«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет1/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89


«Қазақстан Республикасының Конституциясына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2007 жылғы 21 мамырдағы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ЗАҢЫ
1995 жылғы 30 тамызда қабылданған
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
КоНСТИТУцИяСЫ 
Қазақстан Республикасының Парламенті 
Қазақстан Республикасы Президенті 
Н. Ə. Назарбаевтың бастамашылық баяндамасы 
бойынша қабылданған жəне  Президент қол қойған 
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасының 
2007 жылғы 21 мамырдағы № 254 Заңына
ТүСіНіКТЕмЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘдіЛЕТ мИНИСТРЛігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢ шЫғАРУ ИНСТИТУТЫ
АСТАНА
2007


ББК 67.400
Қ 65
«Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  2007 
жылғы  21  мамырдағы  Қазақстан  Республикасының 
Заңы. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан  
Республикасының 
Конституциясы. 
Қазақстан 
Республикасының  Парламенті  Қазақстан  Республика-
сы Президенті Н. Ə. Назарбаевтың бастамашылық ба-
яндамасы  бойынша  қабылданған  жəне    Президент  қол 
қойған «Қазақстан Республикасының Конституциясына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан 
Республикасының  2007  жылғы  21  мамырдағы  №  254 
Заңына түсініктеме.
Авторлық ұжымның жетекшісі, ҚР ҰғА академигі,
профессор ғ.С. Cапарғалиев.
ISBN 9965-600-38-4
К     
 
 
                                    ББК 67.400
© Авторлар ұжымы, 2007
© «ҚР Заң шығару институты» ЖШС, 2007
Астана, “ҚР Заң шығару институты” ЖШС, 2007. –  304 б.
1203020100
00(05)-07
Қ 65


«Қазақстан Республикасының Конституциясына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2007 жылғы 21 мамырдағы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ЗАҢЫ


4
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап
1995 жылы 30 тамыздағы республикалық референдумда 
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституция-
сына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 
1996 ж., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат) мына-
дай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1.  2-баптың  3-тармағы  мынадай  редакцияда  жазыл-
сын:
«3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның 
елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның 
елордасы Астана қаласы болып табылады.».
2. 5-бапта:
1)  1-тармақтағы  «Қоғамдық  және  мемлекеттік 
институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік» деген сөздер 
«Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы «, қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік 
қаржыландыруға» деген сөздер алып тасталсын.
3. 9-баптағы «нышандары» деген сөз «рәміздері» деген 
сөзбен ауыстырылсын.
4. 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазыл-
сын:
«2.  Ешкімнің  өз  бетінше  адам  өмірін  қиюға  хақысы 
жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты 
террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс 
уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр 
жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген 
адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.».
5. 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазыл-
сын:
«2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың 
санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, 
тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың 



санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мер-
зімге ұстауға болады.».
6. 34-баптың 2-тармағындағы «нышандарын» деген сөз 
«рәміздерін» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. 41-бапта:
1) 1-тармақтағы «жеті» деген сөз «бес» деген сөзбен 
ауыстырылсын;
2) 2-тармақтағы «кемінде он бес» деген сөздер «соңғы 
он бес» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 42-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші 
бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре-
зидентіне қолданылмайды.».
9. 43-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
10. 44-бапта:
1) 2), 3), 4), 5), 7) тармақшалар мынадай редакцияда 
жазылсын:
«2)  Республика  Парламентіне  және  оның  Палата-
сына  кезекті  және  кезектен  тыс  сайлау  тағайындайды; 
Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның 
депутаттарының  Қазақстан  халқына  беретін  антын 
қабылдайды;  Парламенттің  кезектен  тыс  сессиясын 
шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішін-
де қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе 
оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа 
салу үшін қайтарады;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партия-
лар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім 
беру  үшін  Мәжілістің  қарауына  Республика  Премьер-
Министрінің  кандидатурасын  енгізеді;  Парламент 
Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Минис-
трін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау