Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту



жүктеу 261,81 Kb.
Pdf просмотр
бет16/25
Дата14.11.2018
өлшемі261,81 Kb.
#19507
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

      2) әлеуметтік жұмыс орындарын құруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін (бұдан

әрі – тізбе), ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын және нақты жұмыс шарттарын, төленетін 

еңбекақы мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекітеді.

      Жұмыс берушілердің тізбесі қажетіне қарай күнтізбелік жыл ішінде жаңартылып отырады.

      Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа 

орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға және қаржыландыруға жұмыс берушімен 

шарт жасасады.

      Жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына 

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтініш пен 

құжаттарды береді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа 

орналасу мәселесі бойынша консультация береді және олар келіскен жағдайда әлеуметтік жұмыс 

орнына жолдама береді.

      Жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдағаны 

немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлайды.

      Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған 

жағдайда әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушыларға жалақының субсидияланған бөлігін төлеуге 

мемлекет жұмсаған шығыстарды жұмыс берушілердің бюджетке өтеуімен олармен жасалған тиісті шарт 

бұзылуға тиіс.

      Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек 

заңнамасы қолданылады.

      Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі 

аяқталғанға дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат 

беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының 

еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін

жолдайды.

      Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік жұмыс

орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсалған жұмыс беруші шығындарының

бір бөлігін өтеуге субсидия беру жолымен республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге

асырады.

      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай 

сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда



салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны 

ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған

республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.

      Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс 

орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жергілікті атқарушы орган дербес белгілейді.

      Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға еңбекақы төлеуді жұмыс беруші

еңбек шартында белгіленген мөлшердің негізінде нақты жұмыс істеген уақытына ай сайын жүргізеді.

      Орындалатын жұмыстың көлеміне және күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен,

қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.

      Жастар практикасын ұйымдастыру

      Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша 

бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.

      Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта 

білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын 

білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған 

түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

      Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.

      Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс 

жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) 

қауіпті жұмыстарда құрылмайды.

      Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.

      Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 

6 айдан аспайды.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:

      1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;

      2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім 

беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайын 

және еңбегіне ақы төлеу мен қаржыландыру көздерін айқындайды.

      Ұйымдардың тізбесі жыл бойы қажетіне қарай жаңартылып отырады.



      Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа 

орналастыру үшін жастар практикасын қаржыландыруға жұмыс берушімен шарт жасасады.

      Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде жастар 

практикасын өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары түлектердің білім беру ұйымдарында 

меңгерген кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.

      Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жастар 

практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарға жастар практикасын өту мәселесі бойынша 

консультация береді және олар келіскен жағдайда жастар практикасына жолдама береді.

      Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдағаны немесе қабылдаудан бас

тартқаны туралы хабарлайды.

      Жұмыс беруші мен жастар практикасына қатысатын жұмыссыз арасында еңбек шарты жасалады.

      Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 

қолданылады.

      Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі 

аяқталғанға дейін жастар практикасына жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа 

орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына 

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау 

туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.

      Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыға кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесін беру 

үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекітеді.

      Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда 

жастар практикасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды жұмыс берушілердің

бюджетке өтеуімен олармен жасалған тиісті шарт бұзылуға тиіс.

      Жастар практикасын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, 

сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге 

асырылады.

      Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушыларға жалақыны қаржыландыру еңбек шартына

сәйкес алты ай ішінде жүзеге асырылады.

      Республикалық немесе жергілікті бюджеттен айына субсидиялау, экологиялық үстемеақылар 

бойынша төлемдерді қоспағанда, мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті 

әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін 

ескергенде) құрайды.



жүктеу 261,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау