«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» кмм кітапхана-филиалдары арасындағы «Менің кітапханам»



жүктеу 31,5 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі31,5 Kb.
#21154


«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

кітапхана-филиалдары арасындағы

«Менің кітапханам» атты байқаудың

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ережелер

    1. Осы ереже «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің кітапхана-филиалдары арасындағы «Менің кітапханам» атты байқаудың мақсаттарын, міндеттерін, тәртібін және өткізу шарттарын реттейді және белгілейді.

    2. Қазіргі таңда кітапханалар халық арасында мәдениетті қалыптастыратын, кітап және кітап оқуды насихаттайтын ақпараттық ортаның бірден-бірегейі болып табылады. Кітапхана-филиалдарының жетістіктері мен проблемаларын анықтау мақсатында осы байқау ұйымдастырылып отыр.

    3. «Менің кітапханам» байқауы 2018 жылдың ақпан-қазан айлары аралығында өткізіледі. 2018 жылдың қазан айының 30 жұлдызында байқау қорытындысы жарияланады. Байқау нәтижесі бойынша ОКЖ кітапханаларының рейтингісі, кемшіліктерді жою жұмыстары белгіленіп, жеткен жетістіктері аталып өтіледі.

  2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

    1. ОКЖ қызметкерлері арасында шығармашылық әлеуеттерін қолдау, шығармашылық бастамаға ынталандыру;

    2. Кітапханалардың жұмыс түрлерін, жаңа идеяларын, инновациялық қызметін дамыту;

    3. Қала өмірінде кітапхана беделін, маңыздылығын және әлеуметтік мәртебесін арттыру;

    4. Кітапхана қызметін жетілдіру, халыққа кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру, қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес кітапхананы дамыту;

    5. Кітапханалардың қазіргі жағдайын анықтау, мониторинг жасау;

    6. Кітапхана мамандығының мәртебесін арттыру, кітапханашылардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру.

  3. Қатысушылар

«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің кітапхана-филиалдары.


  1. Байқауды өткізудің тәртібі мен шарттары

4.1. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылады.

4.2. Байқаудың жеңімпазын анықтау шарттары:

- кітапхананың жағдайы, ішкі көрінісі, дизайнерлік шешімдері, келушілер үшін жайлылығы;

- кітапхананың негізгі бақылау көрсеткіштері және олардың орындалысы;

- кітап оқуды қолдау және насихаттау, кітапхана жұмысына жаңа, инновациялық әдістерді енгізу;

- жаңа ақпараттық технологиялар қолдану;

- кітапхананың анықтамалық-библиографиялық жұмысы;

- кітапхананың көпшілік жұмысы;

- өлкетанулық бағыттағы жұмыстары (қала және оның адамдары туралы материалдардың қағаз және электронды түрде болуы);

- қызығушылыққа байланысты клубтармен жүргізілетін жұмыстардың деңгейі;

- кітапхананың бағдарлама, жобалармен жұмысы;

- кітапханашылардың біліктілігі, кәсіби шеберлігі, білімін жоғарылату бойынша жұмыстары;

- кітапханашылардың сайыстарға, жобаларға қатысуы және жетістіктері;

- әлеуметтік желілердегі беттерімен жұмысы.


5. Қорытындылау тәртібі

5.1. Бекітілген комиссия мүшелері бағалау мақсатында белгіленген кесте бойынша кітапханаларды аралайды.

5.2. Комиссия мүшесі өз көзқарасын бағалау парақтарына ұпай беру арқылы белгілеп, қосымша пікірін жазбаша түрде береді. Жеңімпаз ұйымдастыру комитетінің отырысында анықталады.

5.3. Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы әр кітапхана бойынша қорытынды анықтама жасайды.



5.4. Байқау нәтижелері ОКЖ сайтына қойылады.
жүктеу 31,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау