Ғылыми жобаның жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі. Қазіргі таңда мектептерде «ғылыми жоба»



жүктеу 38,5 Kb.
Дата08.11.2018
өлшемі38,5 Kb.
#18650

Ибраева Қалдыбала Алдабергенқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Астана қаласы №31 мектеп-гимназия

Ғылыми жобаның жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі.

Қазіргі таңда мектептерде «ғылыми жоба» жұмысын жазу дәстүрге айналып кетті. Әрине, кез келген оқушы бір тақырыпты алып өз бетінше зерттеп, тосын жаңалық аша алмайды. Дарынды, ізденімпаз оқушының өзіне ұстаздардың, ата-ананың не болмаса арнайы ғылыми жетекшінің кеңесі қажет. Сол себепті,оқушының ғылыми жоба жұмысын жазу тақырыбы айналасында, ұстаздар, ата-аналар және ғалымдар арасында түрлі мәселелер туындап, әр қилы пікірлер айтылуда.Оқушысының дарындылығын байқаған жақсы ұстаз, әрине, оның талантына көңіл аударып, қызығушылығының қай бағытта екенін анықтауға тырысады. Ғалымдар мектеп бағдарламасына «Ғылым негіздері» деген пән енгізуді ұсынады. Сол арқылы оқушыларға ғылымның не екенін, қандай түрлері мен салалары барын үйретіп, содан кейін ғана ғылыммен айналысуына жол көрсеткен жөн. Шынайы ғалым сонда ғана дамып, қанатын кеңге жаяды,- деп санайды.



Әрине солай болғаны дұрыс, бірақ аталған пән мектеп бағдарламасына еніп, тәжірибеден өткенше уақыт күтпес, жоба жазу жұмысы дәстүрі қалыптасып кетті. Ғылыми жоба жұмысы қазір бастауыш сыныптардан басталады десек те болады.Бастауыш сынып оқушысы қандай ғылыми зерттеу жасай алады деген сенімсіздік те, кереғар да пікірлер айтылып жүр. Дегенмен, ойлап қарасақ, бастауыш сыныпта дүниетану пәні, табиғатты қорғау туралы тәрбие сағаттары өтіледі. Оқушылар кішкентайынан тек табиғат туралы оқулықтан ғана оқып қоймай,басқа ақпараттық құралдардан, интернеттен қосымша мағлұматтар іздейді, оқиды, ойланады.Нені, қалай зерттесем екен деп сан толғанып,ізденіс жұмыстарын жүргізеді.

Табиғатты қорғауға, аялауға осы бастан үйренеді.Өз ойын қорытындылауға, нәтижесін көруге және көрсетуге талпынады. Ұстаздың талапты, ізденімпаз оқушыға берген бағыты, баланың әрі қарай өздігімен дамуына жол ашады. Ізденімпаздыққа үйренген баланың санасында белсенділік, өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық сияқты ақыл-ой сапалары қалыптасатынын байқауға болады. Шынында да оқушы ізденіс барысында материалға шығармашылық тұрғыдан қарайды, алған білімдерін теориялық және тәжірибелік жұмыста қолданады, өзіне сенімділігі артады, өзін басқа қырынан көріп, таниды. Жас өспірімдердің алдында халықтың тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне, әдет-ғұрпына, жалпы рухани мұрасына жаңаша қарау мүмкіндігі ашылады. Жұмысын қорғау сәтінде, өзін ұстау, сөйлеу мәдениетіне, басқалардың ой-пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын дәлелдеуге үйренеді.Бұл жерде оқушылар керемет жаңалық ашып,ешкімді таңқалдырмайды.Бірақ олардың интеллектуалдық даму деңгейі жоғары, қабілетті болғандықтан, ұстазы оның қабілетін анықтап, шығармашылық құлшыныстарын дамытуына көмектесуге міндетті.

«Ғылыми жоба жазудағы басты мақсат, оқушыны ғалым қылып шығару емес, баланың шығармашылық қабілетін дамыту.Баланы зерттеу жұмыстарымен айналысуға дағдыландырып, өмірге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру»,- деген пікірлер өте дұрыс айтылған. Зерттеумен, мәліметтерді жинап, оқумен айналысқан бала әбден төселіп, мол тәжірибе алады, ұлттық рухани құндылықтарымызды ұлықтап,өзінің ұлттық тегіне деген мақтаныш сезімдерін нығайтады.

