107
жағынан, нарықты жаулап алу мақсатында бағаны тӛмендете
отырып, қиян кескі қарсылықта (баға соғысы) болуы мүмкін.
Орташа шығындардың деңгейіне дейін бір-бірін қысқарта
отырып, ең ақырында, фирмалар нольдік экономикалық пайданы
алады. Басқаша алғанда, фирмалар картельге ене отырып, нарық
үлесі туралы келісім жасасу және бағаны арттыру жолымен
ӛздерінің табыстарын максимум ұлғайта алады. Олигополиялық
рынок мысалдары болып рыноктың келесі түрлері болуы мүмкін:
автомобиль, компьютер, болат, алюминий және басқалары.
Дуополия
Экономистер олигополияның пайда болуы сәтінен бастап
кӛптеген жылдар бойы бір фирманың басқа фирмаға реакциясын
практикалық түрде негіздеуге тырысты. А.Курно екі фирманың
ӛзара қатынасының статистикалық талдауын ұсынған.
Бұл ретте Курно келесі алғы шарттарға сүйенді:
1) екі фирма да (А жэне В) біртектес ӛнімдерді ӛндіреді;
2) оларға нарық сұранысының қисығы белгілі;
3) ӛндіріс туралы шешімді бір мезгілде, бір-бірінен тәуелсіз
және дербес түрде қабылдайды;
4) бәсекелестің ӛндірісінің кӛлемі және бағасы - шамасы
тұрақты.
Курно моделінде екі фирманың шығару және бағасы, егер
әрбір дуополист оның бәсекелесі одан қаншалықты күтсе,
соншалықты ӛндірсе, тек қана сол жағдайдағы тепе-теңдікке
келеді. Нарықтың сұранысындағы күтпеген ӛзгерістерге
шығарудың бейімделуі әрбір сатушының сезіну функциясын
анықтайды. А. Курно бір фирманың басқа фирма тәртібіне деген
реакциясының қисығын графикалық түрде бейнеледі және
керісінше баға монополиялықтан бәсекелі бағаға дейінгі шегінде
белгіленеді. Бір сатушының шығару кӛлемі басқа сатушының
шығару ӛзгерісіне бейімделу процесі жалпы шығаруға және
тұрақты тепе-теңдікке қорытындылайтын бағаға алып келеді.
Курно дуополиясының графикалық шешімі 10.5-суретте берілген.
108
10.5-сурет - Дуополияны сезіну функциясы және Курно тепе-
теңдігі
Курно тепе-теңдігі - бәсекелестің берілген әрекеті кезінде
фирмалар жағдайының табысын барынша кӛбейту тұрғысынан ең
жақсысы туралы куәландыратын екі фирманың әсер етуі
қисықтарының қиылысу нүктесі. Егер фирмалар жиынтықты
пайданы барынша кӛбейтуге, кейін бірдей тең бӛлу үшін келіссе,
онда бұл міндеттің мүмкін шешімдерінің жиыны шартты
қисыққа жатады. Салыстыру Курно тепе-теңдігі кезінде
ӛндірістің жалпы кӛлемі дуополистік сӛз байласуға қарағанда
жоғары, бірақ бәсекелес тепе-теңдік кезіндегіге қарағанда тӛмен
екендігін кӛрсетеді (10.6-сурет).
10.6-сурет- Шартты қисық
Фирмалар дуополияда жетілген бәсекелестік кезіндегіге
қарағанда, кӛбірек ӛндіреді, бірақ монополия кезіндегіден гӛрі
тӛмен. Баға дуополияда жетілген бәсекелестік кезіндегіден гӛрі
109
жоғары, бірақ монополиялықтан тӛмен. Пайданы санай отырып,
Курно бойынша нәтиже фирмалар үшін жетілген бәсекелестік
жағдайына қарағанда тиімдірек. Дуополды нарық моделдеріне
Курно моделімен қатар Бертран моделі, Штакельберг моделі,
Чемберлин моделі, Эджуорт моделі жатады.
Дуополияның экономикалық моделі ӛнімдердің тепе-тең
шығарылуына әсер ететін бәсекелестің жауабына қатысты жеке
ӛндірушінің болжамы ретінде кӛрсетуге пайдалы.
Фирманың стратегиялық тәртібі
Олигополиялық рынокта жекелеген фирма максимум пайданы
алу үшін ұмтыла отырып, фирма тәртібіне әсер ететін негізгі
факторлар болып табылатын бәсекелестер тарапынан болатын
реакциямен санасуға мәжбүр. Келесі баға стратегиясы
ерекшеленеді: сұраныстың сынық сызығының теориясы;
«бағалардағы кӛшбасшылық» моделі; салаға енуді шектейтін баға
белгілеу; «шығындар плюс» принципі бойынша баға белгілеу;
картель келісімдері; баға соғысы; ойындар теориясы.
