7) микрокредит беру ұйымы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит
беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне
дейінгі мерзімде берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады;
8) микрокредит беру ұйымы берілген микрокредиттердің мақсатты пайдаланылуы туралы
мониторингті жүзеге асырады және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарға
кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит
беру қағидаларында белгіленген нысанға сәйкес микрокредиттер беру және есепті айдан кейінгі
айдың 15-күніне дейінгі мерзімде олардың мақсатты пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есеп
ұсынады.
5.2.3. Қалалардағы және ауылдағы микрокредиттерге кепілдік беру
Кепілдік МҚҰ/КС/ЕДБ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын
қалаларда микробизнес ашуға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге, кооперативтер құруға;
2) қалаларда жаңа микрокәсіпорындар құруға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге берген
микрокредиттер бойынша ғана ұсынылады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілетін микрокредиттерді кепілдендіруді –
"ҚазАгроКепіл" АҚ, қалаларда – "Даму" КДҚ" АҚ жүзеге асырады.
Микрокредиттерге кепілдік бергені үшін жергілікті атқарушы органдардан алынатын
комиссиялардың мөлшері кепілдік мөлшерінен ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда 30 %-ды
, қалаларда – 20 %-ды құрайды.
Бағдарламаға қатысушылар үшін кепілдік ақысыз негізде ұсынылады.
Кепілдіктердің мөлшері:
1) ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін микрокредиттің сомасынан 85 %-дан аспайды;
2) жұмыс істеп жүрген кәсіпкер үшін микрокредит сомасынан 50 %-дан аспайды.
Кепілдік берілуге тиіс микрокредит сомасы сегіз мың АЕК-тен аспайды.
Кепілдік жүзеге асырылатын МҚҰ/КС/ЕДБ кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақының
номиналды мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.
Микрокредиттер бойынша ішінара кепілдікті қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен кепілгер арасындағы тиісті шартқа қол қою
жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Облыстың бір әкімшілік аумақтық
бірлігінде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар
Бағдарлама шеңберінде екі кепілгерді тартуына болады.
Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру көлемі тиісті қаржы жылына жасалатын кепілдік
шарттары бойынша комиссияларды төлеу үшін бөлінген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылады.
Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
саласындағы уәкілетті органдар келесі жылдың басында микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне
кепілдік беру үшін комиссияларға бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 % кепілгерлерге
аударады. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында кепілгерлерге аударылған
қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай
кепілгерлерге аударылады.
Кепілдік шартының жасалу фактісі бюджет қаражаты игерілуінің растамасы болып табылады.
Кепілдік шығарылған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін микрокредиттің
қолданылу мерзіміне ұсынылады.
Кепілгер Кепілдік беру қағидаларында және/немесе кепілдік беру шартында белгіленген
жағдайларда кепілдік ұсынудан бас тартуға құқылы.
Микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік
кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда
микроқаржы ұйымдары/кредиттік серіктестіктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру
қағидаларында айқындалады.
Қалаларда микрокредиттер бойынша ішінара кепілдік беру тәртібі мен шарттары кәсіпкерлік
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі
банктер беретін микрокредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында айқындалады.
5.2.4. Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау
МҚҰ операциялық шығындарын субсидиялауды ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті
атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда берілген МҚҰ микрокредиттерін беруге
арналған операциялық шығындар субсидиялауға жатады.
МҚҰ субсидия алушылар болып табылады.
Субсидиялар мынадай шарттармен беріледі:
1) субсидия мөлшері "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ-дан алынған қорландыру қаражаты
есебінен ауылдық жерлерде және шағын қалаларда МҚҰ берген микрокредиттің көлемінен 10 %-ды
құрайды;
2) субсидия ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін "Аграрлық
кредиттік корпорация" АҚ МҚҰ-ға ұсынған, оператор растаған қаражатты толық игеру көлемін
субсидиялау бойынша бір уақытта МҚҰ-ға төленеді;
3) МҚҰ-ға ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін "Аграрлық кредиттік
корпорация" АҚ ұсынған қаражаттың игерілуін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы
уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидаларына
сәйкес МҚҰ ұсынған құжаттар негізінде субсидиялау жөніндегі оператор растауға тиіс;
4) субсидиялау мақсаты үшін Бағдарламада көзделген мақсаттарға МҚҰ берген микрокредиттер
ғана ескеріледі.
Бұрын берілген, МҚҰ операциялық шығындарына субсидия алған, микрокредиттерден қайтарылған
(негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша төлемдер) қаражат есебінен МҚҰ берген микрокредиттерді
беруге арналған МҚҰ операциялық шығыстары субсидиялауға жатпайды.
МҚҰ-ның операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған қаражатты бөлу туралы шешімді облыс
әкімінің шешімімен құрылатын өңірлік комиссия (бұдан әрі – субсидиялау жөніндегі комиссия)
қабылдайды, оның құрамына облыс әкімінің орынбасары – комиссия төрағасы, облыс әкімдігі
құрылымдық бөлімшелерінің, субсидиялау жөніндегі операторлардың, ӨКП, қоғамдық ұйымдардың
өкілдері кіреді. Субсидиялау жөніндегі комиссия консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган субсидиялау жөніндегі
комиссияның жұмыс органы болып табылады.
МҚҰ операциялық шығыстарын субсидиялау тәртібі мен шарттары агроөнеркәсіптік кешенді
дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын
субсидиялау қағидаларында регламенттеледі.
Екінші бағытты іске асыру шеңберінде
Микрокредит беру жөніндегі шараларды қаржыландыру кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары арқылы республикалық бюджет және жергілікті
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Берілген микрокредиттер туралы есепті микрокредит беру ұйымдары мен "АШҚҚҚ" АҚ
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті органдарға ай сайын, есепті
айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ұсынады.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар
микрокредит беру жөніндегі ұйымдардың есептері негізінде ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5
-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту орталықтарына және Бағдарламаның операторына:
Достарыңызбен бөлісу: |