90
Ӛзін-ӛзі тексеруге арналған сұрақтар:
1) Жетілген бәсекелестікте не жетілген?
2) Қысқа мерзімді кезеңде жетілген бәсеке - фирма
ұсынысының қисығы нені білдіреді?
3) Белгілердің қайсысы ұзақ мерзімді салалық тепе-теңдікке
қол жеткізгенін куәландырады?
4) Фирма жетілген бәсекелестік жағдайында қолданыстағы
нарық бағаға бейімделуге мәжбүр болады, ал жетілмеген
бәсекелестік жағдайында ол ӛзінің бағасын «ұсынатын» болады
деген тұжырым дұрыс па?
5) Жетілген бәсекелестік кезінде ӛндірістің жабылу шартын
атаңыз.
6) Жетілген бәсекелестік жағдайында фирма сұранысының
қисығы шекті қисығымен және орташа түсіммен сәйкес келуі
дұрыс па?
91
9 МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПСОНИЯ.
НАРЫҚ БИЛІГІ
9.1 Монополияиың негізгі моделі
Монополия - бұл аналогтары жоқ ӛнімдердің немесе
кӛрсетілетін қызметтердің жалғыз ӛндірушісі болып табылатын
бір фирмадан тұратын сала. Сатып алушыларда таңдау мүмкіндігі
болмайды, баламалар жоқ және олар монополист ұсынатын баға
бойынша аталған ӛнімдерді сатып алады. Таза монополист
бағаны ұсынады, ӛйткені ол саладағы ұсынысты бақылайды. Бұл
ретте салада бағаны, сондай-ақ ӛндіріс кӛлемін де таңдау
мүмкіндігі болады.
Монопсония - бұл ӛнімді жалғыз сатып алушымен
сипатталатын нарық құрылымы.
Монополиялық билік кӛздеріне мыналар енуі мүмкін:
1). ӛндірушіге кызметтің белгілі бір түрін жүргізуге берілген
айрықша кұқық;
2). ресурстарды бақылау;
3). ӛндіріс масштабының тиімділігі, егep масштабтан болатын
үнемділік барлық ұзақ мерзімді нарық тепе-теңдігін қамтамасыз
етуге дейін ӛндірісті кеңейту тығыз тұрақты ӛсетін болса;
4). тұтынушылардың тұрақты басымдықтары.
Монополиялық
билік
кӛздерін
пайдалана
отырып,
монополияның келесі түрлерін атап кӛрсетеді:
1)
жабық монополия - ол бәсекеден заңды шектеулермен
қорғалған;
2)
табиғи монополия - бір фирма ӛнімдерінің кез келген
кӛлемін ӛндіру, оны екі немесе одан кӛп фирмалардың ӛндіруіне
қарағанда арзанырақ болатын сала;
3)
ашық монополия - фирма бәсекеден ешқандай қорғанбай-
ақ, тауардың жалғыз жеткізушісі болатын жағдай.
Монополиялық билік кӛздеріне сәйкес жан жақты жіктеу 9.1-
суретте берілген.
Монополия үстемдік жасайтын нарық стандартталған
тауарларды сатуды ұсынатын кӛптеген бәсекелестері болатын
бәсекелес нарыққа толықтай қарама- қарсылықты білдіреді.
92
Ашық монополия белгілі бір уақытта қолданылуы мүмкін,
яғни ол әрдайым уақытша сипатта болады. Оған қарағанда жабық
және табиғи монополияның ұзақ мерзімді сипаты болады. Бұдан
басқа кӛбінесе табиғи монополия, оның қызметін реттейтін
мемлекеттің қамқорлығында болады.
9.1-сурет - Монополиялардың монополиялық билік кӛздеріне
байланысты жіктелуі
93
9.2 Монополистің шекті табыс және сұраныстың баға
икемділігі
Егер фирма жетілген бәсекелестік жағдайында тек ӛндіріс
кӛлемін ғана таңдаса, онда монополист тек ӛндіріс кӛлемін ғана
емес, сондай-ақ баға белгілеуді де анықтай алады. Сондықтан,
баға шекті табысты басып озады. Егер жетілген бәсеке
жағдайында Р = MR болса, онда монополияланған нарықта Р >
MR болады.
Монополистің стратегиясын дұрыс түсіну үшін баға және
түсім бойынша сұраныс икемділігінің ӛзара байланысын ескеру
қажет:
1)сұраныс икемділікті болғанда, онда бағаның тӛмендеуі
жиынтықты түсімнің ӛсуіне әкеледі;
2)сұраныс икемділіксіз болғанда, онда бағаның тӛмендеуі
жиынтықты
түсімнің
құлдырауына
әкеледі.
Сондықтан
мононолистің сұраныс қисығының икемділіксіз учаскесінен
жалтаруы ұтымды болады.
9.2-сурет - Абсолют монополия жағдайындағы сұраныс
Осылайша, монополистің ӛнімдеріне деген сұраныс абсолют
икемділікті болып табылмайды. Оның орташа түсімінің қисығы
(9.2-сурет) нарық сұранысының қисығымен сәйкес келеді, ал
шекті түсімнің кисығы нарықтық баға қисығынан тӛмен
94
орналасатын болады. Бұл монополия жағдайындағы шекті түсім,
яғни AR
М
≠MP
M
≠
P
M
бағаға тең емес, ӛнімдердің бірлігіне деген
монополиялық баға бәсекелі бағадан жоғары болады, ал
монополист ұсынысының кӛлемі бәсекелес ұсынысының
кӛлемінен аз болатындығын білдіреді.
9.3 Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі
монополист тәртібі
Монополист тауардың жалғыз сатушысы бола отырып, бағаға
әсерін тигізуге қабілетті. Бірақ монополистің ӛнімдерге деген
бағасы - бұл оның ұсынысы кӛлемінің функциясы болғандықтан,
ол бағаны ұсыныс кӛлемінің ӛзгерісі арқылы реттей алады.
Сұраныстың кемімелі қисығы кезінде оған сұраныстың
икемділікті қисығында қалу үшін ұсыныс кӛлемін баға және
сұраныс ӛзгерісі жиынтықты түсім ӛсімімен ілесетін болатындай
реттеу қажет (9.3-сурет).
9.3-сурет - Қысқа мерзімді кезеңдегі монополистің тәртібі
Фирма, пайданы барынша кӛбейту ережесін басшылыққа ала
отырып, O
f
ұсыныс кӛлемін таңдайды, МС = MR үшін Р бағасына
сәйкес келеді. Монополист қысқа мерзімді кезеңде, әзірше баға
орташа айнымалы шығындарды басып озбайынша, ұсынысты
жүзеге асыратын болады. Бұл сұраныстың қисығы кезінде D
f
1
Достарыңызбен бөлісу: |