1) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері еңбек делдалдығы бойынша коммерциялық қызметтер
көрсету үшін порталға орналастырылған ізденушілер және бос жұмыс орындары (бос лауазымдар)
туралы деректерді пайдалана алады;
2) ізденушілер туралы деректерді тексеру жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің
деректерін порталдағы "жеке кабинет" көмегімін "Еңбек нарығы" ААЖ-ға беру арқылы жүзеге
асырылады;
3) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері еңбек делдалдығына және жұмысқа орналастыру үшін
жүгінген адамдар туралы ақпаратты "Еңбек нарығы" ААЖ-ға беруді порталдағы "жеке кабинет" арқылы
жүзеге асырады;
4) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері "жеке кабинетте" кәсіптік оқытуға өтінімдерді
орналастырады.
Оқыту Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес жүргізіледі.
"Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы шеңберінде жұмысқа
орналастыруға мониторинг жүргізу және есепке алу тетігі
1) жұмыс іздеп жүрген адамдарды және жұмыссыздарды "Еңбек нарығы" ААЖ-дан шығару
зейнетақы аударымдары болған немесе жұмыс берушілер жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтер
ұсынған кезде немесе Заңның
көрсетілген себептердің негізінде жүргізіледі.
16-бабында
Ізденушілер өз бетінше порталға орналастырған өздері туралы деректер (резюме) деректерді
ұсыну кезінде өз бетінше белгілеген мерзімде, бірақ деректерді ұсынған сәттен бастап 1 айдан
аспайтын мерзімде порталдан автоматты түрде жойылады. Ізденушілер өз бетінше өз деректерін
порталға қайта орналастырады;
2) зейнетақы аударымдары туралы деректерді салыстырып тексеру аптасына бір рет
жүргізіледі;
3) ізденушілерді жұмысқа орналастыру белгіленген нысанда ведомстволық статистикалық
есептілікте көрінеді.
"Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру және сүйемелдеу
кезіндегі өзара іс-қимыл тетігі
1) Бағдарламаның тетіктеріне сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ мен порталды қоса алғанда, "Еңбек
биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын республикалық деңгейде сүйемелдеуді
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Еңбек нарығын
дамыту орталығы" АҚ қамтамасыз етеді;
2) "Еңбек нарығы" ААЖ-ны өңірлік деңгейде қалыптастыруды жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі жергілікті атқарушы органдар және халықты жұмыспен қамту орталықтары қамтамасыз етеді
;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының
түлектері туралы (ағымдағы жылғы) деректерді Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына
шығаруды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім беру саласындағы уәкілетті орган
қамтамасыз етеді.
Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруды және сүйемелдеуді қаржыландыру
республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.
5.3.4. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен
қамтамасыз ету
Жергілікті атқарушы органдар осы Бағдарлама шеңберінде пайдаланылмаған қаражат қалдығы
және жалпы сипаттағы трансферттерді үнемдеу бойынша көрсетілген қаражатты мынадай жұмыс және
объектілер түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға пайдалана алады:
1) әлеуметтік-мәдени объектілерді (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру
, мәдениет, спорт, ойын-сауық және демалыс объектілерін) күрделі және ағымдағы жөндеу.
Сейсмологиялық қауіпті өңірлер үшін сейсмологиялық қауіпсіздікті күшейте отырып, күрделі
жөндеуге жол беріледі;
2) елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және
көгалдандыру, иесі жоқ объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет
нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңшаларын жайластыру);
3) мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз
ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды күрделі, ағымдағы
жөндеу;
4) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (қалалық
автомобиль жолдары, кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, аудандық маңызы бар жолдар
, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);
5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу (
сумен жабдықтау, кәріз объектілері, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері).
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық
жобаларды іске асыру шеңберінде:
1) жаңа жұмыс орындарын құруды;
2) инфрақұрылымдық жоба іске асырылатын ауданда (қалада) тұратын, оның ішінде уақытша
тіркелген Бағдарламаға қатысушыларға инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыс
орындарының кемінде 50 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары осы ауданда (қалада) тұратын, уақытша тіркелген
адамдарды қоса алғанда, Бағдарламаға қатысушыларды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын
жұмыс беруші-мердігерлерге жібереді.
Іске асыру тетігі
1) Жергілікті атқарушы органдар жобаларды іріктеуді және іске асыруды:
1-1) пайдаланылмаған қаражат қалдығы және жалпы сипаттағы трансферттер бойынша үнемдеу,
бұл ретте бір жұмыс орнының құны жобалардың барлық түрі бойынша 3 млн. теңге лимитінен аспайды;
1-2) мемлекеттік сараптамадан өткен объектілерді салуға және күрделі жөндеуге
жобалау-сметалық құжаттаманың болуы;
1-3) жобалар шеңберінде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеуді жүзеге асыру жоспарланып
отырған ақау ведомосінің, сметалық құжаттаманың, орындалатын жұмыс көлемінің шығыстар
сметасының болуы;
1-4) мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері және отандық өндірушілерден тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі;
1-5) елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттігі;
1-6) бірінші кезектілігі және өзектілігі;
1-7) жобаларды іске асыруды бастау және аяқтау мерзімдері;
1-8) құрылатын жұмыс орындарының саны және ұсынылған жобалар бойынша есептелген орташа
айлық жалақының мөлшері;
1-9) жобаларды іске асыруға әсер ететін өңірдің табиғи климаттық жағдайлары және басқа да
ерекшеліктері негізінде дербес жүзеге асырады.
Бұл ретте Бағдарламаға қатысушылар үшін көбірек жұмыс орындарын құратын және ұзақ
мерзімді жұмыспен қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға басымдық беріледі.
Құрылатын жұмыс орындары санының көрсеткіштерінсіз және құны 3 млн. теңгеден асатын жұмыс
орындарын құруды көздейтін жобалар іске асырылуға жатпайды;