Мүбарак мерекенің орны бөлек



жүктеу 372,75 Kb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата25.05.2018
өлшемі372,75 Kb.
#17308
  1   2   3   4   5   6


 

 

2-бетте



АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ (Жамбыл облысы)                   /      www.shuoniri.kz                    /                    Газет 1935 жылдың 16 маусымынан шығады

  №79 (9049)         

СЕНБІ

10 ҚЫРКҮЙЕК



2016 ЖЫЛ

ТАТУЛЫҚТАН АРТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ЖОҚ

 

і

і



ө

ө

ң



ң

і

і



р

р

Ш



Ш

у

у



Жұмыс қарқыны жоғары

Н.НАЗАРБАЕВ 

«Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 

жылдығымен орайлас келген 

мүбарак мерекенің орны бөлек. 

Бұл – елдің береке-бірлігін 

бекемдейтін, қанағат пен 

қайырымдылықты арттыра-

тын мейрам. 

Ислам діні  барлық істе 

салиқалылық пен сабырлылыққа 

үндейді. Адамзаттың ізгі 

құндылықтарын уағыздайтын 

ата дініміз шектен шығуға

өзгеге қиянат жасауға жол 

бермейді. Ұлысты ұйыстыратын 

осы ұлағатты дінді халқымыз 

өз ұлттық дәстүрімен 

үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем 

ұстанып келеді».

Құрметті аудан тұрғындары!

Отбасы,  сүйіспеншілік  және  адалдық  – 

адамның  өмірін  ерекше  мағыналы  ететін, 

жүректерімізде  қамқорлық  пен  шапағатты 

оятатын мәңгілік құндылықтар. Біз отбасы-

мызда алғашқы құтты қадамдар жасаймыз, 

әлемді танып-білеміз, қолдау мен түсіністік 

табамыз.


Сондықтан  түтіні  түзу  шыққан  әр  от-

басын – күшті елдің негізі деп бағалаймыз. 

Әлеуметтік-демографиялық 

мәселелер  

үнемі  назарымызда  болғандықтан,  берік 

отбасылар қалыптастыруға күш салудамыз. 

Өйткені, отбасында бақытты балалар өседі, 

қоғамның адамгершілік негіздері қаланады. 

Отбасы  –  адам  баласының  өсіп-өнер, 

қаз  тұрып  қанат  қағар  ошақ  қасы,  алтын 

бесігі  ғана  емес,  ол  –  шағын  мемлекет. 

ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев:  «Отба-

сында  адам  бойындағы  асыл    қасиеттер 

жарқырай  көрініп,  қалыптасады.    Отанға 

деген  ыстық  сезім  –  жақындарына,    туған-

туысқандарына  деген    сүйіспеншіліктен 

басталады»,-  деді.  Барша  ата-аналар 

мен  көпбалалы  отбасыларға  шынайы 

ризашылығымды  білдіремін.  Олардың 

еңбектері  игілікті  болған  сайын,  ел  мерейі 

өсе береді.

Айтулы мереке әркімнің өзінің ата-ана-

сына, жұбайына, балаларына, немерелеріне 

көбірек  көңіл  бөлуге  үндейді.  Осындай  

сыйластықтың нәтижесінде туған жерімізде 

берік  те  тату  отбасылар  саны  ұдайы  өсе 

береді деген сенімдемін.

Әрбір отбасы мүшелеріне шын пейілден 

татулық  пен  қуаныш,  жақсылық  пен  өзара 

түсіністік,  сүйіспеншілік  пен  үйлесімділік 

тілеймін!

Қадірлі жамағат! 

Ардақты мұсылман бауырлар!

Сіздерді ұлық мереке – Құрбан айт мей-

рамымен шын жүректен құттықтаймын!

Адамды  имандылық  пен  ізгілікке 

тәрбиелейтін  асыл  дініміз  –  ислам-

ды  бүгінде  Қазақстан  халқының  басым 

көпшілігі 

ұстанады. 

Ауданымыздағы 

мұсылман қауымы осында мекендеген өзге 

дін өкілдерімен өзара бірлікте тіршілік етіп, 

тату-тәтті өмір сүріп келеді.

Осыдан төрт жыл бұрын Елбасы Құрбан 

айтқа  айрықша  көңіл  бөлді.  Сол  уақыттан 

бастап айттың алғашқы күні демалыс болып 

саналып,  жыл  сайын  аталып  өтуде.  Егемен 

еліміз негізінен ислам дініндегілерден тұрса 

да,  өзге  дін  өкілдеріне  үлкен  түсіністікпен, 

құрметпен  қарайтын  көпұлтты  респу-

блика.  Сондықтан  дәстүр  сабақтастығын 

одан  әрі  жалғастырып,  мемлекетімізде 

ұлтаралық  достық  пен  конфессияаралық 

келісімнің    нығая  түсуіне  көпшілік  болып 

атсалысқанымыз абзал. 

Отыздан  аса  ұлттар  мен  ұлыстар  бір 

шаңырақтың астында берекелі ғұмыр кешіп 

жатқан  біздің  ауданда  да  бұл  мейрамның 

орны  ерекше.  Бұл  күндi  барша  мұсылман 

бауырларымыз  асыға  күтеді.  Ата-баба 

дәстүрімен  үндестігін  тауып  келе  жатқан 

бұл  мейрам  бүгінде  қанатын  кеңге  жайып 

келеді.  Біз  мұны  діни  конфессиялардың 

сыйластығы 

мен 


ынтымақтастығының 

айқын көрінісі деп білеміз. 

Аудандағы барша мұсылман қауымының 

отбасыларына береке-бақыт, амандық және 

дендеріңізге саулық тілеймін!

Құрбан айт құтты болсын!

Аса қамқор, ерекше мейірімді 

Алланың атымен бастаймын!

Құрметті бауырлар!

Баршаңызды күллі мұсылман 

қауымы асыға күткен қасиетті, 

ұлық мереке – Құрбан айт 

мейрамымен құттықтаймын! 

Отбасыларыңызға 

амандық, мықты денсаулық, 

жұмыстарыңызға береке 

тілеймін!

Бәрімізді айтқа аман-есен 

жеткізген Алла Тағалаға сансыз 

шүкірлер мен мақтаулар болсын!

Ислам діні сан ғасырдан 

бері еліміздің рухани тірегі 

болып келеді. Халқымыз асыл 

дініміздегі Жаратушы Иеміз 

белгілеп берген екі мейрамның 

ұлығы, айтулы мереке – Құрбан 

айтқа айрықша дайындалып, 

көпшілікпен ерекше атап өтеді. 

Берекеге бастаған бұл мереке 

бірлік пен игілікке, мейірім мен 

кешірімге үндейді. 

Айт – ағайын арасын 

жақындастыра түсетін, адамзат 

баласын имандылыққа ұйытып, 

қанағат пен тәубеге шақыратын 

ұлық мейрам. Бұл күндері барша 

мұсылман құрбан шалумен ғана 

емес, Ұлы Аллаға ұнамды әрбір 

ізгі амалы арқылы Раббысының 

разылығына, рақымына 

жақындай түседі. Өйткені, араб 

тіліндегі «құрбан» сөзі «жақын 

болу», «жақындау» деген 

ұғымдарды білдіреді. 

Қасиетті Құранда: 

«Ұмытпаңдар, олардың еті 

де, қаны да ешқашан Аллаға 

жетпейді. Оған жететін нәрсе 

– жүректеріңізге ұялаған 

тақуалықтарың (шынайы 

ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-

аят),–деп баяндалған.

Айт күндері қажылық пары-

зын өтеп жатқан мұсылмандар да 

Жаратушыға жалбарына дұға жа-

сап, құрбандық шалады. Қасиетті 

Мекке қаласында еліміздің 

амандығы, халқымыздың бірлігі 

мен берекесін тілеп жатқан 

отандастарымыздың да дұғасы, 

қажылығы қабыл болғай! 

Қаржылық мүмкіндігі жоқ 

адамға құрбан шалу – міндет 

емес. Құрбандық еті ағайын-

туыс, көрші-қолаң, тұрмысы 

төмен отбасыларына, жетім мен 

жесірлерге, мүгедектер мен 

науқас жандарға таратылады. 

Құрбан айт күні ерте тұрып, 

ғұсыл құйынып, айт намазы-

на қатысу – пайғамбарымыз 

Мұхаммедтің (оған Алланың 

салауаты мен сәлемі болсын) 

сүннеті.  

Қадірлі ағайын!

Барша жамағатты, еліміздің 

жанашыр азаматтарын мүбәрак 

мейрамның құрметі үшін 

мүгедектерге, жетімдер мен 

жесірлерге, қараусыз қалған 

қарттарға қайырымдылық 

жасауға шақырамын. 

Алла Тағала дұға-тілектеріміз 

бен сауапты істерімізді және 

шалған құрбандықтарымызды 

қабыл еткей! Әмин!

ДІНІҢ ТҰРСЫН, ДІН АМАН!

Аудан әкімі Р.Дәулеттің 

Құрбан айт мейрамымен 

құттықтауы

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

ШАЙҚАЛМАСЫН

Аудан әкімі Р.Дәулеттің 

Отбасы күніне орай 

құттықтауы

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары 

діни басқармасының төрағасы, 

бас мүфти.

Бірінші  кезекте  сөз  алған 

Бауыржан  Арынұлы  жиынның 

мақсаты – тұрғындардың назарын 

жергілікті  полиция  қызметіне  ау-

дарып, оның жұмысын жанданды-

ру, қылмыстың, әсіресе, ұрлықтың 

алдын  алу  жолдарын  қарастыру 

екендігін  атап  айтты.  Нақты  ай-

тар  болсақ,  жергілікті  полиция 

міндетіне  құқық  бұзушылықтан 

бөлек  қоғамдық  тәртіпті  қорғау, 

жол  қозғалысының  қауіпсіздігін 

қамтамасыз 

ету, 

қылмыстық 



құқық  бұзушылықтарды  ескерту 

және  алдын  алу,  әкiмшiлiк  құқық 

бұзушылық  бойынша  iс  жүргiзу 

және  сотқа  дейінгі  қылмыстық 

құқық  бұзушылықты  тексеру 

жұмыстары  жатады.  Б.Удергенов 

өз 

сөзінде 


Шу 

ауданында 

Полиция қызметі пәрменді болсын

жергілікті  полиция  қызметінің 

атқарушылық 

тәртібі 


төмен 

деңгейде  екендігін  мәлімдеп, 

өзінің  әріптесі  М.Байсеркеновты 

көпшілікпен  таныстырып,  оған 

сөз кезегін берді.

М.Байсеркенов 

саладағы 

облыс  аумағында  атқарылған 

жұмыстарды саралай келіп, оның 

ішінде Шу ауданында орын алған 

қылмыстық  істерге  тоқталды. 

Оның 


мәлімдеуінше, 

облыс 


көлемінде  қарақшылықпен  айна-

лысатын 15  қылмыстық топ қолға 

түскен. Олардың басым бөлігі мал 

ұрлығымен  айналысушылар.  Шу 

ауданында бұл қылмыс 65 пайызға 

өскен.  Малдың  көбісі  қорадан, 

өрістен  және  қоршауда  тұрған 

жерінен жоғалуда. Алайда, кейбір 

қылмыстық істер жәбірленуші та-

рапынан жасалған кешірім салда-

рынан жабылуда.

Ағымдағы 

жылдың 

сегіз 


айындағы  дерек  бойынша  мал 

ұрлығы мен пәтер ұрлығы көптеп 

кезігеді.  Оның  ішінде  ауыр 

қылмыстар да бар. М.Байсеркенов 

полиция 

қызметіне 

қатысты 

арнайы 


бағдарламалардың 

мақсатын түсіндіріп, оны қызметте 

кеңінен қолдану қажеттігін айтты. 

-Қараусыз малдың көбеюі мал 

ұрлығына жол ашады. Сондықтан, 

мал  иесі  өз  малын  қараусыз 

Жуырда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс 

залында жергілікті полиция қызметкерлері, ауылдық округ 

әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім және мекеме басшыларының 

қатысуымен жиын өтті. Оған облыстық ішкі істер департаменті 

жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Бауыржан 

Удергенов пен ІІД жергілікті полиция қызметі учаскелік поли-

ция инспекторының қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы 

Мұрат Байсеркенов қатысып, аудан әкімінің орынбасары Әлихан 

Балқыбеков жиынға төрағалық жасады (суретте). 

«Шу Агропродукт-2000» ЖШС-нің иелігінде 1000 

гектардан  аса  ауылшаруашылық  жері  бар.  Егер, 

өткен жылы серіктестік тамшылатып суғару жүйесін 

пайдалану арқылы 68 гектар жерге пияз өсірсе, бұл 

жылы егістік көлемін 140 гектарға дейін ұлғайтты. Су 

жинау технологиясын пайдалану өз нәтижесін беріп, 

әр гектардан 83 тонна пияз жиналды. Биылғы өнімді 

жинау жуырда ғана басталып, диқандар жақсы өнім 

аламыз деп үміттенуде. 

-Тамшылатып суғару жабдығының қымбаттығына 

қарамастан,  біз  өз  тәжірибемізде  оның  зор 

артықшылықтары барына көз жеткіздік. Біріншіден, 

топырақ  құнарлылығы  сақталады,  екіншіден,  жан-

дандыратын  ылғалдылық  үнемделеді,  үшіншіден, 

арамшөптерді болдырмауға ықпал етеді. Ең басты-

сы жоғары түсімділік пен жоғары сапалы өнім алуды 

қамтамасыз  етеді.  Сондықтан,  барлық  диқандарға 

өз  егістіктеріне  осы  технологияны  енгізу  жөнінде 

кеңес беремін,-дейді Нұрлан Астанұлы. 

Шаруашылықта  қажетті  техникалар  жеткілікті, 

ауылшаруашылық  техникасына    сақтық  шарала-

ры  мен  жөндеу  жұмыстарын  жүргізу  үшін  ангар, 

сыйымдылығы  600  тонналық  екі  көкөніс  сақтау 

қоймасы бар. 

Өткен  жылы  серіктестік  директоры  Нұрлан 

Абашов  Қырымнан  егістік  жұмысын  жандандыруға 

ең қажетті техника – жер жыртатын және жапырақ 

кесетінді  жасап  шығаратын  маманды  тапты. 

Қазіргі  кезде  екі  ботворез  және  үш  плоскорез 

құрастырылып, оның жұмысын жергілікті шаруалар 

табысты жүзеге асырып келеді. 

-Аталмыш  техниканы  алу  үшін  фирмаға  тапсы-

рыс берсеңіз, оның құны шамамен 11 мың евроны 

құрайды.  Бізде  оны  6  мың  долларға  сатып  алуға 

болады.    Тиімділігі  көрініп  тұр.  Егер  техника  істен 

шығып  қалса,  оның  бөлшектерін  біздегі  базарлар-

дан табуға болады,-деді серіктестік директоры. 

Шаруашылықта  өнімді  жинау  кезінде  400-ге 

жуық адам еңбек етеді. Мұнан басқа тұрақты жұмыс 

жасайтын үш бригада да 10 адамнан бар. Олардың 

әрқайсысы  ерте  көктемнен  қара  күзге  дейін  еңбек 

етіп, өз нәпақаларын табуда. 

Шаруашылықтың  Төле  би  ауылындағы  Рахым 

Ақботаев    басқаратын  кәсіпкерлер  палатасының 

филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасайтынын 

атап  айтқымыз  келеді.    Аталмыш  серіктестік  үшін 

филиал  қызметкерлері  бизнес-жоспарын  құрып, 

серіктестік жетекшісіне сала қызметіне қатысты өзін 

алаңдатқан мәселелер бойынша бағыт-бағдар беріп, 

көмек көрсетіп келеді. «Шу Агропродукт-2000» ЖШС 

базасында  кәсіпкерлер  палатасы  ұйымдастырған, 

курс ретінде тәжірибелік сабақтар өткізіліп тұрады. 

Евгения СТЕЦЮРА.

Суретте: «Шу Агропродукт-2000» ЖШС жетекшісі 

Нұрлан Абашов Қырым мамандарына өзінің 

серіктестігіндегі жаңа ботворездің жұмысы жайлы 

таныстыруда. 

Сурет автордікі. 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

ОСЫДАН ЕКІ ЖЫЛ 

БҰРЫН БІРЛІК СЕЛОЛЫҚ 

ОКРУГІНДЕ НҰРЛАН 

АБАШОВТЫҢ ИЕЛІГІНДЕГІ 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ПИЯЗ 

ЖӘНЕ БАҚША ӨНІМДЕРІН 

ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН 

«ШУ АГРОПРОДУКТ-2000» 

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ 

СЕРІКТЕСТІГІ ҚҰРЫЛҒАН 

БОЛАТЫН. ОЛ УАҚЫТ 

ӨТЕ КЕЛЕ АУДАНДАҒЫ 

АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ 

ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫҢ 

БІРІНЕ АЙНАЛДЫ. 




жүктеу 372,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау