Микроэкономика



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет22/30
Дата30.12.2019
өлшемі3,68 Mb.
#25484
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

95 
 
 
 
 
шығарудың  оңтайлы  кӛлемі  болмайды  дегенді  білдіреді. 
Осылайша,  монополист  бағасы  қысқа  мерзімді  кезеңде  шекті 
шығындардан (Р > МГ) жоғары және шығару кӛлемі Q
f
  оңтайлы 
шығындардан аз болады. 
 
Ұзақ мерзімді кезеңдегі фнрманың тәртібі 
 
Ӛйткені монополия үшін басқа фирмалар үшін салаларға кіру 
бұғатталған,  онда  ұзақ  мерзімді  кезеңде  масштабтың  ӛзгерісі 
туралы  шешім  нарық  сұранысының  кнсығы  және  ұзақ  мерзімді 
шығындар  ара  қатысынан  байланысты  болады.  Бұл  жағдайда 
монополист  максимум  пайданы  тартуға  мүмкіндік  беретін 
ӛндірістің  кез  келген  кӛлемін  таңдай  алады  (9.4-сурет). 
Монополист  MR=LRMC  кезінде  тепе-теңдікке  қол  жеткізе 
отырып, ұзақ  мерзімді  орташа  айнымалы  шығындарды  барынша 
азайту жолымен пайданы барынша кӛбейтеді, яғни MR=LRMC = 
LRMC
min
 нүктесінде ӛзінің пайдасын барынша кӛбейтеді. 
 
 
 
9.4-сурет – Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополистің тәртібі 
 
9.4 Монополиялық билік кӛрсеткіші 
 
Жетілген  бәсекелес  фирма  және  монополиялық  биліктегі 
фирма  арасындағы  маңызды  айырмашылық  мынада,  баға 
л 


96 
 
 
 
 
бәсекелес  фирма  үшін  шекті  шығындарға  тең  болады,  ал 
монополиялық  биліктегі  фирма  үшін  баға  шекті  шығындардан 
асады.  Сондықтан  монополиялық  билікті  ӛлшеу  тәсілі  болып 
пайданы  барынша  кӛбейте  отырып,  шекті  шығындардан  асатын 
баға шамасы табылады. 
Монополиялық  билікті  анықтаудың  бұл  тәсілін  1934  жылы 
экономист  Абба  Лернер  ұсынған  және  Лернер  монополиялық 
билік кӛрсеткіші деген атауға ие болған: 
 
 
 
            мұнда  Р
м
 - монополист бағасы; 
МС - монополистің шекті шығындары. 
 
Лернер  коэффициентінің  сандық  мәні  әрдайым  0  және  1 
арасында болады.  
Жетілген бәсекелес фирма үшін Р = МС жэне L = 0 болады.  
L  үлкенірек  болса,  соншалықты  монополиялық  билік 
артығырақ. 
Монополиялық  биліктің  бұл  коэффициенті  сондай-ақ  фирма 
онымен кездесетін сұраныс икемділігінің терминдерінде беріледі. 
 
 
 
Алайда, енді Е
р
  нарық  сұранысын  емес,  фирма  сұранысының 
икемділігін  білдіреді.  Елеулі  монополиялық  билік  жоғары 
табысқа  кепілдік  бермейді.  Пайда  бағаға  деген  орташа 
шығындардың  қатынасынан  байланысты  болады.  А  фирмасы  В 
фирмасына  қарағанда  үлкен  монополиялық  билікті  игеруі 
мүмкін, бірақ, егер онда орташа шығындар айтарлықтай жоғары 
болса, аз пайда алады. 
 


97 
 
 
 
 
9.5 Монополияның қоғамдық шығындары 
 
Баға  бәсеке  нарығында  шекті  шығындарға  тең,  ал 
монополоиялық  билік  баға  шекті  шығындардан  асады  деп 
санайды.  Ӛйткені  монополиялық билік баға  жоғарылауына  және 
ӛндіріс  кӛлемінің  азаюына  әкеледі,  фирманың  әл-ауқатының 
ұлғаюын  және  тұтынушылар  әл-ауқатының  нашарлауын  күтуге 
болады.  Монополиялық  билік  тұтастай  алғанда  қоғамның  әл-
ауқатын жақсарта ма немесе нашарлата ма? 
Бұл сұраққа жауапты бәсекелес және монополияланған нарық 
жағдайында 
ӛндірушілер 
және 
тұтынушылардың 
артықшылықтарын  салыстыра  отырып  алуға  болады.  Бұл  ретте 
еркін 
бәсекелестік 
нарығындағы 
ӛндірушілерде 
және 
монополисте  шығындардың  қисығы  бірдей  деген  жорамалдан 
шығады. 
Жетілген 
бәсекелестік 
және 
фирма 
монополиясы 
модельдерінде  ұсынысты  оңтайландырудың  принциптерімен 
бірдей  басшылыққа  алса да, ұзақ  мерзімді  нарық  тепе-теңдігінің 
нәтижесі 9.5-суретте кӛрсетілгендей әр түрлі болады.  
 
 
 
9.5-сурет - Таза залалдардың графикалық бейнеленуі 


98 
 
 
 
 
 
9.5-суреттен  кӛрініп  тұрғандай,  монополист  бағасы  Р
m
 
жетілген  бәсекелестік  Р
с
  кезінде  тағайындалуы  мүмкін  бағадан 
жоғары,  бұл  нарық  билігін  іске  асыруды  куәландыру  болып 
табылады.  Бұдан  басқа  монополисттің  ұсыныс  кӛлемі  Q
m
 
масштабтың  оң  тиімділігі  бар  пайдаланылмағанға  кӛрсететін 
бәсекелес  Q
c
-тен  аз.  Басқаша  айтқанда,  монополист  тым  аз 
ӛндіреді  және  тым  қымбатқа  сатады.  Осылайша,  монополиялы 
нарық  экономикалық  тиімсіз  болып  табылады  деп  қорытынды 
жасауға болады. 
Монополиялық 
бағаның 
бәскелестіктен 
асып 
түсуі, 
тұтынушының  артығының  бір  бӛлігі  А  тікбұрыш  ауданына  тең, 
монополист  пайдасына  қайта  үлестіріледі  және  монополиялық 
пайда 
түрінде 
оларға 
меншіктеледі 
дегенді 
білдіреді. 
Монополистің  шығаруының  бәсекелестікпен  салыстырғанда  аз 
кӛлемі В үшбұрышының ауданына тең тұтынушының артығының 
бір  бӛлігін  және  С  сегментінің  ауданына  тең  ӛндірушінің 
артығының  бір  бӛлігін  жоғалтуын  білдіреді.  Сондықтан, 
проблема  мәні  молшылықты  монополист  пайдасына  қайта 
үлестіруде  емес,  ал  былай  монополизм  қоғамдық  молшылықты 
таза  ысырапқа  әкеледі,  ӛндіруші  және  тұтынушы  тараптарынан 
ысырапқа тең сомада, яғни В + С. 
Бұл  монополиялық  биліктен  толық  таза  залалдар.  Егер  тіпті 
монополист  пайдасы  салық  салынған  болса  да,  тиімділікке  қол 
жеткізе  алмайды,  себебі  ӛндіріс  кӛлемі  еркін  бәсекелестік 
жағдайына  қарағанда  тӛмен  болады.  Жалпы  таза  залалдар  –  бұл 
осындай тиімсіздіктің қоғамдық шығындары. 
Монополиялық  биліктің  В  және  С  үшбұрыштарында  толық 
таза  залалдардан  асатын  қосымша  қоғамдық  шығындары  пайда 
болуы  мүмкін.  Фирма  үлкен  қаражатты  жұмсауы  мүмкін,  - 
монополиялық билікті алу, ұстау және пайдалану үшін қоғамдық 
позиция  тұрғысынан  ӛнімсіз.  Бұл  жарнамаға,  ӛзінің  "лобби" 
құруға  кететін  шығындарымен  байланысты  және  занды 
әрекеттерімен  бағаға  және  антитрестік  заңнамаларға  деген 
үкіметтік  бақылаудан  жалтаруы  болады.  Бұл  сондай-ақ  әлеуетті 
бәсекелестерді  монополия  нарығына  ену  әрекетін  тоқтатуға  кӛз 
жеткізу  үшін  пайдаланылмаған  қосымша  ӛндірістік  қуаттарды 


жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау