Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың
еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша
жүзеге асырылады.
Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына және жастар практикасына 2016 жылы "Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы"
шеңберінде жіберілген адамдарға бұрын жасалған шарттардың
бағдарламасы
мерзімдері аяқталғанға дейін осы Бағдарламаның шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмысын
жалғастыруға және жастар практикасын өтуге құқық беріледі.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын
талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар.
Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша
олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмыссыздардың;
2) жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары
сынып оқушыларының;
3) жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар
.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын жұмыссыздар;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым
құқықты пайдаланады.
Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы, олардың халықты жұмыспен қамту орталығында
тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.
Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру тәртібі Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында
айқындалады.
5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен
демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға
жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа
тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:
1) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар, оның ішінде балалар ауылдарының тәрбиеленушілері
мен балалар үйлерінің, он алтыдан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаттардың түлектері;
2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде;
3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;
4) оралмандар;
5) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің
тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық
жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты
пайдаланады.
Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру жұмыс күші көп облыстардан (бұдан әрі
– шығу өңірлері) жұмыс күші тапшы облыстарға (бұдан әрі – келу өңірлері) жүзеге асырылады.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары кейінгі 10 жылда облыстағы халық
саны жыл сайын 2 %-ға артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы метрге 6,4 артық адамды
құрайтын шығу өңірлері деп айқындалған.
Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру үшін өңірлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шешімімен айқындалады ("Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83
).
қаулысы
Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау көшуіне және тұрғын үй жалдауға (жалға
алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беруді қамтиды.
1) көшуге субсидия – әрбір отбасы мүшесіне отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде бір рет;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидия – қалалық жерге
қоныс аударғандар үшін он екі ай ішінде ай сайын:
2.1) бір адам үшін – жиырма еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде –жиырма бес еселенген
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – отыз еселенген айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерге
ақы төлеуге субсидия – ауылдық жерлерге қоныс аударулар үшін он екі ай ішінде ай сайын төлеу:
3.1) бір адам үшін – он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде – он сегіз еселенген
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – жиырма еселенген айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Үкімет айқындаған өңірлерге келген оралмандарға субсидиялар шығу өңіріне және жұмысқа
орналасу фактісіне қарамастан төленеді.
Жергілікті атқарушы органдардың 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынған өтінімдері бойынша
Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына баратын Бағдарламаға қатысушыларды
мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:
1) көшуге субсидия – әр отбасы мүшесіне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне бір
рет;
2) жұмыс беруші жұмысшыға қызметтік тұрғын үй ұсынған жағдайды қоспағанда, тұрғын үй,
қызметтік тұрғын үй және жатақханалардан бөлме беру.
Бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау шаралары орын алған қоныс аудару және
жұмысқа орналасу (нақты қоныс аударғандар) фактісі бойынша да, жоспарлы қоныс аудару фактісі (
әлеуетті қоныс аудару) бойынша да көрсетілуі мүмкін.
Келу өңірлерінің халықты жұмыспен қамту орталықтары халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі жергілікті атқарушы органға:
1) жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігі;