О положении детей в Республике Казахстан


Қазақстанның TIMSS-2007 халықаралық



жүктеу 2,1 Mb.
бет7/7
Дата23.11.2018
өлшемі2,1 Mb.
#23932
1   2   3   4   5   6   7
Қазақстанның TIMSS-2007 халықаралық

салыстырмалы зерттеудегі нәтижесі


Математика Жаратылыстану


Ұлттық жоғарғы мектепте білім берудің әлемдік деңгейіне қол жеткізу бойынша шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім кеңістігіне кірді, Болон Декларациясына қосылды.

Сапалы жоғары білім алуға ынта білдірген студенттер саны көбеюде. Шет елдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда. 3000-ға жуық Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық «Болашақ» стипендиясының стипендиаттары 27 әлем елдерінде оқиды.

Жоғарғы оқу орындарында білім алу шетелдіктердің келуіне қызығушылықты жоғарылату үшін барлық жағдайлар жасалуда. Республиканың жоғарғы оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары білім алуда.

Әлеуметтік серіктестік дамуда. 2010 жылы ірі компаниялармен («ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазақтелеком», «Қазақмыс», «Қазинжиниринг», «Қазпочта» АҚ және т.б.) және аймақтық әкімшіліктермен 32 меморандум мен келісімдер жасалды.

Жаңа жағдайда білім жүйесінің дамуы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуінің анықтаушы факторы болып табылады. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.


Бағдарламаның бірінші кезеңінің (2011-2015 жж.) қаржыландыру көлемі республикалық бюджеттен 461,1 млрд. теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиеге үлкен назар аударылған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік бюджет шығындарының үлесі соңғы жылдар ішінде жалпы ішкі өнімнің (одан әрі -ЖІӨ) шамамен 0,1%-ын құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (одан әрі – ЭЫДҰ) мүшесі болып табылатын елдерде - ЖІӨ-ден 1% -дан 2% -ға дейін.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын жою мақсатында 2010-2014 жылдарға арнайы салалық "Балапан" бағдарламасы әзірленді. 2010-2014 жылдарда бағдарламаны іске асыру шараларын қаржыландыру көлемі 216 283, 5 млн. теңгені құрайды.

Бағдарламаның мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында сапалы қызмет көрсету бойынша халықтың сұранысын қанағаттандыру.

Қазақстанда қойылған мақсаттарға жету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына арналған бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыға салынған, сатып алынған және коммуналды меншікке берілген, мектепке дейінгі ұйымдарды жөндеу және қайта құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдарға 300 мыңнан астам орын енгізу жоспарлануда.

2011 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша Республикада 6960 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді (2010 ж.-6446бірлік), оларда 481 мың бала тәрбиеленеді (2010 ж.-446,4 мың).

"Балапан" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2010 жылмен салыстырғанда жүйе 514 бірлікке көбейді (222 балабақша, 292 шағын орталықтар). Жүйенің өсуі мынадай қамтамасыз етілді:

- 30 балабақша (6,2 мың орын) құрылысы;

- 292 шағын орталықтың (9,2 мың орын) және 95 жекеменшік балабақшаның (7,5 мың орын) ашылуы;

- бұрын жекеменшіктендірілген 97 балабақшаның қайтарылуы, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашылуы, мектепке дейінгі мекемелерді ашуға жарамды коммуналды меншікті бөлек орналасқан ғимараттарды босату, жалға алынған, басқа ғимараттар мен бөлмелерді беру (11,6 мың. орын).

Нәтижесінде, барлық бала санының 1-ден 6 жасқа дейінгі 41,6% балаға балабақшаларда мектепке дейінгі білім алуға мүмкіндік жасалды. Жалпы 5-6 жастағы балалардың 88,9% мектепке дейінгі дайындықпен қамтылды.

Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен оқытуға қамтылған балалар үлесі 2015 жылға 74 пайыз, 2020 жылда 100 пайызды құрайды.

Бұл ретте барлық 5-6 жастағы балалар білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі дайындықпен қамтылады.

Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді.

2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының барлық оқушысы жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

Мектептердің спорт залдарын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру мәселесі шешіледі.

Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен мектептерге сервистік қызмет көрсете отырып, оларды жаңа түрлендірілген физика, химия, биология кабинеттерімен, лингафондық және мультимедиалық кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6 %-дан 80 %-ға дейін ұлғаяды.

Бұдан басқа, мектептердің үш ауысымдығы мен апаттылығын жою мақсатында мектептер салынатын болады. 2015 жылға дейін республикалық бюджеттен 200-ге жуық, осынша мектеп жергілікті бюджеттің есебінен салынады.

Техникалық және кәсіптік білім жүйесі (ТжКБ) тұлғаның мүддесін қанағаттандыруда, нарықтық еңбек сұранысында, экономика және әлеуметтік саласының даму перспективасында басты рөл атқарады.

2010 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік статистика деректері бойынша 786 ТжКБ оқу мекемесі жұмыс істейді, оның ішінде 306 кәсіптік лицей, 480 колледж. 2005 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда олардың саны 64-ке өсті. Оның ішінде 22,8 % ауылдық жерлерде орналасқан.

Жалпы білім беретін мектептердің 32,7 % түлектері кәсіптік лицейлер мен колледждерде, оның ішінде 9-сыныптан кейін - 24,8%, 11-сыныптан кейін 7,9% оқуын жалғастыруда.

ТжКБ оқу мекемелерінде 609 мың адам оқиды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 36,3% құрайды.

Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлау 177 мамандық және 416 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.



Демалыс, бос уақыт және мәдени қызмет

(31-бап)
Конвенцияның 31-бабын iске асыру мақсатында республикада балалардың демалуға, мәдени және шығармашылық қызметке жан-жақты қатысуына құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдануда.

Әлеуметтанушылар және саясатшылар қауымдастығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде 2008 жылы «Балалардың мәдени өмірге қатысу құқықтары: қамтамасыз етілуі және іске асырылуы» бойынша әлеуметтану зерттеуі жүргізілді. Әлеуметтану зерттеуі республиканың 63 мектебінде өткізілді –республикалық, облыстық, жергілікті маңызды 18 қалаларда және 14 ауылдық аудандық орталықтарда. Зерттеу жұмыстарына 1511 бастауыш, орта және жоғарғы сыныптардың оқушылары қамтылды. Зерттеу қорытындылары бойынша барлық қазақстандық балалар кітапханаларға еркін кіре алады, бірақ мәдени мекемелерде, демалыс және ойын-сауық орындарында, көбінесе ауылдық жерлердің балаларының барлығының, демалуға мүмкіндіктері бола бермейді. 80,5 оқушылардың пікірлері бойынша балалардың мәдени өмірге қатысудың практикалық дағдыларымен танысуы мектеп қабырғасында болады. Оқушылар мен мұғалімдердің көпшілігі (жартысынан артық 2/3 бөлігіне дейін) зерделенген мектептерде балалардың демалуына, бос уақытын өткізуге, демалуға, ойнауға, сондай-ақ қосымша білім алуға әртүрлі нысандардың бар екендігін атап өтті.

