Пайдаланушы нұсқаулығы
Жүйеде жұмыс істеуді бастау үшін жұмыс
орнын реттеу
Клиент
1.0 Нұсқа
БТА‐ONLINE
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ИНТЕРНЕТ‐БАНКИНГ ЖҮЙЕСІ
Пайдаланушының жұмыс орнын реттеу
1.1. Кіріспе
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс орнын алғашқы реттеу Сіздің Дербес компьютеріңізде
немесе ноутбукта (әрі қарай ДК) әкімші құқықтарының болуын талап етеді.
Егер Сізде Әкімшінің құқықтары болмаса немесе Сіз ол туралы хабардар болмасаңыз,
жүйені дұрыс орнату үшін Компанияңыздың АТ‐маманына немесе Банктің қызметкерін
шақыру үшін Банктегі Шот менеджеріне хабарласуға кеңес береміз.
Пайдаланушының жұмыс орнын реттеу қажетті жүйе утилиталарын орнатуға негізделеді
және 5‐10 минутты қамтиды.
1.2. ДК қойылатын ең төменгі жүйе талаптары
• Windows 2000 + Service Pack 4
• Windows Server 2003 + Service Pack 1
• Windows XP + Service Pack 2
• Windows Vista + Service Pack 1
• Windows 7 + Service Pack 1
• Internet Explorer IE 8.0 немесе одан жоғары.
• Java(TM)6 Update 15 немесе одан жоғары.
• Java(TM)7 Update 4 немесе одан жоғары.
• Adobe Acrobat 7.0 Professional (банктің белгісі бар есептерді жүктеу үшін).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Орнату кезінде токенді қоспаңыз!
Жүйе дұрыс жұмыс істеуі үшін:
• Пайдаланушыға Internet Explorer 8 іске қосуға рұқсат беру қажет
• Пайдаланушыға java іске қосуға рұқсат беру қажет
• Internet Explorer Java Plug‐in пайдалануға рұқсат беру қажет
• Пайдаланушыға c:\Program Files\GammaTech\TumarCSP\lib каталогын оқуға
рұқсат беру қажет
Компьютеріңіздің ең төменгі жүйелік талаптарға сәйкестігін тексеру үшін келесі
қадамдарды жасау қажет:
Жұмыс орнында тінтуірдің оң жақ түймешігін шертіңіз
. Содан соң «Сипаттама»
опциясын таңдаңыз.
Ашылған «Жүйенің сипаттамасы» терезесінде өз компьютеріңіздің жүйелік деректерін
көруге болады.
Орнатылған IE нұсқасын тексеру үшін келесі іс‐әрекеттерді жасау қажет:
белгісін шертіңіз. Браузердің терезесі ашылады. «Анықтама» қосымша бетіне
кіріңіз, «Бағдарлама туралы» сілтемесі.
IE нұсқасының нөмірін көресіз (IE 8.0 нұсқасынан кем болмауы тиіс).
Java орнатылған нұсқасын тексеру үшін келесіні жасау қажет:
«Қосу‐Реттеу‐Басқару панелі» шертіңіз.
Тізімі бар «Басқару панелі» терезесі ашылады, «Бағдарламаларды орнату және жою»
опциясын таңдаңыз.
«Java» бағдарламасын табыңыз және оның нұсқасын тексеріңіз.
1.3. Java орнату
Update 15 төмен нұсқасы орнатылған болса, бағдарламаның жаңартылған нұсқасын
орнату қажет, ол банктің
http://bta.kz/ru/corp/btaonline/
сайтында орналасқан.
Егер Java компьютеріңізде орнатылмаған болса, оны орнату қажет.
Ол үшін көрсетілген сілтеме бойынша кіріңіз
http://bta.kz/ru/corp/btaonline/
және Java
жүктеп алыңыз. Файлды мұрағаттан шығарып, орнатуды іске қосыңыз.
Ол үшін «Install» түймешігін басыңыз.
Орнату процесін іске қосыңыз.
Орнату аяқталғаннан кейін «Close» басыңыз.
1.4. Ақпаратты криптоқорғау құралдарын орнату
Компьютеріңізде «Tumar» қандай нұсқасы орнатылғанына байланыссыз,
http://bta.kz/ru/corp/btaonline/
сілтемесі арқылы «Tumar CSP+JSE» ақпаратты
криптоқорғау құралын жүктеп алып, осы бағдарламаны орнату қажет, ол үшін алдыңғы
нұсқаны алдын ала жою керек.
Егер «Tumar» компьютеріңізде орнатылмаған болса, оны орнатыңыз.
Алдыңғы нұсқаны келесі түрде жоюға болады:
«Қосу ‐ Бағдарламалар‐ GammaTech – TumarCSPv.4 – TumarCSP жою» шертіңіз.
Жою процесі басталады, содан кейін компьютерді қайта жүктеу қажет.
Осыдан кейін жаңа нұсқаны орнату процесін бастау қажет.
Жүктелген файлды ашыңыз.
Файлды мұрағаттан шығарыңыз және белгіні басып, орнатуға кірісіңіз.
Сізде «Tumar орнату шебері» іске қосылады. Орнатуды жалғастыру үшін «Одан әрі»
басыңыз.
Лицензиялық келісім бойынша терезеде «Мен қабылдаймын…..» таңдаңыз және «Одан
әрі» басыңыз.
Орнату шебері бағдарламалық файлдардың қайда жазылатындығын және
бағдарламаны іске қосу орнын көрсетеді.
Орнату процесі іске қосылады.
Орнату аяқталғаннан кейін «Аяқтау» түймешігін басыңыз.
Токенді салыңыз.
Токенді Win XP ОЖ алғаш рет пайдаланған кезде ол ОЖ байланысуы үшін драйвер
орнату қажет ( Win 7* ОЖ жəне одан жоғары нұсқалары үшін драйверлерді орнату талап
етілмейді, сондықтан осы ОЖ пайдаланушыларын осы тарауды өткізіп жіберіп, осы
құжаттың «Қосу-Бағдарламалар-GammaTech- Tumar CSP v.4» кіру» жолына өтулерін
сұраймыз.
Ол үшін Жаңа жабдық шеберінің нұсқауларын басшылыққа алыңыз, ол құрылғыны usb-
портқа орнатқаннан кейін пайда болады.
Автоматты орнатуды таңдаңыз – Одан əрі.
ДК сəйкес келетін драйверді іздеу тоқтағанша күте тұру керек.
Жабдықты орнатқан кезде Жабдықты орнату терезесінде «Бəрібір жалғастыру»
жолын таңдау қажет.
БҚ орнатқаннан кейін «Дайын» таңдау қажет.
ОЖ автоматты орнату кезінде сəйкес келетін БҚ табу мүмкін болмаса, драйверді
көрсетілген жерден орнату қажет. Ол үшін Көрсетілген жерден орнату жолын таңдау
қажет:
Іздеу жəне орнату параметрлерін таңдау кезінде «Іздеуді орындамау. Мен қажетті
драйверді өзім таңдаймын» жолын таңдап, «Одан əрі» түймешігін басу қажет.
Драйверді таңдау бетінде Дискіден орнатуды таңдау қажет.
Файлды таңдау терезесінде ТУМАР-CSP орнатушымен
:\WINDOWS\inf каталогына орнатылған oem79.inf файлын таңдау
қажет.
Тізімде USB Smart Card reader көрсетіп, «Одан əрі» басу қажет.
Жабдықты орнату терезесінде «Бəрібір жалғастыру» жолын таңдау қажет.
Драйвердің орнатылғанын күту қажет.
Драйверді орнату аяқталғаннан кейін «Дайын» таңдау керек.
«Қосу‐Бағдарламалар‐GammaTech‐ Tumar CSP v.4» кіріңіз.
«Tumar CSP» жүйесінің конфигуратор терезесі ашылады.
Егер жүйеге кіру үшін Сізге eTokenPRO (Java) кілті берілген жағдайда
Сіздің JavaToken кілтіңіздің атауына сәйкес келетін профайлды таңдаңыз.
Профайлды шертіңіз және «Профайлды өзгерту» әрекетін таңдаңыз.
Профайлды редакциялау терезесі ашылады.
«Сақтау құрылғысының параметрі» жолын тексеріңіз, «Пароль» жолында сізге берілген
парольді орнатыңыз және оны «Растау» жолына көшіріңіз. «Сақтау» басыңыз.
Кілттерді алу процесі басталады. Оның аяқталғандығын күтіңіз.
Егер жүйеге кіру үшін Сізге KazToken кілті берілген жағдайда
Сіздің JavaToken кілтіңіздің атауына сәйкес келетін профайлды таңдаңыз.
Профайлды шертіңіз және «Профайлды өзгерту» әрекетін таңдаңыз.
Профайлды редакциялау терезесі ашылады.
«Сақтау құрылғысының параметрі» жолын тексеріңіз, «Пароль» жолында сізге берілген
парольді орнатыңыз және оны «Растау» жолына көшіріңіз. «Сақтау» басыңыз.
Кілттерді алу процесі басталады. Оның аяқталғандығын күтіңіз.
Tumar CSP конфигураторын реттеу аяқталды.
1.5. IE парамтерлерін реттеу
EI браузерін реттеу үшін тінтуірдің оң жағымен
белгісін шертіңіз, содан кейін
«Сервис» қосымша бетіне өтіңіз де шолушының сипаттамаларын ашыңыз.
Одан кейін «Шолушының сипаттамасы» терезесі ашылады, «Қауіпсіздік» қосымша
бетіне өтіңіз. «Сенімді тораптар» белгісін таңдаңыз және «Басқа» түймешігін басыңыз.
«Қауіпсіздік параметрлері» терезесі ашылады, бұл жерде ActiveX барлық элементтері
үшін «Рұқсат ету» («Қосу») мәнін орнату керек.
Параметрлерді орнатқаннан кейін «ОК» түймешігін басыңыз. IE реттеу аяқталды.
БТА‐Онлайн жүйесіне кіру
Бірінші рет қосқанда кезде БТА‐Online бетінде (
https://online.bta.kz/portal/ru
) экранда
«Warning – Security» терезесі пайда болады, бұл жерде курсорды «Always trust
content……» жолына орнатып, «Run» түймешігін басу қажет.
Ескерту: Осы терезе ашылмауы мүмкін, барлығы операциялық жүйенің
конфигурациясына байланысты.
Одан кейін «Request Download» терезесі пайда болады, «ОК» түймешігін басыңыз.
«Кіру» түймешігі іске қосылады. Парольді енгізіңіз және «Кіру» түймешігін басыңыз.
Егер Сіз бұған дейін жүргізген барлық реттеулерден кейін
«Кіру» түймешігі
көрінбесе,
crypto.gammaprov.jar файлын C:\Program Files\GammaTech\TumarCSP\lib
папкасынан C:\Program Files\Java\jre6\lib\ext папкасына көшіру қажет.
Жұмыс орнын реттеу аяқталды, жұмысыңызда сәттілік
тілейміз!
Достарыңызбен бөлісу: |