63
Орынғазы Әбутәліп
,
3-үлгі. Шағым түрі
Алматы қаласы,
«Меруерт» дүкенінің директоры
Б.А. Мұратоваға
Алматы қаласы,
Қастеев көшесі, 12 үй, 2 пәтердің
тұрғыны (Тел: 8 701 678 753 543)
Құралай Мақсатқызынан
АРЫЗ
Менің сізге арыз жазу себебім, 2010 жылдың 18 қаңтар күні сағат
14.00-де Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы «Меруерт»
дүкенінен 1 литрлік «Айналайын» сүтін (майлылығы 6%, бағасы 250
теңге, қолданылу мерзімі: 01.01.11, сериясы: 56297532, чек бар) сатып
алған болатынмын. Оның сапасы төмен, жарамсыз болып шықты.
Қолымдағы чекпен сатушыға (Б.С. Жоламановаға) келіп сүтті ауыстырып
беруін немесе ақшасын қайтаруды талап еттім. Бірақ менің талабым
қанағаттандырылмады. Сол себептен осы мәселеге байланысты шара
қолдануыңызды сұраймын.
19.01.10. (Қолы) - - - - - - - - - - - -
Өтініш
Арыз
Анықтамасы
Өтініш дегеніміз – азаматтар-
дың жеке құқықтары мен мүдде-
лерінің жүзеге асырылуы мазмұн-
далатын, ресми түрде жазбаша
баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру,
сұрау туралы лауазымды тұлғаға
бағытталған ресми құжат.
Арыз – азаматтардың заң
арқылы қорғалатын жеке құқықтары
бұзылған жағдайда оны қалпына
келтіру туралы талап-тілек айтылып,
заңдық тұрғыда өз құқығын қорғау
мақсатында жазылатын ісқағазы.
64
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Бір-бірінен айырмашылығы
1. Өзіне берілген құқықтарды
пайдалану үшін: жұмысқа қабылдау,
жұмысқа тұру, басқа жұмысқа ауысу,
кезекті демалыс сұрау, кезектен тыс
демалыс сұрау, материалдық көмек
сұрау т.б. өзіне тиесілі жағдайды
шешу мақсатында жазылады.
2. Деректерді көрсету міндетті
емес.
3. Өтініш жеке адам атынан жа-
зылады.
4. Өтініштің 1 түрі бар.
1. Азаматтардың заң арқылы қор-
ғалатын жеке құқықтары бұзылған
жағдайда шағым түрінде жазылады.
2. Деректер нақты болуы керек.
3. Арыз жеке адамның да,
ұжымның да
атынан жазылуы
мүмкін.
4. Арыздың 3 түрі бар.
Ортақ белгілері
1. «Жеке адам өміріне қатысты
құжаттар» түріне жатады.
2. Безендірілуі бірдей.
3. Құрылымы бірдей.
4. Мәселені шеше алатын
лауазымды адам атына жазылады.
1. «Жеке адам өміріне қатысты
құжаттар» түріне жатады.
2. Безендірілуі бірдей.
3. Құрылымы бірдей.
4. Мәселені шеше алатын
лауазымды адам атына жазылады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Арыз қандай жағдайларда жазылады?
2. Арыз кімге жазылады?
3. Арыздың құрылымы қандай?
4. Өтініш түріндегі арыз дегеніміз не?
5. Шағым түріндегі арыз дегеніміз не?
6. Түсініктеме түріндегі арыз дегеніміз не?
Тілдік бірліктер:
• арызда көрсетілген мәлімет
• заңсыз әрекет
• қызметкердің
заңсыз әрекеті
• белгіленген тәртіпте
• азаматтардың құқығы
• қиын жағдай
• өкінішке орай
• тексеру жүргізуіңізді
• арыз бойынша тексеріс
• шара қолдану
• қалыптасқан жағдайға байланысты
• мәселені қарастыруыңызды
• шара қолдануыңызды
• жолға қоюыңызды
65
Орынғазы Әбутәліп
1-жаттығу: Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Өтініш, сұраймын, тұратын, тіркелген, факультет деканы, кафедра
меңгерушісі, шара қолдануыңызды сұраймын.
2-жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1. заң талаптарына / қызметкердің / қайшы келеді / іс-әрекеттері.
2. күнге дейін / қалып отыр / өтінішім / бүгінгі / менің / жауапсыз.
3. заңды / шешімі / емес / жиналыстың.
4. атқара алмай / міндетін / отыр / дұрыс / өз.
3-жаттығу. Керекті
тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.
1. Талдықорған қаласы №5 ықшамауданында орналасқан 37 үйде 2000
жылдың 20 қаңтарынан бері ... .
2. ... бірнеше рет хабарласқанымызбен еш нәтиже шыққан жоқ.
3. №5 ықшамауданында орналасқан 37 үйдің жылумен қамтамасыз
етілуі үшін ...., жылу жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін ретке келтіре алмай
отырған лауазымды адамдарға .... сұраймыз.
Керекті тілдік бірліктер: жылу берілмей отыр, тиісті орындарға,
нұсқау беруіңізді, шара қолдануыңызды.
4-жаттығу. Тілдік бірліктерді жұптастырыңыз.
Тәртіп бұзу
Неправомерные действия
Еңбек тәртібін бұзу
Жилищное право
Заңға қайшы әрекет
Нарушение трудовой
дисциплины
Ұстау
Административное взыскание
Тұрғын үй құқы
Нарушение дисциплины
Әкімшілік жаза
Задержать
5-жаттығу. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.
1. заң талаптарына / қызметкердің / қайшы келеді / іс-әрекеттері.
2. күнге дейін / қалып отыр / өтінішім / бүгінгі / менің / жауапсыз.
3. заңды / шешімі / емес / жиналыстың.
4. атқара алмай /міндетін / отыр / дұрыс / өз.
5. отыр / орындаудан / бас тартып / міндетін / өз.
6. бойынша / сұраймын / жүргізуіңізді / тексеріс / арыз.
7. расталған жоқ / жазылған / арызда / мәліметтер.
66
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ç
Тапсырмалар:
1) Асхана тамағының сапасының төмендігі туралы арыз жазыңыз.
2) Петропавл қаласы сүт зауытының директоры Т.С. Пірімбетовтің
атына дүкендегі сүт өнімінің нашарлығы туралы арыз жазыңыз.
3) Қалалық санэпидстанция бастығы атына ауладағы санитарлық
жағдайдың нашарлығы туралы арыз жазыңыз.
4) Өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты арыз үлгісін
жазыңыз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
арыз
– заявление (жалоба)
өтініш
– заявление
шара қолдану
– принять меры
өтінемін
– прошу
азамат
– гражданин
тұратын
– проживающий
тұрғыны
– житель
жылу
– отопление
ыстық су
–
горячая вода
суық су
– холодная вода
апта бойы
– в течение недели
бөлім бастығы
– начальник отдела
зейнеткер
– пенсионер
төраға
– председатель
арыз жазу
–
написать жалобу
арыз беру
– подать жалобу
арыздың мазмұны
– содержание жалобы
арыздың мәтіні
– текст жалобы
арыз бойынша
– в
соответствии с жалобой
осыған байланысты
– в связи с этим
белгіленген тәртіпте
– в установленном порядке
төмендегілер туралы мәлімдеу – сообщать о нижеследующем
заңға байланысты
–
согласно закону
заң күшіне ие
– имеющий силу закона
заңдық күші бар
– имеющий силу закона
заңдық күші бірдей
– имеющий одинаковую законную
силу