112
Ӛзін-ӛзі тексеруге арналган сұрақтар:
1. Монополиялық бәсекелестік нарығының қандай негізгі
ерекшеліктері бар?
2. Сіздің ойыңызша, тұрғын халықтың тіршілік деңгейінің
динамикасы және мононолиялық бәсекелестіктің дамуы арасында
қандай да бір тәуелділік бола ма? Түсіндіріңіз.
3. Монополиялық бәсекелестік нарығы үшін салалық ұсыныс
және сұранысының қисығы қандай?
4. Олигополиялық рынок нені білдірелі?
5. Курноның дуополия моделінің мәні неде?
6. Дуополия моделінде шарттық қисық нені кӛрсетеді?
7. Сізге олигополия рыногы үшін тән баға
стратегиясының
қандай түрлері белгілі және олардың ерекшеліктері неде?
8. Курно, Бертран және Штакельберг моделдерін ӛзара
салыстырыңдар.
9. Жаңа фирмалар үшін салаға кіруді бұғаттау қандай
тәсілмен жүргізіледі?
10. Картелге кіретін фирмалар нені ұтып алады?
113
11 ӚНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ РЫНОГЫ
Ӛндіріс факторларының рыногын қарастыру кезінде тӛрт
классикалық принцип атап кӛрсетіледі: 1) ресурстардың ӛзара
ауысуы; 2) ӛндірістің минимум шығындары; 3) әрбір ресурстың
шекті табыстығын қамтамасыз ету; 4)
MR және МС теңдігін
қамтамасыз ету.
11.1 Ӛндіріс факторларына сұраныс
Ӛндіріс факторлары рыногында сұраныс ерекшеліктеріне
келесі сипаттамаларды жатқызады:
1)
Ӛндіріс
факторларына сұраныс екінші сипатта
болады. Бұдан, ӛндіріс факторларына сұраныс түзу сипатта емес,
ал ӛндіруші сипатта болады және ӛндіруші сұраныс деп аталады.
Бұл ӛндірістік ресурстарға сұраныс, оның ӛндірісінде осы ресурс
пайдаланылатын тауарға сұранысқа байланысты болады дегенді
білдіреді.
2)
Ӛндіріс факторларына сұраныс - бұл ӛзара байланысты
процесс, яғни ол ӛндірістің әрбір факторлары бойынша сұраныс
икемділігінен байланысты болады. Ӛндірістің әрбір факторлары
бойынша сұраныс икемділігі мыналарға байланысты болады:
а) фирма табысы және осы фирманың тауарларына сұраныс
деңгейі;
б) ресурстарды ӛзара ауыстыру мүмкіндігі;
в) фирманың жаңашылдыққа
ұмтылысы;
г) рынокта қабылдауға болатын бағалар бойынша ӛндірістің
ӛзара айырбастау және ӛзара толықтыру факторларының болуы.
Ӛндіріс факторларының рыногы екі негізгі түрде енуі мүмкін:
1) жетілген бәсекелестік жағдайында ӛндіріс факторларының
рыногы;
2) жетілген
емес
бәсекелестік
жағдайында
ӛңдіріс
факторларының рыногы.
Жетілген бәсекелестік жағдайында ӛндіріс факторлары
рыногы ерекшеліктері болып, не сатып алушы, не сатушы ӛндіріс
ресурстарының бағасына әсер ете алмайды, ал ӛндіріс
факторларына деген баға сұраныс және ұсыныстан байланысты