Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның он үшінші отырысының шешімі
Астана қ. 2013 жылғы 12 желтоқсан
Төрағалық етті:
|
ҚР Білім және ғылым вице-министрі
Е.Н. Иманғалиев
|
Қатысушылар:
|
Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері
(тізім бойынша)
|
Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырысында күн тәртібіне сәйкес мәселелер қарастырылды.
Комиссияның талқылау қорытындысы бойынша мынадай ұсынымдар қабылданды.
1. Қазақстан Республикасында мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері мен жағдайы туралы
__________________________________________________
(Е.Н. Иманғалиев, А.С. Есмағамбетова, А.Ғ. Балаева, Б.М.Бексейітова, С.М. Мұсабеков және т.б.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттарды әзірлесін (мерзімі - 2014 жылғы 1 желтоқсан);
жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен тәрбиеленушілерін тамақтандырумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының білім беру органдары мен ұйымдарына тексерісін жүргізсін (мерзімі – 2014 жылдың екінші жартыжылдығы);
1.1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп:
Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды, атап айтқанда мектептегі тамақтандыруды жетілдіруді қамтамасыз етсін;
мектептегі тамақтандыруды жетілдіру бойынша кешен шаралар қарастырылған «Мектептегі тамақтану» өңірлік бағдарламаларын әзірлеу бойынша шаралар қабылдасын (мерзімі – 2014 жылғы 1 желтоқсан);
мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша білім беру органдары мен ұйымдарының басшылары үшін оқыту семинарлары сериясын ұйымдастырсын (мерзімі – 2014 жыл, жыл бойы);
бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша Астана мен Алматы қалаларының, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тәжірибелерін жергілікті атқарушы органдарға ұсынсын.
1.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп жалпы білім беретін мектептерде балалардың сапалы және үйлесімді тамақтануын ұйымдастыру мен мектептердегі ас әзірлейтін бөліктердің жұмыс істеуі бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлесін (мерзімі – 2014 жылғы 1 желтоқсан).
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:
тамақ құндылығы мен мектеп оқушылары үшін үйлесімді мәзірге мониторингті жүзеге асыру, рецептураны және мектептегі асханаларда ас дайындау технологияларын сақтау бойынша шаралар қабылдасын (мерзімі – үнемі);
Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына мониторинг жүргізу тәртібін әзірлесін (мерзімі – 2014 жылғы 1 тамызы);
жалпы білім беретін ұйымдардағы оқушыларға үйлесімді және қауіпсіз тамақтандыру мен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша білім беру органдары мен ұйымдарының мамандарына консультациялық және әдістемелік көмек көрсетсін (мерзімі – үнемі);
мезгіл мен өңір ерекшеліктерін ескере отырып, мәзір әзірлеуге және бекітуге қолдау көрсетсін (мерзімі – жыл сайын);
оқушылардың денсаулығына мониторинг жүргізсін (мерзімі – жыл сайын).
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері:
мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру үшін мектептегі тамақтандырудың жағдайына жүйелі мониторингті қамтамасыз ету, оның ішінде, жеткізілетін шикізаттың және азық-түліктің ассортименті, сапасы мен қауіпсіздігі бойынша ведомствоаралық сараптама тобының жұмысын жандандырсын (мерзімі – үнемі);
қазіргі заманға сай энергия үнемдегіш технологиялық жабдықтардың түрлерін енгізумен, мектеп асханаларын күрделі жөндеуден өткізуді қамтамасыз етумен, 2020 жылға дейін барлық білім беру ұйымдарының ас әзірлейтін бөліктерін жаңа технологиялық жабдықтармен 100% жабдықтау мәселесін қарастырумен ас әзірлейтін бөліктерді қайта жабдықтау және жетілдіру бойынша шара қолдансын;
оқушылардың тамағына жоғары тағамдық және биологиялық құндылығы бар азық-түлік пен ас өнімдерін пайдалану және дайындау мәселелері бойынша ас әзірлейтін бөліктердің қызметкерлері мен мектеп әкімшілігінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етсін (мерзімі – 2014 жылғы 1 қыркүйек);
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен жергілікті шикізат пен азық-түлік өнімдерін енгізе отырып, бірыңғай мәзір әзірлеп келіссін (мерзімі – 2014 жылғы 1 тамыз);
тамақ пен шикізат өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптары қайта қаралсын (мерзімі – 2014 жылғы 1 сәуір);
мектептегі асханалардың жұмысына бақылауды, оның ішінде, тамақтандырудың сапасы мен ұйымдастыруына ата-ана мен ҮЕҰ өкілдерінен қоғамдық бақылауды құру бойынша бақылауды жетілдірілсін;
оқушыларды ыстық тамақпен қамту көрсеткішін аудан деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау рейтингінің жүйесіне енгізсін (мерзімі - 2014 жылғы 1 наурыз);
2020 жылға қарай бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтуды 100%-ға дейін жеткізу мәселелерін қарастыра отырып, «Мектептегі тамақтандыру» өңірлік бағдарламасын әзірлесін (мерзімі - 2014 жылғы 1 желтоқсан);
әлеуметтік-қорғалмаған санатындағы балаларға тамақтандыруды ұйымдастыруға көзделген қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтсін (мерзімі – үнемі);
стационарлық су тазартқыш, спенсерлер, диспенсерлер және т.б. орнату арқылы ішу тәртібін жетілдіру және оқушыларды экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын (мерзімі – үнемі);
мектептегі тамақтандыруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы жүйесін пысықтау бойынша әр аудан мен қалада модельді мектептерді анықтасын (мерзімі – 2014 жылғы 1 наурыз);
шет елдердің тәжірибесін зерттеу негізінде мектептегі тамақтандыру индустриясын құру бойынша жыл сайын конференцияларды өткізсін (мерзімі – үнемі);
«Жалпы білім беретін мектептерде балалардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша облыстық және аудандық білім беру органдарының қызметі туралы» мәселе кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қарастырып, қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынсын (мерзімі – 2014 жылғы 1 тамыз).
4. Қабылданған шаралардың нәтижесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияны 2014 жылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша ақпараттандырсын.
2. ВАК 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және қабылдау
___________________________________________________________________________
(Е.Н. Иманғалиев, ВАК мүшелері)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітілсін;
2. Ведомствоаралық комиссияның мүшелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын орындауға қабылдасын.
Комиссия төрағасының орынбасары,
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиев
Достарыңызбен бөлісу: |