Менің тәжірибемде оқушыларым өзіміздің ғылыми жоба жұмысы деп атап жүрген үш зерттеу жұмысын қолға алдық. Мен ол кезде Астанадағы №27 мектеп-лицейінде еңбек етіп жүрген едім. «Қазақстан әскері-Тәуелсіздік тұғыры» деген тақырыпты 7-сынып оқушылары өздері таңдады.Тапсырыс бойынша,кітапханада газет ақтарып отырып, олар сол жылы еліміздің Қарулы Күштерінің құрылғанына 20жыл, «Жас ұланға»15жыл толатынын байқап қалыпты. Бірге ойланып, осы тақырыпты алуды ұйғардық. Байқағаным, Костя мен Диас тақырыпқа мәліметтерді аса қызығушылықпен жинады, кейбір сыныптас жолдастары да оларға көмектесті. Зерттеу барысында қаламыздың, атап айтқанда,№27 мектеп-лицейінің жасөспірімдерінің Қазақстан әскері, Отан алдындағы борыш, Отан қорғауға дайындық туралы пікірлерін анықтау мақсатымен, мектеп ішінде сауалнама өткізілді,кеңесіп отырып, оқушыларға туған жерін сүюге, қорғауға жетелейтін, Отанына сүйіспеншілігін оятатын төмендегі сауалнама сұрақтарын құрастырдық:

1. Отансүйгіш болу дегеніміз – өз отбасын, туыстарын, достарын сүю ме?

2. Биік мақсатымыз, асыл арманымыз - Қазақстан тәуелсіздігінің мәңгілігі деген пікірге қосыласың ба?

3. Қазақстан жерін басқа елдің азаматтарына қорғауға сеніп тапсырар ма едің?

4. Отаныңды қорғау үшін арнайы дайындықтар қажет пе?

5. Әскери дайындықтан өту кезеңі - жүрегіңе қандай сезім әкеледі?

6. Сенің отбасыңда әскер қатарында болған адам бар ма ?

7. Әскери дайындықтан өтуге бір жыл уақыт жетеді ме?

8. Баласын әскер қатарына жібермейтін ата-аналарға не айтар едің?

9. Әскерде темірдей тәртіп болғаны дұрыс па?

10. Әскер қатарына барар ма едің?

Қуанышымызға қарай оқушылардың бәрі Отанын қорғауды ешкімге сеніп тапсыруға болмайтынын, тек қана өздері қорғау керектігін, қиындықтарға қарамай әскер қатарына бару керектігін бір ауыздан қостады. Тіпті,кейбір оқушылар әскер мерзімін үш жылға дейін ұзарту керек деген пікірлер айтты. Себебі олар Тәуелсіз елде өмір сүргісі келеді.

Өкінішке орай, оқушылар арасында соңғы «Сен әскер қатарына барар ма едің»? – деген сұраққа: « әзірше айта алмаймын», « менің басқа жоспарым бар» сияқты бірен-саран жауаптар болды. Зерттеуші оқушылар зерттеу жұмысының барысында «Жас Ұлан» қатарында өздерін көргісі келетін жасөспірімдердің көп екенін білді. Сол себепті аула клубтарынан басқа мектеп қабырғасында да әскери-патриоттық тәрбие беретін клубтар, жазғы лагерлер ашылса жақсы болар еді деген ой туды.Зерттеу барысында жаңалық ашылған жоқ. Бірақ, зерттеу, шығармашылық жұмыстарын үйлестіре бағыттау оқушылардың белсенділігі мен қарым-қатынас мәдениетін жан-жақты дамыту, азаматтық тұлғасын қалыптастыру мақсаттарын тереңірек айқындай түсетінін көрсетті.Оқушыларыммен бірге жоба барысындағы ізденістерімізді жүйелей келе, жеткіншектерді әскери тәрбие жұмыстарына мектеп қабырғасында қызықтыру, тарту шаралары патриоттік тәрбиенің нағыз бастауы деген пікірге келдік. Атап айтсақ:

-қоғамдық,көпшілік жұмысқа тарту арқылы бала ойындағы мүмкіндіктер ашылады,

-Отанын қорғауға дайын сезімдері оянады;

-саналы білім алуы қалыптасады

-жолдастарын, достарын қадірлеуге үйренеді

-ұлттық рухты бойына сіңірген, елжанды, отансүйгіш азаматтың «мен» тұлғасы қалытасады.

Жас ұрпақтарымыздың патриоттық сезімі биік болса,елімізді қорғауға, еліміздің әскери қатарына келуге септігін тигізеді, жастарымыздың тәрбиесі мықты болады. Елімізді сүйеді. Еліміздің патриоттық сезімі биік болады. Олай болатын болса, біздің еліміз мықты болады.

Екінші зерттеу жұмысын 7д сынып оқушысы Тастамбекова Кәмилә «Баланың бесігі- кең дүниенің есігі»деген тақырыпқа жүргізді.

«Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» деп қазақтың тура биі Төле атамыз айтқан екен. Осы бір астарлы сөздің мағынасына бойласақ ,терең теңіздің түбінен маржан сүзгендей боласың. «Ел болу үшін, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезов атамыздың сөзі де елдің сапасы сонау бесік тәрбиесімен байланысы зор екенін айтады. Бесік қазақ халқы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік.Оны адам өмірдің бастапқы ұясы деп біледі. Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған асыл мұра. Қазақта «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал», «Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді», «Есік арқалағаннан бесік арқалаған артық», «Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді» деген ұлағатты сөздер содан. Көшпелі тұрмысқа бейімділігі сонша,бесікті анасы атқа мінгенде алдына өңгеріп алып жүре берген. Жол қанша ұзақ болса да бала қиналмайды, бейқам ұйқысы бұзылмайды. Бұл тақырыпты зерттеу барысында оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарының бірі- баланың бесігі турлы қызықты мәліметтермен танысып, сонау ерте заманда ата-бабаларымыздың бесікке деген көзқарасын, бесік тәрбиесінің нәресте өміріндегі маңызын танып, білді.Әсіресе, АҚШ-тың белгілі ғалымы, педиатр дәрігері Харви Карптың «Баланы тыныштандыру өнері» атты еңбегімен танысу қызықты болды. Мұнда ол ата-аналарға жылаған баланы жедел жұбатып, оны тыныш та тәтті ұйқысына қайта бөлеудің тәсілдерін зерттеген ұзақ жылдық еңбегінің нәтижесін жазған. Қызығы батыс пен шығыстың баланы жұбату өнерін зерттеген ғалым экономикасы қарыштап дамыған батыс әлемінің бұл нәзік тәрбие ісіне келгенде, шығыстан көш бойы кейін қалғанын мойындайды. Оның зерттеуінше, қазақтың бесік тәрбиесі - бала тәрбиесінің төресі!..

Сонымен қатар, « Бесік жыры» - баланың дүние танымының ерте кеңеюіне жол ашады екен. Бесік жыры – халық тапқырлығы мен даналығы. Ізгі ойдың санаға дарыған мөлдір бұлағының тамшылары. Негізінен, аналардың балаға деген мейірін үстемелейді, сезімді тебірентеді. Ардагер ұстаз-ғалым Рамазан Жәшиевтің айтуынша, бесік жырында түрлі фонетикалық дыбыс кездеседі. Ашық-қысаңы да, жуан-жіңішкесі де, қатаң-ұяң, үндісі де бар.

Қазақ халқы балаларының тілі ерте шығып, жатық сөйлеуінің кілті - осы бесік жырында жатыр. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Ана баланы әннің ырғағымен тербетеді. Оның үстіне сазды, әуенді болып келеді»,-дейді ардагер ұстаз.

Құйрығынды майырып,


Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?!
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?!
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?! - деп келетін осы бір өлең жолдарынан халықтың болашақ ұрпақ тәрбиелеудегі ой-арманы айқын көрінген. Ол ана тілегі арқылы беріліп отыр. Мал бақ, кәсіп ет, ел-жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл-кеңес, тілек етіп білдірген. Баланы жастайынан ел намысын қорғаушы азамат болуға баулу, оны ана аманаты ретінде келер ұрпақтың құлағына сіңіру ежелгі ел-дәстүрінің озық түрі болған.Мүмкін, осындай іздену жолында оқушы бесік тәрбиесінің құпияларымен танысып, кеңес заманындакерексіз болып келген бесіктің қолданысқа енуіне себін тигізер. Ол үшін, әрине бұл тақырыпты жан-жақты терең зерттеу, жас отбасылар арасында насихаттау қажет.

Үшінші тақырып- «Қымыз-шипалы сусын». 7в сынып оқушысы Насымбаев Руслан зерттеді. Бұл тақырыпты зерттегенде де оқушы қызықты мәліметтер тауып, оқып, жайлаудағы жылқышылар, бие сауу кезеңдерін слайдпен көрсетіп тыңдаушылардың қызығушылығын оятты.Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын мақтанышпен әңгімеледі.

Биылғы оқу жылында, Астана қаласындағы №31мектеп-гимназиясында еңбек етіп жүрмін. Зерттеу жұмысын насихаттауды бастауыш сынып оқушылары арасында қолға алдым. 2-сынып оқушысы Адилов Саянмен "Ортаазиялық тасбақаның ерекшелігі" тақырыбына зерттеу жұмысын жүргізіп, "Зиат" ғылыми-әдістемелік орталығы өткізген, бастауыш сынып оқушылары арасындағы "Зерек" атты VII Республикалық ғылыми жұмыстар сайысында І орынға ие болдық. Зерттеу барысында оқушымның тақырыпқа қызығушылығын байқадым. Оқушының ата -анасы өз көмектерін көрсетіп, Саянға тасбақа сатып әперді және ол тасбақа отбасы мүшелерінің бәрін қызықтырады екен. Саян тасбақаны бақылауға алып, оның күнделікті қимылдарын, әрекетін жазып отырады. Ал, ата-анасы Саянның әрекеттерін бақылап қызықтайды. Саян тасбақаға Дони деген ат берді және ол өзін Донидың әкесі сияқты сезінетінін айтады. Себебі, әкесі Саянға жасаған қамқорлықты ол Дониға жасайды екен. Дониды тамақтандырады, жуындырады және онымен ойнайды. Кішкентай қарындасы жылағанда Дониды көріп қуанатын болыпты. Саянның зерттеу жұмысының жетекшісі ретінде мен оған жазғы демалыста тасбақаның күнделікті өмірін әрі қарай бақылауға тапсырма бердім. Мақсатымыз- келесі оқу жылында сәті түссе қалалық ғылыми жұмыстар сайысына қатысу.Саянның ата-анасы баласының бос уақытта бір мезгіл Донимен айналысқанына ризашылығын білдіруде. Саян орыс сыныбында оқиды, зерттеу жұмысын қазақ тілінде дайындадық. Бұл әдіс оқушымның өз ана тілін тұрмыстық деңгейде ғана біліп қоймай, жоғары деңгейге көтерілуіне әсер ететініне сенімдімін.

Аталған жобаларды дайындау барысында оқушылардың бірі ұлтымыздың әдеби-мәдени мұраларын ақтарса, енді бірі әлем ғалымдарының зерттеулерімен танысты, сауалнама құрастырып, оларға жауап жинау арқылы өздерінің, сыныптас жолдастарының және ата-аналарының жүректерінде Отанды сүю, қорғау туралы ой қозғады. Сондықтан мен «Ғылыми жоба» жұмысының оқушы өмірінде рөлі ерекше деген пікірге келдім. Ең бастысы «Ғалым болу қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»,- деп Абай атамыз айтқандай, жеткіншектерді ғылымға ұмтылуға, рухани байлыққа,қоғамдық-әлеуметтік өмірімізде жарқын жолға тәрбиелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.http//saryarka-samali.kz/aleumet

2. «Адырна» ұлттық этнографиялық порталы.

3.Егеменді Қазақстан. 2012ж-27.03-5б

4. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. 65б. 2005ж.

Кенжеахметұлы Сейіт



5.«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газеті 13-12-2011
жүктеу 38,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау