2
І 050506 – «ЭКОНОМИКА» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ДӘРІС ЖИНАҒЫ ДАЙЫНДАЛДЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛДІ
Орындаған
«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының оқытушысы,
экономика магистрі __________ Дуйжанова Э.Ш.
қолы
«___»____________2010ж.
Жауапты орындаушы – Кафедра меңгерушісі,
э.ғ.к., доцент __________________ Молдабекова А.И.
қолы
«___»____________2010ж.
ІІ КАФЕДРАНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯСЫНЫҢ
ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама №__ _______________ 20__ ж.
III ПІКІР БЕРУШІ
1. «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының
аға оқытушысы, э.ғ.к. _____________ Есберген Р.Ә.
қолы
«___»____________2010ж.
2. Алматы экономика және статистика академиясы,
кафедра меңгерушісі, э.ғ.к. _____________ Шукурова Б.М..
қолы
«___»____________2010ж.
IV ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОӘК - ДЕ БЕКІТУГЕ ҰСЫНЫЛДЫ
№ ______ хаттама «___» ________________ 2010ж.
V АЛҒАШҚЫ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2010жыл
ТЕКСЕРІС КЕЗЕҢДІЛІГІ 2 жыл
VI Ауыстыруға енгізілді _____________________________________
Алдыңғы дәріс жинағының бекітілген күні
3
АЛҒЫ СӨЗ
«Халықаралық экономика» пәнін зерделеудің объектісі – бұл тауарлар мен
қызметтердің,
капиталдың,
жұмысшы
күші
мен
технологиялардың
халықаралық айырбас саласында әртүрлі мемлекеттік сипаттағы экономикалық
субъектілердің өзара әрекеттесу саласы. Бұл пәнде қарастырылатын маңызды
мәселелерге мемлекеттердің тиімді сыртқы экономикалық саясатын жүргізу,
мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер мәселелері жатады. Бұл пән -
студенттердің экономикалық біліктілігімен, елдің экономикалық өміріне
мемлекеттің қатысу формаларын оқытатынын түсіндіруге ықпал етеді.
Жалпы, халықаралық экономика курсын оқытудың үлкен теориялық және
практикалық мағынасы бар. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық
өндірістің барлық жағын қарастыруды қамтамасыз етеді. Халықаралық
экономика пәні өз алдына объектілерді, міндеттерді, әдістерді реттеудің тиімді
жүйесін құру үшін бірнеше шараларды қарастырады.
Пәнді оқыту мақсаты және міндеті
Студенттердің жүйеленген білімді меңгеруі және халықаралық экономика
саласындағы тәжірибелік мәселелерді талдауға машықтануы.
Халықаралық экономиканың даму заңдылықтарын пайымдау әдістерін
меңгеру, халықаралық экономика қатынастарының ролін және мәнін түсіну,
қорытынды жасай білу.
Пәнаралық байланыс:
«Экономикалық
теория»,
«Макроэкономика»,
«Микроэкономика»,
«Экономиканы мемлекеттік реттеу».
4
1 – ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Дәріс мақсаты - халықаралық экономиканың мәнін және халықаралық
сауданың даму кезеңдерін түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1. Пәнге кіріспе. Халықаралық экономика пәні және құрылымы.
2. Халықаралық сауда түсінігі, даму кезеңдері.
3. Халықаралық экономикалық байланыстар - дүниежүзілік шаруашылық
жүйесінде.
1. «Халықаралық экономика» пәні – бұл тауарлар мен қызметтердің
капиталдардың, жұмысшы күші мен технологияның халықаралық айырбасы
саласында әртүрлі экономикалық субъектінің өзара әрекеттесуі.
Бұл пәнде қарастырылатын маңызды мәселелерге мемлекеттің тиімді
сыртқы экономикалық саясатын жүргізу, мемлекетаралық және үкіметаралық
келісімдер мәселелері жатады. Халықаралық экономикадағы көптеген заңдар,
заңдылықтар мен ережелер көптеген пікір таласты туындатып отыр.
Халықаралық
экономика
теориясының
белсенді
түрде
қалыптасуы
халықаралық экономикалық қатынастың және әлемдік экономиканың жедел
дамуы барысында жүзеге асады. «Халықаралық экономика» термині ХХ
ғасырдың 90 жылынан бастап кең түрде қолданыла бастады. Алғашқыда
халықаралық экономиканы зерттеуге деген қызығушылық 1960ж. халықаралық
бизнесті жүргізу қажеттілігінен туындады және ол ерекше пән ретінде АҚШ-ң
бизнес мектептерінде алғашқы рет оқытыла бастады.
Дербес теориялық пән ретінде халықаралық экономика – ХХ ғасырда
қалыптаса бастады. Оның қалыптасуы мен дамуына XVIII-XIX ғасырларда
экономика классиктері Адам Смит, Д. Рикардо, Джон Стюарт Милль, А.
Маршалл үлес қосқан еді.
Сондықтан, халықаралық экономика негізін білмей, кәсіпорын мен
фирманың сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастырудың ерекшелігін
анықтау, олардың сыртқы экономикалық байланыстарын басқару саласындағы
дұрыс шешімді қабылдау мүмкін емес.
Халықаралық қатынастың құрамы мынадай:
Халықаралық еңбек бөлінісі.
Тауар мен қызмет көрсетудің халықаралық саудасы.
Капиталдар мен шетелдің инвестициялық қозғалысы.
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Халықаралық валюта – қаржы және несие қатынастары.
Халықаралық экономикалық – интеграция.
Халықаралық ғылыми - техникалық және өндірістік қарым-
қатынас.