86
қолданыстағы кәсіпорындардағы оның ӛсімі есебінен емес, ал
салаға жаңалардың кіруі есебінен болады.
Салаға жаңа фирмалардың кіруі, мұнда пайда олар басқа
салалардан алуы мумкін пайдадан жоғары дегенді білдіреді.
Салаларға жаңа фирмаларды тарту, егер фирмалар экономикалық
пайда алатын болса ғана жүргізіледі. Нольдік экономикалық
пайда қалыпты пайданы алу және салаға кіру мен одан шығу
үшін ынтаның болмауы, яғни саладағы фирманың тұрақты саны -
тепе-тендік дегенді білдіретін болады. Мұндай тепе-теңдік
ӛнімдерге (Р) деген бағаның тӛмендеуі кезінде минимум орташа
жалпы шығындар (АТС) деңгейіне дейін жеткізілетін болуы
мүмкін. Осылайша бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-
теңдігі тӛмендегі үш шартты орындау кезінде жетеді:
1)
фирмада ӛндіріс кӛлемін ӛзгертуге арналган стимул
болмайды, яғни шекті табыстың ұзақ мерзімді шекті
шығындарымен теңдігі кезінде ұзақ мерзімді теңдіктің теңдік
шарты сақталады:
MR = LRMC;
2)
фирма кәсіпорын мӛлшерімен қанағаттанады, ӛйткені кез
келген ӛзгеріс орташа жалпы шығындар ӛсімін тудырады, яғни
минимум қысқа мерзімді шығындар минимум ұзақ мерзімді
шығындарға тең болады;
3)
саладан фирманың кетіп қалуына немесе салаға жаңа
фирмалардың енуіне түрткі болатын дәлелдер болмайды. Осы
шарт фирмалардың қалыпты пайданы алған кезде ғана, яғни ұзақ
мерзімді орташа жалпы шығындарға баға теңдігі кезінде
сақталады:
P=min LRATC.
Барлық үш шартты қорытындылай отырып, 8.6-суретте
кӛрсетілген бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді теңдігінің
теңдеуін аламыз:
MR (Р) = LRMC = min.
87
8.6-сурет - Ұзақ мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес
фирманың тепе-теңдігі
8.4 Жетілген бәсекелес салалардың ұсынысы
Салалық (нарықтық) ұсыныс саланың барлық фирмаларымен
жүзеге асырылатын шығару кӛлемін білдіреді, осылайша,
ұсыныстың ұзақ мерзімді қисығы - бұл фирманың салалық кіру
және шығу эффектілерін немесе бәсекелес салалардың 8.7-
суретте кӛрініп тұрған ұсыныс сызығын құрайтын, мүмкін
болатын ұзақ мерзімді тепе-теңдіктің барлық нүктелерінің
қосылуы зффектілерін ескерген ұсыныс қисығы.
8.7-сурет – Жетілген бәсекелес фирма ұсынысының ұзақ
мерзімді қисығы
88
Ұзақ мерзімді кезеңдегі салалардың ұсыныс қисығының
конфигурациясы салалық шығарудың ӛзгерістерінің нәтижесінде
типті фирмалардың орташа шығындарының орташа ұзақ мерзімді
қисығының орналасуы ӛзгере ме, ӛзгерсе қалай ӛзгеретіндігіне де
байланысты болады. Салалардың ӛзгермейтін, ӛсетін және
кемімелі шығындары бар үш типі ерекшеленеді.
Ӛзгермейтін орташа шығындармен саланың ұзақ мерзімді
тепе-теңдігін зерттейміз. Ӛнім бағасы қысқа мерзімді кезеңдегі
нарық сұранысының қисығына оң жаққа ығысу нәтижесінде
ұлғаяды деп санайық. Онда қысқа мерзім кезеңде саладағы
ұсыныс кӛлемі де (ұсыныс заңы) ұлғаяды. Бұдан басқа, уақыт
ағымымен салаға оң экономикалық пайда және жоғары бағамен
тартылған жаңа фирмалар кіреді. Нәтижесінде ұсыныс қисығы оң
жаққа ығысады, нарық бағасы тӛмендейді, ал салалық шығару
ұлғаяды. Мұндай жағдайда салалық шығаруды ұлғайту
фирманың ұзақ мерзімді орташа шығындарының қисығына
ығысуға және ресурстардың бағасын ұлғайтуға әкелмейді, жаңа
тепе-теңдік минимум ұзақ мерзімді шығындарға тең болатын
ӛнімдердің бастапқы бағасы кезінде орнатылады. Осылайша, сала
ӛзгермейтін орташа шығындармен ұзақ мерзімді кезеңде
минимум ұзақ мерзімді орташа шығындар шамасына тең болатын
ұсыныстың жалғыз бағасы болады. Саланың ұзак мерзімді
қисығы бұл жағдайда горизонталь сызық түрінде болады ( 8.8-
сурет).
8.8-сурет -Тұрақты шығындары бар ұсыныстың ұзақ
мерзімді қисығы
89
Ӛсетін орташа шығындары бар саланың ұзақ мерзімді тепе-
теңдігін зерттейміз. Бұл жағдайда ӛнімдердің бағасының ұлғаюы
нарық сұранысының қысқа мерзімді қисығына оң жаққа
ығысуына және салалық шығаруды ұлғайтуға әкеледі. Алайда
осы жағдайда шығару ӛсімімен қатар ресурстарға деген баға да
ӛсетін болады. Сондықтан орташа шығындардың ұзақ мерзімді
қисығы типтік пішінде жоғары ығысады және жаңа нарықтық
тепе-теңдік минимум ұзақ мерзімді орташа шығындар шамасына
тең болатын неғұрлым жоғары баға кезінде орнатылады.
Осылайша, сала ұсынысының қисығы ӛсетін орташа
шығындармен ұзақ мерзімді кезеңде оң кӛлбеуде болады, яғни
салалық шығаруды ұлғайту тек ӛнімдер бағасын ұлғайту кезінде
ғана болады, бұл 8.9-суретте берілген.
8.9-сурет - Ӛсетін шығындары бар ұсыныстың ұзақ мерзімді
қисығы
Кемімелі орташа шығындары бар сала жағдайында ӛнімдерге
деген бағаның ӛсуі және сонымен байланысты салалық шығару
ӛсімі пайдаланылатын ресурстар бағасының тӛмендеуін
тудырады. Сондықтан ұзақ мерзімді кезеңде кемімелі орташа
шығындары бар сала ұсынысының қисығы теріс кӛлбеуде
болады, бұл 8.7-суретте берілген. [6]
Достарыңызбен бөлісу: |