2) жұмыс берушілердің кәсіптер бөлінісінде жұмыс күшіне сұранысын қанағаттандыру үшін
қосымша еңбек ресурстарын тарту қажеттігі туралы ақпаратты ұсынады.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган шығу өңірлерінен
қосымша еңбек ресурстарын кәсіптер бөлінісінде тарту жөніндегі ұсынысты қарап, өңірлік
комиссияға жолдайды.
Келу өңірлерінің өңірлік комиссиясы шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын
кәсіптер тізбесін (бұдан әрі – тізбе) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышына сәйкес бекітеді.
Тізбеге басым тәртіппен мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде іске
асырылатын жобаларға тарту үшін білікті жұмыскерлердің кәсіптері қосылады.
Шығу өңірлерінен келу өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:
1) мемлекеттік қызметшілерге;
2) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының тоғызыншы тобына жататын біліктілігі төмен
жұмысшыларға;
3) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының бірінші тобына жататын басшыларға қолданылмайды
.
Нақты қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:
1) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, шығу өңірлерінен өздігінен қоныс аударған
адамдар жаңа жұмыс орнына жұмысқа орналасқан сәттен бастап үш айдан кешіктірмей келу
өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;
2) келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу
тәртібі және шарттары және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультация береді;
3) үміткерлер келіскен кезде келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес құжаттарды қоса бере
отырып, нысан бойынша өтініш береді;
4) келген жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтары 10 жұмыс күні ішінде үміткерлердің
өтініштері мен құжаттарын Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның
қарауына жібереді;
5) аудандық (қалалық) комиссияның отырысы Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттардың
келіп түсуі бойынша өткізіледі;
6) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген адамдардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша
аудандық комиссиялар 10 жұмыс күні ішінде азаматтарды, оралмандарды Бағдарламаға қатысушылар
құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді;
7) халықты жұмыспен қамту орталығы аудандық (қалалық) комиссиядан ұсынымдар алғаннан
күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу не
қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды (еркін нысанда);
8) келген жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берушілерді Бағдарламаға
қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс
күні ішінде ол туралы өтініш берушілерге хабарлайды;
9) халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылармен және/немесе оралмандармен жеке
әлеуметтік келісімшарт жасасады;
10) үміткерлерді іріктеу өлшемшарттары халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде
қоныстандыру қағидаларына сәйкес айқындалады.
Әлеуетті қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі:
1) Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, шығу өңірлерінен қоныс аударуды жоспарлаған
адамдар шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;
2) шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлерге Бағдарламаға қатысу
тәртібі және шарттары және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы консультация береді.
3) келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы
органдары шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарын келу өңірлері, қосымша еңбек
ресурстары қажет кәсіптер, мамандарға қойылатын талаптар, жұмыс шарттары туралы ақпаратпен
қамтамасыз етеді;
4) Бағдарламаға қатысуға келісім берген кезде үміткерлер шығу өңірлерінің халықты
жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру
қағидаларына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтініш береді;
5) шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде Бағдарламаға
қатысушылардың құрамына қосу туралы ұсынысты келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту
орталықтарына жібереді және ол туралы өтініш берушілерге хабарлайды;
6) келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде үміткерлердің
өтініші мен құжаттарын Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның
қарауына жібереді;
7) келген жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берушілерді Бағдарламаға
қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 жұмыс
күні ішінде ол туралы шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарлайды;
8) келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары қоныс аударушылармен және/немесе
оралмандармен жеке әлеуметтік келісімшарт жасасады;
9) жаңа жерге қоныс аударғаннан және нақты жұмысқа орналасқаннан кейін Бағдарламаға
қатысушылар келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарына халықты жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды
ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес құжаттарды береді.
Жергілікті атқарушы органдардың 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынған өтінімдері бойынша
Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына баратын Бағдарламаға қатысушыларды
мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігі
1) шығу өңірлерінде тұратын қатысуға үміткерлер көшуге өтінішпен халықты жұмыспен қамту
орталығына жүгінеді, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган
бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру
қағидаларында көзделген құжаттарды қоса береді;
2) халықты жұмыспен қамту орталығы қоныстандыру өңірлеріндегі жұмыс берушілердің
қажеттіліктерін ескере отырып, Бағдарламаға қатысушылардың құжаттарын қатысуға іріктеу
өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, өтініш берушілермен көшудің ықтимал нұсқаларын
келіседі және қоныстандыру үшін өңірдің халықты жұмыспен қамту орталығына 10 жұмыс күні ішінде
құжаттарды жібереді;
3) қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткерлердің өтініштері
мен құжаттарын 10 жұмыс күні ішінде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі аудандық (қалалық)
комиссияның қарауына жібереді.
4) қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары өтініш берушілерді
Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен
бастап 5 жұмыс күні ішінде шығу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтарын хабардар етеді;
5) Бағдарламаға қатысушылар тізіміне енгізілген адамдар мен қоныстандыру өңірлерінің
халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады, ол көшу бойынша
әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналасу жөніндегі іс-шараларды қамтиды;
6) әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы
бақылайды.
Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына
сәйкес растайтын құжаттардың негізінде қоныстандыру өңірлерінің халықты жұмыспен қамту
Достарыңызбен бөлісу: |