден астам спектакль дайындады, олармен 100 мыңнан астам бала қамтылды.
2010 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың істер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның алтыншы отырысында компьютерлік клубтардың балалар мен жасөспірімдердің дамуына теріс әсерін азайту туралы мәселе қаралды.
2010 жылы педагогтарға, психологтарға, ата-аналарға арналған «Порнографияны, қатыгездікті және зорлық-зомбылықты насихаттайтын аудио, бейне өнімнің, компьютерлік және ақпараттық тасығыштардың балалардың физикалық және психикалық денсаулығына әсері» атты әдістемелік ұсыным шығарылды (мемлекеттік және орыс тілдерінде).
Қазіргі уақытта компьютерлік клубтардың (Интернет-кафе) кәмелетке толмаған келушілерге ақпарат беру жөніндегі қызметін немесе олардың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтірмейтін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануына бақылауды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдануда.
Астана қаласының Есіл аудандық соты 2011 жылғы 3 маусымдағы
№ 2-1078/11 ҚР аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары – балалар порнографиясын жарнамалайтын интернет-ресурстардың таралуын жою туралы шешім қабылдады.
h) Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын
немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе
жазалау түрлеріне ұшырамау құқығы
(37-баптың а) тармақшасы)
Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалау түрлеріне ұшырамау құқығы 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың
159 – 162-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 178 – 188-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабына сәйкес ешкiмдi адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды. Адамның қадір-қасиетін қол сұғылмайды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкіл жанынан 2008 жылдан бастап мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлерінен, белгілі құқық қорғаушылардан және азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын жабық мекемелерде азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер немесе жазалау түрлерін қолдану фактілерін қарау жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, олар бас бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру орындарына жиі барады. Оның ішінде балалар отырған УҰО (уақытша ұстау оқшаулағыштары), ТО (тергеу оқшаулағышы) және тәрбиелеу колониялары.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне азаптағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 347-1-бап енгізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 116-бабына толықтыру енгізілді, оған сәйкес дәлелдер ретінде жол берілмейтін іс жүзіндегі деректердің қатарына азаптауды қолданып алынған деректер жатқызылды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы болған балаларды азаптаудан және өзге де тиесілі емес әрекет етуден белгілі бір қорғау жүйесін құрайды. Қорғаушының, заңды өкілдің және педагогтың тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде міндетті түрде қатысуы, міндетті түрде алдын ала тергеу, бас бостандығынан айыру орындарында ересектерден бөлек орналастыру, туысқандарына баланы ұстағандығы туралы дереу хабардар ету баланы қорғаудың қосымша кепілдіктері болып табылады.
2010 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл заңда кәмелетке толмағандарға жаза қолдану және қоғамнан оқшаулауға байланысты бұлтартпау шаралары барынша азайтылды. Олар бас бостандығынан айыру орындарына жіберместен, алдын алу шараларын қолдану арқылы түзетілетін болады. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану үшін негіздемелер қысқартылды.
Қабылданған Заң шеңберінде ізгілендіру әрекетіне шамамен 6 мың сотталған адам түсті. Тек 2011 жылы кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін сотталған екі мыңға жуық адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды.
Бірқатар қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту жасы 14-тен 16-ға дейін ұлғайтылды. Жаңалықтардың бірі кәмелетке толмағандарды, егер келтірілген зиян реттелмеген жағдайда қоспағанда, ауыр қылмыс жасаған жағдайда тараптардың татуласуымен қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігі болып табылады (ҚК-нің 67-бабы «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» жоғарыда аталған жағдайларда қылмыстық жауапкершіліктен босатуды көздейтін үшінші бөлікпен толықтырылды).
Қылмыстық заңнаманы ізгілендіруден басқа, заң азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеу арқылы кәмелетке толмағандармен құқықтық қатынастарды реттеуді көздейді. Мәселен, Азаматтық іс жүргізу кодексі кәмелетке толмағандарды айрықша ұстау режимі бар арнайы ұйымдарға және білім беру мекемелеріне жіберу, сондай-ақ осы шешімдерге сотта шағым жасау мүмкіндігі туралы істер бойынша іс жүргізуді регламенттейтін тұтас тараумен толықтырылды.
Азаптауларға қарсы комитеттің ұсынымдарын орындау және азаптауларға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды үйлестіру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Азаптауларға қарсы комитетінің 2009 – 2012 жылдарға арналған ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Азаптаулар жөніндегі қылмыстық істерді қызметкерлері осы қылмыстарды жасаған құқық қорғау органдарының тергеу жүргізуінен алып тасталды. «Азаптаулар» деген заңнамалық ұғым 1984 жылғы 10 желтоқсанда Нью-Йоркте қол қойылған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияның талаптарына сәйкес келтірілді.
Азаматтардың жасалған азаптаулар туралы өтініштерін тексеру, сондай-ақ олардың алдын алу жөніндегі тетігі реттелді. Сот сарапшыларының бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдарда дене жарақатын анықтау мәніне медициналық куәландыруға міндетті түрде қатысуы енгізілді.
2011 жылдың аяғына дейін ұлттық первентивтік механизм туралы және сотталғандарды байқау қызметі туралы заң жобаларымен жұмыс істеуді аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен бірге первентивті механизмдер қызметінің қағидаттары біздің қылмыстық-атқару жүйесі үшін жаңалық емес. 5 жыл ішінде елімізде қоғамдық байқау комиссиялары белсенді жұмыс істейді. Бұл комиссиялардың ұстау орындарын тексеру саны 2008 жылдан бастап 4 есеге өсті.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның пенитенциарлық жүйесі бірте-бірте халықаралық стандарттарға жақындауда. Оны реформалау:
жеке камерада ұстау тәртібіне көшу;
қоғамдық бақылау механизмдерін орнату және медициналық қызмет көрсету, әсіресе, қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың ауруының профилактикасы жүйесінің сапасын арттыру арқылы жалғасады.
Үкімет азаптауларға және адамдарды саудаға салу фактілеріне ешқандай төзбейтіндігін білдіруде.
БҰҰ-ның Баланың құқықтары жөніндегі конвенциясының 33-ші сессиясының ұсынымдарына сәйкес 18 Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы (КУОБОО) 386 бірлік штат санымен Ішкі істер министрлігінің жүйесінен білім беру жүйесіне берілді («Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығы).
Бұл шешім біздің қоғамның балалардың қараусыздығы мен қадағалаусыздығын алдын алудың қалыптасқан жүйесін кәмелетке толмағандарға қатысты ізгілендірудің жалпы әлемдік үрдістерін ескере отырып, өзгертуге ұмтылуынан туындады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес КУОБОО-тар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан әрі – КБО-лар) қайта ұйымдастырылды.
КБО-ларға 3-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар: қараусыз және қадағалаусыз балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар орналастырылады.
КБО-лардың міндеттеріне кәмелетке толмағандардың дағдарысты жағдайдан шығуына жедел көмек, оларды орналастыру, баланы отбасына қосу кіреді.
Соңғы үш жылда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқы мәселелері бойынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы және алдын алу бойынша, қатыгез қараудан және сексуалды пайдаланудан балалардың құқықтарын қорғау мониторингі, білім беру ұйымдарында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелері бойынша бес социологиялық зерттеу жүргізілді.
Мәселен, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп, 2008 жылы отбасындағы, мектептегі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың ауқымын бағалау жөнінде социологиялық зерттеу жүргізілді.
Зерттеу Алматы қаласында, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы зорлық-зомбылықтың себептері мен ауқымын анықтады. 1300 сұралған баланың төменгі сыныптағы оқушылардың 14 %-ы және орта және жоғары жастағы оқушылардың 22 %-ы тебу, итеру, ұру түріндегі күш жұмсауға ұшырағандығын айтты. Алымсақтық және зорлау түріндегі сексуалды күш көрсетуге төменгі сыныптағы оқушылардың 2 %-ы және орта және жоғары жастағы оқушылардың 3 %-ы ұшыраған. Балалардың 12 %-ы және олардың ішіндегі 9 %-ы ұзақ уақытқа оқушылар арасындағы қуғынға ұшыраған.
Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі өкілдің мекемесі БҰҰ-ның Қазақстандағы Балалар қорының өкілімен бірлесіп, 2010 – 2011 жылдары білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің балаларға арналған мемлекеттік мекемелерінде зорлық-зомбылық деңгейін бағалау жөнінде зерттеу жүргізді.
Зерттеу нәтижелері бойынша Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің атына омбудсменнің ұсынымдары жіберілді, оларды қарау бойынша интернат үлгісіндегі мекемелерде тұратын балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен алдын алу жөнінде бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы ұсыныс түсті.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен алдын алу үшін республикада мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылданды. Халықтың ақпараттандырылу және құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын бұзуға жол беретін адамдардың жауапкершіліктерін күшейту мәселелеріндегі заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
V. Отбасылық орта және балама күтім
a) Ата-ананың баланы басқару құқығы
(5-бап)
Осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 163 – 169-тармақтарында және
2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 190 – 197-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. Ата-ананың балаға басшылық ету құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітіліп берілген («Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы» және басқа да Қазақстан Республикасының Заңдары).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиесілі орындамағаны үшін кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі интернат мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан балалар санының қысқаруы болып табылады.
2010 жылы Қазақстан Республикасында 38 386 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саналады.
Бала асырап алуға немесе қамқорлығына, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы патронатқа алуға ниет білдірген азаматтарға қолдау көрсету үшін республиканың 14 өңірінде 14 бала қабылдап алған ата-ана мектебі, 4 өңірде 7 Отбасыларды қолдау қызметі құрылды.
Қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын білім беру бөлімдеріндегі мамандардың саны 116 бірлікке ұлғайды. 2007 жылы – 210 маман, 2010 жылы – 326.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған азаматтарды материалдық жағынан ынталандыру енгізілді. 2011 жылдан бастап қамқоршылар мен қорғаншыларға осы санаттағы балаларды ұстауға 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
Бұл шара балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің санын қысқартуға мүмкіндік береді, себебі олардың көбінде материалдық көмек болған кезде баланы отбасына ала алатын туысқандары бар.
b) Ата-аналардың жауапкершілігі
(18-баптың 1, 2-тармақтары)
Осы мәселе бойынша толық ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 170 – 174-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 199 – 208-тармақтарында көрсетілген.
Конституцияға сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi болып табылады. 2009 жылғы тамыздан бастап ата-аналардың және ойын-сауық мекемелерінің меншік иелерінің түнгі уақытта оларда кәмелетке толмағандардың болғаны үшін әкімшілік жауапкершілігі енгізілді. Сол сияқты қоғамдық орындарды алкогольдік сусындар (оның ішінде сыра) ішуге тыйым салу енгізілді.
2010 жылы кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық орындарына жібергені үшін ойын-сауық орындарының 700-ден астам иесі және 3 мыңға жуық ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
16 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала қоғамдық орындарда сыра ішкені үшін ұсталды. 18 жасқа толмаған адамдарға темекі бұйымдарын сатқаны және жасөспірімдерге алкоголь өнімін өткізгені үшін 2 мыңнан астам жеке кәсіпкер әкімшілік ждауапкершілікке тартылды.
2010 жылғы 20 желтоқсанда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Заң қабылданды, онда кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінсіз тұрғын емес үй-жайларда түнгі уақытта (23.00 сағаттан 6.00 сағатқа дейін) болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Заң қабылданған сәттен бастап 8 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандарды маскүнемдікке және басқа да қоғамға жат әрекеттерге тартатын ересек адамдарды анықтауға баса назар аударылуда.
Ішкі істер органдарында 13 мыңнан астам жағдайы нашар отбасылар есепте тұр, оларда 20 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Ішкі істер органдары білім беру органдарымен бірлесіп, балаларды құқықтарын ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қылмыстық озбырлығынан қорғауды қамтамасыз ету бойынша заңнамада көзделген мүмкіндіктердің барлығын қолдануда.
Мәселен, 2010 жылдың басынан бастап кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін бір мыңнан астам ата-ана және оларды алмастыратын адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 137-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 27 қылмыстық іс қозғалды.
2011 жылы 3 мыңнан астам ата-ана Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 111-бабы (Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 13 ата-анағы қатысты ҚР ҚК-нің 137-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекетке тартқаны үшін 4 ересек адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
e) Ата-аналарынан айыру
(9-бап)
Бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 175 – 187-тармақтарында және
2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 209 – 215-тармақтарында көрсетілген.
Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша 2010 жылы ана-ана құқығынан бір мыңға жуық ата-ана айырылды.
2010 жылы Сәбилер үйлерінде үш жасқа дейінгі 1 586 бала (2007 жылы – 2 131 бала) тәрбиеленуде. Жетімдер үйлерінде – 599 бала (2007 жылы –
673 бала) бар. Болу уақыты баланың мәртебесін анықтағанға дейін 6 айға дейін.
«Үміт» үйлерінде – бір жасқа дейінгі 369 бала (2007 жылы – 413 бала).
Астана қаласында Сәбилер үйінің жанынан өмір тәжірибесі және туған отбасында қолдауы жоқ аналар үшін «Үміт» үйі ашылды. Бұл жерде жас аналар өздерінің балаларымен бірге тұрады, оларды емізеді, бір жасқа дейін тәрбиелейді. Әзірше мұндай модулды орталық біреу ғана, мұндай орталықтарды еліміздің басқа өңірлерінде де ашу жоспарланып отыр.
Білім беру ұйымдарында ата-аналараға арналып дәрістер өткізіледі, ата-аналар кеңестері, әкелер кеңестері жұмыс істейді.
Қоғамдық санаға дені сау әрі толық отбасы бейнесін сіңіру мақсатында 2009 жылы телеарналарда ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыруға бағытталған «Мен және менің отбасым», «Я и моя семья» бағдарламасы берілді.
Жыл сайын республикада Халықаралық отбасы күніне арналған «От чистого истока» отбасылық шығармашылықтың өңірлік фестивальдары өткізіледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әрбір бала өмір сүруге және отбасында тәрбиеленуге құқылы. Ата-анасы болмаған кезде, олар ата-ана құқығынан айырылған кезде және ата-ана қамқорлығын жоғалтудың басқа жағдайларында баланың отбасында бәрибелену құқығын қамқоршылық және қорғаншылық органдар заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.
Тиісті органдар мен ұйымдардың отбасылық айналадан айырылған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері Азаматтық кодексте, «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген.
d) Отбасылардың бірігуі
(10-бап)
Бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 188 – 192-тармақтарында және
2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 216 – 219-тармақтарында көрсетілген.
Балаларды биологиялық отбасыларына қайтару жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 2007 жылдан бастап 4 000-нан астам бала қайтарылды. Жыл сайын биологиялық отбасыларына қайтарылған балалардың саны ұлғаюда. 2010 жылы 1 328 бала (2007 жылы – 1 004 бала) қайтарылды.
e) Баланы ұстауды қалпына келтіру
(27-баптың 4-тармағы)
Баланы ұстауды қалпына келтіру мәселелері Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттеледі және 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 195 – 199-тармақтарында көрсетілген.
f) Отбасынан айырылған балалар
(20-бап)
Бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі ақпарат 2003 жылы Конвенцияны орындау туралы бастапқы баяндаманың 200 – 213-тармақтарында және 2007 жылы Баланың құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасының іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімді баяндаманың 227 – 236-тармақтарында көрсетілген.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көрініс тапты.
2010 жылдың аяғында республикада жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 210 мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым саналады, оларда 14 052 баланың тұруы мен тәрбиеленуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Алайда, психологтар мен педагогтардың көптеген зерттеулері, баланы интернат үлгісіндегі мекемеге орналастыру оның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етпейтіндігін көрсетеді, бұл, өз кезегінде, баланың жеке ерекшеліктерінің бұзылуына әкеледі. Интернат мекемесі жағдайында баланың әлеуметтік дамуы, әдетте, отбасының, жақын адамдардың және достарының болмауынан шектелген. Жетімдер жас кезінен бастап өзінің мінез-құлқын ата-анасының іс-қимылына қарап түзеу мүмкіндігінен айырылған, сондықтан балалар үйлері мен интернаттарда біртекті ортада болу бұл балаларда төмендетілген өмірлік стандарттарды қалыптастырады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін отбасылыққа барынша жақындатылған жағдай жасау мақсатында республикада балалар үйлері мен интернат мекемелерін деинституционализациялау, оларды ірілендіру жөніндегі белгілі бір жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі таңда отбасы үлгісінде жұмыс істейтін балалар үйлерінде балалар өзара туыстық қатынаста байланысқан, бір-біріне құштар және дос 8 – 10 адамнан тұрады. Бұдан басқа, балалар үйлерінде баланы жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу бағдарламасы енгізілген, отбасылыққа жақын жағдай жасалған.
210 ұйымның ішінен 7 отбасылық үлгідегі балалар ауылы (349 бала),
3 SOS балалар қалашығы (190 бала), 22 отбасылық үлгідегі балалар үйі
(330 бала) жұмыс істейді, оларға отбасылық әдет-ғұрыптың негізгі белгілері мен ерекшеліктері тән.
Барлық ұйымдарда оқу және тәрбиелеу үшін жағдай жасалған, лингафондық және мультимедиялық кабинеттер бар, 148 ұйым Интернет желісіне қосылған.
Жыл сайын өңірлерде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына тәрбиелеуге алуға ниет білдіретін адамдарды іздестіруге және тартуға бағытталған «Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі, «Қуан сәби», республикалық акциясы өткізіледі.
Осының арқасында 2010 жылдың қысқы және көктемгі каникулдарында қазақстандық азаматтардың отбасыларында қонақ үйлік отбасыларда балалар үйлерінің 1103 тәрбиеленушісі демалды. Жыл сайын балалар үйлерінде тәрбиеленуші 120-дан астам бала жазғы каникул кезеңінде шетелде демалады.
Талантты, дарынды балалар халықаралық конкурстарға қатысады. Мәселен, мысалы, 2011 жылғы 30 сәуірде «Үміт» балалар үйінің 27 баласы түріктің Фетхие қаласындағы Халықаралық конкурс-фестивальға қатысты, онда қатысқан 23 елдің ішінен 2-орынды жеңіп алды.
2011 жылы 38 386 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баладан 22 067 (2007 жылы – 29 147) қамқоршылықта (қорғаншылықта),
2 267 – патронаттық тәрбиелеуде (2007 жылы – 1 823).
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемаларын шешу мақсатында 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, Байланыс және ақпараттандыру, Мәдениет министрліктерімен бірлесіп әзірлеген Әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуды насихаттауға бағытталған үгіт-насихат жұмысының іс-шаралар жоспары бекітілді.
Осы жоспарға сәйкес республиканың өңірлерінде әкелердің конференциялары, дөңгелек үстелдер өткізіледі, облыстық телеарналарда «Әр балаға – отбасының бақыты» («Каждому ребенку – счастливую семью») бейнеролигінің көрсетілімі, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін біздің азаматтарымыздың отбасыларына орналастыру мәселелеріне арналған «Надежда детских сердец» телебағдарламасының циклі ұйымдастырылды.
Қазақстандық омбудсменнің мекемесі еліміздің балалар мекемелерінде балалардың құқықтарын қорғау мониторингін ұдайы негізде жүзеге асырады.
Мәселен, 2010 жылы Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Жезқазған, Сәтпаев қалаларындағы 22 балаларға арналған интернат мекемелеріне барды.
g) Ұл (қыз) асырап алу
(21-бап)
Ұл (қыз) асырап алу ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың балама нысандарының бірі болып табылады. Ұл (қыз) асырап алудың негізгі мақсаты ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды туған отбасындағы жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланы асырап алу мәселелеріндегі басымдық балаға ана-анасының қамқорлығынсыз қалған деген мәртебені айқындаған сәттен бастап баланы асырап алуға құқығы бар біздің елдің азаматтарына тиесілі.
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған күннен бастап 1999 жылдан бастап 41 091 бала асырап алынды, оның ішінде 31 929 баланы қазақстандық азаматтар, 487 баланы шетелдегі туысқандары, 8 675 баланы шетелдік азаматтар асырап алды.
2009 жылмен салыстырғанда Қазақстан азаматтары асырап алған балалар санының өсу үрдісі байқалуда (2009 жыл – 3 044 бала, 2010 жыл – 3 100 бала).
Сонымен бірге шетелдік азаматтар асырап алған балалардың саны қысқарды (2009 жыл – 669 бала, 2010 жыл – 506 бала).
2010 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы Балаларды қорғау және шетелдіктің бала асырап алуына қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялады.
Қазіргі уақытта ұлттық заңнаманы осы Конвенцияның нормаларына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысында 2010 жылғы қыркүйекте Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандардың республикалық кеңесінің «Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының Балалардың құқықтарын қорғау және шетелдіктің бала асырап алуына қатысты ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясының ережелерін іске асыру шеңберіндегі міндеттері туралы» мәселе бойынша кеңейтілген отырысы өткізілді.
2011 жылғы наурызда Астана қаласында «Балаларды қорғау және шетелдіктің бала асырап алуына қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау тұрғысынан шетелдіктің бала асырап алуының өзекті мәселелері» тақырыбына республикалық семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске мемлекеттік органдардың, ҚР Бас прокуратурасының, Астана қаласының Ювеналды сотының, БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ҚР-дағы өкілдері қатысты.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенді ету үшін БАҚ арқылы жетім балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Мен және менің отбасым», «Я и моя семья» телебағдарламасы дайындалды, ол «Қазақстан» телеарнасынан көрсетілді.
Республиканың жетекші телеарналарында 2010 жылы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілуде. «Ел арна» телеарнасында «Наши дети» бағдарламалар сериясы шығады. Жергілікті газеттерде «Каждому ребенку - семью», «Я ищу маму!», «Мама, найди меня», «Миру нужен я, мне нужна семья» және басқа да арнайы айдарлар ашылды.
h) Заңсыз алып бару және қайтармау
(11-бап)
Заңсыз алып бару және қайтармау туралы конвенцияның 11-бабының нормалары 2003 жылы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманың 193-194-тармақтарында және Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыру туралы екінші және үшінші мерзімдік баяндаманың 221-224-тармақтарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Адам саудасымен күрес, сондай-ақ Гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар 1980 жылғы 25 қазанда Гаага қаласында қабылданған Халықаралық балалар ұрлаудың азаматтық аспектілері туралы конвенцияны Қазақстанның ратификациялауы туралы ұсынысты қолдады.
Қазіргі кезде Халықаралық балалар ұрлаудың азаматтық аспектілері туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы мәселе пысықталуда.
Конвенция балаларды заңсыз орнын ауыстырудан қорғауға, сондай-ақ басқа мемлекетке заңсыз апарылған балаларды қайтаруға бағытталған (1-бап).
Қазақстан Республикасының Конвенцияға қосылуы мемлекетаралық деңгейде балалар мен олардың ата-аналарының (өзге заңды өкілдерінің), біздің еліміз азаматтарының құқықтарының қосымша кепілдіктерін қамтамасыз етуге, шет мемлекеттердегі заңсыз апарылған немесе ұстап отырылған балаларды қайтару туралы мәселені шешу кезінде Қазақстанның басқа мемлекеттермен өзара іс-қимыл жасауының пәрменді құқықтық тетігін жасауға мүмкіндік береді.
Бұл ретте Қазақстанның Конвенцияға қосылу, бұл жайында қазақстандық және шетелдік азаматтар мен ұйымдарды кеңінен хабардар ету фактісінің өзі-ақ балалар ұрлау оқиғаларын қысқартып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік беруге мүмкіндік беретін пәрменді алдын алу шарасы болады.
і) Қиянат жасау мен ұқыпсыз қараудан (19-бап) қорғау,
сондай-ақ табиғи және психикалық қалпына келтіру мен
әлеуметтік қайта ықпалдастыру
Осы мәселе бойынша ақпарат 2003 жылы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманың 232-234-тармақтарында және Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімдік баяндаманың 260-263-тармақтарында қамтылған.
j) Бала туралы қамқорлыққа байланысты жағдайларды
мерзімдік бағалау
(25-бап)
Конвенцияның 25-бабына сәйкес қамқорлықты мерзімдік бағалау және бала туралы қамқорлықпен, оны қорғаумен, табиғи не психикалық емдеумен байланысты барлық басқа да жағдайлар 2003 жылы Конвенцияның орындалуы туралы бастапқы баяндаманың 230-231-тармақтарында және Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы екінші және үшінші мерзімдік баяндаманың 255-259-тармақтарында көрсетілген.
Бұдан бұрын көрсетілген нормалар мен ережелер қазіргі кезде де толық көлемінде қолданылады.
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңының
46-бабына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті Мемлекет басшысына жыл сайын республикадағы балалардың жағдайы туралы баяндама дайындап, ол Балалар құқықтарын қорғау комитетінің сайтында орналастырылады, жеке кітапша болып басып шығарылады.
2009 жылғы наурызда Парламент Мәжілісіндегі үкімет сағатында «Қазақстан балалары» бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру туралы есеп тыңдалды.
2009 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комитетте Конвенцияның ережелерін орындау шеңберінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бағып-күту, тәрбиелеу және оқыту жағдайларын жасау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы республика министрліктері мен ведомстволарының есебі тыңдалды.
2010 жылы Қазақстан Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары бойынша әмбебап мерзімдік шолу рәсімінен ойдағыдай өтті. Қазіргі кезде БҰҰ Адам құқықтары комитетінің ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалған.
2011 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің оның 2010 жылғы қызметі туралы есебі әзірленді, онда адамның, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қатысты ахуалға талдау жасалған, олардың бұзылуына байланысты өзекті проблемалар мен себептер белгіленген.
Омбудсменнің «балалар құқықтарын қорғау және көтермелеу» қызметінің басым бағыты бойынша жұмыс шеңберінде балалар құқықтарын қорғау мониторинг жүргізу үшін Астана, Алматы қалаларының, сондай-ақ Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарының 30 балалар мекемесіне ат басы бұрылды. Мониторинг барысында білім алу, денсаулығын қорғау, дем алу, бос уақыт пайдалану, мәдени және шығармашылық өмірге қатысу, ақпаратқа қолжетімділік, ана тілін, мәдениетін пайдалану жөніндегі балалар құқықтарының сақталу мәселелері зерделенді.
2011 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Парлментінің Мәжілісінде Еуропалық Одақ пен БҰҰ Балалар Қоры Өкілдігі (ЮНИСЕФ) делегациясының қатысуымен БҰҰ Бала құқықтары комитетінің ұсыныстарын орындау мәселелері қаралды.
VI. Базалық медициналық қызмет көрсету және
әлеуметтік қамсыздандыру
а) Мүгедек балалар
b) (23-бап)
Республикада мүгедек балаларды әлеуметтік қорғауға, оңалтуға және оларды қоғамға қосуға маңызды мән беріледі.
Қазақстан Республикасында, 01.01.2011 жылғы жағдай бойынша,
54 495 мүгедек бала, оның ішінде бірінші топтағы 16 жасқа дейінгі
45 810 мүгедек бала, 18 дейінгі 1 016 мүгедек бала, екінші топтағы 18 жасқа дейінгі 3 052 мүгедек бала, үшінші топтағы 18 жасқа дейінгі 4 617 мүгедек бала есепте тұр.
Қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік мекемелер желісі жұмыс істейді, олардың ішінде тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған 3 интернат үй, 17 балалар психоневрологиялық интернат үйі, 6 оңалту орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 160 бөлімше бар, оларда мүгедек балалардың 30 % астамы (17 мыңнан астам адам) арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған.
Мүгедек балалар тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін емдеумен, оңалтумен қамтамасыз етіледі. Амбулаториялық жағдайларда халықтың жекелеген санаттары, ауру түрлері бойынша, оның ішінде мүгедек балалар, тегін медикаменттермен және арнайы тағам өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Мүгедек балаларға оңалту көмегі өңірлік деңгейде де, республикалық деңгейде де көрсетіледі. Кешенді оңалту медициналық терапияны, психологиялық-педагогикалық түзетуді және әлеуметтік бейімделуді қамтиды.
Балаларға оңалту көмегі республикалық маңызы бар орталықтарда: Астана қаласы – балалар оңалту орталығы (РБОО), Алматы қаласы – «Балбұлақ» балалар оңалту орталығы, «Алатау» балалар клиникалық санаторийі, Бурабай курорты – балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығы; 39 өңірлік деңгейдегі оңалту орталықтарында көрсетіледі, олардың қызметі жыл сайын мүмкіндіктері шектеулі 8,5 мыңға жуық балаға кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік оңалтуға бағытталған.
РБОО-да герман жабдығымен жарақтандырылған ортездік шағын-зауыт жұмыс істейді, ол денені және патологиясы өзгерген аяқ-қолды физиологиялық күйге келтіретін әртүрлі арнайы құралдар жасап шығарады, бұл оңалтудың ажырамас бөлігі болып табылады.
Есту қабілеті тумай жатып және туғаннан кейін қатты бұзылған мүгедек балаларға медициналық көмек көрсету үшін 2007 жылдан бері республикада кохлеарлық имплантация бойынша бірегей операциялар жүргізілуде. Осындай 430 операция жасалды. Есту қабілеті бұзылған балалар осындай операция жасату үшін бұдан бұрын шетелге жіберілетін.
Интернат үйлерде мүгедектердің тұрмыс сапасын арттыру үшін 2009 жылдан бастап Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын енгізуге республикалық бюджеттен жалпы сомасы 2,5 миллиард теңге (1,7 млн. АҚШ доллары) бөлінді, ол медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік жұмыс бойынша мамандардың, әдіскерлердің, дефектолог мұғалімдердің, логопедтердің, дене шынықтыру мұғалімдерінің, еңбек бойынша нұсқаушылардың, музыкалық жетекшілердің, невропатологтардың, педиатр-дәрігерлердің, физиотерапевтердің, диетологтардың қосымша штат бірліктерін енгізуге жұмсалды. Баланың әлеуметтік даму деңгейін басшылыққа ала отырып, жасына қарай – бір топта 6-12 адамнан топтар жасақтау ұйымдастырылды, сөйтіп әрбір балаға жеке көзқарас таныту қамтамасыз етілді. Интернат үйлерді қазіргі заманғы көмекші, медициналық, оқу жабдықтарымен жарақтандыру мүгедек балалардың оңалту қызметтеріне деген қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.
Мақсатты ағымдағы трансферттер қаражаты есебінен психоневрологиялық ауруларға шалдыққан және (немесе) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға сондай-ақ жартылай стационар жағдайында – күндіз болу бөлімдерінде, отбасына қолдау көрсету қызметтерінде, үйге барып қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.
Жартылай стационарларды, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерін дамыту, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде дамыту интернат мекемелерінде бағылатын мүмкіндіктері шектеулі балалар санын қысқартуға бағытталған.
Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның дүние жүзінің 50 неғұрлым бәсекеге қабілетті елінің қатарына ену стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2008 жылы «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңы қабылданды, оны қабылдау мен іске асыру:
- арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің қазіргі заманғы моделін қалыптастыруға;
- ауыр өмірлік ахуалға тап болған адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің кешенді жүйесін құруға;
- қызметі бәсекелестік ортасын құрып, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беретін үкіметтік емес ұйымдардың қатысуы есебінен арнайы әлеуметтік қызметтер нарығын кеңейтуге;
- халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтер тізбесін кеңейтуге және сапасын арттыруға;
- әлеуметтік қызметтер мен ұйымдардың құқықтық мәртебесін айқындауға, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің біріңғай тетігін жасауға, әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, уәкілетті органдардың құзіретін анықтауға және т.б. мүмкіндік берді.
Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бәсекелестік нарығын қалыптастыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға үкіметтік емес ұйымдар барған сайын кеңінен тартылуда:
2009 жылы ҮЕҰ арнайы әлеуметтік қызметтерімен психоневрологиялық ауруларға ұшыраған 1,5 мыңдай бала 156,9 млн. теңге сомаға қамтылды.
2010 жылы - психоневрологиялық ауруларға ұшыраған 2 мыңнан астам бала 446,5 млн. теңге сомаға қамтылды.
2011 жылы 273,6 млн. теңге сомаға 2,1 мың балаға қызмет көрсету жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен санаторлық-курорттық емдеу, арнайы қозғалыс құралдары (орындық арбалар), техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық құралдар мен міндетті гигиеналық құралдар (кіші дәрет қабылдағыштар, үлкен дәрет қабылдағыштар, жаялықтар) береді. Соңғы екі жыл ішінде 7 мыңнан астам балаға протез-ортопедиялық көмек көрсетілді. Көру және есту қабілеттері бұзылған 3 мыңға жуық бала сурдо-тифлотехникамен қамтамасыз етілді, мүгедек балаларға 1 748 орындық арба берілді. Жыл сайын 1000 бала санаториялық-курорттық емдеуге жіберіледі.
Оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту және олардың өмір сапасын жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп 2010-2011 жылдарға арналған ауру мен мүгедектіктің алдын алу мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі және қабылдады.
«Денсаулық сақтау объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығымен мүгедектердің қоғамдық орындарда болуының жайлы жағдайларын жасау үшін белгілі бір санитариялық нормалар бекітілді. Атап айтқанда, арбамен қозғалатын мүгедектер үшін кірме жолдар, ішкі жолдар мен жаяулар жолдары қатты жамылғымен жасалады және пандустар жабдықталады, сатылармен қозғалу үшін ересектер мен балалар үшін қосарланған ұстағыш тұтқалар, зағиптар мен нашар көрушілер үшін – ұстағыш тұтқалар учаскелері жабдықталады, сатының бірінші және соңғы баспалдақтары кедір-бұдыр етіп жасалып, қарама-қарсы бояумен боялады, әжетханаларда арнайы кабинеттер жабдықталады.
Денсаулық сақтау министрлігі мүмкіндіктері шектеулі балалардың өзекті проблемаларын шешу мәселелерінде басқа мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жасайды.
Қазіргі кезде республикада мүмкіндіктері шектеулі 147 мыңнан астам баланың бар екені анықталып отыр 2007 жылы – 120 мыңнан астам болған).
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың білім алуы, дамуындағы кемшіліктерді түзетуі және әлеуметтік бейімделуі үшін оларға мемлекеттің жағдайларды қамтамасыз ететініне кепілдік берілген.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру қызметтерін қанағаттандыру үшін республикада арнайы коррекциялық білім беру ұйымдарының тармақталған желісі жұмыс істейді:
9 676 мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беруге арналған 34 арнайы балалар бақшасы мен жалпы тұрпаттағы балалар бақшалары жанында
280 арнайы топ;
26 мың баланы (15,5 %) 101 коррекциялық мектеп және жалпы білім беретін мектептер жанында 1 155 арнайы сынып;
17 150 бала коррекциялық-педагогикалық көмек алатын жалпы білім беру ортасына тартылған;
9 391 бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» ҚР Заңының 9-бабының
3-тармағын орындау мақсатында білім беру ұйымдарының жаңа тұрпаттары құрылды. Осындай ұйымдар құру қажеттілігіне балалардың бәріне біріне тегіс қазір бар арнайы (коррекциялық) мекемелер тұрпаттарында баламалы коррекциялық-педагогикалық қолдау алуға мүмкіндік бермейтін аурулардың алуан түрлігі себеп болып отыр.
Егер 2003 жылы 2 оңалту орталығы, 14 кабинет пен 99 логопедтік пункт ашылса, 2010 жылы – олардың саны тиісінше 17, 124 және 402 болды.
Білім беру ұйымдарының осы түрлері жалпы білім беретін мектептерде оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға коррекциялық-педагогикалық қолдау көрсетуді және бұдан бұрын «оқи алмайтындар» деп есептеліп келген балаларды жалпы білім беретін процеске қосуды қамтамасыз етеді. Қамту 15,5 % қамтиды немесе 26 мыңнан астам бала уақтылы көмек алады. Республикалық бюджет есебінен Қарағандыда 250 орындық ауру балаларға арналған арнайы мектеп-интернат салынды. Алматы облысында осындай мектеп-интернат құрылысы жүргізілуде.
«Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабының 16 және 17-баптарына және «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» ҚР Заңына сәйкес арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (60 мың балаға бір ПМПК), оңалту орталықтары (облысқа бір орталық), психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеттері (ауданға бір кабинет) ашылды.
Қазіргі кезде 57 облыстық, қалалық және аудандық ПМПК, оның ішінде бір республикалық ПМПК жұмыс істейді.
ПМПК желісінің кеңеюімен дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау жақсарды. Мысалы, егер 2007 жылы дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың анықталған саны 120 мыңнан астам адамды құраса (балалар қауымының 2 %), 2010 жылы 147 679 бала анықталып, анықтау пайызы 3,4 % дейін өсті. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен арнайы ұйымдар желісі туралы деректердің орталықтандырылған банкі енгізілді. Бұл білім беру ұйымдарының желісін кеңейту, жалпы республика бойынша да, жекелеген өңірлер бойынша да арнайы білім жүйесін басқару сапасын жақсарту жөнінде үйлестірілген шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің оқумен 125 444-і қамтылған, бұл 85,0 % құрайды, оның ішінде: ерте жас – 2139 бала (39,1 %); мектеп жасына дейін – 18 911 бала (61,4 %); мектеп жасы – 104 494 немесе мектеп жасындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 93,8 %.
Түрлер бойынша:
психикалық дамуы кідірген – 37 937 (27,7 %);
сөйлеуі бұзылған – 31 395 (22,9 %); 2008 жылмен салыстырғанда балалар санының азаюы (-1,3 %);
ақыл-есі кем – 24 213, бұл жалпы санның 17,7 % құрайды;
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған – 19 046 (13,9 %);
нашар көретін балалар – 14 640 (10,7 %);
нашар еститін – 7 482 (5,5 %);
естімейтін – 1 883 (1,4 %) және зағип балалар – 314 (0,2 %).
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды, оның ішінде мүгедек балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру үшін жағдайларды жақсарту мақсатында 2011 – 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қашықтықтан оқыту көзделген.
Бұл үшін 2011 жылдан 2013 жылға дейін арнайы жабдықпен қамтамасыз ету көзделген (мүгедек балалардың жұмыс орындарын ауру түрін, жеке басының ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, осы орындарды Интернетке қосуды ескере отырып компьютерлік техниканың жинақтамасымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау).
Мәселен, Павлодар облысында ерекше мұқтаждықтары бар барлық балалар үйде оқиды, компьютерлермен, электронды оқу бағдарламаларымен және оқулықтармен қамтамасыз етілген, Интернетке қосылған.
Арнайы білім беру ұйымдарына компьютерлік техника мен қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ойдағыдай енгізілуде, олар балалардың әлеуметтік бейімделуі мен оңалуына, оқытушылар құрамының біліктілік деңгейін арттыруға, әрбір бала үшін оңалтудың жеке бағдарламаларын шығармашылық тұрғыда жасауға жәрдемдеседі.
«Білім туралы» Республика Заңының 14-бабына сәйкес дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсыныстарын ескере отырып анықталатын оқушылар мен тәрбиеленушілердің даму ерекшеліктері мен ықтимал мүмкіндіктерін ескеретін арнайы білім беретін оқу бағдарламалары жасалады.
Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді және мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және дамытуға бағытталған, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсыныстарын ескере отырып анықталатын оқушы тәрбиеленушілердің психофизикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін ескереді.
Оқытуға вариативтік көзқарас мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың танымдық дамуының әртүрлі деңгейіне бағдарланған арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтарды пайдалануды көздейді.
Ұлттық ғылыми-практикалық коррекциялық педагогика орталығы өткізген талдауға сәйкес республика мектептерінің арнайы оқу әдебиетімен, оның ішінде көмекші мектептердің оқушылары үшін және көруі, естуі, сөйлеуі бұзылған балаларға арналған коррекциялық бағыттағы пәндер бойынша қамтамасыз етілуі 57 % құрайды. Есту, көруі, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары, сөйлеуі бұзылған, зияткерлігі сақталған психикалық дамуы кідірген балалар жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік жинақтамалары бойынша оқиды, олармен қамтамасыз етілу 100 % құрайды.
Бірегей оқулықтар мен оқу-әдістемелік жинақтамалардың 296 атауы шығарылды, олардың ішінде қазақ тілінде 39 % атау, орыс тілінде – 61 % атау балалар үшін:
зияткерлігі бұзылған – 133 атау (44,9 %);
естімейтін – 44 атау (14,7 %);
нашар еститін – 16 атау (5,4 %);
көрмейтін – 58 атау (Брайль ғарпімен) (19,6 %);
нашар көретін – 42 атау (ірі ғаріппен) (14,2 %);
сөйлеуі мүлдем бұзылған – 2 атау (0,7 %).
Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы қаражаты шеңберінде транферттер арқылы 2002 жылдан 2010 жылға дейін коррекциялық білім беру ұйымдары арнайы жабдықпен, көмекші техникалық және компенсаторлық оқыту құралдарымен: сурдотехникамен (сымсыз және сымды оқу сыныптары, аудиомерлер), тифлотехникамен (оқитын машианалар, тифлокешендер); релакцияға арналған сенсорлық және жұмсақ бөлмелермен, логопедтік және оқу тренажерлерімен қамтамасыз етілген. Бүгінде қамтамасыз етілу 40 – 60 % құрайды.
Кәсіби білім – мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың маңызды құралдарының бірі. Заңнамаға сәйкес бірінші және екінші топтардың мүгедектері мен мүгедек балаларға техникалық және кәсіптік, орта мектептен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде мынадай жеңілдіктер көзделген:
- білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасы;
- мемлекеттік білім гранттарын бюджеттен қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік білім алу конкурсына қатысу кезінде бірдей көрсеткіштер жағдайында медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын бірінші және екінші топтар мүгедектерінің, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың артықшылық құқығы болады;
- мемлекеттік тапсырыс немесе грант бойынша техникалық және кәсіптік, орта мектептен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарында оқып жатқан мүгедектерді стипендиямен қамтамасыз ету жөніндегі жеңілдіктер;
- денсаулық жайы жалпы тұрпаттағы мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен білім беру ұйымдарында болуына мүмкіндік бермейтін мүгедек балалар үшін балалар бақшалары мен басқа да арнайы коррекциялық ұйымдар құрылады;
- мүгедек балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жалпы немесе арнайы мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен басқа да оқу мекемелерінде жүзеге асыру мүмкіндігі болмағанда ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің тілегін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқыту үйде жүргізіледі.
Мүгедектердің, бала кезінен мүгедектердің және мүгедек балалардың білім алуы кезінде оларды бағып-күтуге жұмсалатын шығындарды Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен толық немесе ішінара мемлекет көтереді. 2008 жылғы 11 желтоқсанда «Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.
Сонымен бірге оларды оқыту, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдауды күшейту үшін бірдей мүмкіндіктер жасау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жыл сайын:
медициналық тексеру (тегін) өткізіліп тұрады;
жатақханадан орын беріледі (тегін);
материалдық көмек көрсетіледі;
дене шынықтыру сабақтарынан және ауыр дене еңбегінен босатылады (мүгедектік тобына және ауруының күрделілік дәрежесіне байланысты);
жеке сабақтар өткізіледі;
емтихандар тапсыру кезінде психологиялық және дене бітімінің ерекшеліктері ескеріледі;
психологтар әңгімелер өткізіп тұрады (жүйелі түрде);
оқу бітірушілерге жұмысқа тұру үшін жағдайлар жасалады және т.б., ата-аналармен тығыз байланыс орнатылған.
Кәсіптік лицейлер мен колледждерде 605,2 мың адам, оның ішінде 1 392 І-ІІ топтардың мүгедектері мен мүмкіндіктері шектеулі жастар оқиды.
Соңғы үш жыл ішінде квота бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түсетін адамдар санының көбеюі байқалады (2008-2009 оқу жылы –8 194 адам, 2010-2011 оқу жылы – 8 577 адам).
Адамдардың осы санатымен жұмыс істейтін кадрлар мен мамандар маңызды рөл атқарады. Дефектолог-мамандар даярлауды республикада 1978 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-да педагогика кафедрасы жүзеге асырып келеді. Даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде төрт бағыт бойынша жүргізіледі: логопедия, олигофренопедагогика, сурдопедагогика, тифлопедагогика.
Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде оқыту олигофренопедагогика мен логопедия мамандықтары бойынша жүргізіледі.
Сонымен бірге мүгедектер проблемалары бұрынғысынша өзекті, олар оны өз бетімен шеше алмайды. Мысалы, Қазақстанда қалалардың инфрақұрылымы дене бітімінің мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін әлі де болса бейімделмеген, емдеу мекемелері жетіспейді, жұмысқа тұру және жұмыспен қамту проблемасы ең өткір проблемалардың бірі болған күйінде қалып отыр, өйткені жұмыс берушілер мүгедектер өздеріне тапсырылған жұмысты орындай алмайтынына сенімді болып, осы адамдарды жұмысқа алудан бас тартады. Мұндай көзқарас мүгедектікке қабілеттен гөрі зор маңыз берілетін қауіп пен таптауырын түсініктерге сүйенеді. Сондықтан дамыған елдердің осы проблеманы мүгедектердің өздерінің қатысуымен зерделеу жөніндегі дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту бойынша ұзақ мерзімді жұмыс жоспары жасалуда.
Мүгедектерді, оның ішінде мемлекет қамқорлығын ерекше қажет ететін мүгедек балаларды қолдау жөнінде жүйелі жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы ««Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы» Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде қарастырылып отыр.
Алдағы уақытта мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды еңбекпен қамту, денсаулық сақтау, білім, ақпарат саласындағы қызметтермен, мәдени және спорттық, саяси және қоғамдық өмірге қатысудың қолжетімділігімен қамтамасыз ету, медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жаңғырту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесі, оңалтуды жетілдіру, оңалту және арнайы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
е) Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау саласындағы қызметтер
(24-бап)
Қазақстан Республикасында халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы ЖІӨ 1,9 пайызынан 2010 жылы – 2,7 пайызына дейін көбейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған қазақстандықтар өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту бағытының арқасында елде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсару үрдісі байқалып отыр. Мәселен, бала туудың 25 % көбеюі, өлімнің 11 % азаюы байқалады, халықтың табиғи өсімі 1,7 есе артты. Солай бола тұра бала мен ана өлімі проблемасы республика үшін өзекті болып қалып отыр. Сәбилер өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жекелеген ахуалдар, екінші орында – іштен туа біткен аурулар, үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары болып табылады, одан кейін жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен улану тұр.
2010 жылы барлығы 368 957 бала туу тіркелді, оның ішінде 15-18 жастағы жасөспірім қыздарда – 4 205, бұл 1,1 % құқрайды.
2010 жылы түсік тастау көрсеткіші бала туу жасындағы 1000 әйелге 23,0 болды.
2010 жылы түсік тастаудың жалпы санының 3,1 пайызын жасөспірім қыздар (18 жас және одан кіші) арасындағы түсіктер құрады, 2007 жылы – 4,5 пайыз (түсіктер барлығы – 133 097).
2006-2009 жылдары жас топтары бойынша түсіктер
(түсіктер саны мыңдық есеппен және 15-49 жастағы 1000 әйелге)
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Түсіктер саны – барлығы, мың
|
133,1
|
124,0
|
113,3
|
106,1
|
оның ішінде шағын-түсіктер
|
22,2
|
16,6
|
14,3
|
12,2
|
Мына жастағы әйелдердегі түсіктер саны
|
|
|
|
|
15 жасқа дейін
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
15-18
|
5,9
|
5,2
|
4,0
|
3,3
|
19-34
|
100,5
|
92,8
|
84,9
|
79,9
|
35 жас және одан үлкен
|
26,6
|
26,0
|
24,4
|
22,9
|
100 бала тууға түсіктер саны
|
40,8
|
34,2
|
31,3
|
28,7
|
1000 әйелге түсіктер саны (15-49 жас)
|
30,3
|
28,1
|
25,5
|
23,0
|
оның ішінде мына жастағы
|
|
|
|
|
15 жасқа дейін
|
0,0
|
0,0
|
0,0
|
0,0
|
15-18
|
1,3
|
1,2
|
0,9
|
0,7
|
19-34
|
22,9
|
21,0
|
19,2
|
17,4
|
35 жас және одан үлкен
|
6,0
|
5,9
|
5,5
|
5,0
|
Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру барысында басым мәселелер болды.
Әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1325 қаулысымен бекітілген Ана мен бала өлімін азайту жөнінде
2008 – 2010 жылдарға арналған бағдарлама іске асырылды.
Әйелдер мен балаларға жоғары дәрежеде мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2007 жылдан бері Астана қаласында дүниежүзілік стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы 500 төсектік Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы мен 300 төсектік Республикалық балалар оңалту орталығы жұмыс істейді. Сонымен бірге Алматы қаласындағы Республикалық «Ақсай» балалар клиникалық ауруханасында балаларға медициналық көмек көрсетіледі. Жыл сайын ем қабылдайтын 5 мың пациентке ортопедиялық, урологиялық-нефрологиялық, неврологиялық көмек көрсетіледі. Сонымен бірге экологиясы жайсыз өңірлердің балаларын тексеру мен емдеу, мүгедек балаларды ұзақ мерзімді кезең-кезеңмен оңалту жүргізіледі.
Алматы қаласының Педиатрия мен балалар хирургиясы, Астана қаласындағы Ана мен бала ғылыми орталықтарында онкогематологиялық патологияны емдеу бөлімдері жұмыс істейді. Алматы қаласында 2011 жылдың аяғына қарай онкогематологиялық бөлім 80 төсекке дейін кеңейтіліп, жұлын салу бөлімі ашылады.
Балаларға кардиохирургиялық көмекті дамыту шеңберінде 2011 жылдың аяғында жоғарыда аталған ғылыми орталықтарда балалар кардохирургиялық бөлімдерін ашу жоспарланып отыр.
Жоғарыда көрсетілген бағдарламаны іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттің есебінен 2005 жылдан бастап жетекші шетелдік клиникаларда қазақстандық мамандар неғұрлым қажет мына медициналық мамандықтар бойынша оқытылды: кардиохирургия, нейрохирургия, акушерлік, гинекология, неврология, педиатрия, неонатология, медициналық реабилитология және басқалар.
Шалғайдағы ауылдық жерлерде тұратын балалар мен әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігі үшін республикада бірқатар жылдардан бері жылжымалы бала-әйел консультациялары ойдағыдай жұмыс істеуде. Сонымен бірге 2010 жылдың аяғында республиканың жетекші республикалық клиникаларымен байланыс орнатқан 150 телемедициналық орталық құрылды.
2010 жылы жаңа әлеуметтік жоба іске асырыла бастады –
2 мамандандырылған емдеу-диагностикалық «Денсаулық» пойызы жолға шықты. 2011 жылы тағы бір пойыз жолға шығады.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 50 жылжымалы медициналық кешенді іске қосы жоспарланып отыр, олардың қазірдің өзінде 11-і жұмыс істейді, мұнда терапевттер, гинекологтар, педиатрлар, стоматологтар медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, экспресс-зертханалық диагностика, УЗ-зерттеулер жүргізіледі.
Балаларға егу Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енеді, республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және халық үшін міндетті болып табылады. 2008 жылдан бастап профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесіне балаларға гемофильдік инфекцияға қарсы егу енгізілді, балаларға пневмококтық инфекцияға қарсы егуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған.
БДҰ сарапшыларымен бірлесіп 2008 жылдан бері адам өлімінің, перинаталдық ажалдың жасырын аудиті, қауіпті жағдайларды зерттеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қауіпсіз ана болу, неонаталдық күтім жасау, иммунопрофилактика, балалардың ерте өсуі мен дамуы, микронутриенттік бұзылулар профилактикасы, сондай-ақ Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) ұсынған ВИЧ/СПИД-ті қоса алғанда, бала жасындағы ауруларды ықпалдасып жүргізу стратегиясын (БЖАЫЖ) енгізу бойынша бағдарламалар іске асырылуда.
Жоғарыда аталған бағдарламаларды ұйымдастыру және олардың мониторингін жүргізу мақсатында Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығының негізінде БЖАЫЖ бойынша ұлттық үйлестіру орталығы және әрбір облыс орталығында өңірлік орталықтар, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының базасында тиімді перинаталдық технологияларды енгізу орталығы құрылды. ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, 2006 – 2007 жылдары
2008 жылдан бастап Қазақстанның тірі бала табудың халықаралық өлшемдеріне көшуін қамтамасыз ету үшін халық арасында кең көлемді түсіндіру науқанын жүргізуде, ұлттық жаттықтырушылар тобын даярлауда және оқытуда, халықаралық көзқарастарды ескере отырып, әйелдер мен балалардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларын жетілдіруде көмек көрсетілді.
Тірі бала табудың халықаралық өлшемдеріне көшумен 2008 жылы
2010 жылдың қорытындылары бойынша ана өлімінің көрсеткіші 27 % , сәби өлімі 20% азайды. 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында жүктілік деңгейі 1,1 % (4 205 оқиға) және түсік тастау 4,5 % (133 мыңнан астам), 3,1 % дейін (106 мыңнан астам) азайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтауын дамытудың «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Онда бастапқы медициналық-санитариялық көмекті (БМСК) жетілдіру және оның қолжетімділігі, ана, балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау жөніндегі басымдылық бағыт одан әрі жалғастырылды, оның шеңберінде 2011 жылдан бастап БМСК ұйымдары деңгейінде арнайы әлеуметтік қызметкерлерді енгізу жоспарлануда, бұл балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға жәрдемдесетін болады.
2011 жылғы 15 маусымда Алматы қаласында өткен халықаралық конференцияда әмбебап йодтауға қол жеткізген ел ретінде Қазақстанға елдің жалпыға бірдей йодтауға және халықтың тағамында йод тапшылығын жоюға қол жеткізуі туралы халықаралық сертификат тапсырылды. Йод жөніндегі ресурстық зертханалардың халықаралық желісінің үйлестіру комитеті мүшелерінің ұйғаруынша және Денсаулық сақтау министрінің қолдауымен Қазақ тағамтану академиясының йод зертханасы Орталық және Шығыс Еуропа өңірі мен ТМД елдері үшін Өңірлік ресурстық зертхана болып таңдап алынды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 160-бабын іске асыру мақсатында 2011 жылдың өткен кезеңінде Мемлекеттік санитариялық–эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық органдары ЮНИСЕФ-пен және Қазақстан астық өңдеушілері мен наубайханашыларының одағымен бірлесіп ұнды міндетті түрде фортификациялау және ұндағы фортификанттарды анықтау бөлігінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізді. Қолданылып жатқан шаралар бидай ұнын фортификациялау жөніндегі іс-шараларды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік береді, өйткені олар темір тапшылығы анемиясымен ауруды азайтуға және алдын алуға жәрдемдеседі.
Білім, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, денсаулық сақтау, әділет министрліктері мен ЮНИСЕФ баланы қорғау, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуын жақсарту, тамақтануды жақсарту және микронутриенттік ауытқулардың алдын алу мәселелері бойынша 2010 – 2011 жылдарға арналған екіжылдық жұмыс жоспарына қол қойды.
Алматы қаласындағы «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы экологиясы жайсыз Семей және Арал өңірлерінен келген балаларды тексереді, емдейді және кезең-кезеңмен оңалтады.
Достарыңызбен бөлісу: |