Сұраныстың сынық сызығының теориясы. Бұл теория
бірнеше сатушылары бар нарықта баға ӛзгермеушілігін
түсіндіреді. Бұл модельде сұраныс қисығы баға жоғарылауы
кезінде икемділікті және оның тӛмендеуі кезінде икемділіксіз.
Қарсыластар бағаны жоғарылату немесе тӛмендету жағындағы
баға ӛзгерісін әр түрлі қабылдайды, яғни фирмалар бағаның кез
келген ӛсімінің соңынан жүрмейді, бірақ бағаның кез келген
тӛмендеуін жарыса істейді. Нәтижесінде бағаның кез келген
ӛзгерісі нашар нәтижеге әкеледі, фирмаларда тауарлар және
кӛрсетілетін қызметтерге деген бағаны ӛзгертуге ынта жоқ және
бұл бағаның салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
«Бағалардағы кӛшбасшылық» моделі. Олигополисттік
рынокта бага белгілеудің барынша таратылган практикасы болып
табылады. Бір фирма осы модель кезінде әдетте ірі, меншік
пайданы барынша кӛбейту үшін бағаны белгілей отырып, сол
уакытта басқалары кӛшбасшының соңында енжар бақылайтын
сияқты әрекет жасайды. Бағалардағы кӛшбасшы моделін
жартылай монополия деп атайды, себебі, фирма-кӛшбасшы оның
110
соңғы кірісіне және соңғы шығынына негізделген монополиялық
бағаны бекітеді. Қалған фирмалар бұл фирма-кӛшбасшы бағасын
қазіргі баға ретінде қабылдайды, олар ірі фирмалар нарықтың
жағдайы туралы кӛп ақпаратқа ие деп ойлайды.
Баға
кӛшбасшылығының
үш
типі
ерекшеленеді:
кӛшбасшылық үстем болып тұрған фирманың жетекшілігі,
кӛшбасшылық және барометрлік кӛшбасшылық туралы жасырын
сӛз байласу.
Салаға енуді шектейтін баға белгілеу. Баға белгілеудің бұл
әдіс кезінде рынокта ол кезде жаңа ендірушілерге ӛз тауарын сату
тиімсіз кездегі баға белгіленеді. Баға минимум ұзақ мерзімді
жалпы шығындар деңгейінде белгіленеді. Бұл ретте фирмалар не
сӛз байласады, не басқа фирмалардың үлгісімен жүреді. Мұндай
баға қалыпты пайданы қамтамасыз етеді және сол уақытта
олигополистік рынокта жаңа бәсекелестердің пайда болуына
кедергі жасайды.
«Шығындар плюс» принципі бойынша баға белгілеу. Баға
белгілеудің осы түрі тауарға деген сұраныс себептері бойынша
болатын белгісіздіктен қолданылады. Бұл ретте фирма
ұсынылған орташа айнымалы шығындарға пайыздық үстемесі
қосылатын тауарға деген бағаны анықтайды. Үстеме орташа
тұрақты шығындардың орнын толтыру және қалыпты пайданы
алуды қамтамасыз етеді. Сұраныс икемділігі тым жоғары болса,
соншалықты үстеме де тӛменірек болады.
Картель келісімі. Сӛз байласу кӛптеген елдерде баға белгілеу
мақсатында заңмен тыйым салынған, ал нақты ӛмірде мұндай
практика кездеспейді. Жасырын сӛз байласудың мысалы болып,
яғни картель - баға және шығару кӛлемін реттеу мақсатында
фирмаларды
біріктіру
табылады.
Фирмалар
ӛнімдерді
шығарудың жалпы деңгейі бойынша бірлескен бағдар жасайды.
Шығарудың белгіленген кӛлемі картельге енетін фирмалар
арасында таратылады, яғни әрқайсысына белгіленген квота
тағайындалады. Картель мүшелері белгіленген квотаны ұстап
тұрғанша, баға картельге қатысушыларға экономикалық пайданы
қамтамасыз ете отырып, монополиялық деңгейінде болады.
Кеңінен мәлім халықаралық картель – 1960 жылы пайда болған
ОРЕС (ОПЕК) мұнайды елдерге-экспорттаушы Ұйымының
Достарыңызбен бөлісу: |