өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің жоғарылығына, кәсіптік оқытудағы кемшіліктерге, кәсіпкерлікпен
айналысу қолжетімділігіне және еңбек нарығындағы аумақтық теңгерімсіздікке қатысты проблемалар
шешімін таппай отыр.
Еңбек нарығында қалыптасқан проблемаларды шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру
бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет
алдына жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойды.
Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту,
кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету "Қазақстан –
2050" Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі
жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалған.
Осыған байланысты, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту
бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің
тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек
делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.
______________________________
Дүниежүзілік Банктің талдау хаты, "Қазақстан: жұмыс орындарын құру стратегиясын әзірлеу
жолында" 2016 жылғы маусым
2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) "АШҚҚҚ" АҚ – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы;
2) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер,
ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз
ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;
3) әскери техникалық мектеп – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі органдарына
ведомстволық бағынысты арнайы оқу орындары;
4) кепілгер – "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры"
акционерлік қоғамы;
5) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша кредитор алдында кепілгердің
субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;
6) кепілдік шарты – кепілгердің, кредитордың және қарыз алушының арасында кәсіпкерлік
жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кепілдік беру туралы жасалған үшжақты жазбаша
келісім;
7) оқытудың екі деңгейлік моделі – техникалық және кәсіптік білім берудің кіріктірілген
білім беру бағдарламалары бойынша білікті жұмысшы кадрларды және орта шендегі мамандарды
даярлауды көздейтін оқыту жүйесі;
8) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең
болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере
отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен
ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
9) кредитор – микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік серіктестіктер/"АШҚҚҚ"
АҚ;
10) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – өңірлік еңбек
нарығындағы ахуалға сүйене отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын
айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
11) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган – білім беру қызметтерін ұсына
отырып, басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
12) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – ауыл шаруашылығын
басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
13) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган –кәсіпкерлікті дамыту
мәселелерін басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық
бөлімшесі;
14) микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ)/кредиттік
серіктестіктер (КС)/ "АШҚҚҚ" АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық,
мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарында микрокредит ұсыну туралы шарт
бойынша қарыз алушыға ұсынатын қарыз қаражаты;
15) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет
органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер
беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының
рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
Заңында
16) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік
тіркелген мерзімі микроқаржы ұйымына/кредиттік серіктестіктерге микрокредит үшін өтініш берген
уақытқа қарай кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер;
17) микрокредит беру ұйымы – "Аграрлық кредиттік корпорация" акционерлік қоғамы, "Даму"
кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
18) білім беру ұйымы – оқу орны және/немесе оқу орталығы, әскери-техникалық мектеп және
оның филиалдары;
19) Бағдарлама операторлары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі,
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
;
20) қаржылай емес қолдау операторы – "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
21) "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы (ӨКП) – жергілікті деңгейде қаржылай емес
қолдау операторы;
22) субсидиялау жөніндегі оператор – "Аграрлық кредиттік корпорация" акционерлік қоғамы;
23) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау – білікті жұмысшы кадрларды
және орта шендегі мамандарды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім жүйесінің
бөлігі;
24) қысқа мерзімді кәсіптік оқу – жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау
бойынша оқу мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін техникалық
және кәсіптік білім беру жүйесінің бөлігі;
25) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласында басшылықты және
салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
26) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік
кешенді дамыту саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы;
27) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – кәсіпкерлік саласында басшылықты
және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
28) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі уәкілетті орган –
құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
29) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – халықты жұмыспен қамту
саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
30) оқу орны – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
Достарыңызбен бөлісу: |