Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту



жүктеу 261,81 Kb.
Pdf просмотр
бет15/25
Дата14.11.2018
өлшемі261,81 Kb.
#19507
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

      1) "Бастау Бизнес" жобасының іске асырылуы;

      2) кепілдік беру және субсидиялауды есепке ала отырып, ауылда микрокредит беру барысы;

      3) кепілдік беруді есепке ала отырып қалаларда микрокредит беру барысы;

      4) құрылатын жұмыс орындары туралы ақпаратты ұсынады.

      Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпараттың негізінде ай 

сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту саласындағы

уәкілетті органға ақпарат ұсынады.

      5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы



арқылы еңбек нарығын дамыту

      Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:

      1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;

      3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Бағдарламаның

үшінші бағытының операторы болып табылады.

      5.3.1. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге 



жәрдемдесу

      Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау 

шаралары көрсетіледі:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу

мәселелері бойынша консультациялар;

      2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

      3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

      4) жастар практикасын ұйымдастыру;




      5) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.

      Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және Заңға сәйкес басым құқықтарды пайдаланатын 

өзге адамдар жұмыспен қамтамасыз етуде қолдау көрсетілетін Бағдарламаға қатысушылар болып 

табылады.

      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау

      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау:

      1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, қолда бар мамандық бойынша жұмысқа 

орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби хабардар етуді;

      2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, 

кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек 

нарығындағы қажеттіліктердің негізінде жұмыс орны мен кәсіп таңдауда кәсіби консультацияны;

      3) нақты кәсіп (мамандық) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына

адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.

      Кәсіптік бағдарлау жұмыс іздеген адамдар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 

студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.

      Кәсіптік бағдарлауды жүргізу тәртібі Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу қағидаларында 

айқындалады.

      Кәсіптік бағдарлауды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, Қазақстан Республикасындағы 

үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы және мемлекеттік сатып алу 

туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік кәсіпкерлер палатасын (ӨКП) және 

жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерін және (немесе) өзге де ұйымдарды тарта отырып халықты 

жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.

      Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу

      Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға 

жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға:

      1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;

      2) жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;




      3) іске асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде құрылатын жұмыс 

орындарына;

      4) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;

      5) жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар 

практикасын өтуге арналған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру қызметтерін көрсету үшін жұмыспен 

қамтудың жекеше агенттіктерін тартуға құқылы.

      Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға 

қатысушылар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа 

мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.

      Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мемлекеттік 

және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске 

асырған кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша жобаларға жұмысқа 

орналасу үшін Бағдарламаға қатысушыларға құрылыс және реконструкциялау кезінде – жаңадан 

құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын, күрделі, ағымдағы жөндеу және абаттандыру кезінде 

жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Әлеуметтік жұмыс орындарын құру

      Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай

отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құрады.

      Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда 

ұйымдастырылады.

      Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына 

арналған бос орындардан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (

немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

      Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді.

      Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік 

жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

      Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады, олардың арасында Заңның 20-бабы 2-

 1) – 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар басымдыққа ие болады.

тармағының

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:



жүктеу 261,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау