Бағдарламасы арқылы оңай кіріңіз. Кез келген жерде күнтізбені тексеру Маңызды кездесулеріңіз жайлы әрдайым хабардар



жүктеу 0,81 Mb.
Pdf просмотр
Дата20.11.2018
өлшемі0,81 Mb.
#22070
түріБағдарламасы


Office 365 қызметін iPhone немесе iPad құрылғыңызда пайдалану

Жұмысты тез бастау бойынша нұсқаулық



Электрондық поштаны тексеру

iPhone немесе iPad Office 365 тіркелгіңізден хат жіберу 

және қабылдау үшін реттеңіз.

Топтың OneNote жазба 

кітапшаларына кіру

SharePoint топ сайтында немесе 

Бизнеске арналған OneDrive 

сайтыңыздасақталған OneNote жазба 

кітапшаларын iPhone немесе iPad 

құрылғысына арналған OneNote 

бағдарламасы арқылы оңай кіріңіз.

Кез келген жерде күнтізбені тексеру

Маңызды кездесулеріңіз жайлы әрдайым хабардар 

болып тұру үшін күнтізбе элементтерін iPhone немесе 

iPad құрылғыңызбен синхрондаңыз.



Құжаттарыңызды жол үстінде қарап 

шығу және өңдеу

iPhone телефоныңыздағы құжаттарды 

тікелей көру және өңдеу үшін Office Mobile 

бағдарламасын пайдаланыңыз.



Контактілерді синхрондау

Құжаттарды ортақ пайдалану, электрондық.хабар жіберу немесе 

әріптестермен жиналыстарды жоспарлауды оңайлату үшін 

контактілеріңізді iPhone немесе iPad құрылғыңызда сақтаңыз.



Құжаттарыңызбен жұмыс істеу

Бизнеске арналған OneDrive 

сайтында жұмыс істеу немесе кез 

келген құжаттарды ортақ пайдалану 

үшін Бизнеске арналған OneDrive 

бағдарламасын пайдаланыңыз.



Топпен бірлесіп жұмыс істеу

Әріптестеріңіздің сайттарына 

кіріңіз, және онда сақталған 

файлдарды өңдеңіз немесе 

ортақ пайдаланыңыз.

Бетпе-бет жиналысқа қосылу

Жиналысқа қосылу үшін Lync 

бағдарламасын пайдаланыңыз, кеңседе 

болмаған кезіңізде де, жылдам хабар 

алмасыңыз немесе бейне қоңыраулар 

жасаңыз және қосулы күйде болыңыз.




Электрондық поштаны пайдалану

Өзіңіздің Office 365 электрондық пошта тіркелгіңізді iPhone немесе iPad 

құрылғысына орнатқан соң, сіздің электрондық поштаңыз құрылғыңыздағы басқа 

электрондықпошталар сияқты жұмыс істейді. Мына жерде орындай алатын 

қадамдарыңыз бар:



Электондық поштаны тексеру үшін − Басты экранында  белгішесін түртіңіз.



Электрондық пошта хабарын жіберу үшін − Өңдеу

түймесін түртіңіз. 

Алушыларды қосыңыз, электрондық хабарыңызды жазыңыз да, Жіберу

түймесін түртіңіз.



Электрондық пошта хабарына жауап беру үшін − Қайтару          түймесін 

түртіңіз. Аяқтағаннан соң, Жіберу түймесін түртіңіз.



Басқа қалталарды тексеру үшін − Қалталар 

белгішесін түртіңіз. Көргіңіз 

келген қалтаны таңдаңыз.

Күнтізбені басқару

Күнтізбе кездесулер мен жиналыстар құруға және 

оларды бақылауға мүмкіндік береді.



Күнтізбе элементін көру үшін  

• Күнтізбе бағдарламасын түртіңіз. 



Жаңа жиналысты немесе оқиғаны жасау үшін

1. Күнтізбе бағдарламасын түртіп, кездесудің 

уақыты мен басқа мәліметтерін тексеріңіз. 

2. Оқиғаны қосу экранында Күнтізбе белгішесін 

түртіп, Office 365 күнтізбесін таңдаңыз. 

Аяқтағаннан кейін, Дайын түймесін түртіңіз.

Контактілерді басқару

Office 365 тіркелгіңізге контактілерді қосу, өңдеу 

немесе жою. 

Контактіні қосу

1. Бастапқы экраннан Телефон > Контактілер

тармағын түртіңіз.

2. Жаңа          түймесін түртіп, контакт ақпаратын 

теріңіз. Аяқтағаннан кейін, Дайын түймесін 

түртіңіз.



Контактіні өңдеу немесе жою үшін

1. Контактінің атын түртіп, Өңдеу түймесін түртіңіз.

2. Ақпаратты өзгертіңіз де, Дайын түймесін түртіңіз. 

Контактіні жою үшін төмен қарай өтіңіз де, 



Контактіні жою түймесін таңдаңыз.



Құрылғыңызда барлық электрондық



пошта тіркелгілерін көру үшін − Пошта

түймесін түртіңіз. (Бұл әрекет сізді Кіріс

поштасына өткізсе, жоғарғы оң жақ

бұрыштағы тіркелгі атын түртіңіз.) Мұнда

құрылғыңыздағы барлық тіркелгілерді

көруіңізге болады. Сондай-ақ, басқа

тіркелгілердегі басқа қалталарды көруіңізге

болады. Тіркелгі бөлімінде көргіңіз келетін

қалтасы бар тіркелгіні түртіңіз.

Тіркелгінің басқа қалталарын көру 

үшін Office 365 тіркелгісін түртіңіз.



Бизнеске арналған OneDrive немесе SharePoint 

топ сайттарында құжаттармен бірлесіп және 

жеке жұмыс істеу

SharePoint топ сайтында ұжымыңыз бір-бірімен өзара әрекеттеседі, құжатты ортақ 

пайдаланады және бірлесіп жобамен жұмыс істейді. Бизнеске арналған OneDrive 

сіздің жеке сайтыңыз, ол жақта тек сіз ғана көретін, бірақ қажет болса ортақ 

пайдалануға болатын құжаттар сақтауыңызға болады. Office Mobile хабында 

құжаттарды осы сайттардың кез келгенінен аша аласыз, бірақ сайтты шарлағыңыз 

келсе, оны 

iPhone немесе iPad құрылғыңыздағы Safari браузерінде орындаңыз.

Бизнеске арналған OneDrive немесе SharePoint топ сайтын ашу үшін:

1. Safari браузерін ашыңыз.

2. Браузердің мекенжай өрісінде сайтыңыздың URL-мекенжайын теріңіз. Мысалы, 

https://contoso-my.sharepoint.com/personal/_contoso_ 

onmicrosoft_com. Бизнеске арналған OneDrive сияқты жеке сайтыңыз URL-

мекенжайының үлгісі. Топ сайты URL-мекенжайының үлгісі: 



https://contoso.sharepoint.com/sites/contoso. (URL-мекенжайында ұйымның 

домен атауынан “contoso” алып тастаңыз.)



Ескерту   егер сайттың URL-мекенжайы қандай екендігіне сенімсіз болсаңыз, оны 

компьютеріңіздің браузерінен шарлап, мекенжай терезесіндегі URL-мекенжайын 

жазып алыңыз немесе оны көшіріп қою үшін электрондық поштамен жіберіңіз.

3. Microsoft Office 365 кіру экраны пайда болған кезде, пайдаланушы аты мен құпия 

сөзді теріңіз, содан кейін Кіру түймесін түртіңіз. Егер сайт телефон көрінісінде 

болып, оны компьютер көрінісінде ашқыңыз келсе, Параметрлер       > 



Компьютер көрінісіне ауысу түймесін түртіңіз. Телефон көрінісіне қайта өту үшін 

Параметрлер > Телефон көрінісі түймесін түртіңіз.

4. Егер телефон көрінісінде болсаңыз, 

сайттағы құжат немесе кітапханалар

тізімі сияқты барлық мазмұн тізімін

көру үшін Параметрлер

> Сайт 

мазмұны тармағын түртіңіз.

Телефон 


көрінісі

Компьютер 

көрінісі

Кеңес   Компьютер көрінісінде шарлау үстіңгі колонтитулындағы OneDrive

немесе Сайттар белгішелерін түрту арқылы Бизнеске арналған OneDrive сайты 

немесе басқа де кез келген бақылап жатқан сайттары арасында шарлай аласыз. 



iPhone және iPad бағдарламаларын пайдалану

Жүру барысында әріптестеріңізбен бірлсеіп және жеке жұмыс істеуді жалғастыру үшін 

Office 365 қызметімен жұмыс істеу үшін жасақталған iPhone немесе iPad 

құрылғысының бағдарламаларын орнатыңыз. Алғаш рет осы бағдарламаларға кіру 

туралы ақпаратты алу үшін iPhone немесе iPad құрылғыңыздағы Жұмысты жылдам 

бастау нұқсаулығы – Office 365 орнату бөлімін қараңыз:

• iPhone құрылғысына арналған Lync 2013 немесе iPad құрылғысына арналған Lync 2013

• Office 365 жазылушылары үшін Бизнеске арналған OneDrive

• iPhone құрылғысына арналған OneNote немесе iPad құрылғысына арналған OneNote

• Office 365 жазылушылары үшін Office Mobile (iPhone пайдаланушылары үшін)

Жылдам хабар сөйлесуіне дыбыс қосу

Жылдам хабар сөйлесуінде болып, контактіге 

қоңырау шалу қажет болса, Телефон

белгішесін түртіп, қоңырау шалатын нөмірді 

таңдаңыз.

Lync жиналысына қосылу

Lync жиналысына қосылу үшін Жиналыстар

қойындысында, қосылғыңыз келетін 

жиналысты таңдап,  Жиналысқа қосылу

түймесін түртіңіз.

Жедел хабар жіберу

Іздеген адамды тапқаннан кейін, оның атын 

түртіп, Жылдам хабар белгішесін түртіңіз. 

Хабарды теріңіз де, Жіберу белгішесін түртіңіз.



Кеңес Бейне қоңырау шалу кезінде Жылдам 

хабар жіберу қажет болса, Жылдам хабар

белгішесін түртіп, хабарды теріңіз де, Жіберу

түймесін түртіңіз.

Сіздің ұйымыңыз Lync бағдарламасын 

пайдаланса, жүоу барысында байланыста болу 

үшін iPhone or iPad құрылғыңызда Microsoft Lync 

2013 бағдарламасын пайдалана аласыз. 

Күйіңізді орнату немесе шығу

Күйіңізді өзгерту үшін Менің ақпаратым

экранында күйіңізді түртіп, күйді таңдаңыз 

немесе Шығу түймесін түртіңіз.

Контактіні іздеу

Контактілер экранында Іздеу

белгішесін түртіңіз. Іздеу өрісіне кісінің 

атын теріп бастаңыз. Нәтижелер өрістің 

астында көрсетіледі.

Lync 2013 бағдарламасын пайдалану



3. Ортақ пайдалану 

экранының жоғарғы 

жағындағы Қосу белгішесін түртіңіз.

4. Адамдарды қосу экранында Кіммен ортақ 



пайдалану жақтауын түртіп, файлды ортақ 

пайдаланатын адамның электрондық пошта 

мекенжайын енгізіңіз. Сондай-ақ, Қосу 

белгішесін түртіңіз де, контакт тізімінен атты 

таңдаңыз. Файлды ортақ пайдаланғыңыз 

келетін әр адамға осы әрекетті қайталаңыз.

5. Файлды ортақ пайдалануға шақырған адам 

үшін ортақ пайдалану рұқсатын орнатыңыз. 

Әдепкі параметр - Алушы өңдейді. Қажет 

болса, кейінірек рұқсаттарды өзгерте аласыз. 

6. Қосу түймесін түртіңіз.

Office 365 жазылушылары үшін Бизнеске арналған 

OneDrive бағдарламасын пайдалану

Кіргеннен кейін, Бизнеске арналған OneDrive бағдарламасын сізді тікелей файлдарға 

өткізеді, солай сіз дереу файлдарыңызды көріп, олармен жұмыс істеуге кірісе аласыз.

Файлды ортақ пайдалану

1. Ортақ пайдаланғыңыз келетін файлды түртіңіз. 

2. Файл ашылған соң, Бизнеске арналған OneDrive "Ортақ пайдалану" түймесін 

түртіңіз        . Файлды онсыз да ортақ пайдалануда болсаңыз, файлды ортақ 

пайдаланып отырған адамдар тізімін көре аласыз. Немесе “Бұл элемент ортақ 

пайдаланылмайды” деген ескертпені көресіз.  

Офлайн кезіңізде файлдарды қараңыз

Бизнеске арналған OneDrive файлдарын iPhone немесе iPad құрылғыңызға жүктеу 

арқылы оларды сіз желіде емес кезіңізде қол жетімді етіңіз. 

1. Ашу үшін жүктегіңіз келетін файлды түртіңіз. 

2. Жүктеу түймесін түртіңіз       .

3. Енді Офлайн түймесін түрткен кездіңізде файл тізімделеді. Ескертпе, файлдың 

офлайн нұсқасы жай ғана жүктелген көшірмесі болып табылады. Бұл файлды 

өңдесеңіз, жаңартулар Бизнеске арналған OneDrive бағдарламасында сақталған 

нұсқамен синхрондалмайды.

Бизнеске арналған OneDrive файлдарын көру 

Ашу үшін кез келген элементті басыңыз. Жүктеу 

түймесі 

Файлды офлайн көруге болатын болса, 

көрінеді.

Файлдарды қарауға мұнда үш опция бар. Бизнеске 



арналған OneDrive экранының астыңғы жағында 

келесілердің бірін орындаңыз:

• Бизнеске арналған OneDrive файлдарын көрсету 

үшін Файлдар түймесін түртіңіз.

• Жақын арада ашқан Бизнеске арналған OneDrive 

файлдарын көрсету үшін Соңғы түймесін түртіңіз.

• Сіз желіде болмаған кезіңізде көруге қол жетімді 

еткен файлдарды көрсету үшін Офлайн түймесін 

түртіңіз.

Ортақ пайдалану рұқсаттарын өзгерту

1. Ортақ пайдалану рұқсаттарын өзгерту үшін файлды түртіңіз.

2. Файл ашылған соң, Бизнеске арналған OneDrive "Ортақ пайдалану" түймесін 

түртіңіз       .

3. Рұқсатын өзгерткіңіз келетін тұлғаның атын түртіңіз.

4. Қажетті рұқсаттар параметрін түртіңіз.



Жазу кітапшасына сілтеме жіберу

1. Жазба кітапшалары белгішесін түртіңіз.

2. Жоғарыдағы көрсеткіні түртіңіз        .

3. Ортақ пайдаланғыңыз келген жазу 

кітапшасында оң жақ көрсеткісін түртіңіз       .

4. Алушының көруге немесе өңдеуге 

болатындығын таңдаңыз. Электрондық хабар 

жазба кітапшасының сілтемесімен ашылады.

5. Электрондық пошта мекенжайын енгізіп, 

хабарды жіберіңіз.

OneNote бағдарламасын пайдалану

Office 365 жазба кітапшаларын синхрондау

Әдетте Office 365 SharePoint сайтында пайдаланатын жазба кітапшаларңыз болса, 

оларды Microsoft тіркелгіңіз арқылы кіргеннен кейін, Office 365 тіркелгісін қосу 

арқылы iPhone немесе iPad құрылғысымен синхрондай аласыз. Ашайын деп жатқан 

жазба кітапшаларды жақын арада компьютеріңіз немесе басқа да құрылғымен 

көріп шыққаныңызға көз жеткізіңіз. Сіз пайдаланушы атыңызбен кірген кезіңізде 

көп уақыт ашылмаған жазба кітапшалары синхрондалмайды.

1. Егер ашық жазба кітапшаларыңыз болса, Жазба кітапшалары белгішесін 

түртіңіз. 

2. Параметрлер түймесін түртіңіз       .

3. Тіркелгілер > Қызметті қосу > Office 365 SharePoint тармағын түртіңіз. 

4. Электрондық пошта мекенжайыңыз бен құпия сөзді теріңіз де, өзіңіздің 

Office 365 тіркелгіңізді қосу үшін Кіру  түймесін түртіңіз. 

Офлайн күйде жұмыс істеу

Алдымен жазба кітапшаңызды Бизнеске арналған OneDrive сайтымен 

синхрондаңыз, одан кейін OneNote сіздің жұмыс істеу барысындағы 

өзгертулеріңізді автоматты түрде синхрондайды. Кез келген уақытта Интернет 

байланысын жоғалтсаңыз немесе ажыратсаңыз, барлық күтудегі өзгертулеріңіз сіз 

қайта желіге қосылған кезіңізде синхрондалады. 

Жазбаларды ортақ пайдалану

Жеке беттерді электрондық поштамен жіберуге немесе жазба кітапшасын ортақ 

пайдалануға болады. 

Бетті электрондық пошта арқылы жіберу үшін

1. Жібергіңіз келген бетті ашып, жоғарғы оң бұрыштағы көрсеткіні түртіңіз        .

2. Электрондық пошта беті белгішесін түртіңіз. 

5. OneNote параметрлерін жабыңыз.

6. Жазу кітапшалары экранында 

Қосымша жазу кітапшалары түймесін 

түртіңіз. Жазба кітапшаларыңыз енді 



Соңғы тармағының астында шығады.


1. Егер Office 365 құжаттарыңызға қосылмаған болып, 

Бизнеске арналған OneDrive немесе SharePoint 

қызметіне қосылғыңыз келсе, буманы Ашу түймесін 

түртіңіз.

2. Орындар  экранында Орын қосу түймесін түртіп, 

Office 365 пайдаланушы атыңыз бен құпия сөз арқылы 

кіріңіз. Кеңес, егер сіз ішкі қалтада болсаңыз, Артқа

түймесін түртіңіз және Орын қосу деген экранға өтіңіз.

3. Құжатыңыз сақталған қызметті түртіңіз, одан кейін 

құжатты ашу үшін оны түртіңіз.

Office Mobile бағдарламасын пайдалану

iPhone телефоныңызда құжаттарды алу

Office 365 құжаттарыңызды iPhone телефоныңызда алудың ең қолайлы жолы - оларды 

Бизнеске арналған OneDrive немесе SharePoint топ сайты сияқты жерлерде сақтау. 

Оларды кейінірек iPhone құрылғысынан көруіңізге болады.

Құжаттарды ортақ пайдалану

Құжаттарды электрондық хабар тіркемесі ретінде 

жіберу арқылы ортақ пайдалана аласыз.

1. Ортақ пайдаланғыңыз келген құжатты ашыңыз.

2. Файл       түймесін түртіңіз.

3. Ортақ пайдалану түймесін түртіңіз.

4. Хабарыңызды теріңіз де, Жіберу түймесін 

басыңыз.

Word бағдарламасында не жасай аласыз

Келесі файл түрлерін ашу - .doc, .docx, 

.dot, .dotx, .dotm, .docm

электрондық пошта арқылы файлдарды 

ортақ пайдалану

Келесі файл түрлерін өңдеу - .docx, .dotx

Мәтінді табу

Түсініктемелерді қосу және жою

Мәтінді пішімдеу

Excel бағдарламасында не жасай аласыз

Келесі файл түрлерін ашу - .xls, .xlsx, .xlt, 

.xltx, .xlsm, .xltm

Жұмыс кітабі ішінде мәтінді табу

Келесі файл түрлерін өңдеу - .xlsx, .xltx

Таңдалған деректерді сұрыптау

Outline View бағдарламасында 

парақтарды шарлау

пішімдеу

Сүзгіні қолдану

Ұяшықтарды тазарту

АвтоҚосынды арқылы ауқымның 

қосындысын, ортақ мәнін және т.б. 

анықтау


Қайтару/Қайта жасау

Түсініктемелерді қосу және жою

электрондық пошта арқылы файлдарды 

ортақ пайдалану



PowerPoint бағдарламасында не жасай аласыз

Келесі файл түрлерін ашу - .ppt, .pptx, 

.pps, .ppsx, .pptm, .ppsm

Нобайлық көріністе слайдтарды шарлау

Келесі файл түрлерін өңдеу - .pptx, .pptm

Көрсетілімді электрондық пошта арқылы 

ортақ пайдалану

Слайд жазбаларын қосу және өңдеу

Офлайн күйде жұмыс істеу

Сіз желіде болмасаңыз да, Office құжатымен жұмыс істей бере аласыз. 

Өзгертулеріңізді серверге сақтауға дайын болсаңыз, Интернетке қосулы екеніңізге 

көз жеткізіңіз, одан кейін Файл > Сақтау тармағын түртіңіз.



жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау