|
Дарынды балаларѓа арналѓанАбай атындаѓы
|
бет | 1/4 | Дата | 21.05.2018 | өлшемі | 475,48 Kb. | | #15561 |
|
№10 лицей мектебінің
2016-2017 оқу жылына арналған
оқу-тәрбие жоспары
Тақырыбы: «Оқу мен оқытудағы ынтымақтастық – ұжым әлеуетін арттыру жолы»
Проблема:
Жаңаша білім беру кезеңіне өтуде оқушы жетістігін басқару, бағалау өзгерісті қажет етеді;
Жаңа ақпараттық, педагогикалық технологияны енгізу арқылы заманауи сабақ өткізу;
Мақсаты: Оқу-тәрбие үдерісін оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы жаңғырту.
Павлодар 2016
Оқу-тәрбие жоспарына қосымша
2016-2017 оқу жылына арналған оқу жоспары
Мектептің даму жоспары.
Кітапхананың жұмыс жоспары
Психологиялық қызмет көрсету жоспары
Ғылыми-әдістемелік кеңестің жұмыс жоспары
Әр пән бірлестігінің жұмыс жоспары
Қамқорлық кеңесінің жұмыс жоспары
«Зерде» оқушылар ғылыми қоғамының жұмыс жоспары
Ақпараттандыру бойынша жұмыс жоспары
Лицей мектебінің жұмыс істеуі: 6 күндік
Оқу-тәрбие процесі екі ауысымда ұйымдастырылады.
-
|
І ауысым
|
|
ІІ ауысым
| І |
08.00-08.45
|
І
|
14.00-14.45
| ІІ |
08.55-09.40
|
ІІ
|
14.55-15.40
| ІІІ |
09.55-10.40
|
ІІІ
|
16.10-16.55
| IV |
11.00-11.45
|
IV
|
17.05-17.50
| V |
12.00-12.45
|
V
|
18.00-18.45
| VI |
12.55-13.40
|
VI
|
18.50-19.35
|
Ата-аналар жиналысы жылына – 5
Педагогикалық кеңес жылына – 4+3
Ғылыми-әдістемелік кеңес – 2
Қоғамдық ұйымдар жиналыстары және әртүрлі қосымша мәселелер бойынша өткізілетін жиналыстар – 1- апта
Директор жанындағы отырыс жылына – 10, 2- апта
Әдістемелік жанындағы отырыс жылына – 6, 3 -апта
Директор орынбасары жанындағы жиналыс – 10, 4- апта
Мектеп жұмысының басыңқы бағыттары.
Жеке тұлғаны бағыттап оқыту, бағдарлы бағыттай білім беруді күшейту.
Білім мазмұнындағы үрдістерді жаңарту.
Оқу-тәрбие процесіндегі психологиялық қызметтің ролін кеңейту, күшейту.
Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған мектептің жұмыс жүйесін жетілдіру.
Материалдық-техникалық және оқу базасын жетілдіру.
Үш тілде оқыту бағытындағы жұмыс жүйесін жетілдіру және көптілділік бағдарламасын дамыту.
«Мәңгілік ел» идеясын оқушы бойына қалыптастыру, ұлттық дәстүрлі тәрбиені ұстану.
Бейінді-бағдарлы оқыту арқылы мектептің жоғары сатысында білім беру ісін саралау.
Білім беру үдерісіне қатысушылардың ақпараттық мәдениеті мен АКТ кәсіби құзіреттілігін арттыру.
2016-2017 оқу жылында шешілуге тиіс проблемалар жиынтығы.
Білім мазмұнын жаңарту. Әр баланың жеке қабілет ерекшелігін ашу, сол арқылы қажеттілігі мен мүмкіндігіне сай білім беру. Тереңдетіліп оқытылатын сынып санын арттыру, жеделдете оқыту арқылы бастауыш білім сатысын меңгерту. Жасөспірімдер олимпиадасының көрсеткіш нәтижесін көтеру.
Оқудағы жетістік. Ойы ұшқыр, білімі терең, дені сау шәкірт даярлайтын педагогикалық ортаны дамыту. Білім кеңістігінің әр түрлі деңгейдегі жарысында жетістікке жету, деңгейлік курстан өткен мұғалімдер курстан өтпеген мұғалімдермен жұмыс атқарады.
Оқу, оқыту, тәрбие. Жаңа үлгідегі ұлттық мектеп қалыптастыру. Білім сапасы – басты нысаны. Оқушыны дамудың, оқудың және тәрбиенің субъектісі деп тану, бала бойында берік танымдылық қызығушылығын қалыптастыру. Ұлт тарихын, ұлт мәдениетін – тәрбие көзі деп тану. Рухани адамгершілік әліппесін меңгерту, жалпы адамзаттық құндылыққа, өркениетті елдермен иық түйістіре алу деңгейіне жеткізу. Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы оқушыны жан-жақты дамыту.
Оқушыға көмек, баланың өмір кеңістігіне шығу дайындығы. Баланың мектепте болған уақытында денсаулығына зиян келтірмеу. Салауатты өмір сүру дағдысын бекітуге жағдай жасау. Түлектерді әлеуметтендіру диагностикасын жүзеге асыру, өзгермелі өмір талабына сай шешім қабылдау қабілеттілігін дамыту, дамыған ақпараттық ортаға дайындау.
Мәдени-этностық орта. Мектеп дамуы үшін қажетті деңгейдегі мұғалімнің кәсіптік шеберлігін қалыптастыру. Мектептің қоғамдағы белсенділігін нығайту. Мектепті құрайтын: мұғалім – оқушы – ата-ана, үшбұрышының орнықтылығын дамыту.
Ресурстарды пайдалану. Заман талабына сай кабинеттің жабдықталуын іске асыру. Әр оқушының дамуын ақпарат кеңістігі арқылы жүзеге асыру.Сандық оқыту ресурстарын дайындау.
Басқару. Елбасының Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауын жүзеге асыру.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылдардағы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы жолдауы мазмұнын іс жүзінде іске асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|