Әлеуметтану зерттеудің нәтижелерін есепке ала отырып, балалардың бос уақытын, мәдени өмірге құқығын іске асыру үшін ұйымдастыру шаралары қабылданды.

2010 жылы республикада 23º396 мектепішілік спорттық секциялар, 425 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері, 563 балалар мен жасөспірімдер клубтары, 330 балалар мен жасөспірімдер көркемөнерпаздар және көркемсурет мектептері жұмыс жасауда.

2010 жылы жазғы демалыс кезеңінде 8791 балалар сауықтыру ұйымдары балалардың демалысын қамтамасыз етті (212 қала сыртындағы лагерлер, олардың 7-і жыл бойы жұмыс істейді; 5º900 - мектеп жанындағы; 84-санаторийлік; 1º628 профильдік және дебаттық; 967-спорттық және палаталық лагерлер).

8º751 ұйым мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастырды (676 аула клубтары, 3º029 қызығушылығы бойынша клубтар және 5º046 мектеп жанындағы алаңдар).



1 млн. 953 мың. 351 оқушылар демалудың, сауықтырудың және жұмыспен қамтудың барлық нысандарым қамтылды, бұл 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 83% құрайды.

886º222 оқушы сауықтыру демалысымен қамтылған, оның ішінде қала сыртындағы сауықтыру ұйымдарында-11%.

Балалардың бос уақытын ұйымдастыру, аула клубтар желісін дамыту бойынша Қарағанды облысында - 112, Шығыс Қазақстан облысында - 79, Павлодар облысында - 60, Қостанай облысында - 46 оң тенденция байқалады.

Балаларды сауықтыру мекемелерінің желісін кеңейту, жаңғырту және сақтау бойынша шаралар қабылданды (Павлодар облысында жыл бойы жұмыс істейтін оқыту-сауықтыру орталығы ашылды, Қостанай облысында жетім балаларға арналған лагерь жаңартылды; Шығыс Қазақстан - 26, Солтүстік Қазақстан - 19, Батыс Қазақстан облыстарында - 13 желісі сақталуда).

Жазғы демалыс кезеңінде республикада 153-тен астам спорт лагерлері жұмыс атқарды, олардың қызметімен жалпы бала санының 3% қамтылды.




VIII. Арнайы қорғау шаралары

i) Босқын балалар

(22-бап)
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау» деген 47-бабында мыналар көзделген:

1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.

2. Баланың тұрып жатқан жерiндегі қорғаншы және қамқоршы органдар, аумақтық көшi-қон қызметтерi ата-анасының не өзге де заңды өкілдерiнiң бар екендiгi және олардың тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалау немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.

2008 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстан Республикасындағы босқындар мен оралмандардың құықтары сақтау туралы» арнайы баяндамасы басып шығарылды, ол Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ-ның ҚР-дағы босқын балалар жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасының құру жөніндегі бірлескен жобасы бойынша жұмыстың нәтижесіне айналды.

Баяндамада босқындар мен оралмандар тап болатын проблемалар талданды, жобаның барысында жүргізілген босқындар мен оралмандардың, оның ішінде балалардың құқықтарын сақтау мониторингінің нәтижелері тұжырымдалды.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пана іздеп жүрген адамдардың және республиканың аумағындағы босқындардың құқықтық жағдайын анықтауға бағытталған «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Құқықтық көмекпен қатар олар ҮЕҰ-дан, халықаралық ұйымдардан материалдық және гуманитарлық қолдау алады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, оның ішінде босқындарға әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік шаралары қолданылмайды.

Көші-қон саясаты саласындағы қолданыстағы заңнама пысықтауды талап етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының көші-қон сасатының 2007 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон саясаты комитетінің деректері бойынша 2011 жылғы 15 қаңтарда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында Ауғанстаннан (106), Ираннан (5), Қырғызстаннан (1), Пәкістаннан (1), Қытайдан (2) және Өзбекстаннан (11) келген 226 босқын бала (мектепке дейінгі жастағы - 66, мектеп жасындағы - 160 бала) тұрады. Оның ішінде 100 босқын бала Қазақстанда туған.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 47-баптарына сәйкес мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шегінде тегін жалпы орта білім алуға кепілдік береді.

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының 2-бабының ережелері қазақстандық заңнамада әрбір баланың тең құқығын қамтамасыз етуді бекітіп берді, сондықтан тұруға рұқсаты бар шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың балалары үшін ана тілін тереңдетіп оқуға жағдайлар жасалған.

Алматы қаласында Ауған мәдени орталығы, Ауған босқын әйелдері қауымдастығы, Ауған мектебі сияқты босқындардың қоғамдық бірлестіктері құрылып, жұмыс істеуде, онда 60-тан астам бала білім алады, ауған балаларына арналған балабақша жұмыс істейді.

Қазақстан БҰҰ-ның БЖКБ (Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы) іс-шараларына белсенді түрде атсалысуда.

2011 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында 2007 жылғы 14 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді.
b) Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін орындау

(40-бап)
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар бойынша және оларға қатысты қылмыстық істерді тергеу ерекше бақылауда тұрады. Мәселен, осы санаттағы қылмыстық істерді тергеудің жай-күйі ай сайын талданып отырады және талдау негізінде кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке немесе өзге де құқық бұзушылықтарға тартатын адамдарды (ата-аналарын, ересек таныстарын, достарын) анықтау және қылмыстық, азаматтық, отбасылық және әкімшілік заңнамаға сәйес оларға шаралар қабылдау жөніндегі жұмысты жандандыру туралы нұсқаулар жіберіледі.

Сонымен қатар алдын ала тергеуді жүзеге асыру барысында кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері шығып отыр. Мәселен, 2008 жылы 7 бұзушылыққа жол берілді (3 кәмелетке толмағанды сот ақтады; сотқа аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық істің жіберілуін ведомстволық бақылаудың нашар болуына байланысты Ақтөбе облысында Тен қасақана адам өлтірудегі кінәсіне айғақтардың жеткіліксіз болғаны үшін ақталды, Ақмола облысында – ҚК 2-бөлігінің 145-бабы бойынша Рудобаба және Солтүстік Қазақстанда – ҚК 1-б. .177-бабы бойынша Байманов). Қылмыстық жауапкершілікке мыналар негізсіз тартылды – 3 (Солтүстік Қазақстан облысынан – А.А.Колбасов ҚК 3-б. 103-бабы бойынша және А.Ю.Коваленко ҚК 2-б «а», 257-бабы бойынша– Б.Т.Халиуллин ҚК 2-б. 96-бабы бойынша). 1 кәмелетке толмаған заңсыз ұсталды (денсаулыққа аса ауыр зиян келтіргені үшін күдікті А.Р.Каменских (СҚО).

Ювенальды әділет
2008 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді және 2008 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен осы Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында ювенальды әділет элементтерін кезең-кезеңмен енгізу және дамыту болып табылады, бұл кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін оның барлық кезеңінде атқарудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Тұжырымдамада Әділет, Ішкі істер, Білім министрліктерінде, соттарда, прокуратураларда және адвокатурада кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құру көзделеді.

2008 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласы Бостандық ауданының және Астана қаласы Алматы ауданының ішкі істер органдары базасында ювенальды полиция жұмыс істеді, 2011 жылғы маусымнан бастап ювенальды полиция бөлімшелерін құру жөніндегі жұмыс елдің барлық ауданында басталды.

Астанада, Алмаматыда, Көкшетауда, Павлодарда және Екібастұзда арнайы конкурстан өткен адвокаттардан және әлеуметтік қызметкерлерден тұратын мамандандырылған ювенальды заң консультациялары жұмыс істейді.

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Басқармасында ювенальды әділет тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бас маманының лауазымы және облыстардың және Астана қаласының ҚАЖ департаменттерінде ювенальды әділет тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор маманның 15 лауазымы енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 494 қаулысымен қылмыстық-атқару инспекцияларының штат саны 2010 жылы 591 бірлікке ұлғайды. Оның ішінде аудандық және қалалық инспекциялардың штаттарына қосымша саны 241 бірлік ювенальды әділет тобының мамандары енгізілді.

Ювенальды әділеттің басты міндеті балалар арасындағы қылмысты, қараусыз және қадағалаусыз қалудың алдын алуды қамтамасыз ету және оларға қатысты қылмыстық жазалар қолдану жағдайларын азайту болып табылады.

Ювенальды әділет тұжырымдамасын орындау үшін ішкі істер органдары жүйесінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімшелер ювенальды полиция бөлімшелері болып қайта құрылды («Ұйымдық-штаттық мәселелер туралы» ІІМ-нің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 281 бұйрығы). Бұдан басқа, кәмелетке толмағандарды тараптардың татуласқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігі пайда болды (ҚК-нің «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» деген 67-бабы).

Медиация рәсімі заңнамалық түрде ресімделе бастады – 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдармен отбасы және балалар істері жөніндегі ерекшеліктерді ескере отырып, медиация рәсімін азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға (жанжалдарға) қатысты қолдану негіздері регламенттелді.

Соттылығына кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер және кәмелетке толмағандардың құқықтарын тікелей бұзатын қылмыстар туралы қылмыстық істер ғана емес, баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-аналарды құқықтарынан айыру (шектеу) және қалпына келтіру туралы, бала асырап алу туралы; кәмелетке толмаған балаларды қорғауға және қорғаншылыққа алудан (патронаттан) туындаған даулар бойынша азаматтық істер де; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер де (кәмелетке толмағандардың құқықтарына бас сұғу – ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы, кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту) және басқалар жатқызылған кешенді заңдық құзыреттегі соттар болып табылатын ювенальды соттар жұмыстарын табысты жалғастырып отыр.

Соңғы екі жылдың ішінде ювенальды соттар қараған істердің саны екі есеге өсті. Қылмыстық істер жасаған кәмелетке толмағандардың көпшілігіне қылмыстық жазалау шарасы тағайындалады. Биылғы жылы бас бостандығынан айыруға тек 11 % жазаланды, Астана қаласы бойынша бұл көрсеткіш 8%-ды құрады.

Тергеу практикасын талдау кәмелетке толмағандарға қатысты тұтқынға алудың баламалы шараларын қолдану фактілерінің ұлғаю үрдісі бар екенін куәландырады.






Есепті кезең

Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы жазылым

Жеке кепілгерлік

Кәмелетке толмағанды қарауға беру

Кепіл

Үйде қамауда ұстау

қамау




1

2007 ж.

74

4

31

2

11

600

2

2008 ж.

96

5

10

1

1

571

3

2009 ж.

2979

59

704

0

7

534

4

2010 ж.

2481

56

635

0

11

293

Мәселен, 2007 жылы 600, 2010 жылы – 293 (-45,1%) қамау қолданылды.

Үкіметтік емес сектормен ынтымақтастық дамуда. Мәселен, Астана қаласында 2010 жылдан бастап әкімдіктің және ЮНИСЕФ-тің қолдауымен балаларды жабық мемлекеттік мекемелерге жіберудің тиімді қоғамдық баламасын ұсыну, оларды қамауда күтіп-ұсату және оларға қатысты бас бостандығынан айыруға байланысты жазаларды жүзеге асыру жөніндегі жобаны жүзеге асыра отырып, «Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығы жұмыс істейді.

Жоғарыда келтірілген шаралар олар бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты түзеу мекемелерінде болу шарасы қолданылған істер санының азаюына алып келді (шамамен істің 60%-ы бойынша шартты жазалау шарасы немесе тәрбиелік ықпал ету шарасы тағайындалды), татуласу жағдайларының саны артты, соңғы төрт жылдың ішінде түзеу колонияларында жазаларын өтеп жатқан және сотқа дейін қамауда ұсталып отырған балалар саны екі есеге қысқарды.

Ювенальды әділет саласындағы мамандарды даярлау үшін Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтымен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың қатысуымен істерді қарауға маманданған судьяларды оқыту жөніндегі арнайы бағдарлама және тақырыптық жоспар әзірледі.

Ұстаудың, түрмеге қамаудың немесе күзетпен ұстаудың кез келген нысандарын қоса алғанда, бас бостандығынан айрылған балалар

(37 b) d бап)


2008 жылғы 26 маусымда Қазақстан 2007 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады және тәуелсіз ұлттық превентивті тетікті (ҰПТ) әзірлеу жөніндегі міндеттемені қабылдады.

Факультативтік хаттама ратификацияланған сәттен бастап Қазақстанда ҰПТ құру, оның моделі және заңнамалық бекітілуі конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, жұмыс отырыстарында, семинарларда бірнеше рет талқыланды.

ҰПТ тағайындау кезінде негізгі мәселе аталған тетікке өз функцияларын орындау үшін жеткілікті мандат беру болып табылады.

ҰПТ шеңберінде баратын орындар барлық жабық мекемелер, оның ішінде балаларға арналған мекемелер болып табылады. Нәтижесінде Ұлттық превентивті тетік шеңберінде тексерілуі мүмкін 244 мекеме анықтады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінде (бұдан әрі – ҚАЖ) бүгінгі таңда 4 тәрбиелеу колониясы (бұдан әрі – ТК) және Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ комитеті департаментінің (бұдан әрі – ҚАЖКД) ЛА-155/4 мекемесі жанында қыздарға арналған бір жергілікті учаске бар. Соңғы үш жыл ішінде көрсетілген колонияларда ұсталып отырған сотталғандар санының азаю үрдісі байқалды. Жобалық қуаты 1300 орындық тәрбиелеу колониясында: 2008 жылы - 449, 2009 жылы - 427, 2010 жылы - 243 кәмелетке толмаған сотталғандар (о.і. 3 – әйел жынысты) болды.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, төрт тәрбиелеу колониясының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасында Алматы қаласында күтіп-ұстау шарттары бойынша лимиті 350 орындық (1223 ш.м) халықаралық стандарттарға жақындатылған бір колония құруға шешім қабылданған.

Республиканың мәдени өмірінің орталығы болып табылатын, климат жағдайы жұмсақ Алматы қаласында кәмелетке толмаған сотталғандарды күтіп-ұстау тәрбиелеу процесінің тиімділігіне ықпал ететін болады. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қолдады.

Бүгінгі таңда кәмелетке толмаған сотталғандар Ақтөбе мен Өскемен қалаларының тәрбиелеу колонияларынан Алматыға көшірілді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Ақтөбе мен Өскемен қалаларындағы тәрбиелеу колониялары оңынан сипаталатын ересек сотталғандарға арналған колония қоныстар етіп қайта бейімделді. Аталған шара Республиканың басқа колония қоныстары етіп қайта лимиттеу проблемасын оңынан шешуге мүмкіндік береді.

2011 жылғы маусымның соңына дейін тәрбиленушілерді Петропавл қаласының тәрбилеу колониясынан көшіруді аяқтау жоспарлануда.

2010 жылы 170 кәмелетке толмаған сотталғандар мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды (2009 ж. - 157).

2011 жылғы 1 қаңтарда ҚАЖ қылмыстық-атқару инспекцияларында қоғамнан оқшаулаусыз 707 кәмелетке толмаған сотталғандар есепте тұр (1286 – 2010 ж.)

Сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету тиімділігін арттыру және колония әкімшілігіне көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілді. Қамқоршылық кеңестер, сондай-ақ сотталғандардың ата-аналары және басқа да туыстары қатарынан ата-аналар комитеттері құрылды.

Барлық тәрбиелеу колонияларында тәрбиеленушілер құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылаушы комиссиялар әрекет етеді.

Сотталғандардың жеке басын толыққанды дамыту, олардың жалпы зердесін кеңейту және ой-өріс деңгейін арттыру мақсатында республиканың тәрбиелеу колонияларында оқыту ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда тәрбиелеу колонияларында 5 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда орта білім алмаған тәрбиеленушілер білім алады, оның ішінде бір бөлігі мемлекеттік тілде оқиды. Үйірмелерде тәрбиеленушілер сурет салу, қолданбалы өнер техникасына және компьютерлік сауаттылыққа оқып-үйренеді.

Кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған түзеу мекемелерінде 5 кәтапхана жұмыс істейді, онда сотталғандар көркем және заң әдебиетін, газеттер мен журналдарды пайдалана алады. Сондай-ақ сотталғандардың жеке қаражатына баспа басылымына жазылуды жүзеге асыруға құқығы бар. 2010 жылы тәрбеилеу колонияларының кітапхана қоры 43212 кітапты құрады.


Көшеде тұратын немесе жұмыс істейтін балалар
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңына сәйкес балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алудың әртүрлі бағыттары жөніндегі іс-шаралардың тұтас кешені жүргізілуде.

2007 жылдан бастап елде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның отырыстарында 30-дан астам, оның ішінде балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу проблемалары бойынша 10 мәселе қаралды. Мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктіретін осындай комиссиялар елдің барлық өңірлерінде жұмыс істеуде.

Құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдердің қадағалаусыз және панасыз қалуын азайту мақсатында 2010 жылы Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық сақтау және Әділет министрліктері Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық жоспарды әзірледі.

Қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, ҮЕҰ және жұртшылық «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше», «Қамқор», «Мектепке жол» атты және басқа да рейдтік іс-шаралар мен акцияларды үнемі жүргізіп отырады.

2010 жылы ҚР ІІМ «Балалар біздің болашағымыз» (15 сәуірден бастап 15 мамырды қоса алғанда) және «Полиция және мектеп» (13 қыркүйектен бастап 6 қазанды қоса алғанда) атты акцияларды өткізді. Акциялар барысында кәмелете толмағандар арасындағы маскүнемдіктің, алкоголизмнің, нашақорлық пен темекі шегудің алдын алуға бағытталған 10 мыңнан астам лекциялар мен әңгімелесулер, 500 семинар, бір мыңнан астам дөңгелек үстел, 300 брифинг өткізілді. Мектептегі полиция инспекторлары қызметінің тиімділігін айқындау мақсатында мектеп оқушылары мен педагогтарға 2 мыңға жуық сауалнама жүргізілді. Мыңнан астам спорттық және 800-ден көп мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың ерте алдын алудың неғұрлым тиімді әдістерінің бірі жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру және оларды спорттық секциялар мен үйірмелердегі сабаққа тарту болып табылады.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінің барлық ведомстволық спорт залдарында тегін негізде нашар отбасыларынан шыққан кәмелетке толмаған балаларға арналған сабақтар өтеді. Сабаққа шамамен 10 мың кәмелетке толмаған тартылған.

Өмірлік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды бірыңғай есепке алу деректерінің интеграцияланған банкі құрылды. Деректер банкіне дәлелсіз себеппен мектепке бармайтын, арнайы білім беру ұйымдарындағы балалар, қатал қарау мен зорлық-зомбылықтың құрбандары, нашар отбасыларынан шыққан, қадағалаусыз, панасыз қалған, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізілген балалар туралы мәліметтер енгізіледі.

Қызылорда облысында Өмірлік қиын жағдайдағы балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді.

Саран қаласында үш балабақша мен жасөспірімдер клубы жанында Проблемасы бар отбасы орталық және Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.

2010 жылы «Мектепке жол», «Қамқор» атты акциялар барысында әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 374 655 балаға шамамен 1,7 млрд. теңге сомасына (2009 жылы – шамамен 439 мың бала 1 ,6 млрд. теңге сомасына) көмек көрсетілді.

Бұдан басқа, әлеуметтік қорғалмаған мектеп оқушыларына барлығын оқыту қорынан көмек көрсетіледі. Барлығын оқыту қорларына аударымдар сомасы 5,5 млрд. теңгені немесе мектептерді күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7%-ын (2009 жылы - 4,6 млрд. теңге немесе 1,6%) құрады.

Нашар отбасыларымен және қадағалаусыз қалған балалармен жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін мектептердің штаттарына 3 139 әлеуметтік педагог, 7 мыңнан астам психолог енгізілді, сондай-ақ мектептерде 1,5 мың полиция инспекторлары жұмыс істейді.

ҮЕҰ-мен («Сандж» зерттеу орталығымен, «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» АБ) бірлесіп, отбасылық нашарлықты ерте анықтау жөнінде әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілуде, осы мәселе бойынша ұсынымдар әзірленді.

Мынадай әдістемелік құралдар шығарылды: «Отбасылық нашарлық: себептері және алдын алу», «Мектепте отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру».

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ-ның Балалар қоры өкілдігінің (ЮНИСЕФ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Қазақстанда 2011 жылғы шілде – қарашада Қазақстанның қалалық жерлерінде тұратын ең әлсіз балалардың және тәуекел тобындағы балалардың жағдайын, сондай-ақ балаларды жыныстық пайдалану аспектілерін және ішкі трафикті, қараусыз қалушылық және зорлық-зомбылық жағдайына жедел бағалау өткізу жоспарланып отыр.

Көшедегі балалар арасындағы ахуалды зерделеу үшін үкіметтік емес ұйымдарды тарту жоспарланып отыр.



c) Балалардың еңбегін қоса алғанда, балаларды экономикалық пайдалану (32-бап)
Еңбекпен пайдаланудан балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңнама жетілдірілуде. Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «баланы экономикалық пайдалану» ұғымы енгізілді және экономикалық пайдаланудан қорғауға баланың құқығы бекітіп берілді.

Халықаралық Еңбек Ұйымының Балалар еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу және олардың жолын кесу жөніндегі шұғыл шаралар туралы № 182 Конвенциясының (Женева, 199 жылғы 17 маусым) және Жұмысқа қабылдау үшін ең төмен жас туралы № 138 Конвенциясының ережелері (Женева, 1973 жылғы 26 маусым) «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілді.

Мысалы, заңнамалық актінің 30-бабында былайша белгіленген: «Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен: 1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен; 2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылармен; 3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін. Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс».

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқығы бар деп белгіленген. Осы баптың 4-тармағына сәйкес баланы еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті ауыр жұмысқа қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмысты орындау білім алу процесін бұзбауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 185-ө бұйрығымен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегін қолдануға тыйым салынатын ауыр білек күшімен істелетін жұмыстардағы және еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті) жұмыстардағы өндірістердің, кәсіптердің тізімі бекітілді.

Жұртшылықты бала еңбегінің пайдаланылуы туралы хабардар ету мақсатында жыл сайын «12 күн бала еңбегін пайдалануға қарсы күрес» атты ұлттық ақпараттық науқан өткізіледі. Науқан кезінде республикада бала еңбегін пайдалану фактілерін анықтау бойынша алдын ала рейдтер, кәмелекте толмағандармен бала еңбегінің ерекшеліктерін түсіндіру бойынша әңгіме өткізіледі, бала еңбегін пайдалану туралы буклеттер мен жадынамалар таратылады, баспасөз-конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар мен концерттер өткізіледі. Науқан шеңберінде жыл сайын 300 мыңнан астам ересектер мен балаларды қамти отырып, төрт мыңнан астам іс-шара өткізіледі.

2007 жылы «Зияткерлік еңбек әйелдерінің одағы» АБ-мен бірлесіп, әлеуметтанушылық зерттеу өткізілді және «ҚР-дағы бала еңбегінің ең жаман нысандары: ахуалды бағалау және елде қабылданған шаралар туралы» атты жинақ шығарылды.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Бала еңбегінің ең нашар нысандарын түбегейлі жою және ХЕҰ-ның № 182 Конвенциясын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспары іске асырылуда.

2009 жылы Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының мақта және темекі өсіретін алқаптарында жұмыс істеген 900 бала, 2010 жылы – бала еңбегінің 532 фактісі анықталды.

2010 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауы бойынша 18,0 мыңнан астам тексерулер жүргізілді. Әрбір тексеруді жүргізу кезінде мемлекеттік еңбек инспекторлары міндетті түрде бала еңбегінің заңсыз пайдаланылуына назар аударады.

Тексеру қорытындылары бойынша балалар еңбегін пайдалануға жол берген лауазымды адамдар жауапкершілікке тартылды.
Есірткі құралдарын пайдалану

(33-бап)
Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама бекітілді.

Республикада үнемі «Жастар есірткіге қарсы» атты акция өткізіліп тұрады. 2010 жылғы маусымда республиканың барлық қалалары мен өңірлерінде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған және есірткіні пайдалану проблемасына жұртшылықтың назарын аударуға және қоғамдық есірткі иммунитетін қалыптастыруға бағытталған жаппай акциялар өткізілді.

Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті (бұдан әрі – Комитет) Астана қаласының әкімдігімен және астананың Ішкі істер департаментімен бірлесіп, «Бостандық. Бақыт. Өмір» атты кең ауқымды акция өткізді. Акция БАҚ-та жарық көрді.

Көрсетілген іс-шараларға Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде 2,176 млн. теңге бөлінді.

Елдің барлық өңірлерінде шерулер, веложүрістер, концерттік бағдарламалар, конкурстар, викториналар, спорттық жарыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК Білім және ғылыми министрлігімен бірлесіп, психоактивті заттарға тәуелді болуға тарту тәуекелдерін психологиялық тестілеудің диагностикалық компьютерлік бағдарламасын (бұдан әрі – компьютерлік бағдарлама) енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырды.

2010 жылы компьютерлік бағдарламаны сынақтан өткізу және енгізу Павлодар, Астана, Алматы қалаларындағы 161 орта білім беретін оқу орындарында өткізілді.

Аталған қалаларда психологтарға, әлеуметтік педагогтарға арналған «Балалар мен жасөспірімдердің бойында психоактивті заттарға тәуелді болудың қалыптастысу тәуекелдерін және дамуын ерте анықтау тәсілі» тақырыбында үш күндік семинар-тренингтер өтті, оның барысында 161 маман оқытылды (Астана – 61, Алматы - 75, Павлодар – 25 адам).

Днсаулық сақтау министрлігіне осы іс-шараны іске асыруға Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде 6,0 млн. теңге бөлінді.

Білім беру мекемелерінде психологиялық тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша тестілеудің компьютерлік бағдарламасын пайдалану тиімділігін мониторингілеу жүйесі әзірленді, Қарағанды, Павлодар және Тараз қалаларының мектептерінде алдын ала бағалау жүргізілді. Мониторингтің нәтижелері бойынша осы бағдарламаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы тұжырымдар жасалды.

Бірқатар өңірде сондай-ақ халықтың әртүрлі тобы арасында әлеуметтанушылық зерттеулер өткізілді.

2010 жылы Аөмола облысында әлеуметтанушылық сауал қою өткізілді. Оның нәтижелері бойынша адамдардың есірткіні пайдалана бастауының басты себептері анықталды: серіктерінің әсер етуі – 44,4% және жұмыс істемеуі — 13,8%. Қатысқан респонденттердің 19,2%-ы есірткі қолданған. 79,9%-ы есірткі сатушыларға ешқаншан жолықпаған. Респонденттердің 61,9%-ы есірткі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан, 17,4%-ы – арнайы әдебиеттен, 12,3%-ы - достарынан, 7,0% - ата-аналарынан алған.

Солтүстік Қазақстан облысында өткізілген әлеуметтанушылық сауал қою есірткі пайдаланудың неғұрлым кең тараған себептері ретінде жастар басқа адамдардың ықпалын көрсетеді, компаниялар - 24%, жұмысының болмауы (бос уаұқыт) - 16,4%, «тыйым салынған жеміске» қызығушылық - 9,9% және есірткілерді пайдаланудың барлық салдарын білмеуі - 8,6%.

2010 жылы СӨС (Салауатты өмір салты) орталықтарымен бірлесіп, 96 мыңнан астам қатысушыны қамти отырып, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын ала жөнінде 128-ден астам дәріс беру сабақтары, 1500 әңгімелесу өткізілді.

ЖОО-лар есірткі қолданудың зияны мен салдары туралы 189 дөңгелек үстел, 206 оқытушы семинар-тренингтер, 152 акция өткізді, 210 брошюра және 22 бейнефильм шығарылды.

Нарколог-дәрігерлердің, ішкі істер органдары инспекторларының, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың қатысуымен «Бірге ойланайық» атты ата-аналарға арналған консультациялық пункттер жұмыс істейді.

Оқу орындарында тақырыптық стенділер, кітапханаларда кітап көрмелері үнемі жұмыс істейді, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, есірткіге қарсы бағыттағы ақпараттық парақтар шығарылып отырады.

Оқу орындарында есірткіге қарсы насихаттау жөніндегі ұтқыр топтар құрылған, басшылардың бұйрықтарымен бағдарламаның іске асырылуына жауапты педагогтар тағайындалған. Педагогтар үшін жыл сайын курстар өткізіліп тұрады.

Мәселен, 2010 жылы АИТВ-ның, нашақорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 4, оның ішінде 2 – АИТВ мен нашақорлықтың алдын алу бойынша «Оқушылардың бойында өмірлік дағдыларды қалыптастыру негізінде АИТВ-ның, уытқұмарлықтың, нашақорлықтың, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын алу жөніндегі жұмысты ұстау» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсы өткізілді, оған 120-дан астам адам қатысты.

Жалпы білім беретін мектептерге көмекке ЮНЕСКО ҚМПА-ның (Қазақстандық медициналық-педагогикалық қауымдастық) қолдауымен Республикалық біліктілікті арттыру институты ата-аналарға арналған «АИТВ-ның, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын алу» атты құрал әзірледі.

Азшылыққа тиесілі балалар

(30-бап)
Мемлекет Қазақстан Республикасының саны аз халқы мен этникалық топтарына жәрдем көрсетеді, олардың мәдениетін, ұлттық ерекшелікті сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі саясатты жүргізеді.

Барлық осы топтардың өте жоғары азаматтық-құқықтық және қоғамдық мәртебесі бар. Олардың өкілдері ұлттық азшылық ретінде әрекет етпейді, Қазақстанның біртұтас халқының түгел барлық құқыққа ие азаматы ретінде қаралады. Этникалық топтардың мүдделері Ассамблеяның парламенттік кепілдік берілген өкілдігі арқылы қамтамасыз етіледі, нәтижесінде Ассамблеядан тағайындалатын ел Парламенті Мәжілісінің 9 депутаты елдің барлық этностары мүдделерінің жиынтығы ретінде оның мүдделерін білдіреді.

Ақпараттық алаңда 35-тен астам этникалық газеттер мен журналдар жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығарылады, радиохабарлар – 8, ал телебағдарламалар 7 тілде жүргізіледі. 2010 жылы этникалық БАҚ-ты қолдауға 76 млн. 995 600 теңге (531 мың АҚШ доллары), оның ішінде «Украински новини», «Deutsche Allgemeine Zeitung», «Коре ильбо», «Уйгур авази», «Ватан», «Ақ барыс» және «Ахыска» газеттеріне бөлінді.

50 қазақстандық театрлардың ішінде 9 аралас, 15 орыс, 1 корей, 1 неміс,1 өзбек және 1 ұйғыр театры жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 өкімімен бекітілген 2001-2011 жылдарға арналған тілдердің қызметі және дамуы мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанда тұрып жатқан этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды. Республиканың білім беру ұйымдарында негізгі ережелердің бірі ретінде ана тілін үйренуде ұлттық саны аз топтардың құқықтарын іске асыру орындалуда.

Республикадағы 7 516 жалпы білім беретін мектептердің ішінде 1 524 орыс тілінде, 58 өзбек тілінде, 14 ұйғыр тілінде, 2 тәжік тілінде оқытатын, 2 097 аралас мектеп.

2 261 мектепке дейінгі мекемелердің 272 орыс тілінде, 3 басқа тілдерде оқытады; этномәдени бірлестіктерінің 190 жексенбілік мектептерінде ана тілін 30 этникалық топ оқиды.

Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерін оқытатын жалпы білім беретін мектептердің түлектері қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) тапсыруға қатыса алады. ҰБТ қорытындылары бойынша бітірушілердің орта мектептен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсуге құқығы бар.
Бала құқықтары туралы конвенцияға Балалардың қарулы

жанжалдарға қатысуына қатысты факультативтік хаттама

ережелерінің жүзеге асырылуы туралы ақпарат

( Нью-Йорк қ., 2000 жылғы 6 қыркүйек)
Қазақстан Республикасы ратификациялаған Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты факультативтік хаттама 18 жасқа толмаған адамдардың әскери іс-қимылдарға тікелей қатысуына және қарулы күштерге шақырылуына жол бермеуді жариялайды. Осы хаттаманың нормалары «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының баланың әскери іс-қимылдарға, қарулы күштерге қатысуға тартылуына, балаларға арналған мамандандырылған құрамаларды құруға тыйым салатын 41-бабына, сондай-ақ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды айқындайтын 23-бабына енгізілген.

Қазақстандағы мемлекеттік-конфесииялық қатынастардың қазіргі жай-күйі елде әртүрлі діндер мен ұлттар өкілдерінің бейбіт өмір сүруі үшін құқықтық, идеологиялық және қоғамдық жағдайлардың жасалғаны туралы куәландырады.

Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы халықаралық қозғалысқа белсенді қатысушы болып табылады және бейбіт азаматтардың өміріне, денсаулығы мен тыныштығына қол сұғатын террористік актілердің кез келген көріністеріне қарсы тұрады. 2010 жылғы сәуірде бейбіт халықты қорғау кепілдіктері және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің терроризмге қарсы операцияларды жүргізу үшін жауапкершілігі заңнамалық түрде күшейтілді.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2005 жылғы 18 ақпандағы № 31) сәйкес балаларды қарулы жанжалдарға қатысуға тартқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жаза көзделген.

Елде балалардың қарулы соқтығыстар мен жанжалдарға қатысуының алдын алу мен қорғау мақсатында ақпараттық-құқықтық білім беру жүргізілуде.

Республиканың барлық облыстарында Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі үйлестіру кеңестері әрекет етеді. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде жұмыс жүргізетін ардагерлер, ауған соғысы жауынгерлері кеңестері, үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Республикада негізгі мақсаты балаларды патриоттық тәрбиелеу, дене бітімін дамыту болып табылатын «Ұлан» әскери-спорттық ойыны өткізіледі.

Барлық білім беру ұйымдарында Құқықтық білім беру мектептері жұмыс істейді, Факультативтік хаттаманың қағидаттары мен ережелерін түсіндіру жөнінде іс-шаралар, акциялар, сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Мәселен, Астана қаласында 2010 жылы «Бейбіт уақыттағы қарулы жанжалдар», «Халықаралық терроризм және балалар» атты дөңгелек үстелдер өтті. Жыл сайын Бесландағы оқиғалар туралы еске алу үшін «Бесландағы оқиғалар», «Терроризм дегеніміз не?», «Соғыстың бала келбеті жоқ» және басқа да іс-шаралар, жиындар, сынып сағаттары өткізіліп тұрады.

Факультативтік хаттаманың ережелері «Тіршілік-әрекет қауіпсіздігінің негіздері» атты мектеп курсында оқып-үйретілді.

Әскери мектеп-интернаттарда, училищелерде Бала құқықтары туралы конвенцияға Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты факультативтік хаттаманы зерделеу жөніндегі іс-шаралар жоспарлар әзірленді.

2010-2011 оқу жылында республикада әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықпен 4 облыстық кадет мектеп-интернаттары жұмыс істейді, онда 980-нен астам оқушы оқиды жән жалпы білім беретін смектептер жанындағы 22 кадет сыныптары жұмыс істейді, онда 500 мектеп оқушысы білім алады. Осы білім беру Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында жұмыс істейді.

Негізгі мектеп оқушыларының кадрлық әскери кәсіпті таңдауына ерте кәсіптік бағдар беру үшін республикада үш республикалық әскери мектеп-интернат ашылды, онда 1350 тәрбиеленуші білім алады.

Әскери мектептердің негізгі міндеті – мемлекеттік және шет тілдерін үйрену, жасөспірімдердің дене бітімін күшті даярлау. Әскери мектептерде оқу мерзімі – 2 жыл – 10 және 11-сыныптар.

2010 жылы балаларлдың өз құқықтары туралы хабардар болу деңгейі, Бала құқықтары туралы конвенция сияқты негіз қалаушы халықаралық құжаттарды білуі туралы зерттеу жүргізілді. Зерттеуде республикадан 193 025 бала қамтылды. Сауалнамаларға балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты бірқатар сұрақтар енгізілді.

Зертеудің нәтижелері бойынша республиканың бес (16-дан) облысындағы балалар өз құықтары туралы жақсы хабардар екені, Қарулы жанжалдарға қатысу туралы факультативтік хаттаманың негізгі ережелерін білетіні (қалған өңірлерде хабардарлылық деңгейі 52-ден 70%-ға дейінді құрайды) анықталды. Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының дерлік 100 %-ы, 77,7% - Жамбыл, 76,5% - Қызылорда және 75% - Маңғыстау облыстарының сауал қойылған оқушыларын 18 жасқа толмаған азаматтар әскери іс-қимылдарға тікелей қатыса алмайтынын және Қарулы Күштер қатарына шақырыла алмайтынын атап өтті. Барлық облыстарда балалар қарулы жанжалдарға қатыспағанын, қарулы жанжалдардың куәсі немесе құрбаны болмағаны туралы және ешқашан болғысы да келмейтіні туралы атап өтті.




«Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы» конвенцияның факультативтік хаттамасы
Қазақстан Баланың құқықтары туралы конвенцияны, ХЕҰ-ның Балалар еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу және олардың жолын кесу жөніндегі шұғыл шаралар туралы № 182 Конвенциясын (Женева, 1999 жылғы 17 маусым), сондай-ақ 2000 жылғы 6 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында жасалған «Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы» конвенцияның факультативтік хаттамасын ратификациялай отырып, балаларды жан-жақты қорғауға өзінің берілгендігін көрсетті.

2006 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты конвенцияның факультативтік хаттамасын іске асыру жөніндегі алғашқы есепті дайындап, Бала құқықтары жөніндегі комитетке жіберді.

2010 жылы Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттердегі балалардың тағдырын бақылап отыруға құқық беретін Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялады.

Балаларды халықаралық ұрлаулың азаматтық аспектілері туралы конвенцияға қосылу туралы мәселені шешу жөніндегі жұмыс басталды. Оның мақсаты балаларды заңсыз алып кетуден немесе ұстап отырудан халықаралық қорғауды қамтамасыз ету және оларды әншейіндегі тұрғылықты жеріне жылдам қайтару жөніндегі рәсімді белгілеу болып табылады.

Қазіргі уақытта ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Көрсетілген Заңмен «баланы экономикалық пайдалану» ұғымы енгізіліп қана қоймай, баланың экономикалық пайдаланудан қорғау құқығы да бекітіледі (баланы пайдалану – бұл бала еңбегінің ең жаман нысаны, о.і. кәмелетке толмағандарды саудаға салу, зинақорлықпен айналыстыру және т.б.)

Кәмелетке толмағандарға жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілігі едәуір күшейтілді ( ҚК-нің 120, 121, 122 және 124-баптары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндет жүктелген адамдар (ата-аналары, қамқоршылары, педагогтар) жасаған нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерге байланысты жаңа нормалармен толықтырылды).

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы кәмелетке толмағандарға нәпсұмарлық зорлық көрсеткені үшін мерзімі 20 жылға дейн бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Кәмелетке болмағандардың тәрбиешілері үшін жаза қатаңдатылды. Қамаудан шыққаннан кейін оның 10-нан 20 жылға дейін балалармен жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Заңда Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару үшін, сондай-ақ не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тартқаны үшін жауаптылық көзделген (273-1-бап. «Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту»).

Қазақстан Республикасының аумағында қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды және порнографияны насихаттауға бағытталған мәліметтер мен материалдарды қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік және қылмыстық жауакершілік көзделген.

Астана қаласының соты балалар порнографиясын насихаттайтын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының, интернет-ресурстардың өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтату туралы 2011 жылғы 3 маусымдағы №2-1078/11 шешімді қабылдады.

Балаларды нәпсіқұмарлық немесе жыныстық сұрап тиісуден қорғау мақсатында заңда осындай қылмыстар үшін сотталған адамдарға қосымша талаптар белгіленген. Олар мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тек жазасының кемінде төрттен үш бөлігін іс жүзінде өтегеннен кейін ұсынылуы мүмкін. Бала еңбегін пайдалануды болғызбау және қорғау мақсатында заң жүзінде кәмелетке толмағанның эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуына тыйым салу белгіленген.

Осыған байланысты «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 14-бабы кәмелетке толмағанның эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуына тыйым салуды белгілейтін нормамен толықтырылды.

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрмыстық күш қолдануды, нәпсіқұмарлыққа және экономикалық пайдалануды, адамдарды ұрлау мен саудаға салуды қоса алғанда, қылмыстардың құрбандары және/немесе куәлары болған балаларды қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Адамды саудаға салуға қарсы күрес жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдады.

Қылмыстардың көрсетілген санаттардың серпіні былайша көрсетіледі:

- 2007 жылы:

- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 128-бабы (адамды саудаға салу) – 16 іс;

- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) – 5 (Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті (бұдан әрі - ІІД) – 2 факт; Атырау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ІІД – 1 фактіден);

- ҚР ҚК-нің 125-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында адамды ұрлау) – 4;

- ҚР ҚК-нің 126-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) – 2;

- ҚР ҚК-нің 270-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға тарту) – 7 іс;

2007 жылы әртүрлі мерзімге 17 адам сотталды.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында 2007 жылғы 6 қазанда У.М. Ангарбекованың кәмелетке толмаған қызды С.С.Айтбаева ұйымдастырған жезөкшелікпен айналысу үшін притонға сату фактісі анықталды.

Осы факт бойынша У.М. Ангарбекова сот 7 жылға бас бостандығынан айыруға, С.С.Айтбаева 6 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды.

- 2008 жылы:

- ҚР ҚК-нің 128-бабы (адамды саудаға салу) – 15 іс;

- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) – 5 (Ақмола облысының ІІД) – 2; Батыс Қазақстан ІІД, Маңғыстау ІІД және Солтүстік Қазақстан облыстарының ІІД – 1 фактіден);

- ҚР ҚК-нің 125-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында адамды ұрлау) – 4;

- ҚР ҚК-нің 126-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) – 8;

- ҚР ҚК-нің 270-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға тарту) – 11 іс.

2008 жылы әртүрлі мерзімге 24 адам сотталды.

16.01.2008 ж. Ақмола облысында азамат С.Р.Пагикян пайдакүнемдік ниетте қасақана, өз пайдасына материалдық пайда алу мақсатында И.А.Ильинмен сөз байласып, 2008 жылғы қаңтарда алдап, 1992 ж.т. Т.Д. Булышкинаны Астана қаласына әкетіп, азамат А.Б.Әміринге сатқан, ол күш көрсету арқылы жезөкшелікпен айналысуға тартқан.

Өздерінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып, кәмелетке толмаған Ж.М.Фальманды нәпсіқұмарлыққа пайдалану үшін алдау жолымен азғырып-көндірген С.Р. Пагикян мен И.А.Ильинді Шығыс Қазақстан облысы Шортанды ауданының соты екі эпизод бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

- 2009 жылы:

- ҚР ҚК-нің 128-бабы (адамды саудаға салу) – 20 іс;

- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) – 16 (Батыс Қазақстан облысының ІІД – 7 факт; Ақмола облысының ІІД – 2 факт, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ІІД – 2 фактіден, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының ІІД – 1 фактіден);

- ҚР ҚК-нің 125-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында адамды ұрлау) – 7;

- ҚР ҚК-нің 126-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) – 3;

- ҚР ҚК-нің 270-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға тарту) – 7 іс;

2009 жылы әртүрлі мерзімге 24 адам сотталды.

08.01.2009 ж. «Атырау облыстық перзентханасының бас дәрігері С.К.Қуанованың 2008 жылғы жаңа туған баласын 4000 АҚШ долларына сатқан 1956 ж.т. Ж.З.Кушалиев қылмысы үстінде ұсталды.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 133-бабы 2-т. «з» бөлігі бойынша 08.01.09ж. қылмыстық іс қозғалды. 2009 жылғы маусымда Ж.З.Кушалиев 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

- 2010 жылы:

- ҚР ҚК-нің 128-бабы (адамды саудаға салу) - 22;

- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) -17;

- ҚР ҚК-нің 125-бабы (пайдалану мақсатында адамды ұрлау) -127;

- ҚР ҚК-нің 126-бабы (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) -137;

- ҚР ҚК-нің 270-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға тарту) -7;

- ҚР ҚК-нің 271-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) – 191.

Соттың үкімімен бас бостандығынан айыруға 193 адам сотталды, оның ішінде:

- ҚР ҚК-нің 128-бабы (адамды саудаға салу) – 5 адам;

- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) -5 адам;

- ҚР ҚК-нің 125-бабы (пайдалану мақсатында адамды ұрлау) – 32 адам;

- ҚР ҚК-нің 126-бабы (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) – 16 адам;

- - ҚР ҚК-нің 271-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) – 135 адам.

2010 жылы Қылмыстық кодекстің 133-бабы бойынша (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) үкім шығара отырып 2 іс қаралды, ол бойынша 6 адам сотталды.

Соңғы 4 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың өсуінің 5-7%-ға (6274-тен 5945-ке дейін) азайғаны байқалады. Осындай үрдіс 2011 жылы да байқалуда. Мәселен, 2011 жылдың 7 айында кәмелетке толмағандарға қатысты 4388 қылмыс жасалды, оның ішінде 140 зорлау, 74 нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері, 16 жасқа толмаған адаммен 70 жыныстық қатынас немесе нәпсүқұмарлық сипатындағы өзге де іс-әрекеттер.

Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес заңнамалық шаралармен балаларды әлеуметтік ортаның келеңсіз әсерінен қорғаудың тиімділігін арттыру мәселелері шешілуде және құқық қорғау практикасының басымдықтары жазалау-репрессия шараларынан кәмелетке толмағандарға қоғамнан оқшаулауға байланысты жазалау және жолын кесу шараларын қолдануды барынша азайту жолымен алдын алу және күзету-қорғау функцияларына ауыстырылды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қылмыстардың осы санаттарының алдын алуға, ашуға және тергеуге бағытталған шаралар кешені іске асырылуда.



Мәселен, 2009 жылғы наурызда «STOP трафик» ОПМ шеңберінде «Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды Тұлғалар Бірлестігімен (ЗТБ) және ҚР-дағы АҚШ Елшілігімен бірлесіп, үгіт-насихат поездарын жібере отырып, «Адамды саудаға салу құрбаны болма!» атты ауқымды республикалық акция өткізілген болатын.

Ақпараттық науқанның қорытындылары бойынша адамды саудаға салу құрбандарының құқықтары мен бас бостандықтарын қорғаумен айналысатын ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің, ҚР-дағы ЮНИСЕФ-тің, ҚР-дағы ЕҚЫҰ Орталығының, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл: тәжірибе алмасу, стратегиялық тәсілдерді әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

2009 жылғы қыркүйекте Ішкі істер, Әділет, Білім және ғылым министрліктері, ҚР-дағы АҚШ Елшілігі және «Феминистская лига» ОО ҮЕҰ Астана қаласының, Ақмола облысының оқушылары мен студенттері үшін саудаға салу нысанасы болған адамдардың нақты тарихына негізделген «Түнгі жұлдыздар» атты театрландырылған көоріністі алдын алу қойылымын ұйымдастырды.

Бір уақытта ақпараттық буклеттер, «Құлдыққа жоқ де!» деген дискілер таратылды.

2009 жылдан бастап Астана қаласында Әділет министрлігінің қолдауымен мемлекеттің бюджетінен қаржыландырылатын «Қорғау» атты адамды саудаға салу құрбандарын оңалту жөніндегі дағдарыс орталығы құрылып, жұмыс істеуде.

2009 жылғы қарашада Ішкі істер министрлігі «Дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар ұйымымен бірлесіп, Адамды саудаға салуға қарсы күрес жөніндегі еуропалық комиссия сарапшысының және халықаралық өкілдердің қатысуымен Қазақстанда «Адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл: тәжірибе алмасу, стратегиялық тәсілдерді әзірлеу және ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында семниар-кеңес өткізді.

2009 жылғы мамырда, қазанда және желтоқсанда Ақтау, Павлодар және Ақтөбе қалаларында «Адам құқықтары үшін хартия» қоғамдық қоры ІІБ мен прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстанда адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл туралы семинар өткізді.

Адамды саудаға салу фактілерін анықтау мен жолын кесу, сондай-ақ адамды саудаға салу құрбандарына заң, медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында Ішкі істер министрлігі республиканың аумағында елдің барлық өңірлерінде қалалық және ұялы телефондардан хабарласуға қолжетімді «11616» тікелей сенім телефонының жұмыс істеуі туралы мәселені шешті.



Республикада әрбір бала көмекке жүгіне алатын балаларға арналған қоғамдық қабылдау бөлмелері, сенім телефондары жұмыс істейді, тегін тәулік бойғы 150 телефон желісі енгізілген.

Қазіргі уақытта ҮЕҰ-мен бірлесіп, халықтың, оның ішінде балалардың адамды саудаға салу, әйелдер мен балаларды экономикалық және нәпсіқұмарлық пайдалану мәселелері жөнінде хабардарлылық деңгейін арттыру жөнінде жұмыс жүргізілуде.
жүктеу 2,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау